
- •Молотов-Лучанский в.Б., Мациевская л.Л., Цаюкова н.А. Коммуникативті дағдылар
- •1 Бөлім. Коммуникативті үрдіс. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі .
- •2 Бөлім. Тиімді қатынасу әдістері.Қатынасу құралдары
- •2.2 Қатынасудың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану.
- •3 Бөлім. Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау және жүргізу
- •Дәрігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы.
- •4. Бөлім. Науқастың сырқатқа қатысты психологиялық типтері. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін бөгттер
- •4.2 Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттер.
- •5 Бөлім. Мінез-құлқында ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу. Дәрігердің асоциальді тұлғалармен жұмысы
- •5.5 ЖитСпен зардап шегетін науқастармен қатынасу.Дәрігер мен науқас арасындағы қатынасу мәселелері: мотивтері, қатынасы және бұйымдары.
- •Науқастардың жиі аив/житс жөнінде қоятын сұрақтары
- •6 Бөлім. Дәрігер және қиын науқас. Психикалық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу.
- •6.3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары.
- •6.4 Дәрігер тұлағсы. Мамандардың тұлғаарлық қатынасы.Тұлғалық сұрақнамалар және стандартты анализдеудің шкальді әдістері.
- •Үйірлік нмесе қатынасу деңгейінің бағалануы
- •Қатынасуда өзіндік бақылауды бағалайтын тест
- •7 Бөлім. Фармациядағы және стоматологиядағы коммуникативті дағдылар.
- •7.1 Фармацияда науқастармен қатынасу.
- •7.2 Стоматологтың науқасы. Дәрігер мен науқастың қатынасу ерекшеліктері.
- •8 Бөлім. Мамандықтың кейбір этикалық мәселелері
- •8.1 Личность врача, ее психологические характеристики. Характерологические особенности, влияющие на профессиональные качества врача.
- •8.2 Этические нормы и аспекты общения с пациентом в чрезвычайных ситуациях
- •8.3 Этические аспекты работы врача с умирающим больным, с его родственниками. Дискуссии об эвтаназии.
2.2 Қатынасудың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану.
Вербальді немесе сөзбен қатынасу – сөйлеу әсерінен жүзеге асады. Сондықтан ол вербальді деп аталады (verbum-лат.: сөз,етістік). Сөз және сөйлем адам психикасының қажетті бөлшегі болып табылады. Сөз психикалық үрдістің ағымына әсер етеді.Бірақ, сөз ойлаумен ерекше тығыз байланыста, ал тіл ойдың материальді қабығы ретінде көрінеді.
Тіл — бұл қатынасу құралының қатаң жүйелік ережесі. Сөз — қатынасу үрдісінде ойды, сезімді және ерікті жеткізу үшін тіліді қолданады.Сонымен қатар,сөз тек адамдарға тән жетілген қатынасу құралы. Тіл ішкі жағдайымыздың көрінісі болып табылып, обьективті заттарды негіздеп,белгілейді.Сондықтан,сөздің ең қажетті қызметі сигнификативті немесе негіздеуші болып табылады.Сөйлем жалпы заттардың байланыстырушысы.Сондықтан сөз жинақтау немесе қорыту ролін және қатынасу қызметін атқарады. Сөздің коммуникативті қызметі адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.Сөздің коммуникативті қызметінің 3 аспектісін көрсетуге болады: ақпараттық (сөз адамнан-адамға және ұрпақтан-ұрпаққа ақпаратты жеткізу әдісі болып табылады); мәнерлеу (сезімді, қатынасты, оның ішінде үлкен орын алатын ырғақпен, экспрессивті және паралингвистикалық құрамдас бөліктер – мимика, ым,пантомимика арқылы жеткізу); сөз әрекеттің бастамасы ретінде, ерік білдіру. Коммуникативті қызмет адамдар арасындағы қатынасты құрастыруда үлкен маңызы бар. Халқымыздың белгілі ақыны К.Салықовтың мына өлең шумақтары барлығымызға аса танымал: «Бір ауыз сөз қасіретті тияды. Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды. Бір ауыз сөз жан тетігін табады, Бір ауыз сөз мың әуреге салады....». Дәрігердің немесе басқа медицина қызметкерінің науқасқа айтқан сөзі оның эмоциональді жағдайын,ауруға деген қатынасын күрт өзгертіп, «ятрогенді» деп аталатын ауруды шақыруы мүмкін.
