
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған тесттік тапсырмалар
- •1. Диcтрофиялар қандай процестің көрінііс болап табылады?
- •5. Амилоидоз қандай аурудың асқынуы болып табылады?
- •10. Қандай процеcc жалпы гемоcидероздың дамуына әкеледі?
- •А) жабын эпителиінен дамитын қатерлі ісік в) безді эпителийден дамитын қатерлі ісік
- •D) дәнекер тінінен дамитын қатерсіз ісік
- •Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
- •Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
- •Емтихан сұрақтары
- •Емтихандық макропрепараттар тізімі:
- •Емтихандық микропрепараттар тізімі:
Емтихан сұрақтары
Дистрофиялар – этиологиясы мен патогенезіне қазіргі таңдағы көз
қарастары. Дистрофиялардың жіктелуі. Дистрофиялық процестердің дамуының жалпы механизмдері.
2. Паренхималық ақуыздық дистрофиялар: гиалинді-тамшылы, гидропиялық, мүйізгекті.
3. Паренхималық майлы дистрофиялар. Майдың бауырда, миокардта, бүйректерде жиналуы. Майды анықтауға арналған бояу.
4. Стромалық-тамырлық ақуыздық дистрофиялар – мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну. Морфологиялық сипаттамасы. Дәнекер тіндердегі өзгерістер (метахромазия реакциясы, ШИК-реакциясы).
5. Амилоидоз. Этиологиясы, патогенезі. Амилоидқа арналған гистохимиялық реакциялар. Жіктелуі. Нәтижелері.
6. Көмірсулы дистрофиялар. Гликогеннің алмасуының патологиясы. Қант диабеті. Морфологиялық сипаттамасы.
7. Кальций алмасуының бұзылуы. Морфологиялық сипаттамасы. Дистрофиялық, метастаздық, метаболиялық әктену.
8. Билирубин алмасуының бұзылуы. Сарғаюлар – түрлері, морфологиялық сипаттамасы.
9. Гемоглобиногенді пигменттердің алмасуының бұзылуы. Гемосидероз - түрлері, морфологиялық сипаттамасы.
10. Жергілікті артериалды қан толу – себептері, түрлері, морфологиясы.
11. Жалпы венозды қан толу. Ағзалардағы өзгерістер. Венозды қан толу кезіндегі өкпенің морфологиясы, себептері. Мускатты бауырдың себептері мен даму механизмы.
12. Жүректің жедел және созылмалы жетіспеушілігінің морфологиясы.
13. Некроз. Клиникалық-морфологиялық түрлері. Мофологиялық көріністері. Некроздың нәтижелері.
14. Инфаркт, оның себептері, түрлері. Әр түрлі ағзалардағы (миокардта, өкпеде, бүйректе, көк бауырда, мида) инфаркттардың даму механизмдері.
15. «Организмнің өлуі» туралы ұғым. Организм өлуінің негізгі кезеңдері. Клиникалық және биологиялық өлім. Өлімнің белгілері. Өлімнен кейінгі мәйіт өзгерістерінің морфологиясы.
16. Қан кету және қан төгілу. Түрлері мен себептері. Қан кету мен қан төгілудің организмдік мәнін белгілейтін факторлар.
17. Тромбоз.Тромбтардың морфологиясы, себептері мен даму механизмдері, тромбтардың түрлері, нәтижелері. Тромбоздың организмдік мәні.
18. Өкпе артериясының эмболиясы. Тромбоэмболитиқалық синдром. ҚШҰ-синдромы (Қанның шашыранды ұйуы синдромы).
19. Эмболия – себептері, түрлері, нәтижелері, маңызы.
20. Тіндік эмболияның аңықтамасы, себептері, морфологиясы, организмдік мәні. Майлы эмболия – себептері, морфологиясы.
21. Қабыну: этиологиясы және патогенезі. И.И. Мечниковтың қабыну патологиясының салыстырмалы түрде зерттелуі жөнінде жүргізген зерттеулерінің мәні.
22. Қабыну реакциясының компоненттері, олардың түрлері. Қабынулардың жіктелуі. Жедел және созылмалы қабыну.
23. Экссудативті қабыну: серозды, фибринозды қабыну. Себептері, морфологиясы, нәтижелері. Экссудаттың морфологиялық дифференциалдық-диагностикалық белгілері.
