
- •Силлабус Патологиялық анатомия - 1 бойынша
- •1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.7 Байланыс мәліметтері:
- •1.8 Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Оқыту мақсаттары
- •2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.5 Реквизиттен кейінгі:
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Тақырыптық жоспары
- •2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •2.7.3 Оқытушылардың кеңес беру уақыты:
- •2.8. Сөж тапсырмалары
- •2.9 Әдебиеттер
- •2.10 Оқыту әдістері
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
2.10 Оқыту әдістері
Дәрістері: жалпы шолу.
Тәжірибелік сабақтар: кіші топтарда жұмыс жасау, клиникалық жағдайларды талдау, дискуссия; макропрепараттарды сипаттау, микропрепараттарды қарау және суретін салу, тест тапсырмаларын орындау.
Студенттердің өзііндік жұмыстары: әдебиетпен, электрондық базадағы деректермен, компьютермен оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер құрастыру, рефераттар даярлау және оны қорғау, тақырып бойынша оқу-иллюстрацияланған дәріс дайындау, презентациялар.
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау:
100 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы толық, дұрыс, жеткіілікті. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.
Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалап, талқылап, дәлелді қорытынды жасай алады.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Классикалық емдеу әдістерін қолдану мүмкін емес жағдайда, баламалы (альтернативті) емдеу жолын ұсынып, өз көзқарасын қорғай алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
90 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы анық, жан-жақты, фактілерлі бағалай алады, өз бетімен пайымдайды, қорытындыларды дәлелдеп, оларды логикаға сәйкес түсіндіре алады, бірақ біршама жалпы сипаттағы қателер жібереді; өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жоғары деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) қолдана алады, өз қозқарасын дұрыс мазмұндайды. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.
Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 88-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
85 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде орташа белсенділікпен қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Бірақ кейбір қорытындыларды теориялық дәлелдеп, логикаға сәйкес түсіндіре алмайды. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолдана алады. Сұрақтарға сенімсіз (бірақ дұрыс) жауап береді. Болмашы қателер жіберіп, оларды өз бетімен түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 83-87% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
80 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде минимальді белсенділікпен қатысып, негізінде дұрыс жауап береді. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған, өз көзқарасын мазмұндай алады. Қателер жібереді, бірақ оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 78-82% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
75 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру үдерісіне қатысты, бірақ материалды толық мазмұндай алмайды, талқыланған сұрақтардың мәнің толық түсінбейді, пайымдау кезінде қателер жіберіледі. Сонымен қатар, өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған. Азғана қателер жібереді, оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындай алады, бірақ зерттеу нәтижелерін бағалау кезінде қиналады.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің, ажыратпалы диагностиканың, диагноз анықтаудың негізгі және қосымша әдістерінің сипаттауын қолданды; емдеу жоспары оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне негізделіп құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 73-77% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
70 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде дамыл-дамыл қатысты, бірақ материалды игеру деңгейі, өткен пәндерді білу деңгейі орташа және тек қана негізгі әдебиетті қолданды. Жауабы толық емес, азғана қателер жібереді, оларды оқытушының белсенді қатысуымен түзетеді. Игерген материал көлемі онан арғы оқытуға жеткілікті, студент негізгі әдебиеттің материалын біледі. Деректі мысалдарда білімін еркін қолдана алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтардың талқылауына белсенді қатыспайды.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін сипаттады, ал қосымша әдістерінің сипаттауын ішінара қолданды, ажыратпалы диагностика мен диагноз анықтауды жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті төмен. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-72% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
60 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде сирек қатысты, тақырып бойынша тек жалпы түсінігі бар, материалды терең меңгермеген, өз ойын логикалық түсіндіре алмайды, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, елеулі қателіктер жібереді, олардың кейбіреулерін оқытушының қатысуымен түзете алады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген (кейбір этаптарын білиейді). Тәжірибелік машықтарды орындау нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 55-64% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
50 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде өте сирек қатысты, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, қателіктер көп, олардың кейбіреулерін оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін де түзете алмады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген. Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.
Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 45-54% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.
0 балл. Студентте тақырып бойынша білімі жоқ, сұраққа жауап бере алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындай алмайды. Жауап беруден бас тартады. Отказ от ответа. Тесттік тапсырманың дұрыс жауаптары 45 %-дан аспайды.
Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі
1.Макропрепараттардың ағзасы мен пішінін көрсету (толық ағза, кесіндісі, пластинкасы)
2.Ағзадағы морфологиялық өзгерістерді көрсету:
Беткейінен: а) ағзаның көлемін
б) Оның пішінін (сақталған, деформацияланған)
в) тығыздалған
г) түсін
д) беткейінің сипатын (тегіс, әжімделген, кедір-бұдыр, түйіршікті)
кесіндіде: а) түрі, тіндік суреттің сақталуы (біртектес, па жоқ па, неге)
Ескерту: қуысты ағзаларда қабырғасының қалыңдығын, түсін, тығыздығын, пішіні мен қуыстың көлеміне көңіл аудару қажет.
Мұқият түрде патологиялық ошақты суреттеу керек: а) оның
орналасуын, б) пішінін (түйін, қуыс, тіннің ақауы және т.б.), в) ошақтың сантиметрлік өлшемін, г) шекераларын (анық, анық емес), д) түсін, е) тығыздығын
4.Диагноз қою керек (патологиялық үрдісті немесе ауруды толығымен атап, оның түрі мен кезеңдерін көрсету керек)
5.Атау керек: а) аурудың себептері мен даму механизмін, б) үрдістің негізін, в) негізгі клиникалық көріністерін (симптомдарын), г) организм үшін маңыздылығын, д) асқынуларын, е) нәтижелері мен өлім себептерін
Микропрепараттарды зерттеу мен суреттеудің алгоритмі
Препаратты жалпы шолып шығу үшін оны ең алдымен микроскоптың кіші ұлғайтымында көру керек, ал оның жеке бөліктерін – үлкен ұлғайтымда көреді.