Адамдарда сенсорлы сөздің (сөзді түсіну қабілеті) және экспрессивті сөздің (сөйлеу қабілеттілігі) дамуын айырымыз.
Сөз сыртқы немесе ішкі болады. Сыртқы сөз жазбаша және ауызша болып бөлінеді. Ауызша сөздің құрамдас бөлігі болып, естуқозғалысы табылады. Сөзді қабылдау мен түсінуде фонематикалық естудің маңызы бар. Есту анализаторының жоғарғы дыбысты айыру сезімталдығы дауысты (о-ё, а-я; у-ю) және дауыссыз (б-п; д-т, г-к; з-с; л-р) дыбыстарды салыстыра алады.. Балалардың есту және сөйлеу қабілеттілігінің дамымауына байланысты және науқастарда осы қызметінің бұзылуына сәйкес сөзді қабылдап түсінуі қиындайды.Ауызша сөз бірнеше айырықша белгілермен сипатталады.Ең маңыздысы – жағдайлық (ол нақты жай-жапсарға, қатынасудың шарттарына) байланысты; үндеу — белгілі бір адамға бағытталу арқылы эмоциональді – экспрессивті қатынасуда жүргізіледі.
Монологты сөз — бір адамның ұзақ және бір жүйеде сөйлеуі. Ондай сөз байланысқан, контексті және логиккалық ойлаудың талаптарына бағынатын, дәлелді сөз болып келеді.
Жазбаша сөз ауызша сөзден кейін дамыған,механизмі жағынан көру – естумоторлы болып келеді.Жазбаша сөз құжат ролінде сақталатындықтан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сөз тек ауызша немесе жазбаша түрінде ғана емес, өзіндік ішкі сөз қалпымен де көрінеді. Ішкі сөздің негізгі белгісі айтылмауы,ол үнсіз. Біз жиі өз - өзімізбен ішімізден сөйлесеміз,ойымызды немесе ниетімізді және дамыған хал-ахуалымызды үнсіз талқылаймыз.Осылайша ішкі сөз ой-пікірімізбен, тұлғаның рухани сана – сезімімен,ар – ұятымен және қажеттіліктігімен байланысты.Ішкі сөздің қалпымен ойлауымыз жүріп,жоспарлар мен ниетіміз туындайды.
Егер дәрігер науқастың оны түсінгенін қаласа, қатынасу құралдарын адекватты және үйлесімді қолдануы шарт.Дәрігерлік кәсіп коммуникативті тәрізді компетенцияны міндетіне алады.Мұндай кезде қатынасу позитивті жағдайды туғызып, комплайенске жетуге немесе тиімділікке бағытталуы қажет.Бұл байланыста дәрігер қызыл тілдің шеберлігін көрсетуі тиіс,яғни сөзді мәнерлеп, түсінікті және сенімді етіп жеткізуін талап етеді. Кейбір кезде актерлік қабілеттілікті де қолдана білу керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның және ТМД мемлекеттерінің дәрігерлері актерлік қабілеттілікті қолдануды біле бермейді, ал жас мамандар оны қолданудың қажеттілігін жоққа шығарады. Шындап келгенде дәрігер өзінің кәсібінде, өзі байқамай, актерлік сөзді және сценалық қозғалыстарды жиі қолданады. Мұндай актерлік арсеналға сөзді паралингвистикалық қамтамасыз ету жатады, кейде оны экстралингвистикалық деп те атайды.Яғни,сөзді ырғақпен, темпымен, үзілістермен айту және шығарған дыбыстың жоғарлығымен, мелизммен (сөздің,ырғақтың әуенділігі), дауыс тембрымен сипатталады.Кейбір авторлар (Б.Д. Карвасарский) паралингвистикалық белгілерге ым мен мимиканы жатқызады. Біз осы нұсқуда өз көз-қарасымыз бойынша беттік экспрессияны,вербальді емес қатынасу құралдарымен, ишарамен және қалыппен көрсетеміз. ызды.