24. Іріңді қабыну: себептері, түрлері, морфологиясы, нәтижелері.
25. Экссудативті қабыну: катаралды қабыну. Себептері, морфологиясы, нәтижелері. «Аралас» экссудативті қабыну жөнінде түсініс.
26. Өнімдік қабыну. Түрлері. Интерстициалды қабыну. Морфологиялық сипатттамасы. Нәтижелері.
27. Өнімдік гранулематозды қабыну. Морфологиялық сипатттамасы. Нәтижелері.
28. Регенерацияның түрлері: репаративтік, патологиялық. Толық және толық емес регенерация. Регенераторлық гипертрофия және оның түрлері: жасушалық және жасушаішілік гиперплазия. Организмдік мәні.
29. Регенерация: регенерацияның жасушалық және жасушаішілік түрлері. Регенерацияға қажет жалпы және жергілікті жағдайлар.
30. Регенераторлық процестердің морфогенезі: пролиферация және дифференциация сатылары, олардың сипаттамасы. Камбиалды жасушалар, бағаналық (түбірлік) және ізашар жасушалар туралы ұғым.
31. Репаративті регенерация. Патологиялық регенерация және оның турлері. Метаплазия туралы ұғым, оның жеке түрлері.
32. Гипертрофия, гиперплазия, түрлері, даму механизмдері, морфологиялық белгілері.
33. Гипертрофияның морфологиясы. Жіктелуі.
34. Жүректің гипертрофиясы. Себептері, түрлері, кезендері, нәтижелері. Жүрек қызметінің «Компенсациясы және декомпенсациясы» туралы ұғым.
35. Атрофия. Түрлері, даму механизмдері, атрофияның морфологиялық көріністері.
36. Жарақаттың біріншілікті және екіншілікті түрде жазылуы. «Грануляциялық тін» туралы ұғым. Тыртықтың қалыптасуы.
37. Ісіктер- анықтамасы. Жіктелу принциптері. Меланин түзуші тіндерден дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер. Невустер. Меланома.
38. Ісіктер- анықтамасы. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Морфологиялық сипаттамасы. Канцерогенез жөнінде заманға сай теориялар (химиялық, физикалық, вирусты-генетикалық, полиэтиологиялық).
39. Ісіктердің гистогенезі мен морфогенезі. Ісіктердің құрылысы, сыртқы көрінісі, ісіктердің өсу әдістері. «Метастаздық каскад» теориясы.
40. Ісіктер- анықтамасы. Қан тамырлардан дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер, морфологиялық белгілері.
41. Ісіктер- анықтамасы. Дәнекер тіннен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер, морфологиялық белгілері.
42. Ісіктер- анықтамасы. Бұлшық еттер тінінен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер.
43. Ісіктер- анықтамасы. Сүйек тінінен дамитын қатерлі және қатерсіз ісіктер.
44. Ісіктер- анықтамасы. Жіктелу принциптері. Жүйке жүйесінің және ми қабықшаларынан дамитын ісіктер, клиникалық-морфологиялық белгілері. Метастаздарының даму ерекшелектері.
45. Жатыр денесі мен мойыншасының обыралды процестері мен обырлары – гистологиялық түрлері, ағымының ерекшеліктері. Асқынулары.
46. Асқазан обыры – орналасуы, гистологиялық құрылысы. Асныуы, нәтижелері. «Обыр-жара» және «ажара-обыр» туралы түсінік.
47. Өкпе обыры - орналасуы, гистологиялық құрылысы, метастаздануы. Асқынуы, обыралды процестері.
48. Сепсис – этиологиясы мен патогенезі. Сепсистік ошақтың морфологиялық сипаттамасы мен жалпы өзгерістері. Этиологиясы мен кіру қақпасына байланысты жіктелуі.
49. Сепсистің клиника-морфологиялық түрлері. Морфологиялық сипаттамасы. Септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит.
50. Мерез - этиологиясы мен патогенезі. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік кезеңдері. Патологиялық анатомиямя, асқынулары, өлім себептері.
51. АИВ-инфекциясы - этиологиясы мен патогенезі, эпидемиологиясы. АИВ-лимфаденопатия, АИВ-энцефаломиелит. Аурудың кезеңдері мен түрлері, олардың сипаттамасы. ЖИТС кезеңдері. Өлім себептері.