
- •1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
- •Техникалар мен технологиялар қауіпсіздігі
- •Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
- •Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар
- •Радиациялық қауіпсіздік негіздері
- •Геоэкология
- •2. 6М073100 – Тіршілік қауіпсізідігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
- •Ұсынылған әдебиеттердің тізімі
Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері Адамның тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар. Зиянды заттар, олардың адам организміне әсер етуі және кәсіптік уланудың алдын алу. Химиялық және биологиялық улардың жіктелуі. Химиялық және биологиялық ластаушы заттардың биосфераға әсері және оның компоненттері. Қоршаған табиғи ортаның химиялық және биологиялық латануының экологиялық салдары. Биосфера компоненттеріндегі және өндірістік ортадағы химиялық ластаушы заттардың шектеулі шақтамалы концентрациялары. Өндірістік және қоршаған ортаның химиялық және биологиялық ластану мониторингі.
Оларда химиялық немесе биологиялық зиянды заттар түзілетін немесе пайдаланылатын технологиялық процестерді талдау. Химиялық және биологиялық заттар қолданылатын өндірістік процестердің негізгі технологиялық сұлбалары. Апаттық лақтырыстардың, химиялық және биологиялық қауіпті заттардың лақтырыстары мен қалдықтарының пайда болуының негізгі себептері. Өндірістік жайлардағы ауаның күйін бақылау әдістері. Ағынды сулардың құрамын бақылау әдістері. Химияық активті және биологиялық активті өнеркәсіптік қалдықтар. Экономиканың химиялық және биологиялық қауіпті объектілеріндегі төтенше жағдайлар.
Зиянды химиялық немесе биологиялық заттардың табиғи көздерін талдау. Зиянды химиялық және биологиялық заттардың табиғи көздері. Атмосфералық ауаның күйін бақылау әдістері. Топырақ жамылғысының күйін бақылау әдістері. Табиғи және ағынды суларды, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдытарды талдау әдістері.
Зиянды химиялық немесе биологиялық заттарды бейтараптандыру ұсыныстары, шаралары, әдістері мен тәсілдері. Қоршаған ортаға және өндірістік аймаққа химиялық және биологиялық заттардың түсуін болдырмаудың негізгі әдістері. Химия-технологиялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар. Химия өндірісінде пайдаланылатын жабдықтарды тиімді пайдалану тұжырымдамасы. Қайта құлылатын физика-технологиялық жүйелер. Өндірістік сферадағы және биосфера компоненттеріндегі зиянды химиялық және биологиялық заттарды бейтараптандыру әдістері мен тәсілдері. Экономиканың химиялық және биологиялық қауіпті объектілеріндегі төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою. Химия өндірісінің және биологиялық компоненттердің қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарын пайдаға асыру және зарарсыздандыру. Қалдықтарды минимумдандыру тұжырымдамасы. Химия өнеркәсібінде қалдықсыз өндірістерді құрудың негізгі принциптері.
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар
Инженерлік жүйелердің жіктелуі және олардың қоршаған орта мен адамның денсаулығына әсері. Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтардың даму тарихы. Ғылымдардың жіктелуі, ғылыми-техникалық прогресс және ғылыми-техникалық революция. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер. Инженерлік жүйелерді экологияландыру проблемалары. Ұсынылатын ақпарат көздері.
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар
Сумен қамту. Сумен қамту жүйелері мен сұлбалары. Суды тұтыну нормалары. Сумен қамту көздері. Суды жинағыш және суды көтергіш ғимараттар мен құрылғылар. Су құбыры желісі. Су арынды және реттеуші құрылғылар. Суды бұру жүйелері. Суды бұрушы желілер.
Жылумен қамту. Отын. Жағу құрылғылары және аз және орташа қуатты қазандық қондырғылары. Орталықтандырылған жылумен қамту. Аудандық қазандық және жылу-электр орталықтары (ЖЭО). Атом электр станциялары (АЭС), атом жылу-электр орталықтары (АЖЭО) және атомдық жылумен қамту станциялары (АЖС). Жылу желілері. Жылу құбырларын төсеу. Жылу пункттары. Жылумен оқшаулау және коррозияға қарсы қорғау.
Ыстық сумен қамту. Ыстық сумен қамту жүйелерінің жіктелуі. Ыстық сумен қамту жүйелерін жылу желілеріне қосу. Ыстық сумен қамту қажеттіліктеріне су мен жылудың есептік шығындарын анықтау. Ыстық сумен қамту және жылу желілері үшін суды дайындау.
Газбен қамту. Газ үлестіруші желілер. Құрылғысы және жабдықтары. Үймереттерді газбен қамтудың ішкі жүйелері. Газбен қамту жүйлерін салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Оларды сынау және қабылдау ережелері.
Желдету және ауаны тазарту. Желдету және ауаны тазарту жүйелерінің жіктелуі. Атмосфералық ауаның қасиеттері. Табиғи желдету. Механикалық желдету. Есептік ауа алмасуды анықтау. Желдету және ауаны тазарту жүйелерінің жабдықтары.
Көлік және электрмен қамтамасыз ету. Көліктің түрлері және ерешеліктері. Көліктің селитебті аймақтардағы экологиялық жағдайға әсері. Лифттердің, көтергіштердің және эскалатордың конструкциясы және жинақталуы. Электр энергиясының көздері. Электр жүйелері мен желілері. Электр энергиясын тұтынушыға беру сұлбасы және оның элементтері. Электр жарығы.
Ақпарат жүйелері. Телефон станциялары мен желілері. Радио және телетрансляция. Сымдық байланыс желілері, электр байланысы және телефикация желілері. Компьютер желілері және Интернет.
Инженерлік жүйелер, желілерді бақылау аспаптары. Өлшенетін шаманың түрленуі; өзгерудің әр түрлі принциптеріне негізделген талдау әдістері. Микроклимат параметрлерін, желдету жүйелерін, шаң-газ режимін, шаң тұту жүйелерін бақылауға арналған аспаптар. Атмосфералық ауаның, ағынды және табиғи сулардың, ауыз судың күйін бақылауға арналған аспаптар. Жарықталғандықты, шу, діріл деңгейін бақылауға арналған аспаптар. Жарықталғандықты, шу, діріл деңгейін бақылауға арналған аспаптар, адамды жылулық, жарықтық, акустикалық және басқа ластану түрлерінен инженерлік қорғау аспаптары. Сымдық байланыс желісінің, электр байланысы желілерінің, спутниктің байланыстың және телефикация аспаптары.