Пара- немесе экстралингвистикалық әдістер сөзді психологиялық тиімді және жеткілікті қылады. Көзіңізге монотонды, үзіліссіз сөйлейтін дәрігерді елестетіңізші. Мұндай көрініс немқұрайды,жиеркеншек және асқақ адамның кейпіне көрініс береді. Осындай әсер тиімді қатынасуға және терапиялық альянстың пайда болуына кедергі жасайды.Бұл жағдайды эмпатияға ие адаммен салыстырғанда, оның сөзі жылылықпен айтылып, дыбыс тоны жайымен шығады. Ол өзінің толқуын,сезімталдығын және үмітті сездіре білдіргенде, ғана дауыс тонын жоғарлатады.Сөзіне сенімділік интонациясында,науқастың үрейін және рухани түсінушілікті білдіргенде дауыс тонын төмендетеді
Сонымен, кейбір паралингвистикалық әдістерді қарастырайық. Сөз екпіні. Бұл – жеке сөздер мен фразалардың айтылу жылдамдығы.Сөйлеу жылдамдығы тез болмауы керек себебі, әңгімелесушіңіз сөздің және терминдердің мағынасына түсінбей қалады.Сөзді қабылдау науқастың зейінді шөғырлауына байланысты.Қазіргі зерттеушілердің тұжырымы бойынша 12 жасқа дейінгі балалардың тұрақты зейіні 20-25 минутқа дейін жетеді,ал үлкендерде бұл көрсеткіш кең аумақты көрсетеді.Сондықтан,науқастың зейінін шектен тыс өз пайдаңызға қолдануға болмайды.Өте жылдам немесе өте баяу сөз ағымынан жалығу бір уақытта жүреді. Егер де науқасқа сіз қажетті ақпаратты жеткізгіңіз келсе,қатынасу кезінед вербальді қатынасудың екпінін ауыстыруға тырысыңыз. Если вы все-таки хотите донести важную информацию, попытайтесь менять темп вербального общения во время вашего контакта с больным. Жылдам сөз айтылатын ақпараттың маңыздылығын және сөйлеушінің сенімділік белгісін көрсетеді. Баяу сөз рефлексия атмосферасын тудыруға мүмкіндік жасайды.Сіз науқасты оның мәселесі жайында бірге ойлануға шақырасыз, сөзіңіздің біркелкілігімен және жайлылығымен оны тыныштандырасыз. Орташа қарқынды сөзді сіз науқасқа қандай да бір әдісті үйреткіңіз келсе немесе айтылған ақпаратты нақты есінде қалдыру мақсатында қолданасыз Мысалы, орташа қарқынмен сіз дәрі қабылдаудың мөлшері және уақыты жөнінде нұсқау бере аласыз.Атап айтқанда, дәрігердің грамматикалық және лексикалық қабілетсіздігін немесе шешендігін және орынсыз айтылған қарапайым сөздерін ешқандай сөз қарқыны жауып қала алмайды. Сондықтан да, сөздің мәдениетін құрау үшін студенттік шақтан бастап тәрбиеленуіміз қажет.Дәрігер маманы ретінде сөйлейтін тіліңіз мінсіз болуын талап етеді. Жоғарғы квалификациялы және жоғарғы дәрежелі дәрігерді оның – интелегентті және сауатты сөзінен тануға болады.
