Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Uch_posobie_KN_2_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Дәрігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы.

Дәрігердің мұндай мінез-құлқы мыналарды өзіне жатқызады:

— әңгімелесушіге қосылу деңгейінің жеткіліктілігі,

—көзбен көру немесе визуальді байланысы,

— адекватты қимыл немесе ишара тілі,

— әңгімелесушінің вербальды емес және вербальды әңгімесіне көңіл бөлу .

Сіз әңгімелесушіге қарсы 45 градус бұрышта отырсыз. Осы әңгімелесушілердің шиеленіс тудырмай бір-бірін бақылауға көмектесетін бұрыш. Әңгімелесушіге сіздің корпусыңыздың бұрылуы, табиғи, аздап қаржысыздық күйі сіздің қызығушылығыңызды және байсалды сенімділігіңізді білдіреді...Сіз «мұқиятты релаксация» аталған жағдайда боласыз. Әңгімелесушіден шығатыннның барын көресіз, естисіз және сезесіз... Сіздің вербальды және вербальды емес онымен байланысыңыз бір-бірімен үйлесімділікте...

Вербальды ақпарат оған сай интонациямен беріледі. Өйткені, ақпарат хабарлама мазмұнын қамтамасыз етеді; интонация берілген хабарламаға қалай қатынасатынын көрсетеді. Сонымен қатар, қатынастың жақындын дәрежесін, атмосфераны береді.

Қарым-қатынастың вербальды емес деңгейі: ым, пантомимика, қалып, вегетативті реакция, пульс, дем алу жиілігі, сізден шығатын иістер, - осының бәрі бір-біріне сай келуі керек, осылайша вербальды деңгейге де, және қатынастағы конгруэнттік мінез-құлықтың үйлесімділігін тудыру керек.

Әңгімелесу кезінде сіз үнемі аралық гипотезалар тізбегін бірінен кейін бірін тудырасыз. Олар туады және өшеді. Олардың міндеті – сіздің ойыңызды, қиялыңызды ынталандырады. Ол – ішкі жұмыс. Әңгімелесушіге ол гипотезалар мағынасы хабарландырылмайды.

Конгруэнтті, тиімді мінез-құлық сіздің әңгімеге толық енуіңізге әкеледі және сіздің қорларыңыз үнемді тұтынылады. Бұлай сіз қатынас технологиясын қолданған кезде болады.

Тиімді, конгруэнтті қарым-қатынасқа жағдай жасауға, сонымен бірге кедергі жасауға мынадай жағдайлар әңгімелесушілердің бір жыныстан болуы, жастарының жақын болуы, әлеуметтік жағдайы немесе басқа мағыналы мінездемелердің кедергі келтіруі мүмкін.

Құрылым технологиясы.

Барлық әңгімелесу үшін қажетті болып оның құрылымы табылады.

Бұл технологияны қолдану барлық қарым-қатынастың толығымен және оның жеке кезеңдерін ұйымдастыруға әкеледі. Міндетті болып мақсат, міндеттерді, фрагменттерді, уақыт шығындарын, әр фрагменттің, барлық кездесулердің және толығымен курстың нәтижесін жоспарлау табылады. Кездесудің аяқталғаны туралы шешімді әңгімелесушілер бірігіп шешкені маңызды.

Сіз кездесудің жалпы мазмұнын, ұзақтығын және нәтижелігінің жоспарын айтқаннан бастап, сол уақыттан бастап сіз өзіңізге нақты міндеттеме аласыз. Ол ауызша мәлімеге келу және осы міндеттердің орындалуын әңгімелесушіңіз мұхият қадағалауы ықтимал.

Сонымен бірге, кездесудің нәтижелілігін ол көбіне терапевт алған міндеттемелердің қаншалықты орындайтыны бойынша бағалайды. Кездесу соңында ықпал ететін тұжырым (резюме) жүргізу керек. Оны біз төменде қарастырамыз, ал әзірше құрылымды қалай жүргізу туралы және сол кезде әңгімелесушіге қосылу, қатынасы туралы айтамыз.

Қосылу технологиясы.

Әңгімеге қатысушылардың жақындасу дәрежесін континуумда көрсетуге болады: бір-бірінен алыстау, аз қосылуының формальды байланысы, өнімді байланысқа жеткенше қосылу, жақындық, қосылу.

Бір-біріне деген қосылу көп болған жағдайда, әңгімелесушілер толық ашылады.

Алыстау кезінде әңгімелесушілер ерікті және автономды. Бұны әрдайым әңгімелесу деп айтуға болмайды.

Формальды байланыста ол сөзсіз әңгімелесу, онда әр бір әңгімелесуші өз территориясында қалады және ашықтық пен қосымша міндеттемелерді өзіне алудың қажеті жоқ. Өнімді байланыс деңгейіне дейінгі қосылу көбіне тиімді әңгімелесу үшін жеткілікті болады.

Жақындық әңгімелесуде кейбір кездерде пайда болады.

Бірігу, жақындықтың ең жоғарғы нүктесі ретінде терапия кезінде мүмкін және тек ерекше жағдайларда әңгімелесуде пайда болуы. Толық бірігудің мысалдары болып ана мен омырау еметін бала арасындағы жақындық немесе ғашықтар арасындағы сырлас жақындық жағдайы болуы мүмкін. Терапия кезінде бірігу гештальт-терапияда, голотропты тыныста пайда болады.

Өнімді байланыс деңгейіне дейінгі қосылу дене тұрысы, қозғалыстар, тыныс, сөз жанастырумен жетеді. Әңгімелесушілер арасындағы дене қашықтығы әдетте әр біреуінің жеке кеңістігін кішкене асып кетеді (жеке кеңістік алға созылған қолдың ұзындығымен салыстырмалы). Жақын, сырлас байланыс болғанда біз әңгімелесушіге жақын орналасқаннан көп алуымызға бағытталамыз.

Біз әңгімелесушінің кейпін көшіреміз және біздің әңгімелесуші сияқты бұлшық еттің бүгеліп қалушылық (еркіншілік) деңгейін сезіне бастаймыз. Біршама уақыттан кейін біз кейпімізді ауыстырамыз, және әңгімелесуші бізге қарап кейпін ауыстырады. Бұл кейіппен қосылудың басталғанын білдіреді.

Біз қайтадан қосыламыз. Және бірте-бірте әңгіме үшін қолайлы кейіпті қабылдаймыз, әңгімелесуші өз кейпін ауыстыруда бізге қарағанын бақылап отырамыз.

Біз өзіміздің келісілген (симметриялы) қозғалысымызбен пациенттің қозғалысын бейнелейміз. Әңгімелесуші бізге күтпеген, әсіресе оқыс қозғалыстар жасаған кезде біз оның артынан жүріп отырамыз. Мысалы, ол қолын созып вазадан алма алды. Бір уақыттан кейін оны жей бастады. Егер ол тек алманы алғанда оны бақылау қажет емес еді. Ал ол алманы тістей және шайнай бастағаннан бастап оны бақылау қажет. Әйтпесе кейіппен және қозғалыстармен қосылу бұзылады.

Біз әңгімелесушінің тынысының жиілігін және тереңдігін бақылаймыз. Бұл үшін жанама көру көмегі бойынша тыныс алу кезінде киімнің қыртыстарына белгілейміз. Және әңгімелесиші сияқты сол ырғақта, сол тереңдікпен тыныс алуды бастаймыз. Біршама уақыттан кейін тынысымызды бүгелтеміз, және әңгімелесуші де өз тынысын бүгелтеді. Бұл тыныс алуға қосылудың болғанын білдіреді.

