
- •Мазмұны
- •1 Курстық жобаны дайындау үшін алғашқы берілгендер «Электр станциялары мен қосалқы станциялары»-пәні бойынша
- •2 Бастапқы берілгендері
- •3 Қабылданған белгілеулер
- •4 Қосалқы станцияның жүктеме графигін тұрғызу
- •4.1 Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік графиктері
- •4.2 Тұтынушылар жүктемесінің жиынтық (біріктірілген) графигі
- •4.3 Жүктемелер ұзақтығы бойынша жылдық график
- •Жүктеме графиктерінен анықталатын техника–экономикалық көрсеткіштер
- •Қосалқы станцияның толық қуат графигі
- •5 Трансформаторлар қуаты мен санын таңдау және асқын жүктемеге қабілеттілігін есептеу
- •5.1 Қосалқы станцияның эквивалентті екісатылы жүктеме графигін тұрғызу
- •5.2 Өз қажеттіліктері үшін арнайы трансформатор таңдау
- •6 Қосалқы станцияның электр сұлбасын негіздеу және таңдау
- •7 Жоғарғы және төменгі кернеулі желілер сымдарының маркасы мен қимасын таңдау
- •7.1 Тәж талабы бойынша өткізгіш қимасын тексеру
- •8 Апатты режимдер тогын есептеу
- •8.1 Трансформаторлардың, жоғарғы кернеу желілері жүйесінің орынбасу схемасы бойынша кедергіні есептеу
- •8.2 Үш фазалы қысқа тұйықталу тогын есептеу
- •8.3 Үш фазалы қысқа тұйықталудың екпінді тогын есептеу
- •9 Қосалқы станция жабдықтарын және ток жүретін бөліктерін таңдау
- •9.1 Жоғарғы кернеулі тарату құрылғысына шина таңдап, тексеру
- •9.2 Төменгі кернеулі тарату құрылғысына шина таңдап, тексеру
- •9.3 Электр аппараттарын тексеріп таңдау
- •Қадағалап - өлшеу аппаратурасы
9.2 Төменгі кернеулі тарату құрылғысына шина таңдап, тексеру
Тарату құрылғысының схемасы қатты шиналаумен орындалса оның қимасы жоғарыда келтірілген әдістемеге сәйкес анықталады. Иілгіш шинадан айырмашылығы ол қосымша электрдинамикалық төзімділікке тексеріледі [1,3,4]. Оқшаулағыштарда бекітілген, қатты шиналар, өзімен электрдинамикалық күштер әсері астында табылатын, динамикалық тербелгіш жүйе болып келеді. Үшфазалы ҚТ кезіндегі ең үлкен салыстырмалы күш салу [4,7] бойынша анықталады:
f
=
Н/м,
мұндағы iу - үшфазалы ҚТ екпінді тогы - А ( жоғарыда анықталған)
а - көршілес фазалар арасындағы қашықтық, м.
Біркелкі таратылған f күші иетін М сәтін жасайды.
М= f l2 /10 Нм,
мұндағы l - шиналық құралымның тіректі оқшаулағыштар арасындағы өткіндердің ұзындығы, м.
Иетін сәт әсерінен пайда болатын, шина материалындағы кернеу
МПа,
мұндағы W - июге шинаның кедергі көрсету сәті, см3 (К Қосымшасы).
Шиналар электрдинамикалық төзімді егер:
,
мұндағы
-
шина материалындағы рұқсат етілген
механикалық кернеу (К
Қосымшасы).
9.3 Электр аппараттарын тексеріп таңдау
Қосалқы станцияның қабылданған электрлік жалғану сұлбасына сәйкес курстық жобада келесі аппараттардың тексерілуін және таңдауын жасау керек:
Қосалқы станцияның жоғарғы кернеу жағында - айырғыштар, ажыратқыштар, асқын кернеу шектеуіштері, қадағалап - өлшеу аппаратурасы (ток және кернеу трансформаторлары, өлшеуіш аспаптары).