Интонация. Қоршаған ортадағы өте көп сөз белгілерінен адам интонациясыз ештеңені салыстыра алмайды.Вербальді қатынасқа интонация қайталанбас мағына береді.Интонация айтылған сөзді керсінше мағынада өзгертуі мүмкін.Мысалы, қорқынышты интонациямен сіз «Сізді не мазалайды?» деп сұрасаңыз,бұл фразаның мағынасы толығымен өзгереді. Науқас оны дәрігер жағынан агрессия ретіндебайқалып,тез арада кетуін талап еткендей көрінеді. Әзілді – нәзік интонация достық қатынаста мүлдем басқа мағына береді,мысалы «Бар,кет!» құптау ретінде қабылданады. Интонация өзі сөйлеуі мүмкін,ол кезде науқас айтылған сөздерді естімейді.Мысал келтірсек, емхананың тіркеу бөліміндегі қызметкер науқасқа суық және қатаң «Сіздің картаңыз бұл жерде жоқ!» деп жауап берді.Нәтижесінде науқас емхана меңгерушісіне қызметкердің өзін дұрыс ұстамауына шағымданып барды.Бұл вербальді ақпаратта ешқандай қорлайтын мағына жоқ,ол тек сөздің тонына кейіс білдірді.Емхана меңгерушісінің тіркеу бөліміндегі қызметкердің не айтқаны жайында сұрағанда,науқас не айтарын білмеді,себебі ол сөздерді есінде сақтамады.
Сөзді созу және дауыс тембрін өзгерту арқылы интонациялай аламыз. Мұндай кезде іш пресінің көмегеі арқылы көк етімізді төмендетіп,дауыс толқынына басқа бағыт береміз.Мысалы, сіз диагностикалық мақсатта тағайындалған колоноскопияны қорлау ретінде санайтын науқастың «Бұл деген адамды қорлау» сөзіне Сіз тек қана бір фразаны айтасыз: «Ол не дегеніңіз!» жоғарғы регистрдан төменге ауысасыз, былайша:
«↑ Ол ↓не дегеніңіз »
Бұл фразадағы «Ол» жоғарғы тонды ролді атқарады, яғни сіз қорқынышты алшақтатып, бірге айтылған «не дегеніңіз» сөзінде дауысты «і» әрпіне акцент қойып,төменгі октавада өлеңдете айтуыңыз керек.
Егер де, дұрыс интонация берілмей жауап қайтарылса, мысалы,
«↑ Ол ↑не дегеніңіз», -
онда қарама-қарсы эффект пайда болады. Бұл – дәрігердің қарсылығын, ашуын және науқасты қабылдамауын, қысымын көрсетеді. Мұндай интонациядан кейін диалогтың дұрыс аяқталуы күмәнді болады.
Шынайы интонациядан артық ештеңе жоқ,сондықтан оны қатынасудың тиімді құралы ретінде қолданып,интонацияны басқаруды үйрену керек.
Егер де музыкадан хабарыңыз жоқ болса да сіз мелизмнен қорықпауыңыз қажет. Кәсіптік тілде сөйлеп,сіз еркіңізден тыс мелизмдерді қолданасыз. Мелизм – бұл жалғауларды созып айту немесе бірдей сөздерді қайталау. («Бы-л-л-ай!» немесе «Иә-иә-иә?»), мысалы,сіз науқасты таңу бөлмесіне тігісті көру үшін шақырасыз: «Қане-е бұл жерде не болып жатқанын көрейік». Бұл фразаны өлеңдетіп айтасыз
Қане-е-е ! бұл жерде не бо-о-о-лып жатқанын көрейік
Мелизм науқасты тыныштандырып,оған жақындықты көрсету үшін қолданылады.
Қатынасудың вербальді емес құралдары алуан түрлі болып келеді.
Бәрінен бұрын,біз мимика және беттік экспрессия жайында айтпақшымыз. Тұнжыраған бет-әлпет немесе жасанды күлімсіреу әңгімелесушіңізді тез арада қорқытып жібереді.Көзді жиі басқа жаққа тайдыру немесе қадалып қарау да негативті әсер етеді.Өзіне ие болу тек қана сөзіне мән беріп бақылау ғана емес ,сонымен қоса бет-әлпетінің өзгерістерін де қадағалау.