Әңгімелесушінің репрезантивті жүйесіне қосылу маңызды. Бұл жерде көруді сипаттайтын үнемі сөздерді айту, жетекші кору талдағышымен көзбен шолу түрі басым байқалады. Бұндай адам ерікті ойлау кезінде жиі көз алмасын жоғары қаратады.

Естуді сипаттайтын сөздерді үнемі айту, жетекші есту талдағышымен аудиальды түрі басым. Бұндай адам ойлаған кезде, оның көз алмасы үнемі көлденең жазықтықта қозғалыстар жасайды.

Жетекші түйсік талдағышымен кинестетикалық түр түйсікті сипаттайтын сөздерді үнемі айтады. Ол ойланғанда, үнемі көз алмасын төмен түсіреді.

Репрезентативті жүйе астына жанастыру әңгімелесуші басым қолданатын жолды белсендіруімізден тұрады. Қашан ол «көрем... көреміз... көру ... қара» және т.б. айтқан кезде, онда біз де соны жасаймыз. Және ақпаратты беру және қабылдаудың іске қосылған көзбен шолу (визуальді) жолдары біз қалағанның бәрін толығымен тапсыруға және қабылдауға барынша көмектеседі. Егер ол аудиальды жолды қолданып, «естимін» десе, ал біз кинестикалық жолды қолданып «сезініңіз» деп жауап береміз, онда біз «маған анық естілмей қалды» деген жауап аламыз.

Науқасқа қосыла отырып, сіздің көзқарасыңыз бойынша өзара қатынас ең тиімді болатын оны ақпараттық жолға шығаруға немесе ауыстыруға тырысуға болады.

Сонымен, біз науқастың «көрем», «естимін», «сеземін» деген үрдістік сөздеріне қосыламыз. Оның сөйлеу қарқынына, дауыс ырғағына, сөздің эмоционалды толықтығына қосыламыз.

Науқастың уақыттық кеңістігіне қосылуы маңызды. Біз мәселе туралы өткен шақта айтқанда, оның күйзелісін жұмсартамыз және мәселені өткенге әкетеміз. Егер келер шақта болса, онда науқас өзгеру мүмкіндігін қалай да алады. Және біз мәселе туралы қазіргі шақта айтсақ әсер және күйзеліс ең қарқынды болады.

Артериальды қан қысымына, көз қозғалысының реакцияларына, бездер секрециясының қарқындылығына және т.б. қосылуға болады. Тәжірибелі терапевттер жаңа бастаған мамандарға қарағанда жақсы қосылады. Демек, олардың көбісі қосылу кезінде транстық техниканы қолданады. Бізге жағымды адамдарға қосылу жеңіл. Әр бір қайталанған қосылу бұрынғыға қарағанда анағұрлым жеңіл. Бірнеше қосылудан кейін келесісі автоматты түрде дамуы мүмкін. Әйелдерде ер адамдарға қарағанда қосылуға табиғи ерекшеліктері артық. Әр бір қосылу жалғыздық, алшақтық сезімдерін бұзады. Бір бірімен қосылған адамдарды өздеріне ұнаған биді шеберлі бишілермен бишілермен салыстыруға болады.

Сұхбаттасу тұжырымдамасында және тәжірибесінде осы жұмыстың, яғни ажыраудың аяқталуына өте болмашы көңіл бөлінеді.

Егер біз қосылуды кенет тоқтатсақ, онда науқас та, және терапевтте дискомфортты сезінеді. Екеуі де алшақтық сезімін сезінеді. Сонымен бірге клиент оның еркіне тыс ықпал жасауға тырысты деп есептеуі мүмкін. Кейбір науқастар оларға гипноз көмегі арқылы әсер етуге ұмтылды деп айтуы мүмкін. Бұл адамға оның еркінен тыс басқа ықпал ету оларға беймәлім екендігінен туындайды. Иә, олар гипноздық ықпалдан қорқады. Ал келесі кездесуде қосылу аса қиын болады. Сол себепті қосылуға сияқты, ажырау үрдісіне де көп көңіл бөлу керек.

Әдетте ажырау қайтымды қосылу жүйелілігінде жүргізіледі. Бірінші отсоединение көз қозғалысында, содан кейін тыныста, кейіпте және соңғы кезекте вербальды.

Біз науқасқа қосылдық, оған жақсы және жәйлы, және ол тақырыптың немесе барлық кездесудің аяқталуына дайын емес. Жайлап аяқтау үшін ажыраудың арнайы вербальды әдістері әзірленген. Оларға сұрақтарды қою жатады: «Кешіріңіз, мен сізді дұрыс түсіндім ба ...?», «Егер мен қателессем, өтінемін, мені түзетіңіз ...», фразаның соңына қосылу және аяқтау формуласын енгізу.

Мысалы, науқас хабарлады: «Және сонда менің басым кенеттен ауырды». Терапевт науқастың ұзын сөзін бөлді: «Сіздің басыңыздың кенет ауыруы ол өте қажет, оны жұмарлауға болмайды, келесі кездесуімізде толығымен барлығын айту қажет, ол мына күні болады...»

Қосылу технологиясы – ең маңыздылардың бірі. Ол көптеген психотерапевтік мектептерде кең қолданылады. Және басқа терапевттік сұхбаттасу технологияларымен кешенінде тиімді.

Персонализациялау технологиясы.

Біз казіргі кездегі оның роліне сәйкес адамға, ер адамға, әйел адамға, азаматқа, жолдасқа, жас адамға, анаға, науқасқа және т.б. қарағанда, формалды өтетін деперсонизацияланған, дегуманизацияланған өзара қатынасты аламыз.

Біз тым жақын байланысқа қызығушылық тудырғанда персонализация қажет. Әңгімелесушілер бір-біріне атымен және әкесінің атымен, кейбір кезде тек атымен сөйлеседі. Біз адамның қайталанбас даралығын үнемі айтып отырамыз.

Біз әңгімелесушінің тәжірибелерін, қиындықтарын, мәселелерін бейнелейтін сөйлемдерді айтуға ынталандырып «сіз», «сіздің» деген есімдіктерді қолданамыз. Бұл «Мен-ұсыныстар». Оларда «Мен» есімдігі қолданылады. Біздің «Сіз-ұсыныстар» әңгімелесушінің «Мен-ұсыныстарын» жиі шақырады. Ол әйелдерге қарағанда, ер адамдармен әңгімелесу барысында оңай жүзеге асады.

Науқасқа біз үнемі «сіз» деп сөйлейміз. Тек балаларға ғана «сен» деп сөйлеуге болады. Жас өспірімдерге басында «сіз» деп сөйлейміз, содан кейін «сенге» көшеміз.

«Сен» клиенттің жас ерекшеліктерін немесе олармен жақын қатынасты куәландырады. Кейде арнайы терапевттік жағдайларда, мысалы, топпен жұмыста немесе гештальт-экспериментте, біз «сен» есімдігін қолданамыз. Бұл басында жұмыстың шарты ретінде келісіледі.

Әңгімелесушімен жеке адам аралық қатынас қалыптасады.

Бұндай қатынастарға, олардың динамикасына біздің сезімталдығымыз өте маңызды. Дискомфортты және артық шиеленісті жоятын, қатынастарды тереңірек жасайтын, біздің шынайылығымыз, аяқ асты реакцияларымыз маңызды. Туындаған адам аралық қатынастарды дұрыс бағалау сұхбаттасудың басында және соңында ерекше маңызды. Бұндай бағалауды жасау және сезіну адамды біз тыңдаған кезде оңай болады.

