
- •Молотов-Лучанский в.Б., Мациевская л.Л., Цаюкова н.А. Коммуникативті дағдылар
- •1 Бөлім. Коммуникативті үрдіс. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі .
- •2 Бөлім. Тиімді қатынасу әдістері.Қатынасу құралдары
- •2.2 Қатынасудың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану.
- •3 Бөлім. Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау және жүргізу
- •Дәрігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы.
- •4. Бөлім. Науқастың сырқатқа қатысты психологиялық типтері. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін бөгттер
- •4.2 Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттер.
- •5 Бөлім. Мінез-құлқында ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу. Дәрігердің асоциальді тұлғалармен жұмысы
- •5.5 ЖитСпен зардап шегетін науқастармен қатынасу.Дәрігер мен науқас арасындағы қатынасу мәселелері: мотивтері, қатынасы және бұйымдары.
- •Науқастардың жиі аив/житс жөнінде қоятын сұрақтары
- •6 Бөлім. Дәрігер және қиын науқас. Психикалық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу.
- •6.3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары.
- •6.4 Дәрігер тұлағсы. Мамандардың тұлғаарлық қатынасы.Тұлғалық сұрақнамалар және стандартты анализдеудің шкальді әдістері.
- •Үйірлік нмесе қатынасу деңгейінің бағалануы
- •Қатынасуда өзіндік бақылауды бағалайтын тест
- •7 Бөлім. Фармациядағы және стоматологиядағы коммуникативті дағдылар.
- •7.1 Фармацияда науқастармен қатынасу.
- •7.2 Стоматологтың науқасы. Дәрігер мен науқастың қатынасу ерекшеліктері.
- •8 Бөлім. Мамандықтың кейбір этикалық мәселелері
- •8.1 Личность врача, ее психологические характеристики. Характерологические особенности, влияющие на профессиональные качества врача.
- •8.2 Этические нормы и аспекты общения с пациентом в чрезвычайных ситуациях
- •8.3 Этические аспекты работы врача с умирающим больным, с его родственниками. Дискуссии об эвтаназии.
4.2 Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттер.
Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен дамуы мүмкін.Бұның бәрін біз қатынасу бөгеттері деп атаймыз.Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап,салыстыра біліп және оларды коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Әрине,бұл жағдай қатынасудың позитивті тиімділігіне жету мақсатына көзделсе. Әлеуметтің және қоғамның мәдениеті адамдар қатынасуының коммуникативті толеранттылығының деңгейімен анықталады. Медицина кәсібінде мед.қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. «Дәрігер-науқас» және «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады
Жоғарыда айтылған бөгеттерді біз былайша жіктей аламыз:
ішкі, адамның жүйке қызметінің типіне байланысты қоршаған ортаны қабылдау ерекшелік күшінің болуымен және т.б.;
сыртқы, жағдайға және басқа адамдардың әсерінен дамитын бөгеттер.
Мысалы, кішкі бөгеттерге естудің төмендеуі,көрудің нашарлауы,шындықты қабылдауының адекваттылығының бұзылуы; мидың ишемиясының салдарынан пайда болған бұзылыстар – сөздің,естің,жазудың,санаудың және т.б. бұзылыстары.Сыртқы бөгеттерге – тілдік және әлеуметтік факторлар жатады Тиімді қатынасқа түрлі мәдениеттік дәстүрлер, білімдік деңгейі, адамдардың саяси және дүниетанымдылық сенімдері бөгет болуы мүмкін. Мұндай айырмашылықтардың туындылары болып, этникааралық, нәсілділік бөгеттер жатады.Осыған байланысты науқасқа көмек көрсетуші медицина қызметкері науқас қызығушылықтарына алалықсыздық таныту керек. Дәрігер қандай да бір діни,саяси және философиялық көз-қарасты ұстанса да,кәсіби парызын орындауда оларды есепке алмауы қажет.
Қатынасудың ішкі бөгеттерін қарастырайық. Әдістеменің бастапқы бөлімінде біз коммуникативті дағдыларды мінез және тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты, орынды түрде қолдануды атадық. Мысалы, дәрігерге немесе мейірбикеге ригидтілік,үрейлік және кекшілдік тән болса,мұндай сипат олардың науқаспен сенімді қатынас құрауына кедергі жасайды. Сәтсіз қатынасудан кейін дамыған бөгеттердің шешу жолы жоқ болып көрінеді.