Әңгімелесушінің бет-әлпетінен және қалпынан нені оқуға болады?Көздің,еріннің,қастың және дене тілінің бізге көрінетін белгілерін танып білуге тырысып көрейік.
Достық көз-қарас: болмашы әңгімелесуде де, қарсы отырған адам сізге жиі қарағыштайды,әсіресе сіз сөйлегенде.Психологогтар бұл мағынаны «көзбен жеу» деп қолданады, яғни басқа адамға көз алмай қарау,әсіресе оның бетіне қарайды, бірақ көбіне көздерін кездестірмейді. Көбіне ер адамдар өзіне достық қатынастың және жылылық белгісі ретінде көп қарағанды ұнатады.
Күлімсіреу: сіз танымайтын адаммен әңгімеге түскенде автоматты түрде оған күлімсірейсіз,жауап ретінде ол кісі де сізге күлімсірейді. Бірақ, бір сәтте сіз екеуіңізге де қызықты әңгіме жүргенде,күлімсіреу арқылы сізге деген сыйластықты және әңгіменің тез аяқтағысы келмейтінін көрсетеді.Әңгімелесушіңіздің көзінен күлімсіреудің белгісі болмай,сізге күлімсіресе сақтаныңыз,кейде мұндай күлімсіреу сезімнің жетекшілігінен емес, парыз ретінде немесе әдептіліктің белгісі ретінде болуы мүмкін.
Сіздің денеңіз нені айтады: егер де сіз әңгімені тұрып жүргізсеңіз,онда қарсыласыңыздың аяғына көзіңізді жүгіртіңіз.Аяқ басы қалай қарап тұр екен? Жақсы,егер де оның аяғы сіздікіне тік бұрышпен тұрса, бұл қарсыласыңыздың сезімі сіздікімен сәйкес келетінін білдіреді. Сізге қызығушылық танытса қарсыласыңыз сізге жартылай бұрылып отырады да аяғын-аяғына қояды.Бірақ бұл аталған белгілерге асыра көңіл бөмеңіз!
Жұғысу жылылығы. Сексуальді сипатсыз басқа адамның қолына және иығына жұғысу жылы қатынас пен симпатияны білдіреді. Негіссіз істелген мұндай әрекет негативті қабылданып,ыңғайсыз көрінеді.Әңгіме арасында қарсы әңгімелесушісіне жұғыса алған адам сүйкімді және шырайлы көрінеді,бірақ-та ол адамның реакциясына өте мұқият болуымыз керек.
Айнадан шағылысу (позициялық жаңғырық) – бұл екі адамның бір-бірімен жақсы қатынаста екендігін көрсететін белгі болып табылады.Адамдардың тұрған тұрысын немесе отырған қалыптарын,қозғалыстарын бақылай отырып,біз олардың айнадағы қарсы көрініс тәрізді бір адамдай ұқсастықтарын табамыз.Адамның кейбір ымдарын байқатпай қайталау арқылы оны өзімізге қаратамыз.
Достық қатынасты білдіретін мұндай ымдар кейде қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Сондықтан да теріс белгілерді көруге үйренуіміз қажет.
Төменде антипатияны білдіретін бірнеше белгілер берілген:
қабағы қатыңқы түр
- қарсыласының көзіне тіке қарағысы келмеуі
- бір жерден екінші жерге жүру
- есінеу
- тісті шұқу
- тырнақта тазалау
Бұл белгілерді сізге ақпарат ретінде қабылданады.
Кейбір қорғаныс әдістері:
- Қолдарын шынтақ буынынан бүгіп, айқастырған. Мұндай ым қауіпті сезген немесе өзіне сенбеген адамға тән,әсіресе ол адамды жақсы танымаса.
- Қолдары денесіне көлденең тұрса. Бұл қалып жоғарыда аталған белгіні білдіреді,яғни қорғаныстың көрнісі
- Қолында шылым болса. Адамның жеке кеңістігіне рұқсатсыз енудің ең күшті белгісі болып табылады.