Тыңдау технологиясы.

Тыңдау және сұрақ қою – әдетте барлық әңгімелесуді теңестіретін, негізгі шаралар.

Біздің мәдениетімізде тындауға және бақылауға көбісі үйретілмеген. Адам сөйлеген кезде біз сұрақтарды ойлап табамыз, оның әңгімесіне реплика және ой-пікір қыстырамыз немесе оның сөйлеу тәртібіне вербальды ықпал етеміз. Мүмкін, өзімізді шешім қабылдау қажеттігінен, терең сезімдерден, біздің стериотиптеріміздің бұзылуынан немесе қайсы бір басқа себептерден қорғау үшін біз әңгімелесушіні естігіміз келмейтін шығар.

Сондықтан, бізге әңгімелесуші беретін ақпараттардың жартысын біздің қабылдамауымыз таң қаларлық емес. Және ол оған берілген мәліметтердің көп бөлігін қабылдамауы әбден мүмкін.

Ол көбіне біздің мәдениетімізде мимиканы қадағалау орнықпағаннымен байланысты. Басқа адамның түрін қарау жақындықтың немесе аз мөлшерде жақындыққа ұмтылу белгісі болып, не қыр көрсетудің және агрессияның көрінуі болып қабылданады. Сондықтан бізге әңгімелесушінің мимикасын жанама көре білуіміз және адал сезімдерін мен күйзелістерін білдіру ретінде оны оқып үйренуіміз маңызды.

Адамның түрініен шығатын мимикалық белгілердің үш түрін айыру қабылданған.

Статикалық тері жамылғысының түсімен, көз қиығымен және бас сүйек құрылымынан тәуелді, оның нәсілдік ерекшеліктерінен басқа белгілермен анықталады. Бұл белгілерді косметикалық операциялар, сәнде шаш, косметика, шашты бояу; ер адамдарда – мұрт, сақал көмегімен өзгертуге болады.

Баяу мимикалық белгілер нақты өмір салтымен байланысты бұлшық ет тонусымен, тыртықпен, әжімдермен, бет ісінуімен беріледі. Бұл белгілерді біз жалпы статикалық белгілермен, сонымен бірге массаж, макияж және т.б. көмегі арқылы өзгертеміз.

Жылдам мимикалық белгілер, немесе микрокелбет – ол стимулға бірінші реакция ретінде пайда болатын өткінші, жалт ететін мимикалық реакциялар. Бұл реакциялар еріктік бақылаумен шектелмеген уақытқа дейін шынайы сезімдерді және адамның күйзелістерін білдіреді. Олар көпке созылмайды. Сондықтан микрокелбетті айырып тану да, оқу да дағдылар мен назарды қажет етеді.

Біз беттің төменгі бөліктерінің: иектің, еріннің, мұрын қалқаншаларының мимикасын жақсы бақылаймыз. Және беттің жоғарғы бөлігінің: көздің, қабақтың, қастың, кеңсіріктің мимикасын өзіндік байқауға аз бейімбіз. Тар ерін – ол аса бақылау!

Тәжірибенің танылмайтын бөлігі тек көзбен көрсетіледі деген көзқарас айтылады. Ер адамдар микрокелбетті жасыру үшін сақалды, мұртты қолданады. Әйел адамдар – макияжды, жапсырма кірпіктерді қолданады. Және жынысқа тәуелсіз, сүйікті құрал – қаранғыланған әйнекті көзілдірік. Күңгірт көзілдірік киген адам тек оның көзін бақылаудан қорғаумен байланысты жеңілдікті бірден сезінбейді. Ол сонымен бірге күн барысында аз шаршауы мүмкін, өйткені оған өз көзін бақылау қажет емес.

Сонымен, біз әңгімелесуші ие болған шынайы сезімдерді тануға мүдделі болғанда, сезім шақыратын хабарламаның артынан лезде әңгімелесушінің әсіресе көзіне назар аударып, бетіне қараймыз. Және алынған ақпаратқа бірінші реакция шынайы сезімдерді білдіретін болады. Келесіде олар бейтараптау, тежелу, бұрмалау немесе алмастыру жолдарымен тасаланған болуы мүмкін.

Бейтараптау мимика үйреншікті масканы білдіргенде, беттен мимикалық реакцияларды өшіруді білдіреді. Тежелу – бұл өзінің табиғи динамикасын жасап, аяқталуына дейінгі мимикалық реакцияның біртіндеп, өздігінен тоқтау үрдісі. Бұрмалау - әңгімелесушіге ұсыну үшін табиғи мимикалық реакцияны қалағанына ауыстырудағы аса ерекше үрдіс. Үрдісті ауыстыру ол пайда болған және өзінің дамуының жартысын жасаған үрдіс әңгімелесушіге ұсыну үшін аса ынтықтыға ауыстырылуында.

Мимикалық реакцияларды және сәйкес күйзелістерді жасыруда барлық аталған жолдар тікелей бақыланады, және тек фальсификацияны ғана мимиканы, сөздің және мінез-құлықтың сәйкес келмеуінен бақылауға болады.

Әрине, біз сөзбарысында микрокелбеттің орналасу жерін бақылаймыз. Реакция шақыратын белгі артынан басында мимикалық және тек содан кейін вербальды жауап пайда болады. Айғайлау, ыңырсу, тез дем алу және дем шығару формасындағы вербальды емес сөздік көріністер мимикалық реакциялар артынан көрінуі мүмкін.

Сонымен бірге, әңгімелесушінің жасандылығын келесілер куәландырады: көзін түсіруі, көзін басқа жаққа әкету, сұрақ пен жауап арасында ұзақ үзіліс, мимика мен сөздің арасында сәкессіздік. Мысалы, әңгімелесуші «иә» деп айтып отырып басымен келіспей шайқайды. Немесе вегативті реакция вербальды жауапқа қарама-қайшы келеді. Мысалы, әңгімелесуші белгілі тақырып оны толғандырмайды деп айта отырып сол кезде беті анық қызарады. Бір сөзбен айтқанда ол конгруэнтті емес. Оның мимикасы, сөзі, вегетативті реакциясы және мінез-құлқы бірін-бірі толықтырмайды, керісінше бір-біріне қарама-қарсы келеді.

Мимика туралы әңгімені аяқтай отырып, әңгімелесушінің бетін бақылау, оны байқау – күшті алаңдатушы стимул екенін айту маңызды. Әңгімелесушінің беті сіздің көңіліңізді өзіне назар аудартып, бізді тиімді, конгруэнтті мінез-құлық туралы маңызды ақпаратты қабылдауға кедергі жасайды.

Сонымен, адамның сөз көмегіне қарағанда мимикасының көмегі шындықты айтады. Онымен қоса, вербальды жалған айту адам қоғамында әдеттегі шындықтан жиі кездеседі. Бұндай көп тараған жалған айтудың шындыққа айналу механизмі ішінде мыналарды атап өтуге болады: үндемей қалу, түсіп кету, бұрмалау, күйгелектік, контекстің ауысуы.

