Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mazm_1201_ny.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

5.2 Өз қажеттіліктері үшін арнайы трансформатор таңдау

Орта қуатты қосалқы станциялар (бірлік қуаты 63 МВА дейін) оперативті айнымалы токта сигнализация, басқару, қорғаныс тізбектерінің қоректендірілуімен жобаланады.

Қосалқы станцияның өз қажеттіліктері жүйесінің энергия қабылдағыштары: трансформаторларды салқындату жүйесінің электрқозғалтқыштары; электр аппараттары мен аспаптары орнатылған шкафтарды және майлы ажыратқыштарды жылытатын құрылғылар; электрлі жылуту мен жарықтандыру, өрт сөндіру жүйелері болып келеді.

ҚС-ның өз қажеттіліктері трансформаторының белгіленген қуатын формула арқылы анықтауға болады [8]:

Sс.н. =0,05 Smax. МВА,

мұндағы Smax –1.5 тарауын қара

Г Қосымшасы немесе [ 7,9 ] ӨҚТ типтік қуаты қабылданады.

Өз қажеттіліктері тізбектерін электрмен жабдықтауда сенімділікті жоғарлату үшін трансформатор, трансформатор және кірме айырғыштары арасындағы учаскеде, күштік трансформатордың төмен кернеу шықпасына жалғанады. Екі трансформаторлы қосалқы станцияларда кернеуі 10/0,4 кВ өз қажеттілігіне арналған екі трансформаторды орнату ұсынылады.

6 Қосалқы станцияның электр сұлбасын негіздеу және таңдау

Басты сұлбаны таңдау қосалқы станцияның электрлі бөлігін жобалауда маңызды орын алады, себебі осы арқылы элементтердің толық құрылымын және байланысын көре аламыз. Осы сұлба келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

а) сенімді болу;

б) қарапайым, анық болу;

в) экономикалық жағынан тиімді болу;

г) кеңейтуге мүмкіншілігі болу.

Қосалқы станцияда негізінен жүктеме астындағы автоматты түрде трансформация коэффициентін өзгерте алатын трансформатор саны екіден артық болмауы тиіс. Жоғары кернеулі ашық тарату құрылғысының сұлбасы жинақтаушы шиналарсыз болуы керек. Ал жабық тарату құрылғысының төмен кернеу жағында тек бір ғана жинақтаушы шина жүйесі қабылданады. Жауапты тұтынушылар болған кезде шинаны ажыратқыштармен секциялауға болады. Мұнда тарату құрылғысының ұяшық типтері де таңдалады [6,7,9,11].

Екі трансформаторлы қосалқы станция трансформаторларының жұмыс режимі негізделген болу керек. Апатты режим токтарын төмендету үшін трансформаторлардың бір-бірінен бөлек жұмыстарын пайдаланған ұсынылады.

Қосалқы станцияның ЖК АТҚ (жоғарғы кернеулі ащық тарату құрылғысы) екі желімен қоректендірілген болса, автоматты немесе автоматты емес мойнақпен (перемычка), «көпір» («мостик») сұлбасын қарастыру керек.

Орындау мысалдары М және Н қосымшаларында көрсетілген.

Түсіндірме жазбада сұлбалық шешімнің таңдауы мен сипаттамасы келтіріледі, ал №1,2 парақтарда (А1 форматында) қосалқы станция электр жалғанымдарының қабылданған сұлбасы (№1 парақ) және қосалқы станцияның қимасы (№2 парақ).

7 Жоғарғы және төменгі кернеулі желілер сымдарының маркасы мен қимасын таңдау

Кернеуі 10-110 кВ электрберіліс желілерінде әдетте АС маркалы сымдар қолданылады [1].

Қалыпты режимде жоғарғы және төменгі кернеулі желілер сымдарының қимасы токтың экономикалық тығыздығы арқылы анықталады [1,10].

Желі өткізгішінің экономикалық қимасы келесі формула арқылы шығарылады [10]

мм2,

мұндағы Imax - қалыпты жұмыс режиміндегі максималды ток

jэк. Tmax мен өткізгіш материалынан тәуелді, токтың экономикалық тығыздығы [1,9].

Қалыпты жұмыс режиміндегі максималды ток келесі формуламен анықталады:

А,

мұндағы Smax – қосалқы станцияның максималды есептік қуаты, МВА

UВН - қоректендіретін желі кернеуі, кВ (берілгені бойынша).

n- қоректендіретін желінің тізбектер саны (берілген бойынша).

Экономикалық қимасының мәні бойынша, өткізгіштің ең жақын стандартты қимасы таңдалады, Е Қосымшасы немесе [7,9,11].

Таңдалған қима қызу шартын қанағаттандыру керек [1]:

Imax Iдоп ,

мұндағы Iдоп – [7,9,11] бойынша сымның ұзаққа дейін рұқсат етілген тогы, Е Қосымшасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]