Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
600.58 Кб
Скачать

Казахский язык

1. Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз.

A) Қайратты - жігерлі.

B) Ұстаз - оқытушы.

C) Ақ - қара.

D) Әдемі - сұлу.

E) Жаман - нашар.

2. Қазақ тіліне тән дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) қ, ң, ә.

B) р, й, м.

C) л, о, с.

D) т, у, с.

E) а, ы, у.

3. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

A) Кеңес.

B) Күндіз.

C) Сабыр.

D) Екеуі.

E) Келуші.

4. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.

A) Қыс.

B) Біз.

C) Май.

D) Лаң.

E) Із.

5. Тек бітеу буынды сөзді анықтаңыз.

A) Салқын.

B) Кешке.

C) Ұлы.

D) Үлкен.

E) Сауда.

6. “Түбір” сөзінің орысша баламасын анықтаңыз.

A) Суффикс.

B) Корень.

C) Окончание.

D) Производный.

E) Непроизводный.

7. Осы шақтың күрделі түрінде тұрған етістікті анықтаңыз.

A) Барамын.

B) Баратынмын.

C) Бара жатырмын.

D) Барармын.

E) Бармақшымын.

8. Түркістан қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын белгілеңіз.

A) Солтүстік батыс.

B) Оңтүстік.

C) Батыс.

D) Шығыс.

E) Солтүстік.

9. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін көрсетіңіз.

A) Аңшылық, көкпар.

B) Бәйге, тұсаукесер.

C) Алтыбақан, асық ойнау, тоғызқұмалақ.

D) Қыз қуу, шахмат, жүгіру.

E) Арқан тарту, дойбы, шахмат.

10. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Қара шаңырақ.

B) Ашық мінез.

C) Жақсы сөз.

D) Алтын жүрек.

E) Күміс үн.

11. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) Ұлдарына.

B) Апамдікі.

C) Гүлзар.

D) Мұғалім.

E) Баламен.

12. Жұрнақ арқылы жасалған зат eсімді анықтаңыз.

A) Достық.

B) Дос.

C) Арман.

D) Көл.

E) Үй.

13. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз:

A) Тон.

B) Түймесі.

C) Жейденің.

D) Жең.

E) Малақай.

14. Дара сын есімді тіркесті табыңыз.

A) Қара торы адам.

B) Көгілдір аспан.

C) Киім тазаланды.

D) Теп-тегіс жол.

E) Қызыл ала көйлек.

15. -нші жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

A) Екі.

B) Он сегіз.

C) Жиырма алты.

D) Он.

E) Mың.

16. Жалпылау есімдігін табыңыз.

A) Дәнеңе.

B) Кейбір.

C) Әрқалай.

D) Өзіміз.

E) Түгел.

17. Шығыс септіктен кейін келетін шылауды табыңыз.

A) Үшін, арқылы.

B) Кейін, басқа.

C) Қатар, бірге.

D) Бірге, туралы.

E) Дейін, шейін.

18. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

A) Елімізге мақтанышпен қараймыз.

B) Еліміз Елтаңбасымен еңселі.

C) Зерттеулер бар.

D) Елдіктің белгісі іспетті.

E) Уақыт алттынан да қымбат.

19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасы бекітілген жылды белгілеңіз.

A) 1998ж.

B) 1991ж.

C) 1987ж.

D) 1988ж.

E) 1992ж.

20. Синонимдер қатарын көрсетіңіз.

A) Ағаш, темір.

B) Қысқа, ұзын.

C) Ер, батыр.

D) Ауыр, жеңіл.

E) Тас, жер.

21. Туынды сөздер қатарын табыңыз.

A) Емхана, ауылым, орманда.

B) Жақсылық, бөлім, оқулық.

C) Ақылмен, ұшқыш, доссың.

D) Қалашық, сыныбымыз, балам.

E) Әнші, саласына, басшы.

22. Сөйлемнен анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A) Атақты Көшетау – сұлу жер.

B) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар.

C) Маңғыстауда мұнайдың сарқылмас қоры бар.

D) Атырау өңірі мәдени ескерткіштерге бай.

E) Бұл аймақтарда тарихи және көрнекті жерлер бар.

23. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.

A) Салалас құрмалас сөйлем.

B) Жай сөйлем.

C) Жалаң сөйлем.

D) Атаулы сөйлем.

E) Сабақтас құрмалас сөйлем.

24. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.

B) Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

C) Дәмелі, бақшаға барайық,-деді Рахмет.

D) Менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес.

E) Бәріміз, шынында, жас едік.

25. Көңіл-күй одағайын анықтаңыз.

A) Моһ-моһ.

B) Жә.

C) Тәйт.

D) Кә-кә.

E) Қап, әттеген-ай.

ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

ЗАВЕРШЕН

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]