Біз егер ешқандай мәліметтер алынбаған кезде үндемей қалуға жиі соқтығысамыз. С умалчиванием мы сталкиваемся тогда, когда не сообща­ется никаких данных. Түсіп кету жағдайында белгілі бір маңызды жайтты әдейі хабарламау. Бұрмалау кезінде хабарламаның қажетті фрагменті қасақана өзгертіледі. Құнсыздану кезінде қандайда бір құбылыстың құндылығы арнайы әдістер арқылы қасақана төмендетіледі. Мысалы, кәдімгі адамның нақты жетістігі атақты немесе көптеген адамдар тобының жетістіктерімен салыстырылады. Күйгелектену техникасы хабарламаның қандайда бір бөлігіне немесе басқа бір хабарламаға түгелдей үлкен мағына беруден тұрады. Соған орай стресс, күйгелектену ситуациясын туғызады, және әңгімелесуші шын мәніндегі маңызды құбылыстар мен жағдайлардан ауып кетеді. Контекстің ауысу техникасы негізінде қайсы бір хабарлама амбивалентті екендігі көрсетіледі. Ол өзінде көптеген қарама-қайшылықтарды құрайды. Және әрдайым біз үшін позитивті, сонымен бірге негативті жағынан беріледі.

Өзің үшін «Мен шынымен де адамның не сезетінін білгім келеді? Мүмкін маған оның ұсынғанын ғана білген ыңғайлы және жайлы ма?» сұрақтарына жауап беру маңызды. Біз брінші сұраққа нақты және екіншісіне теріс жауап берсек, онда біз тыңдаймыз және бақылаймыз, бақылаймыз және тындаймыз.

Онда, адам сөйлемді қалай құрайтыны олардың ішкі дүниесін, олардың күйзелістерін және проблемаларын түсінудің кілті.

Клиенттің қолданылатын сөзі мен сөз орамы жиі оның айтуға ынталанудан гөрі ол туралы көп хабар береді. Сөзді таңдау көңіл-күйі, білімі , шыққан тегі, мәдени деңгейі және көптеген басқалар туралы куәландырады.

Түйінді сөздерді, анықтамалар мен түсіндірмелерді іздеу маңызды. Осылай клиент «қажет», «міндетті», «керек» сөздерді қайталауы мүмкін. Бұл оның өмірде өзінің міндетін көңілсіз атқаратындығын білдіреді. Әлбетте сөздің және сөз орамының бірнеше мағынасы клиент пен терапевт үшін өте жиі ерекшеленеді. Және адамды тыңдап отырғанда оны тек жақсы түсінгенмен қоса көп бересін.

Біздердің айтқандарымыз аса маңызды болғанымен әңгімелесушінің тыңдап отырғанына Адамдар алғыс білідерді.

Бұл жерде психотерапияның шебері К.Роджерстің дәйексөзін келтіруге болады: «Біз үшін мені бағалаусыз, кеңессіз, талдаусыз және диагностикасыз тыңдай алатын және еститін адам өте маңызды. Әшейін тыңдау және қабылдау. Және қорқынышты сезім, шешілмейтін проблемалар шешілетіндей болады».

Тыңдаудың барлық маңыздылығын белгілегеннен кейін әңгімелесудің екінші бөлімі – сұрақтарды қою технологиясына өтеміз.

Сұрақтарды қою.

Ең алдымен негізгі бірнеше шарттарға тоқталайық.

Сұрақтардың қалайда аз қойылғаны қажет.Өзіміздің сенімсіздігімізден туындаған немесе білгіштігімізді,жан-жақтылығымызды көрсететін сұрақтардан аулақ болуымыз керек.Сұрақтар бір-бірден қойылып,әңгімеміздің контекстілік орнына байланысты болуы маңызды.

Сұрақтардың жіктелуіне көңіл аударайық. Әдебиетте ашық,жартылай жабық,жабық сұрақтар және сұрақ-мәзір,сұрақ-фильтр болып бөлінеді.

Ашық сұрақтар – қандай да бір жауап алмайтындай болып құралады.Ол арқылы науқасқа толығымен ерік береміз.Мұндай сұрақтар әңгімелесудің басында кеңінен қолданылады.

Ашық сұрақтар әңгімелесушіміздің толғандыратын сезімдерін шығаруына мүмкіндік береді. Ашық сұрақтарды қою арқылы біз өзімізде және біздің әңгімелесушімізде ашыла алады.

Қысқа ашық сұрақтарға мысал келтірейік:

«Мен Сізді мұқият тыңдап тұрмын»,

«Қазір не жайында сөйлесеміз?»,

«Сөйлесейік»,

«Бастайық»- науқастың сөзін тосқандай қолымызға қалам алып,ауру тарихын ашамыз

Ашық сұрақтар вербальді емес әдіспен де қойыла алады. Шын мәнінде, ашық сұрақтар әңгімелесушімізді сөйлетуге түрткі болатын стимул болып қана табылады.

Жартылай жабық сұрақтар сіздердің әңгіме барысындағы қызықтыратын сфераны ғана сипаттайды:

«Қандай шағымдарыңыз бар?»,

«Өз жетістіктеріңіз жайында айтыңызшы»,

«Өз денсаулығыңыз жайында айтып »

«Қалай» сөзінен басталатын сұрақтар әңгімелесушінің тұлғасына бағытталған: «Өзіңізді қалай сезінесіз

«Не» сөзінен басталатын сұрақтаржекелік маңызы аз, тек дерекке бағытталған,мысалы: «Сізбен не болды?»

«Сіз, істей аласыз ба»,

«Сіз жасай аласыз ба» деген оралымдар әңгімеге қосымша мүмкіндіктер береді.Мұндай оралымдар қатаң қойылған сұрақтарды жұмсартады. «Негеден» басталатын сұрақтар әңгімелесушіміздің қарсылығын шақыруы мүмкін,сондықтан біз мұндай сұрақтардан қашқақтауымыз қажет.

Жабық сұрақтар - нақты және дәл жауап алуымыз үшін қойылады. Жабық сұрақтардың бір нұсқасы болып,альтернативті сұрақтар жатады,яғни «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап алады. Жабық сұрақтар деректерді нақтылауға бағытталып, әңгімеміздің соңында қойылады.,

«Қашан Сіздің басыңыз жиі ауырады?»

«Сіздің жөтеліңіз қақырық бөлінумен жүреді ма?»

«Сіз түнде нашар ұйықтайсыз ба

« Сіз жүрегіңіз ауырғанда нитроглицерин қабылдайсыз ба?»

«Мүмкін,стационарға жатасыз

Біз жабық сұрақ қойған кезде өзіміз де және науқаста жабылып қалады. Мұндай сұрақтар әңгімемізді құрастырып,оны аз сенімділікке әкеледі. Ашық сұрақтар бізді де және науқасты да ашады.

Жалпы,альтернативті сұрақтардың альтернативсіз түріде бар.Мұндай сөздік оралымдар альтернативті сұрақтар формасында болып,бірақ мазмұны жағынан аяқталған шешімді немесе нұсқауды бекітеді.Мысал келтірейік:Сіз науқасқа айтасыз: «Сіз трансқа ашық немесе жабық көзіңізбен енгіңіз келеді ма?».Ата-анасы — баласына: «Ұйықтауға тап қазір барасың ба немесе ойыншықтарыңды жинағаннан кейін ба?».

Сұрақ-мәзірде жауаптардың барлық нұсқасы болады.олар көбіне аз сөйлейтін науқастармен, балалармен және интеллектуальді мәселелері бар адамдармен қатынасқанда қойылады. Немесе сіз науқасқа шектелген мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу ретінде қойылады.Мысалы,сіз науқастан сұрайсыз:

«Сіз стационар шартында, қала сыртындағы санаториде, амбулаторлы немесе үйде емделгіңіз келеді ма ?». Сұрақтың басында науқастың емделгісі келетінін анықтау жүреді де,соңынан оған таңдаудың бірнеше нұсқасы ұсынылады.

