Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mazm_1201_ny.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

4.3 Жүктемелер ұзақтығы бойынша жылдық график

Бұл график әр түрлі жүктемелермен бір жыл аралығында қондырғы жұмысының ұзақтығын көрсетеді. Ордината осі бойынша сәйкес масштабта жүктемені, ал абсцисса осі бойынша - 0-ден 8760 дейін жыл сағаттарын тұрғызады. Жүктемелерді графикте олардың Pmax нан - Pmin. дейін кему ретімен орналастырады.

Қыс пен жаз маусымдық жыл уақыттарының ұзақтығы сәйкесінше 200 және 165 күнді құрайды деп қабылданған.

Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық графикті тұрғызу 1.2 тарауынан алынған, қыс пен жаз кезеңдерінің белгілі жүктеменің жиынтық тәуліктік графиктері негізінде жасалады.

Жүктемелер ұзақтығы бойынша графикті қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштерін, электрэнергия шығындарын есептегенде, бір жыл аралығындағы жабдықтардың пайдалануын бағалағанда және т.б. қолданады.

Ұзақтығы бойынша графиктің i-сатының активті қуат мәні, ізделіп отырған графиктің ординаталар осіне, қыс пен жаз кезеңдеріндегі жиынтық тәуліктік жүктеме графигінің сәйкес ординаталарының проекциясымен анықталады, ал ұзақтығы бойынша Тi осы график сатысының ұзақтығы төмендегі формула арқылы анықталады [4]:

Тi = tiқыс · 200 + tiжаз · 165 с,

мұндағы tiқыс және tiжаз жиынтық жүктеме графигінің қыстық және жаздық тәуліктік і-сатысының ұзақтығы (1.2 тарауын қараймыз).

    1. Жүктеме графиктерінен анықталатын техника–экономикалық көрсеткіштер

Активті жүктеме графигі қисығымен шектелген, аудан, қарастырылып жатқан жылда тұтынушыларға қосалқы станция шиналарынан жіберілген энергияға тең [4]:

Wn = Σ Pi ·Ti МВт·с

мұндағы Pi –графиктің i-сатысының қуаты

Ti – сатының ұзақтығы.

График бойынша қарастырылып отырған жылдағы Орташа жүктеме тең:

Pср= W п / T МВт,

мұндағы: T – қарастырылатын мерзімнің ұзақтығы

Wп – қарастырылған мерзім электрэнергиясы

Қондырғының жұмыс істеу графигінің біркелкі еместігі толтырылу коэффициентімен сипатталады.

Kзап.= Wп / Pmax · T= Pср/ Pmax

Жүктеме графигінің толтыру коэффициенті, кондырғының жүктемесі барлық уақытта максималды болған жағдайда, қарастырылып отырған мерзімдегі шинадан жіберілген электрэнергия көлемі қанша есе дәл осы уақытта қосалқы станция шиналарынан жіберілген электрэнергия көлемінен аз екенін көрсетеді. График біркелкі болған сайын kтол мәні бірге жақын болады.

ҚС жүктеме графигін сипаттауда максималды жүктемені қолдану ұзақтығы қолданылады.

Tmax = Wп / Pmax = Pср. · T / Pmax = kзап. · T с.

Бұл шама, Wn электрэнергияның нақты көлемін қосалқы станция шиналарынан жіберу үшін, Т қарастырылған мерзімде (әдетте жыл) қанша сағат қондырғы тұрақты максималды жүктемемен жұмыс істеу керектігін көрсетеді.

    1. Қосалқы станцияның толық қуат графигі

Қосалқы станцияның толық қуат графигін тұрғызу ҚС-дағы трансформаторлардың асқын жүктемеге қабілеттілігін тексеру және таңдау үшін қажет.

Ол үшін жүктеме графигінің әр сатысы үшін жүктеме қуатының орташа өлшенген коэффициентін есептеу керек - [8] бойынша - tg φсв (i) :

tg φсв(i) = P1(i) · tg φ1 + P2(i) · tg φ2 +…/ ∑ P1-n(i)

Ары қарай қосалқы станция толық қуаты графигінің әр сағаты үшін табылған орташа өлшенген коэффициентті ескере отырып, толық қуат анықталады [8]:

S(i) = P(i) · МВА,

мұндағы P(i) - 1.2 тарауы бойынша қосалқы станцияның толық қуат графигінің i-сатысының активті қуаттар қосындысы.

Алынған S(i) қуат мәндері бойынша қосалқы станцияның толық қуат графигі тұрғызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]