Қосалқы станцияның төменгі кернеу жағында – оларға айырғыштар, ажыратқыштар, асқын кернеу шектеуіштері, қадағалап - өлшеу аппаратурасы (ток және кернеу трансформаторлары, өлшеуіш аспаптары) орнатылса, ЖТҚ ұяшықтар түрлерін анықтау.
Аппараттарды таңдағанда қосалқы станцияны электрмен жабдықтау сұлбасында салмақ салатын режимнің пайда болу мүмкіндігін ескеру керек.
Салмақ салатын режимнің жұмыс тогы паралельді жұмыс істеп тұрған трансформаторларды жұмыс істеп тұрғанның рұқсат етілген апатты асқын жүктемесінің есебімен ажыратқанда, немесе қоректендіретін желінің біреуін ажыратқанда қалады. Коммутациялық аппаратты таңдағанда қазіргі заманғы коммутациялық техниканың дамуын ескерген жөн. Жоғарғы кернеулі АТҚ-да әуелік (элегазды), вакуумды ажыратқыштарды қолдану керек. Төменгі кернеулі ЖТҚ-да вакуумды техниканы, коммутациялық аппараттардың негізгі техникалық параметрлері [9,11,12,13,14,15,16] келтірілген немесе Л Қосымшасында.
Коммутациялық аппараттарды таңдау алдында орнату түрін есепке алу қажет – сыртқы немесе ішкі. Іштей орнатылатын аппараттар жабық тарату құрылғыларында және ЖТҚ жабық ұяшықтарында жұмыс істеуге арналған. Сырттай орнатылатын аппараттар ашық тарату қондырғыларының жұмысы үшін арналған.
Таңдалған электр аппаратары төменде көрсетілген әдістеме бойынша қысқа тұйықталу режимінде төзімділікке тексеріледі.
Коммутациялық аппараттарды таңдағанда бір тарату құрылғысында түрі бір аппараттарды орнатуға көңіл бөлген жөн, бұл олардың қолданылуын жеңілдетеді.
Курстық жобада ең нашар жағдайларда жұмыс істейтін, таңдалған әр аппараттардың біреуі ғана бойынша есептеулерді жүргізген жеткілікті. Қосалқы станция аппараттарының таңдау нәтижелері есептік кестелерге еңгізіледі.
9.3.1 Айырғыштарды таңдау
9.3.1 кестесі - Айырғыштарды таңдаудың параметрлері
Таңдаудың параметрлері * |
Айырғыш түрі |
Есептік мәліметтер |
Каталогтык мәліметтер |
Uсети.ном. ≤ Uн, кВ |
|
|
|
Iнорм.расч. ≤ Iн, А |
|
|
|
iу ≤ iпр.скв., кА |
|
|
|
Bк ≤ I2тер. t тер, кА2·с |
|
|
* - формуланың оң жағында аппаратты орнату орнының есептік мәліметтері келтірілген. Сол жағында таңдалатын аппарат үшін каталог бойынша мәліметтер.
t тер. термиялық төзімді токтың ағу уақыты төмендегідей алынады:
Uн ≤ 35 кВ кезінде t тер. =4 с, Uн ≥ 110 кВ. кезінде t тер =3 с.
9.3.2 Ажыратқыштарды таңдау
9.3.2 кестесі - Ажыратқыштарды таңдаудың параметрлері
Таңдаудың параметрлері |
Ажыратқыштың түрі |
Есептік мәліметтер |
Каталогтык мәліметтер |
U сети.ном. ≤ Uн, кВ |
|
|
|
I норм.расч. ≤ Iн, А |
|
|
|
iу ≤ iпр.скв., кА |
|
|
|
Bк ≤ I2тер. t тер, кА2·с |
|
|
|
Iп ≤ I откл.ном., кА |
|
|
9.3.3 Кернеу шектеуіштерін таңдау
9.3.3 кестесі – Асқын кернеу шектеуіштерін таңдаудың параметрлері
Асқын кернеу шектеуіштерінің түрі |
Қондырғы кернеуі |
Тағайындау |
Орнату тәсілі |
|
|
|
|