Интровертирленген тұлғалы дәрігер науқаспен қатынасуда салмақты мәселе болуы мүмкін.Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен қиындықтарға тап болады.Интроверт-дәрігерлер «түмемен жабылғандай» жабық болады. Олар өз күмәндәрін,уайымдарын әріптестерімен немесе достарымен және де науқаспен талқылауды әдепсіздікке жатқызады.Олар өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды және басқа адамның әлемі оған қызықсыз көрінеді. Мұндай дәрігерде эмпатия және симпатия өте сирек кездеседі. Әріптестеріне және науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік жекеленуіне әкеледі.Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін жоғалтады.
Интровертке қарсы экстраверт керсінше көрінеді. Эмоция, проблемалар, жаңалықтар – барлығына бірдей қазына болып табылады. Мұндай ашықтыққа қарамастан дәрігер бөгеттерге кездеседі.
Гормониялы емес тұлға типі және дәрігердің конгруэнттілігінің болмауы тұлғааралық шиеленіске ұштасуы мүмкін.
Ішкі бөгеттерге дәрігердің жеткіліксіз эрудициясын және рухани жетілмеушілігін жатқызамыз. Дәрігер кез келген рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде әңгімелесе алуы тиісті,анықтап айтқанда, мысалы, математикпен математика тілінде,сазгермен өзінің музыкаға деген қызығушылығын танытып,жазушымен әдеби білім деңгейін көрсете сөйлесе білуі қажет.Қызығушылықтың тарлығы науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді.
Сыртқы бөгеттер көбіне жасанды түрде жасалады. Мысалы, тілдік бөгеттер, бұл бөгеттерді дәрігер өздері жасайды,яғни науқаспен сөйлесу кезінде қажетсіз медициналық терминдерді орынсыз қолданады.Науқасқа тағайындалған жұмсақ зондпен және оптикамен асқазанды зерттеу шараларын, дәрігер науқасқа: «Сізге фиброэзофагогастроскопияны өту аса қажет» деп жеткізеді немесе ауырсыну сезімі қай жерге таралады деудің орнына: «Ауырсыну қай жерге иррадиация береді?» деген сияқты түсініксіз сөздерді қолджанады.
Тілдік бөгеттер дамыған жағдайда дәрігер науқасқа жағдайды жеңілдету мақсатында вербальді емес белгілерді қолдануы қажет,сол арқылы ол өзінің науқасқа көмектескісі келіп тұрғанын көрсетеді. Үрейді және бөгетті шеткеретін басты вербальді емес белгі ретінде күлімсіреу,ашық қалып,сабырлы,қайырымды көз-қарас жатады. Дәрігердің жалпыға танымал бірнеше фразаларды жаттап алуы да жағдайды бір шама жеңілдетеді. Конфессиональді, этникалық, әлеуметтік, мәдениеттік бөгеттерді дәрігер уақытында алдын алуы тиіс. Өзінің жеткіліксіздігін уақытында байқап,оны міндетті түрде жоюға жол беруі керек. Мұндай дәрігерге барлық науқастар – бірінші кезекте көмек сұрап келегн адамдар ретінде болады. Бірақ-та мұндай мінсіз дәрігерлер барлығына жете бермейді, сондықтан дәрігер өзінің кәсіби компетентсіздігін үнемі жетілдіруі тиіс. Дәрігерге науқас жағынан дамыған бөгеттерді танып білуін талап етеді.
Дәрігер мен науқас арасындағы тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттерді шешу үшін,олардың қандай түрдегі бөгеттер екенін анықтауымыз қажет.Науқаспен қатынасу жүйесіндегі дәрігер жағынан дамыған блоктарға өзімшілдік, асығыстық, патернализм, сияқты өзгерістер жатады.
Дәрігердің мінез-құлығын блоктайтын келесі ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:
Көздерін басқа жаққа әкету немесе тайдыру
Беделді немесе ақбейілді сөз, беттің тұнжыраған және кінәләйтін әлпеті
Науқастың денесінің қозғалысынан дене тілін түсінбеуі.
Сонымен қатар,қатынасу үрдісін вербальді стимуляторларда бұзады:
Кінәлау - Сіздің ойыңызша,науқас басқаша істеуі керек па?
Одырайу – эмоционал талқыға салу,мысалы, ашу кернеу,ұнатпау
Жасанды растау – науқастың жауабының алдында немесе реакциясының алдында жасанды түрде науқасқа жайлылық таныту
Зерттеу – науқастың көңіл-күйімен сәйкес келмейтін қандай да бір мәліметтерге уақытынан бұрын араласу
Сәйкес келмейтін жабық сұрақтарды қолдану
Аладын-ала тұжырым жасау