Сұрақ-фильтрлер әңгімелесудің тақырыбын таңдауға немесе одан бас тартуға бағытталған.Мысалы, біз ер адамнан сұраймыз: «Сіздің отбасылық өміріңіз қалай қойылған?», ол: «Менің жанұям жоқ және ешқашан үйленбегенмін».Бұл енді оның отбасылық өмірін талқыламаймыз дегенді білдіреді.

Сұрақ-фильтрлер зиянды әдеттері жайында білу үшінде қойылуы мүмкін.

«Сізге алкоголь қалай әсер етеді?» - жауап: «Мен мүлдем спирттік заттарды қолданбаймын!»

Егер де сіздің қойған сұрағыңыздан кейін науқас тақырыпты бұрып жіберсе,онда сіз сұрақ-фильтр қойғансыз.Мұндай тақырып оған қажетті және талқылауға салынбайтындығын білдіреді.

Эгоцентрлі және нарциссті науқас тек өзі жайында айтып,оны тыңдаған сайын қанаттана түседі. Депрессиялы науқас өз ауруы жайында және өзінің жетіксіздіктері жайында әңгіме қозғайды.Осыған орай терапиялық тапсырманыңнегізі болып,талқылайтын тақырыптарының деңгейін кеңіту.

Үнсіздік технологиясы. Әңгіменің екі қатысушысы да бірдей тыңдай қалатын негізгі шарасы бар.Бұл үнсіздік технологиясы.

Біздің мәдениетімізде басқа адаммен қатынасу барысында үнсіз қалу қабылданбаған.Мұндай паузада адамдар өздерін ыңғайсыз сезініп,оны сөзбен немесе қандай да бір әрекетпен толтыруға тырысады.

Әңгімедегі тыныштық немесе үнсіздік әртүрлі мағынаға толы болады. .

Әңгіме басындағы үнсіздік ширығуды тудырып,зейінді әңгімеге және әңгімелесушімізге шоғырлайды. Әңгіме ортасындағы үнсіздік бұл үнсіздікпен сынау, әңгімелесушілер айтылған жайында немесе сұралынғаны жайында естеріне түсіреді;әңгіменің келесі бөлігі жөнінде шешім қабылдау үшін, үнсіздік ресурстарды толықтыруға көмектеседі.Науқастар көбіне жасырап қалған деректерін жиі айтады. Әңгіме соңындағы үнсіздік қортындылауға әкеледі.

Үнсіздік тілі бірнеше деңгейде қызмет етеді.Соның үшеуін атайық.

Біріншіден, қарым-қатынастың сыртқы жағдайына байланысты. Ақпараттық ағым екінші деңгейді қамтамасыз етеді, вербальді емес коммуникация, ол мимика, пантомимика, қалып және вегетативті реакциялар көмегімен жүзеге асады. Вербальді емес қатынас вербальді қатынасты акценттейді. Үшіншіден, әрбір адам вербальді емес коммуникацияны өз нұсқауларымен интерпреттейді немесе тұжырымдайды.

Үнсіздік әңгімені үрейге, белгісіздік сезімге,уайымдарға және ойға толтырады.

Үнсіздік – адамдардың өзара сұхбаттасу кезіндегі қажетті және ақпаратты бөлігі. Үнсіздік, шынымен де кейде жәбірлеуші эмоциялардан босауға мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта сезімді бейнелеуші арнайы технология қызмет істейді..

Сонымен, сіздің кабинетінііздің есігі ашылып, жаңа науқас кіреді. Сіздің артықшылығыңыз сонда, сіз өз аймағыңызда жүрсіз. Оның артықшылығы – жауапкершілігі төмен деңгейде.

Алғашқы сәтте сіз оны бағалайсыз. Ол сізді бағалайды. Әркім өзінің «Бұл адамнан не күтуге болады?» деген сұрағына жауап береді. Алғашқы интуитивті жауап дайын. Егер сіз жазып немесе телефонмен сөйлесіп, алаңдап отырсаңыз, онда әңгіме басталмастан аяқталуы мүмкін.

Сіз әңгімелесушіден қорқақтайсыз. Ол сізден қорқады. Сіз қандай науқас сізге қолайлы, қандай қолайсыз екенін білемін деп ойлайсыз. Оның да сенуге болатын өз терапевтісінің бейнесі бар. Әркім өз үмітін шындықпен салыстырады.

Әңгімелесу жетістігіне жету үшін сіздің шыдамсыздығыңыз, бос сұрастыру, әңгімелесушіге парықсыздық көрсету, немқұрайдылық таныту қауіпті болады.

Сіз әңгімелесушіңізге өзініңдің қызығушылығыңызды, көңіліңізді көрсетіп, әңгімені соған арнай бастайсыз. Әңгімелесушіге кабинетте еркін отыруын өтінесіз.

Егер де сіз немқұрайды қатынасқа байланған болсаңыз, онда оған «Отырыңыз» немесе бөлемнің ортасына орындық қоясыз. Ол кісі орындықтың шетіне отырып, арқасы қорғансыз болады және кабинетте көпке кідіруді қаламайды.

Егер сіз бір шама қашықтық сақтап, тиімді қатынасқа қызығушылық танытсаңыз, онда әңгімелесушіге де өзінің отырғандағыдай жағдайды оғанда өтініңіз. Ол орындыққа не креслоға отырады. Оның төменгі бөлігі стөлмен жабылған. Бір – біріңізбен денелерініңздің өзара орналасудың тиімді бұрышы - 45 градус.

Әңгімелесуші жиі жабық кейіпте болады. Оның бірнеше варианттарын атауға болады, төменгі жабық кейіп – егер аяғы бір бірімен айқастырылып, гениталиі жабық болса. Жоғарғы жабық кейіп – егер қолдары омырауда айқастырылса. Бұл кейіптерде ол жаңа тәжірибеге тұйық және өзін қорғауға дайын отырады. Тағы бір жабық кейіп – егер қолдың білезіктері саусақтарымен бірігіп, іштің төменгі жағында орналасса. Бұл кейіп ішкі дүниесінде жинақы, өзіне-өзі жеткілікті адам екндігін көрсетеді. Жоғарыда аталған екуіне қарағанда, бұл мықты және тиімді ойлау үрдісін береді.

Әңгімеден қашқақтаған әңгімелесуші теріс қарауы, әндетуі, көзін жұмуы немесе тіпті қалғып кетуі мүмкін.

Егер сіз аса жақын байланысқа қызығушылық білдірсеңіз, онда әңгімелесушіңізбен бір кушеткада немесе еш нәрсемен бөлінбейтін креслоларда отырып сөйлесуге болады, денелеріңіз жақын болған сайын, жақын байланысқа да жетесіздер. Сонымен, әңгімелесуші өз орнын тапты. Сіз сәл кідіріп, әңгімненің бірінші жартысында әңгімені жігерлендіру үшін тек ашық сұрақтар қоясыз. Сіз аз сөйлессіз - ол көп айтады. Қажетті ақпаратты алған соң, жартылау ашық сұрақтарға көшесіз.Осы уақытта әңгімелесушіде сезімді бейнелеуге аса қолайлы жағдайлар түзіледі.

Кейбір ұсақ-түйектерді нақтылау қажет болғанда, жабық сұрақтарға көшуге болады. бұл кезеңде әңгімелесушіден гөрі сіз көп айтасыз. Мұнда мәселені талдау, кеңес, деректілеу және қарсы орылымдар технологиясын белсенді қолдануға болады.

Әңгімелесуші үшін басқада сөздердің маңыздылығын белгілеу қажет. Кейде сіздің туған тіліңіздің сөздерін түсінуіңіз және сол сөздердің әңгімелесушіге түсінуі екі бөлек болуы мүмкін, тіпті әңгіме басқа тілде жүріп жатқандай әсерде болады. Кездесу ықпал етуші резюме түрінде аяқталады және сіз әңгімелесушіден ажырап кетесіз.

Науқасты сұрастыру кезінде дәрігер көңілін келесі 4 сұрақтарға аударуы қажет:

  1. Не... (мазалайды, байқалады)?

  2. Қайда... (мазалайды, басталады)?

  3. Қашан... (бұрын және қазір мазалайды, білінеді)?

  4. Неліктен (емделушінің ойынша бұл байқалады және немен байланысты)?

Емделушімен байлансты орнату техникасы

Инсайт-бағыттаушы бірге уайымдаумен қатар еркін бірлесу, талдау және конфронтация техникасынан тұрады.

Симптом-бағыттаушы – мінез-құлықта анықталған белгілерге, психикалық қызметтерге (сана, ес, интелект, түйсік, ойлау, эмоция) бағытталған. Ол келесі техникалардан құралады:

  1. Емделуші туралы оның конституционалды және мінез-құлық статусын көз алдына келтіру. Бұл кезеңде алғашқы секундтарда сіз жыныстық бағытының жасына сәйкестік дәрежесін елестете аласыз, кейініректе шын жасына сәйкестігін, конституциясын (нормастеник, астеник), емделушінің мінез-құлығын (қозу, ступор, барабарсыздық) анықтау үшін қажет болады.

  2. Емделушіні өзіңізге қаратып, жұбату керек, тіпті емделуші өзін сырқаттымын деп санамауы мүмкін, психиатрға келуінің өзі оған ауыр тиеді, бұл жағдайда оны бір нәрселер не біреулер кеңеске келуіне мәжбүр етеді. Осындай конфронтацияны сіздің емделушінің айналасы емес жақтаушысы ретінде көрсету үшін қолдануға болады. Егер емделуші сырқатты болса, бұл өте маңызды. Оның локомоция (моторика), бет қимылы, кейіпі, ымдау, жан-жаққа және Сізге қарым-қатынасы және жалпы сөз үйлесімі белгілерінің ерекшеліктерін тану. Осы белгілерге мән беруге ынталаныңыз және оның Сіздің мінез-құлқыңызға реакциясын байқаңыз. Егер де сіздің мінез-құлқыңыз тым жайдарлы, ал бірақ үңіле қарасаңыз сандарықтаған емделушіде қосымша күдік туады, ал депрессиядағы емделушіде – үрейді күшейтеді. Дәрігердің мінез-құлқы бір қалыпты болуы керек.

  3. Бірге уайымдау мен жұбатуды білдіру. Өзіңіздің уайымдауыңызды, сонымен бірге емделушіге қатысты мүмкін болар түсініксіздік пен агрессияны бағалаңыз. Кейіннен осы сезімдердің сараптамасы сізге емнің тиімділігі мен тиімсіздігінің себебтерін, диагностиканың турасыздығы мен болжамын түсінуге көмектеседі. Емделушінің байқалған уайымына мән беріңіз. өзіңіздің уайымдап жүргеніңізді жасырмаңыз.

  4. Меншікті мәселені емделушінің түсіну деңгейінде бағалаңыз. Ол толық болған жағдайда емделуші өзінің уайымын ауыр сезінентіні айтады, егер жартылай болғанда емделуші өзіне ауыр деп санатйтын кейбір уайымдарын ғана айтуы мүмкін немесе түсінушілік мүлдем жоқ. Емделушінің жартылай ауыр уайым деп санайтын уайымын табу өте маңызды, өйткені оларды басқа да уайымдармен жұмыс істеу үшін қолдануға болады. Алғашқы да емделушіге ауыр уайымдардан алшақ болған жөн. Емдлеушінің мәселені түсінуіне қарай оған терапиялық мақсаттар туралы айтыңыз.

  5. Бағалауды жүргізу немесе интерпретация. Емделушіге дәрігердің оның уайымы туралы не ойлайтыны туралы білуі маңызды. Сондықтан өзңіздің белгілі симптомдарды білетіндігіңізді көрсету керек, белгілі уайымның ерекшелігі мен қарапайымдылығын (стандартты), сонымен бірге осы уайымдарды қолға алуға болатындығын айқындау қажет. Әдетте сырқатты емделушіге дәрігердің осыған ұқсас сырқатпен күресе білетініне көзі жету маңызды, бірақ қарсыласатын және қабылдамайтын емделушілер өзінің маңыздылығын сезінуі маңызды. Сырқаттың дамуында жетістіктер барын және емделуші мен оның туысқандарын айығуға үміттендіру қажет.

  6. Қарым-қатынаста басшыны (лидер) анықтау. Бұл терапиялық үрдісті емделуші, не оның туысқандары, әлеуметтік орта емес дәрігердің өзі жүргізуіне маңызды. Ролі мен стратегияның тепе-теңдігі дәрігермен терең меңгерілу қажет.

Дәрігердің ролі мен стратегиялары

Дәрігер емделушімен жұмыс немесе әңгімелесу кезінде доминантты, авторитеттік тұлға, тәуелсіз эксперт, эмпатиялық тыңдаушы немесе гуманистік көмекші ретінде болуы мүмкін. Әрбір осы ролдер нақтылы тұлғаны және дәрігердің жеке ерекшеліктерін көрсетеді, яғни оның барлық стратегияны қолдануына болады.

A) Доминантты немесе басым дәрігер

Доминанттылық пен беделділік емделушінің субмиссиясын (бағындыру) күшейтеді, олар жиі мысалы, өзін -өзі қажитын емделушілердің симптомдарын тез басуда маңызды. Бұл ролде дәрігер қатал әке, ана, мұғалім қалпын сипаттайды, дұрыс және бұрыс мінез-құлықты көрсетеді, қатал мерзімдер мен шектеулер қояды. Доминантты дәрігер әдетте басқа дәрігерлерге сеніушілік аясын шектейді. Доминантты дәрігерде бір талай лауазымдық символдар – қатал мейірбикеден крахмалданған колпакқа дейін болады. Ол әдетте емделушімен қарым қатынас уақытын шектеуді қатаң сақтайды.

Б) Дәрігер-эксперт

Дербес эксперт ретінде дәрігер диагностикалық әңгімеге араласуына болады. Бұл жағдайда дәрігер жүйке жүйесінің бұзылуы зерттеуші сипат беретінін және басқа мамандардың қосымша ақпараттарын бағалайтынын көрсетеді. Сол кезде сырқат симптомынан науқастың өзімен алшақтап кетеді. Бұл роль диангостикалау кезеңінде маңызды.

B) Дәрігер - тыңдаушы

Эмпатиялық тыңдаушы ретінде, дәрігер науқаспен бірге уайымына ортақтасатынын көрсетеді немесе шын мәнінде ортақтасады. Оған науқасты тыңдаған ұнайды, клиникалық жағдайды керемет роман ретінде бағалайды, әсіресе осы ролде науқаспен байланысқа түсу басталады. Шын, бірақ кейбір науқастар дәрігерді «ұқыпты» деп бағалайды, өйткені ұзақ әңгіме кезінде дәрігердің қалғып отырғанын байқамайды.

