Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Uch_posobie_KN_2_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7 Бөлім. Фармациядағы және стоматологиядағы коммуникативті дағдылар.

7.1 Фармацияда науқастармен қатынасу.

Науқас және дәрілік заттар. Жаңаша медицина жыл сайын жаңаратын дәрілердің арсеналымен жайғасқан.Мұндай позитивті жағдайдың негативті жағы да бар: дәрігерлер арасында бір немесе екі дәріні қолданудың орнына науқасқа бірнеше дәрі беретіндері де табылып жатады. Дәрігердің тағайындаған көп мөлшердегі дәрілік заттары науқасты қорқытып жіберуі мүмкін. Көбіне олар дәрілерді қабылдамайды немесе өзі таңдаған дәріні ғана қабылдайды. Мұндай мінез-құлық науқастардың қорқынышын айғақтап,жазылмайтын аурумен ауырамыз ба деген ойға қалдырады.Зерттеулер нәтижесінің көрсеткіштері бойынша барлық медикаменттердің 20% қолданылмай қалады, оның себебі науқас дәріні мүлдем ұабылдамайды немесе дұрыс қабылдамайды. Кейбір науқастар фармакотерапияға сенбей, аса маңызды деген жағдайда ғана қолданады. Науқастардың орта есеппен 20-30% медициналық нұсқауларды орындамайды. Науқастар ақпараттың 50% ұмытып қалады, 60 % дәрігердің нұсқауын дұрыс қабылдамайды.Мұндай жағдайлар «дәрігер мен науқас» арасындағы «комплайенске» жетпегендігінен дамиды. «Комплайенс» термині ағылшын тілінде келісім деген мағынаны білдіреді, яғни медициналық режиммен және еммен келісушілікті білдіреді. Науқас келісімін алудың қажетті факторы болып, науқасты терапия жайында,дәріні қабылдау ережесі және дәрінің кері әсері жайында дұрыс ақпараттау табылады.Егде жастағы науқастардың емі қарапайымнан басталуы қажет. Науқастарға емді үйінде оқи алатындай етіп жазбаша түрде берген жөн. Дәрігердің дәріні тағайындауында ең алдымен сенімділік қажет,ол емнің тиімділігіне жақсы әсерін береді.

Тәуелділіктің құралуы. Медикаментозды терапияның қажетті психологиялық аспектісі — бұл дәрілік затқа тәуелділік мәселесі. Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы токсикоманияның дәрілік тәуелділіктен айырмашылық критерилерін ұсынды. Токсикоманияға келесі критерилер тән: затқа зардапты мұқтаждық; дәрі мөлшерін біртіндеп жоғарлату; затқа физикалық және психологиялық тәуелділік; зиянды әсерлері; тұлғаға және қоршаған ортаға әлеуметтік қатынасы. Дәрілік заттарға үйрену айырмашылықтары: жағдайын жақсарту мақсатында дәріні үнемі қабылдауға мұқтаждық; дәрі мөлшерін жоғарлату қажет болмауы мүмкін; физикалық тәуелділік болмай,психикалық тәуелділік дамуы мүмкін; тұлғаға кері әсері және қоршаған ортаға оның мінезінің әсері индивидтің өзіне байланысты. Физикалық тәуелділік деп,науқас дәрісіз өмір сүре алмайтын жағдайын айтамыз: дәрі болмаған жағдайда оларда түрлі соматовегетативті және психикалық симптомыдар дамиды, ол тек дәріні қабылдаумен шектеледі. Психотропты заттардан жиі психологиялық тәуелділік дамиды,әсіресе ұйқы келтіретін және транквилизаторлардан. Дәріге тәуелділік аурудың сипатына және ағымына байланысты болады. Тәуелділік деп,мысалы, дәрілік затты тоқтатқаннан кейін жағдайының күрт төмендеуі немесе қайталануы.

Плацебо эффектісі. Плацебо феномені ежелден белгілі. XIX ғасырдың 30-шы жылдары науқастарға дәрі әсерін бақылау мақсатында дәріге ұқсас фармакологиялық нейтральді заттарды берген. Олар «плацебо» атауын алған — ол латын тілінде «ұнайтын боламын» деген мағынаны білдіреді. Плацебо қабылдау нәтижесінде науқастарда жағдайларының өзгергендігі байқалған,сондықтан оны плацебо – эффектісі деп атайды. Тәжірибелердің көрсетуінше инъекциялар дәріні ішке қабылдағаннан гөрі тиімді болады; түссіз қораптағы дәріден гөрі ашық түсті қорап жақсы әсер етеді Боухалдың айтуынша плацебо эффектісі 35 % науқаста байқалады.

«Токсикалық плацебо», плацебоның кері жағымсыз әсері жиі психиатрлар неврозды науқастарда кездестіреді. «Токсикалық плацебо» эффектісі алғаш рет Вольфпен жазылған: құсу,іш өту, аллергиялық реакциялар жатады. Басқа авторлардың жазуынша шырышты қабаттың құрғауы,жүректің қағуы,ісінулер жатады деп көрсетілген. Бұл реакцияларды «фармакофобия» деп атайды. Фобия қорқынышты білдіреді. Фармакофобия — бұл патологиялық қауіп, яғни дәрі - бұл адамды улайтын у деп түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]