Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mazm_1201_ny.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать
    1. Қадағалап - өлшеу аппаратурасы

Қосалқы станцияда орнатылатын, электрөлшеуіш аппаратураның саны қызмет көрсетуді оңайлату үшін, қондырғыны арзандату және жеңілдету үшін минималды мүмкін бірақ пайдалануды дұрыс жүргізу үшін жеткілікті болу керек. Күштік трансформаторлар тізбектерінде және электрберілістің шығатын желілер тізбектерінде айнымалы токты өлшеу қажет. Үш фазалы тізбекте токты өлшеу үшін бір амперметр қолданған жөн. Кернеуді өлшеу күштік трансформатордың ЖК және ТК жақтарындағы жинақтаушы шиналардың барлық секцияларында жүргізіледі. Әр жағдайда кернеу айырып-қосқышы бар бір вольтметрмен өлшенеді.

Оқшауланған нейтральмен режимде жұмыс істейтін, электрқондырғыларда, оқшауламаны қадағалайтын құрылғыны қарастыру қажет. Қадағалау вольтметрлерін жалғау үшін үшфазалы бес стерженьді немесе үш бірфазалы кернеу трансформаторы қолданылады.

Энергияны өлшеу төменгі және жоғарғы кернеу жақтарында трансформатор тізбектерінде жүргізіледі.

Активті энергияны есепке алатын санауыштар күштік трансформатор арқылы берілген, өз қажеттіліктеріне жұмсалған және де шығатын желілер арқылы жіберілетін электрэнергия мөлшерін анықтау үшін орнатылады.

Реактивті энергияның санауыштары, әдетте, трансформаторлы қосалқы станцияның төмен кернеу жағынан дәлдік классы 0,5 өлшеуіш кернеу және ток трансформаторлары арқылы орнатылады.

9.4.1 Ток трансформаторларын таңдау

9.4.1 кестесі - Ток трансформаторын таңдау параметрлері

Таңдау параметрлері

Ток трансформаторының түрі

Есептік мәліметтер

Каталогтык мәліметтер

U сети.ном. ≤ Uн, кВ

I норм.расч. ≤ I , А

Дәлдік классы және құрылымы бойынша

iу ≤ i дин., кА

Bк ≤ I2тер. t тер, кА2·с

Z2 ≤ Z2 ном., Ом

Ток тізбектерінің индуктивті кедергісі үлкен болмағандықтан, Z2r2 етіп қабылданады.

Ток трансформаторы екінші реттік тізбегінің жалпы кедергісі аспаптар кедергілерінен, жалғайтын сымдардан және түйіспелердің өтпелі кедергілерінен тұрады:

r2 = r приб. + r пр. + r к.

Аспаптар кедергісі келесі формула арқылы анықталады:

r приб = Sприб./ I2,

мұндағы Sприб – аспаптар тұтынатын қуат (аспаптар тізімінің үлгісі М Қосымшасында көрсетілген).

I ток трансформаторының екінші реттік номиналды тоғы, 5 А.

Екі-үш өлшеуіш аспаптарда түйіспелер кедергісі 0,05 Ом деп және көбірек аспаптарда 0,1 Ом деп қабылданады.

Жалғайтын сымдардың кедергісі олардың ұзындығына және қимасына тәуелді. Осы талаптарды ескере отырып,

rпр = r2ном. - r приб. - r к

rпр арқылы жалғайтын сымдардың қимасын анықтауға болатынын біле отырып:

q = ρlрасч./ rпр мм2,

мұндағы ρ- сым материалының салыстырмалы кедергісі (мыс-0,0175; алюминий – 0,0283)

lрасч – ток трансформаторының жалғанымдар сұлбасына тәуелді, сымдардың есептік ұзындығы (lрасч = l толық жұлдыз сұлбасы, lрасч = толық емес жұлдыз сұлбасы, мұндағы l – ток трансформаторларынан әр түрлі кернеу жүйелеріне арналған аспаптарға дейін жалғайтын сымдардың фактіге негізделген ұзындығы: Uн =10 кВ кезінде l=(3-5)м, Uн =35 кВ кезінде l=(50-60)м, Uн =110 кВ кезінде l=(80-120)м.

Жалғау сымдары ретінде көпталсымды бақыламалық кабельдерді қолдану керек. Механикалық төзімділік шарты бойынша мысты талсымның минималды қимасы 2,5 мм2, алюминдікі 4 мм2 [1,4].

9.4.2 Кернеу трансформаторларын таңдау

9.4.2 кестесі- Кернеу трансформаторын таңдау параметрлері

Таңдау параметрлері

Кернеу трансформаторының түрі

Есептік мәліметтері

Каталогтык мәліметтері

U сети.ном. ≤ Uн, кВ

құрылымы және дәлдік классымен орамалардың жалғану сұлбасы бойынша

S2 S 2ном.

S2 кернеу трансформаторының екінші реттік тізбегінің есептік жүктемесі реле – ВА мен жалғанған өлшеуіш аспаптардың ΣPприб. активті және ΣQприб. реактивті қуаттарының сомаларымен анықталады.

=

= ВА.

Егер талап етілген шарт таңдалған дәлдік классында орындалмаса, онда екінші кернеу трансформаторын орнатады және аспаптардың жарты бөлігін оған жалғайды. Механикалық төзімділік шарты бойынша мыс талсымының минималды қимасы 1,5 мм2, алюминдікі 2,5 мм2 [1,4].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Правила устройства электроустановок РК. Министерство энергетики и минеральных ресурсов РК, 2004

  2. РД 153-34.0-20.527-98. Руководящие указания по расчету токов короткого замыкания и выбору электрооборудования/ под ред. Б.Н.Неклепаева.-М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2001

3 Конюхова Е.А. Электроснабжение объектов.-М.: Изд-во «Мастерство», 2001.

4 Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций.-М.: Энергоатомиздат, 1987

  1. Ульянов С.А. Электромагнитные переходные процессы в электрических системах.-М.: Энергия, 1972

  1. Лисовский Г.С., Хейфиц М.Э. Главные схемы и электротехническое оборудование подстанций 35-750.-М.: Энергия, 1977

7 Справочник по проектированию электроснабжения/под ред. Ю.Г. Барыбина, Л.Е. Федорова, М.Г. Зименкова, А.Г. Смирнова.-М.: Энергоатомиздат, 1990

8 Неклепаев Б.Н. Электрические станции.-М.: Энергия,1976

9 Электрическая часть электростанций и подстанций/ справочные материалы под ред. Б.Н. Неклепаева.-М.: Энергия, 1978

10 Мельников Н.А. Электрические сети и системы.-М.: Энергия, 1975

11 Справочник по электрическим установкам высокого напряжения/под ред. И.А.Баумштейна и М.В.Хомякова.-М.: Энергоиздат, 1981

12 Вакуумная коммутационная аппаратура. ФГУП «НПП Контакт», Россия г. Саратов, 2005

13 Высоковольтное оборудование. Карпинский электромашиносторительный завод, Россия г. Карпинск, 2005

14 Вакуумные выключатели ВВ/ТЕL, ОПН/TEL. Таврида Электрик, Россия г.Москва, 2005

15 3AQ2 High Voltage Circuit Breaker . Siemens, Р.О. Box 32 20 D-91050 Erlangen. 2005

16 Gas-Insulated Switchgear from 72.5 to 800 kV. Box 32 20 D-91050 Erlangen.2005

17 Техническая документация ЗАО ПФ «КТП-Урал», ISO 9001:2000, Россия, Екатеринбург, 2005

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]