Г) Көмекші

Болашақ гуманистік көмекші, дәрігер науқастың уайымын бағалайтыны көрсетеді, екеуі де бір сатыда тұрып, оған көмек беретін негізгі күштің ішкі дүниеде емес тыс жақтан іздеу керегін көрсетеді. Ол науқастың уайымында творчестволық элементтің барын, жеке адамның қабілеттілігіне көңіл аудару керектігіне және науқастың жеке тұлға мен ғұмырының ерекшелігіне көңіл бөледі. Ол науқастың уайымымен байланысты мәселелердің өзіне ұқсастығын ұялмай оған айта алады.  

Науқастың ролі мен стратегиясы

Науқас шынымен де қиыналуы, ауруға беріліп кетуі де мүмкін, симптомдарды басқа жағдайларға қолданып, жасырып, не ұдайы асырып жіберуі үшін қолданады. Түбінде науқас «қиын» болуы мүмкін.

A) Қиналу

Нағыз қиналу органикалық бұзылыстармен байланысты емес, саматоформды арушаң бұзылыстар немесе неврастениктерде қиналу мүмкін. Қиналудың өзі айналадағылардың қашқақтауы, бөлектену немесе шамадан тыс болып көрінетін көмек сияқты бағаланатын қиналыстар әкелуі мүмкін. Қиналыстар жиі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ өзі ол туралы айтпайды немесе науқастың мінез-құлқынан байқалады.

Б) Сырқатқа беріліп кетуі

Сырқатқа беріліп кетудің себебі, науқастың тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, ол туралы айтуға болмайтыны, не айналасындағылардың реакциясы қорқыныш түріндегі уайымдар болуы мүмкін. Бұл сексуальдік проблемалар кезінде байқалуы мүмкін. Сырқатқа беріліп кету ұқсас науқастарда наразылық, мұңаюды шақырады немесе науқастың жақындарына өзара бағыныштылығын күшейте түседі.

B) Тұйықтылық

Асыра сілтеу, имитация немесе уайымды жасыру сот тәжірибесінде ғана қаскүнемділік ретінде есептеледі, ал психиатрға бұл симптомдар психиканың бұзылу белгілері болып табылады. Яғни, индуцирленген сандырақ, диссоциативтік бұзылыстар, императивтік есту галлюцинациясын кезінде берілген механизмдер кең таралған.

Кез-келген бұзылыстар белсенділігін азайту, мүгедектік, сырқаттылығын көрсетпеуге тырысатынбайқаулармен жүреді. Кей жаста бұл симптомдар жасырын болса, басқа жаста әлеуметтік топқа сәйкес (мысалы, әскериқызметкерлерде, мемлекет қызметкерлерінде) ұдайа түседі. Тұйықтылық (өтірік) мінез-құлық пен сөздің мәніне сәйкес келмеуімен (диссоциация), нақты жағдай мен айтылғанның арасында, бір мінез-құлықтың бір бөлігінің арасында байқалады. Мысалы, диссоциация кезінде ым мен қимылдың, мимикалық байқаулар (жалған, мұңайған, жасырын күлкі және т.б.) арасында білінеді.

Г) Теңбе-тең емес

Теңбе-тең емес дегеніміз эмоциональді қарапайым және күрделі жігерлердің сәйкессіздігін білдіреді. Теңбе-тең еместік тері гиперестезиясы болуы мүмкін және соның салдарынан науқастың екпе алдындағы қоқыныштар немесе қайға кезінде күлкі пайда болады.

«Қиын» науқас түсінігіне науқастың өз уайымының тез өзгеруі, дәрігердің қарағанын өтінетіні және кежірлену кіреді. Науқастың жақын туысқандары да қиын болуы мүмкін. Сонымен, әке К. баласын госпиталдау кезінде дереу мүгедектер үйіне беріп жіберу сұрақтарын талқылай бастады, оны барлығынан шектеуді сұрады, бірақ өмір бойы баласының кежірленуіне шыдағанын, ал ережені бұзған кезде қатал түрде жазалағанын айтты. Л. өзінің талмамен сырқаттанатын қызының толық жазылатын мерзімін айтуды өтінді, талманың енді қайталанбайтыны туралы жазбаша кепілдемені талап етті.

Дәрігер-науқас

Дәрігер мен науқастың өзара әсерлесі стратегиясы динамикалық және салқындауы мүмкін. Дәрігер науқастың өзі болуы мүмкін немесе сол белгілі науқастың мәлім еттерімен жұмыс істегенде болып кетуі мүмкін. Бұл жағдай да өзінің симптомдарын науқастан көрмеуі мүмкін немесе онымен белсенді түрде күреседі. Сонымен, алкоголизммен белсенді күресушілердің бірі бұрыңғы алкоголиктер болуы мүмкін, бірақ өздері айналасындағылардың симптомдарын дұрыс бағаламауы мүмкін. Дәрігердің өзіндегі бар депрессия немесе ипохондрия симптомдарын науқастың депрессия деңгейін дұрыс бағаламауы мүмкін, сондықтан науқастың синтондық тұлғалық кейіпін «гипоманиакалді» деп бағалау мүмкін. Дәрігер науқастан өзінің өткен өміріндегісін көріп, науқастың уайымы дәрігер үшін сылтау бола алады, ал эмпатиялық техника эгоистік техникаға ауысып кетеді.

Науқас әрқашанда дәрігерге қарапайым адам ретінде араласпайды, ол кейде қолдау, сүйеу немесе барлық медициналық мекемелерден өзіне орын іздейді. Бұл жағдайларда науқас дәрігердің, мысалы, қосымша зерттеуді талап етіп беделді және доминантты стратегиясын қолдануы мүмкін. Қызметкерлердің сеніміне кіріп, медициналық әдебиеттерді оқып, кеңес таратып өзіне және айналасындағыларға эксперт болып табылады.

Дәрігер мен науқастың өзара қатынасының барлық ерекшеліктері диагностика мен емге әсер беретінін естен шығармау керек. Қатал, бірақ алдын-ала диагноз, «косметикалық диагноз», паллиативтік ем, мегадозамен емдеу – мұның барлығы және ұқсас диагностика мен терапия ерекшеліктері жиі науқас пен дәрігердің субъективті қарым-қатынасымен байланысты.

Диалогпен басқару  

Шағымдар

Шағымдарға аса көп көңіл беру керек, өйткені оның айту мазмұны, әдісі, түрі құнды диагностикалық ақпараттар береді. Шағымдарға келетін болсақ, ашық және бағытталған техника, сонымен қатар уайымды анықтау техникасы қолданылады.

А) Ашық техника

Ашық техника дегеніміз, егер Сіз науқастан барлық шағымдарын тізіп шығуын өтінсеңіз және оны жете тыңдап, кейде ғана науқастың мінез-құлқын көрсетпейтін жетекші сұрақтар қойып, оның бағанадан бері айтып отырған тақырыбын жалғастыра беруге мүмкіндік беру. Бірақ , бұл техниканың да өз қиындықтары бар. Мысалы, ипохондрик өзінің уайымдарын сағат бойы айта береді, ойының әдемілігі сонда, науқас әр нәрсені жете айтып, басқа тақырыптарға тез ауыса алмайды және осы науқасты мазалайды. Сондықтан, ашық техникада науқас-орталықтандырлыған техника бола тұра, дәрігер науқасты ұқыпты тыңдайды. Бұл жағдайда Сіз бір тақырып аясында айтылған әңгімені тоқтатып, одан: «Тағы сізді не мазалайды?» деп сұрайсыз.

Н. Мені тітіркендіргіштік мазалайды. Бәрі тітіркендіреді: дыбыстар, адамдар, міндетті түрде жұмысқа бару.

