Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХХ г. І жарт. аде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6.1. Негізгі әдебиет

  1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы: Бiлiм, 1993. - 248 б.

  2. ХХ ғасырдың бас кезiндегi қазақ әдебиетi (Қазан төңкерiсiнен кейiнгi дәуiр). - Алматы: Ғылым, 1994. - 312 б.;

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 т. ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиеті.-А., 2005.

  4. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001.- 448 б.

  5. Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері. –А., 1978

6.2. Қосымша әдебиет

  1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. –А., 1998.

  2. Бейсенғали З. ХХғ.б. қазақ прозасы. А., 1989

  3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –А., 1994.

7. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау,коллоквиум, тестілеу формасында екі аралық бақылау; тестілеу және ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау: - 20%

СӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Аралық бақылау:

Коллоквиум (тест) - 20 %

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

Магистранттың білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

жақсы

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49 0-49

қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты

«ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет» пәні студенттерге таңдау бойынша компонент ретінде жоспарланған. Оқу жүктемесінің көлемі 4 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 30 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 30 сағат, CӨЖ – 120 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, CӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, CӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, СӨЖ, тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

«ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет» пәні бойынша жүргізілетін сабақтар барысында СӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 15 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: коллоквиум және тест жұмысы.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.