Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХХ г. І жарт. аде.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Оқу пәні бойынша глоссарий Негізгі терминдік ұғымдар:

Алаш, жәдит, жәдитшілдік, қадим, танзимат, тәржіман, гетерогенді, генезис, беллетристика, декадент, дифференциация, дивергенция, поляризация, радикалды поляризация, түркістандық, инерция, руханият, жаһаттас, милләт, мартиролг.

Алаш – рәмізді сөз, «ал» түбірі от, қызыл, жалын деген мағына береді. ХХ ғасыр басындағы саяси-мәдени серпілістің атауы.

Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.

Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.

Жаһаттас – мұрат жолындағы бірлік (М.Әуезұлы анықтаған атау).

Жәдит – жаңа оқу, жаңаша оқу деген мағынаға ие. «Усул-и жәдит» - дыбыстап оқуға негізделген жаңаша оқу. Руханияттағы мәні де – жаңашылдық.

Жәдитшілдік – жаңашылдыққа сүйенген ағым, бағыт. Исламдық оқу-тәрбие, саясат саласындағы жаңашыл ағым.

Қадим – ескі, байырғы деген мағынаны беретін атау. Жаңашылдықты, өзгерісті қолдамайтын ағым, бағыт.

Танзимат - өзгеріс деген мағынаны беретін атау. ХІХ ғасырдағы Османлы түрік ағартушыларының бастамашылдығы.

Тәржіман – аударушы деген мағынаны беретін ұғым. И.Гаспринский газетінің аты және сол бағытты жақтаушылардың ныспысы. Мағынасы: әлем мәдениеті мен технологиясын тура, түсінікті етіп жеткізу дегенге келеді.

Гетерогенді – құрамы жөнінен әр текті дегенді білдіретін атау.

Генезис – тек-тамыры, шығуы деген мағынаны беретін атау.

Беллетристика – тура мағынасы «сырлы әдебиет», қолданыстағы мағынасы – проза тілімен жазылған көркем әдебиет.

Декадент – «өнер өнер үшін» деген бағытты ұстайтын сыршыл, мұңшыл қаламгерлер атауы. Олар шығармашылықта жеке-дара тұлғаның орнын ерекше бағалайды.

Дифференциация – әдеби-мәдени пікірлесудегі негізді өзгешелік.

Дивергенция – әдеби-мәдени пікірлесудегі бір немесе бірнеше мәселе бойынша өзгешелік.

Милләт – ұлт атауының балама нұсқасы, осыған сәйкес туған әдеби ағым – милләтшілдік.

Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері. Мартиролг – нақақ қудаланған адамның азабы туралы жазба.

Поляризация – пікір таласудағы принципті келіспеушілік.

Радикалды поляризация – әдеби-мәдени пікірлесудегі барлық мәселе бойынша қарама-қарсылық.

Түркістандық – Орта Азиялық қаламгерлердің және жалпы адамдардың ХХ ғасыр басындағы жиынтық атауы.

Инерция – бұрынғы қозғалыстың әсерінен дененің бір орында тұрып қалмауы. Ал мәдениет пен әдебиеттегі мағынасы бұрынғы бағыттың, ағымның кілт тоқтамауы.

Руханият – рухқа, адамның жанын жетілдіруге қатысты білім-ғылымның, тәжірибе-ізденістің жиынтығы.

Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.

Фольклор – халық арасында туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылу және орындалу ерекшеліктері.

Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folkхалық, loreданалық) – халық даналығын зерттейтін ғылым.

Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.

Реализм (латынша realis – заттылық, шындық) – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат- белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

Романтизм (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) – әдебиеттегі, көркемөнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.

Сентиментализм – (франц. Sentiment – сезім, сезімталдық деген сөзден алынған) – ХҮІІІ ғасырдаң екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде дамыған көркем әдебиеттегі ағым. Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өрістеді. Сентиментализмде – жазушы айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, өзінің әртүрлі сезім-әсерлерін және басқа сондай жанама жайларды қосарлап бере береді.

Символизм – модернистік ағымның ең мәнді саласы. «Символ» сөзінен бастау алған. Өмірдің құпия тылсымдарын меңзеу, ишаралау арқылы бейнелеуді ұстанатын ағым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]