Д. Тағы сізді не мазалайды ? Н. Мен әлі аяқтаған жоқпын. Не түрлі дыбыстар тітіркендіреді,тіпті жұбайым көңіл күйімді сұрағанның өзі, ұлымның бөлмесінен шыққан ән дыбыстары... Д.Ттітіркендіруден басқа тағы не мазалайды?

Н) Бағытталған техника

Бағытталған техника, яғни дәрігер науқастан уайымдары жайында сұрастырудан тұрады. Болжамды бағытталған сұрақтар дәрігерде науқастың мінез-құлқын байқау кезінде анықталады. Мұндай техника егер науқас селқос, өзінің уайымын жасырған кезде қажет. Мысалы, депрессиялық жағдайдағы науқастан суицидальді ойлары туралы сұрастырған жөн, ал көзге көрінбейтін әгімелесушімен сөйлесетін науқастан ол кімге жауап беріп отырғаны және бұл дәрігердің сұрақтарымен байланысы бар екенін сұрастырған жөн. Бірақ, кейде бағытталған сұрақтарға жауап күтуге болмайды, ондайда жетекші сұрақтар қою керек. Мысалы, нашақорлыққа тәуелді, бірақ оны мойындамайтын науқасқа оның ойынша айналадағылардың оған ойы өзгергені туралы, оқуы қалай екені, ұйқысының бұзылғаны туралы сұрақтар қоюға болады. Осындай жағдайларда кез-келген патолгия әр түрлі психикалық сферада көрінетінін біле тұра, Сіз себебтерге емес, салдарға ғана тоқталасыз. Кейде бұрыңғы шағымдары, қызығушылығы, бейімділігі туралы сұрастырулар бүгінгі уайымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Түгелдей, бағытталған техника тақырыптың жалғасын, логикалық ойдан «алогикалық» тақырыптарға ауысуынан тұрады. Мұндай логиканың болмауы сырттай ғана, өйткені дәрігердің білімділігімен науқастың мінез-құлқы және оның клиникалық статусы анықталады.

Бағытталған сұрақтарды дәрігер жиі жалғастыра берсе, науқастар шағымдарын жылдам айтады.

Н. Жиі толқыған кезде басым айналады. Д. Сіз, сол кезде қауіпсіз жерде болғаныңызды қалайсыз ба? Н. Бірақ, мұнымен қоса осындай жағдайда таныс емес жерлерде болудан қорқа бастадым.

Мұндай бағытты жалғастырулар симптомның өзін анықтауға көмектеседі.

Н. Менің басым ауырады. Д. Әсіресе қай жері ауырады? Н. Самай бөлігімде. Д. Қандай ауырсыну сезімі, яғни қысады ма, батып аурады ма, солқылдатады ма және т.б. ? Н. Солқылдатады. Д. Бас ауруы жүрек айнуымен байқалады ма? Н. Иә. Д.Басыңыздың ауруы басқа жерлерге тарала ма? Н. Басым ауырғанда денемнің барлық жерлеріне таралатын сияқты, ішімді бұрайды, аяқ пен қолымды қақсатады.

Мұндай бас ауруының тапамиялық сипаты бастапқы шағымдармен жүрмейді, бірақ бағытты анықталады.

В) Түсіндіру техникасы

Бұл техника уайымның барлық жағынан жете меңгеруді, яғни науқаспен уайым қалай түсіндірілетіні (ұйқы, сырқат, қалып және т.б.), қалай ол басқаларымен байланысты, қандай жағдайларда таралатыны жайлы айтады. Кейде науқас өзінің барлық уайымдарының бір – бірімен байланысын өзі танып, түсіне бастайды.

Сонымен, құрметті студент, біз көп уақытымызды медициналық сұхбат технологиясына жұмсадық. Біздің көз қарасымыз бойынша, сұрастыру, науқаспен әңгімелесу, науқаспен диалог құрастыру, қарым–қатынас ерекшеліктері дәрігердің коммуникативті біліктілігін қуаттандыратыны толығымен дәлелденген. Қане, дәл қазір тәжірибеде әр түрлі жағдайда әңгіме құрастыру технологиясын қолданайық. Біз сізге клиникалық есептерді, өмірдің өзі беретін, тіпті біздің коммуникативті біліктіліктігімізді ұсынамыз.

Есеп 1

Сіз науқасқа шақырылу бойынша үйіне келдіңіз. Ол кісі сізді таңертеңнен бастап ашулана күтіп отырғанын аңғартты. Науқастың түрі ұқыпсыз, дем алғанда ауызынан жағымсыз иіс келеді. Сізді үйіне кіргізе сала, кенеттен төсекке жатып, оған баспаға қарсы дәрі-дәрмек тағайындауын және «сізден оған ештеңе қажет еместігін» айтты.

Науқаспен әңгімелесуді қалай бастайсыз?

Сіз қандай қосылу мен бөліну тактикасын қолданғыңыз келеді?

Осы науқаспен медициналық сұхбаттың құрылымын сипаттаңыз.

Ал, енді сұрақтарға жауап беріңізші:

Бірінші есептің мәтінің үстінде қандай сөз көрінген?

Егер ол оңай оқылса, онда неліктен?

Есеп 2

Стоматолог: Сонымен, мен сізді тыңдап отырмын.

Науқас: Дәрігер, мен сөйлей алмаймын.

С.: Ой-ой! Неліктен?

Н.: Өзіңіз табыңыз!

С.: Ең алдымен: біз бұл жерде жұмбақ ойнауға жиналған жоқпыз! Келдіңіз бе, айтыңыз!

Н.: Мен сізге айтып отырмын ғой, сөлей алмаймын деп!!! Ауызым ашылмайды.

С.: Солай айтпайсыз ба. Себебі қандай, қашан пайда болды, қай жерініңіз ауырады не ауырмайды, жалпы сіз қалай тамақ жейсіз. Егер аузыңыз ашылмаса?

Н.: Иә, сіз маған себебін айтыңыз. Жалпы біз сөлей бергенше, іске кіріссек қайтеді. Сіз терапевт емес, стоматолог емессіз бе? Бұл сұрастырулар не үшін қажет?

Сіз үшін тапсырма:

  1. егер қажет деп ойласаңыз, диалогты жалғастыра беруіңізге болады, бірақ әңгіме атмосферасын өзгертуге тырысыңыз

  2. егер диалогты жалғастыруды қаламасаңыз, екеуіңізге де: дәрігер мен науқас тиімді етіп аяқтаңыз

  3. сол науқасқа екінші рет келуіңізде сұхбаттың құрылымын құрастырыңыз

Г ипотетикалық науқаспен сұхбатты құрастыра алдыңыз және біздің сұрақтарға жауаптар ойластырдыңыз. Әрине, сіз оңай таптыңыз, яғни бірінші жазу –

Бұл «сұхбат» сөзінің төңкерілген бейнесі. Әлбетте, сіз осыны көруді күттіңіз, сондықтан сіз барлық бөлімнің құрамына беріліп кеттіңіз. Әсіресе науқастың күту контекстінде кезекті стоматологпен, аймақтық дәрігермен, басқа мамандармен болатын қарым-қатынасты жақсарту үшін біз сұхбат жүргіземіз. Қатал бір сөз айтқанда немесе орынсыз әзілдегенде науқаста біз және біздің мекеме туралы әсер қалады. Кейде қателікті жою үшін титаникалық күш керек. Сенімділік атмосферасын құру және сұрақтар мен дәрігердің қорытындысына құрметпен қарау керек. Әріптестер, мұны естен шығармаңыздар!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]