
- •Мазмұны
- •1 Курстық жобаны дайындау үшін алғашқы берілгендер «Электр станциялары мен қосалқы станциялары»-пәні бойынша
- •2 Бастапқы берілгендері
- •3 Қабылданған белгілеулер
- •4 Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- •4.1 Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік графиктері
- •4.2 Тұтынушылар жүктемесінің жиынтық (біріктірілген) графигі
- •4.3 Жүктемелер ұзақтығы бойынша жылдық график
- •Жүктеме графиктерінен анықталатын техника–экономикалық көрсеткіштер
- •Қосалқы станцияның толық қуат графигі
- •5 Трансформаторлар қуаты мен санын таңдау және асқын жүктемеге қабілеттілігін есептеу
- •5.1 Қосалқы станцияның эквивалентті екісатылы жүктеме графигін тұрғызу
- •5.2 Өз қажеттіліктері үшін арнайы трансформатор таңдау
- •6 Қосалқы станцияның электр сұлбасын негіздеу және таңдау
- •7 Жоғарғы және төменгі кернеулі желілер сымдарының маркасы мен қимасын таңдау
- •7.1 Тәж талабы бойынша өткізгіш қимасын тексеру
- •8 Апатты режимдер тогын есептеу
- •8.1 Трансформаторлардың, жоғарғы кернеу желілері жүйесінің орынбасу схемасы бойынша кедергіні есептеу
- •8.2 Үш фазалы қысқа тұйықталу тогын есептеу
- •8.3 Үш фазалы қысқа тұйықталудың екпінді тогын есептеу
- •9 Қосалқы станция жабдықтарын және ток жүретін бөліктерін таңдау
- •9.1 Жоғарғы кернеулі тарату құрылғысына шина таңдап, тексеру
- •9.2 Төменгі кернеулі тарату құрылғысына шина таңдап, тексеру
- •9.3 Электр аппараттарын тексеріп таңдау
- •Қадағалап - өлшеу аппаратурасы
4 Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
Жеке тұтынушылардың электр жүктемелері және осыған сәйкес қосалқы станцияның жұмыс істеу режимін анықтайтын олардың жиынтық жүктемелері үздіксіз өзгеріп отырады. Осы фактты жүктеме графигімен, яғни уақытта қосалқы станция шиналарында ток қуатының өзгеру диаграммасымен сипаттайды.
Белгіленген параметрлердің түрлері бойынша қосалқы станция шиналарында активті P (МВт), реактивті Q (мвар), толық (мүмкін) S (МВА) қуаттар және ток I (А) графиктерін ажыратады.
Осы графиктер белгілі уақыт аралығындағы жүктеме өзгерулерін көрсетеді. Сондықтан сипаттамасына сәйкес тәуліктік (24 сағ.), маусымдық (қыс, жаз) және ұзақтығы бойынша жылдық графиктер болып бөлінеді.
Арналған жеріне немесе олар кіретін, энергожүйе элементіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
ҚС шиналарында анықталатын, тұтынушылар жүктемелерінің графиктері;
Аудандық және негізгі ҚС шиналарында – желілік жүктеме графиктері;
Энергожүйенің нәтижелейтін жүктемесін сипаттайтын, энергожүйенің жүктеме графиктері;
Электр станция жүктемелерінің графиктері.
4.1 Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік графиктері
Фактіге негізделген жүктеме графигі уақытта сәйкес параметрдің өзгеруін жазып алатын аспаптар көмегімен алына алады.
(Рмах) максималды активті қуаттан басқа, графикті тұрғызу үшін уақытта тұтынушылар жүктемесінің өзгеру сипатын білу қажет, оны курстық жобаны құрастыруға алған тапсырмамен сәйкес А қосымшасындағы А1-А8 суреттерінде келтірілген, (қыс, жаз) тәуліктері ішінде пайыздарда күштік максимумның типтік графиктерінен анықтауға болады.
Есептеулердің ыңғайлылығы үшін график сатылы болып орындалады. Тәулікте мүмкін ең үлкен жүктеме 100 % деп алынады, ал графиктің қалған сатылары тап осы уақыттың тәулігі үшін жүктеменің салыстырмалы мәнін көрсетеді.
Pрасч. белгілі болғанда, типтік графикті белгіленген тұтынушы жүктемесінің графигіне, тапсырма бойынша, графиктің әр сатысына келесі қатынасты пайдалана отырып аударуға болады [4]:
Pi = ni % · Pрасч. / 100 (МВт),
мұндағы ni %- типтік графиктің сәйкес сатысының ординатасы, %.
Pрасч - тапсырмаға сәйкес кәсіпорынның есептік қуаты, МВт.
Курстық жобада (қыс, жаз) маусымдары бойынша кәсіпорын жүктемесінің тәуліктік типтік графиктерін, кәсіпорындардың Pi (МВт) жүктемесінің сәйкес графиктеріне, жоғарыда көрсетілген формуланы пайдалана отырып, ауыстыру қажет, ал нәтижелерін Б қосымшасындағы Б1-Б2 кестелерінде көрсету керек.
Б1-Б2 кестелеріндегі есептеулер нәтижелері бойынша курстық жобаға тапсырманың вариантына сәйкес координаталарда кәсіпорындар үшін маусымдық тәуліктік жүктемелердің графиктерін тұрғызу қажет: абсцисса осінде – уақыт сағат бойынша, ал ордината осінде – қуат МВт.
4.2 Тұтынушылар жүктемесінің жиынтық (біріктірілген) графигі
Бұл график ҚС-дағы қуат шығынын ескере отырып тұрғызылады.
Қуат шығыны мыналарға байланысты:
- жүктемеге тәуелді, айнымалы шама болып келетін, трансформатор орамасымен ағатын ток (∆Pпер. ).
- қуат шығынының тұрақты бөлігін трансформатордың бос жүріс кезіндегі шығыны анықтайды (∆Pпост. ).
- өз қажеттілігіне байланысты болатын шығындар, трансформатор параметрлеріне және ҚС түріне байланысты болады (∆Pс.н.).
Барлық тұтынушылар жүктеме графиктерінің iх-сатыларының қуат мәндерін және әр саты үшін қосалқы станциядағы қуат шығындарын қоса отырып, (қыс, жаз) маусымдары үшін қосалқы станцияның жиынтық (біріктірілген) жүктеме графигін формула бойынша аламыз:
P∑ пс(i)=P(i) + ∆ Pпост. + ∆ Pпер..+ ∆Pс.н. МВА,
мұндағы P(i) - 1.1 тарауынан i-сатылы барлық кәсіпорындардың толық қуаты.
∆ Pпост. - Pmax 1% құрайтын, тұрақты шығындар, мұндағы Pmax - i-сатысындағы біріктірілген графиктің активті қуаттың максималды мәні [4,9];
∆ Pпост.=0,01 Pmax МВА,
∆Pс.н. – Pmax 0,5% құрайтын, өз қажеттілігіне кететін шығындар
∆P с.н..= 0,005 Pmax МВА,
∆ Pпер.– әр сатының қуат мәніне тәуелді, айнымалы шығындар, келесі формула бойынша анықталады [4,9]:
∆ Pпер= P2(i) / 10 · Pmax МВА.
ҚС шиналарындағы (қыс, жаз) тұтынушыларының жиынтық жүктеме графигінің есептеулерін В қосымшасындағы В1-В2 кестелеріне енгізу керек.
В қосымшасы В1-В2 кестелеріндегі P∑ пс(i) соңғы шыққан мәннің нәтижесі бойынша (қыс, жаз) жыл маусымдары үшін, шығындар ескеріліп, қосалқы станцияның жиынтық (біріктірілген) жүктеме графигі тұрғызылады.