
Казахский язык
1. Мақалдың мағынасын толықтыратын сөзді табыңыз. Отансыз адам, ормансыз ... A) Құс. B) Адам. C) Торғай. D) Бұлбұл. E) Қарлығаш. |
2. «Жоғары» сөзінің антонимін табыңыз. A) Зейнеткер. B) Ғалым. C) Ұстаз. D) Оқушы. E) Төмен. |
3. «Өнерсүйгіш» сөзінде қанша әріп бар екенін анықтаңыз. A) Он. B) Сегіз. C) Он бір. D) Жеті. E) Тоғыз. |
4. Тек жуан дауыстылар қатарын анықтаңыз. A) А, О, Ү, Е. B) Ә, І, И, Ө. C) А, О, Ы, Ұ. D) А, О, Ө, Ү. E) Ұ, Ү, І, Е. |
5. Бірыңғай үнді дыбыстардың қатарын анықтаңыз. A) б, в, н, й, у. B) ә, ө, ұ, ү, і. C) р, л, й, м, н. D) п, қ, ғ, ң, ұ. E) ж, з, м, ә, ы. |
6. Түбір сөзді табыңыз. A) Қант. B) Малшы. C) Балалық. D) Заңгер. E) Достық. |
7. Болымды етістікті белгілеңіз. A) Шақыр. B) Қима. C) Шегелеме. D) Жоғалтпа. E) Мазалама. |
8. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз. A) Ә. Қашаубаев. B) Қ. Жандарбекова. C) Қ. Қуанышбаев. D) Б.Төлегенова. E) К. Бәйсейітова. |
9. Берілген сөздердің аудармасын белгілеңіз. Старшая сестра, младшая сестра. A) Үлкен қыз, кішкентай қыз. B) Әпке, аға. C) Аға, іні. D) Жеңге, қарындас. E) Әпке, сіңілі. |
10. Буынға қате бөлінген сөзді белгілеңіз. A) Құ-мырс-қа. B) Кі-тап-ты. C) Қа-йық. D) О-қу-шы. E) Мұ-раг-ер. |
11. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Бала ... A) –нікі. B) –жан. C) –пан. D) –қай. E) –лар. |
12. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз. A) Малды ауыл. B) Баспахана үйі. C) Сыпайы бала. D) Биіктеу үй. E) Кішкене төбешік. |
13. Тәуелдік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз. A) Өнердің. B) Жылдан. C) Шебер. D) Баласы. E) Шәкіртті. |
14. Етістіктен жасалған сын есімді анықтаңыз. A) Ашық. B) Ұлттық. C) Қараңғы. D) Аппақ. E) Ақшыл. |
15. Жинақтық сан есімді табыңыз. A) Бестен бір. B) Бесінші. C) Бес-бестен. D) Бесеу. E) Бес. |
16. “Кім? Не? Қандай?” есімдіктердің қай түріне жататынын белгілеңіз. A) Белгісіздік. B) Сілтеу. C) Өздік. D) Жалпылау. E) Сұрау. |
17. Жалғаулық шылауды табыңыз. A) Екеш. B) Үшін. C) Ақ. D) Бірақ. E) Кейін. |
18. Таңдану, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз. A) Жақсыз. B) Атаулы. C) Толымды. D) Лепті сөйлем. E) Жақты. |
19. Наурыз мейрамы мерекелердің қай түріне жатанынын анықтаңыз. A) Тұрмыс, шаруашылық мереке. B) Отбасы мерекесі. C) Діни мереке. D) Кәсіби мереке. E) Тамаша мереке. |
20. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз. A) Жақсы. B) Жақын. C) Кішкентай. D) Үлкен. E) Қорқақ. |
21. Күрделі зат есімді қатарды табыңыз. A) Балалар, оқушы, қыз. B) Қыс, жаз, күз. C) Қызыл, жасыл, көк. D) Отбасы, саяжай, белбеу. E) Ешкім, ештеңе, әлдекім. |
22. Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз. A) Астанада жаңа елшілік ашылды. B) Менің айтып отырғаным – ақыл. C) Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан. D) Қазақ халқы табиғатынан шешен халық. E) Үй іші ұзақ жым-жырт болды. |
23. Салалас құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз. Шығарып салуға не мен барайын, немесе сен бар. A) Ыңғайлас. B) Қарсылықты. C) Талғаулы. D) Себеп-салдар. E) Түсіндірмелі. |
24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз. A) Сөйлесе білген – үйлесе біледі. B) Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек. C) – Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын! – деп безек қағады. D) Қазыбек биге екі әйел алдына келіп жүгінеді. E) Қазыбек би билік айтады. |
25. Негізгі одағайды табыңыз. A) Кә-кә. B) Бәрекелді. C) Ой, е. D) Япырым-ай. E) Әттеген-ай.
ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН |