
ҚММУ Ф 4/3-04/02
ҚММУ БЕ 4/02
2007 Ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы
ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы12: «Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі»
Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Курс: 1
Уақыты: 50 мин.
Қарағанды 2012
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
«31» 08 2012ж. №1 хаттама
Молекулярлық биология және
медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов
Дәріс құрылымы
Тақырыбы: «Прокариот гендерінің экспрессиялы реттелуі»
Мақсаты: Прокариотты клеткалар геномын және прокариоттағы генетикалы ақпараттың экспрессиялы ерекшеліктерін, транскрипция сатыларын оқып білу.
Дәрістің жоспары:
Онтогенез процесіндегі генетикалы ақпараттың іске асырылу тәртібі.
Генетикалы ақпаратты берудегі репликацияның маңызы.
Кейбір ақуыздардың құрылымы туралы ақпараттар экспрессиясының сатылары.
Транскрипцияға сипаттама.
Трансляцияға сипаттама.
Жакоб және Моно оперонының моделі.
Негативті реттелу, оның бір ізділіктігі.
Позитивті реттелу, оның ерекшеліктері.
Дәріс тезистері
ДНҚ-да барлық ақуыздардың құрылысы және ағзаның РНҚ-сы туралы ақпарат, және де онтогенез процессінде әртүрлі клеткаларда осы ақпараттың жүзеге асырылу тәртібі болады.
Ағзаның барлық сомалық клеткаларында 46 хромосома жиынтығы болады және клеткалар аралығында айырмашылық болғанымен, олардың барлығының ДНҚ бір ақпараттан тұрады.
Репликация процессінде генетикалық ақпарат түгелдей көшірмесін алады және жаңа ұрпаққа береді.
Ссы ақпарат клеткада, барлық тіршілік әрекеті процесстерімен қамтамасыз етіле отырып, экспрессирленеді (жүзеге асырылады).
Бірақ, ядрода барлық ақпарат экспрессирленбейді, тек оның азғантай бөлігі ғана. Белгілі ақуыздардың құрылымы туралы ақпараттың экспрессиясы 2 –этаптан тұрады:
Транскрипция: клетка ядросында, белгілі генде матрицалы РНҚ (м-РНҚ) пайда болады. (Бұл ақуыз құрылымы туралы ақпаратты ДНҚ-дан м-РНҚ-ға көшіріп жазу).
Транскрипцияның өнімін дұрысырақ, м-РНҚ-ң негізін құрушы деп атайды, яғни ол ядрода пісіп жетілуге немесе процессингке ұшырайды, бұл кезде ол модифицирленеді. Тек процессингтен кейін, толған м-РНҚ ядродан цитоплазмаға келіп түседі.
Геннің экспрессиясының 2-ші этапы – трансляция- рибосомалардағы м-РНҚ-ң бағдарламасы бойынша ақуыздың синтезі.
Бұл бағдарламаның мағынасы – аминқышқылдардың пептидті тізбекті түзіп, белгілі бір ізділікті қосылуы.
Бір геннің транскрипциясы тұрақты жүрмейді, уақытқа байланысты жүреді, яғни гендер қосылып және ажырап отырады немесе гендер белсенді немесе белсенсіз халде болады.
Прокариоттарда гендерді қосатын өнімдерді индуктор, ал ажырататын өнімдер-репрессор деп аталынады.
Индуктор-бұл спецификалық реттелуші сигнал немесе бір реакцияның соңғы өнімі.
Репрессор – бұл белок. Ген, экспрессия индуктордың әсеріне деген жауапты күшейтеді. Бұл процесс индуцибельді ген деп аталады. Эукариот гендерінде индуктордың орнына реттеуші термині қолданылады. Реттеуші болып: белок, белсенді оттегі, металл саналады.
Геннің экспрессиялы реттелуі – бұл ДНҚ-ның әртүрлі бөлігіне немесе нүкте аймағына (сайттарға) белгілі өнімдер, мысалы белоктың спецификалы өзіндік қосылуын, транскрипцияның басталуы деп атаймыз. Сонымен гендердің экспрессиялы реттелуі дегеніміз қоршаған орта өзгерістеріне организмнің бейімделуі.