- Аяқтарын айқастыру. Көңіл-күйінің жоқ кезінде немесе қауіпті сезінгенде осы қалыпты қабылдайды.
- Екі қолында қатты бір нәрсені қысып ұстап тұруы. Қорғанысты немесе нервозды қалпын жасыру ретінде қолданылады.
Вербальді емес қатынас белгілі бір ортада жүреді.қатынасу ортасы болып,сол уақыттың жайы табылады.Қатынасу ортасына адамды қоршаған орта, кездесудің жағдайы, эмоциональді атмосфера, қатынасудың мотиві және сол жердегі кеңістік жатады. (1 сурет).
Қатынасу кеңістігі.
Қатынасу кеңістігі ым, күлімсіреу жән қол алысу көмегімен жүзеге асады. Мұндай вербальді емес қатынасу кеңістігінде қашықтық болады.Қатынасу кеңістігі коммункацияға қатысушылардың жайлылығын тудыру үшін кеңістік шекараларын сипаттайтын қатынасу қашықтығы болып табылады.Қатынасуды жүзеге асыру үшін қолданылатын қашықтықтың төрт негізіг түрі бар.
Қашықтықтар:
1. 0-ден 45 см-ге дейін — интимді, жақын адамдардың қарым-қатынасында кездеседі: күйеуі мен әйелінің, анасы мен баласының,жақын достардың және туыстардың арасында болады.Бөгде адамның интимді аймаққа кіруі тітіркенуді және қарсылықты шақырады. Шиеленісті немесе қауіпті жағдайларда интимді аймақта жақын адамның болуы мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажет. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасында науқас интимді аймаққа жіберілмейді.Науқаспен қатынасу – бұл әлеуметтік нормалы тәртіппен және ролдік бөлінумен сипатталатын ресми қатынас. Тек қана науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана біз интимді қатынасқа барамыз: оған өлім аузындағы науқаспен,онкологиялық науқасқа диагнозын немесе болжамын жеткізерде,суйцидқа бейім депрессивті науқастармен қатынасу жатады.Интимді қашықтық летальді аяқталуға мүмкін операция алдында науқастармен қатынасу кезіне де қолданылады.
2. 45 см-ден 120 см-ге дейін жеке қашықтық деп аталады. Ол «серіктестік қатынасу» деп сипатталады,яғни жалпы қызметпен байланысқан бірдей әлеуметтік деңгейдегі адамдардың арасындағы қатынасу. Жеке қашықтық психотерапия жүргізгенде қолданылады.
3. 120 см-ден 400 см-ге дейінгі — әлеуметтік қашықтық — бұл текі жақтың ресми немесе формальді қатынасуы кезінде қолданылады. Арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, науқастарға қашықтықты таңдауға мүмкіндік берсе,олардың 200 см таңдайтыны анықталды. Дәл осы қашықтықта науқас дәрігермен қатынасуда өзін жайлы сезінеді. Байланыстың нығаюына байланысты қашықтық азаюы мүмкін.Қашықтықтың азаю жылдамдығы науқастың психологиялық ерекшеліктеріне және дәрігердің кәсіптік дағдыларына байланысты болады. Қашықтықты тез қысқартатын науқастар инфантилизммен және эмоциональді көмекке мұқтаждыққа тәуелді болады.Оларда көбіне психологиялық қиындықтар болып, соны дәрігердің жауапкершілігіне қалдыруға тырысады.
Дәрігердің кәсіптік қатынасында өз компетенттілігінің шекарасын ұстануы аса қажет,сондықтан ол науқастың өміріне белсенді араласуға тиісті емес.
4. 4 м-ден 7,5 м дейінгі қашықтық бұқаралық қашықтық деп аталып, бір уақыттағы бір неше адамның формальді қатынасын сипаттайды Мысалы,мұндай қашықтықта мәжілістер немесе жиналыстар өткізіледі.