1.Ағзаны немесе тінді атап, бояу әдісін анықтау керек
2.Ағзаның негізгі құрылымдық элементтерін табу керек (паренхимасын, стромасын)
3. Патологиялық үрдісті анықтау керек (құрылысының өзгеруін, патологиялық құрылымдарының пайда болуын, қосындыларды т.б.)
4. Патологиялық өзгерістерді анықтағаннан кейін, көрсету қажет: а) паренхималық элементтердің өзгерісін (жасушалардың көлемін, жасушалардың цитоплазмасы мен ядросының ерекшеліктерін, патологиялық қосындылардың болуы және т.б.); б) стромадағы өзгерістерді (талшықты құрылымдардың жағдайын, тамырлардың қуысының енін, қабырғасының қалыңдығын, қосындылардың болуы және т.б.).
5.Альбомға қорытындысын жазу (микропрепарат бойынша аннотациясын)
6. Егер де микропрепараттың атауы макропрепаратпен сәйкес келмесе – этиологиясын, патогенезін, асқынуларын, нәтижелері мен функциялық маңыздылығын атап жазу керек. Микропрепараттағы негізгі өзгерістерді әріптермен немесе сандармен белгілеп көрсету қажет.
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы
Презентация материалы, реферат, оқу-иллюстрацияланған дәрістер бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау:
100-95 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу-иллюстрацияланған дәрістер материалы таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, тақырыпты толық ашса. Оларды дұрыс интерпретациялап, дұрыс шешім шығара алса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізіліп, студенттің өзінің орындағаны көрінсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
94-90 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұрақтарға толық және ауқымды жауап берсе. Тақырыптың негізгі қағидалары ашылса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізілсе. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
89-85 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы тапсылырған көлемге сәйкес келіп, алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
84-80 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
79-75 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Жауабы нақты құрастырылған, қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Бірақ, азғана қателіктер болып, оларды студент оқытушының көмегімен түзей алса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
74-70 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы толық, бірақ қойылған сұраққа жеткілікті ретті жауап берілмесе. Жауабы қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Негізгі түсініктерді анықтауда студент 1-2 қателік жіберіп, оларды өз бетінше түзеуде қиындық туындатса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.
69-65 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы ойдағыдай толық болмаса және алынған тақырып бойынша жауабы қажеттігінше ашылмаса. Логикасы мен реттілігі бұзылса. Терминдер дұрыс қолданылмаса. Студент өз бетінше маңызды және маңызсыз белгілер мен себеп-салдарлық байланысын анықтай алмаса. Алған білімін тек қана оқытушының көмегімен ғана жеткізе алады. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Бірақ тапсырма дер кезінде тапсырылса.
64-60 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, логикасы мен реттілігінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Студент материалды түсінбегендіктен тұрпайы қателіктер жіберіліп, терминдер дұрыс қолданылмаса. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.
59-55 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз, материалдың жеткізілуінде жүйе мен логика болмаса. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.
54-50 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылаушы сұрақтарына студент жауап бере алмаса. Тапсырма қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.
49-0 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістер материалы өзінің мазмұны бойынша берілген сәйкес келмесе немесе тақырыптың негізін ашпаса және дер кезінде, яғни аралық бақылауға дейін тапсырылмаса.
Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Оқушының оқудағы жетістіктері келесі жолмен анықталады:
ҚБ= ЖРБ Х 0,6 + (ҚББ1 + ҚББ2)/2Х 0,4
ҚБ- қорытынды баға
ЖРБ- жіберу рейтингінің бағасы
ҚББ1- қорытыныды бақылаудың 1 кезеңінің бағасы
ҚББ2- қорытыныды бақылаудың 2 кезеңінің бағасы
Жіберу рейтингінің бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60% пайызын құрайды.
Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% пайызын құрайды.
Жәберу рейтингінің бағасы келесі жолмен анықталады:
ЖРБ= (АББ Х 0,3 + АрББ Х 0,5 + СӨЖ Х 0,2) :
АББ- тәжірибелік сабақтардың орташа бағасы
АрББ - аралық бақылаулардың қорытынды бағасы
СӨЖ - студенттің өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы
Жіберу рейтингінің пайызы келесі жолмен анықталады:
ЖРБ Х 100%
5
Жіберу рейтингі 50% пайызқорытынды баға есептелмейді.
Қорытынды баға келесі кестеге сәйкес қойылады:
№ р\н |
Әріп |
Сандық эквиваленті |
Рейтинг (%) |
Баға |
1 |
А |
4,0 |
95-100 |
«өте жақсы» |
2 |
А- |
3,67 |
90-94 |
«жақсы» |
3 |
В+ |
3,33 |
85-89 |
|
4 |
В |
3,0 |
80-84 |
|
5 |
В- |
2,67 |
75-79 |
|
6 |
С+ |
2,33 |
70-74 |
«қанағаттанарлық» |
7 |
С |
2,0 |
65-69 |
|
8 |
С- |
1,67 |
60-64 |
|
9 |
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
10 |
D |
1,0 |
50-54 |
|
11 |
F |
0 |
0-49 |
«қанағаттандырарлықсыз» |