Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабуса каз янв каржы 2014-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.89 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультеті

«ҚАРЖЫ» кафедрасы

« 5В050900 «Қаржы», 050506 - «Экономика», 050507- «Менеджмент», 050508 – «Есеп және аудит» , 050510- «Жергілікті мемлекеттік басқару»

мамандығы

«Қаржы»

Пәнінің бағдарламасы

(SYLLABUS)

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Курс 4-семестрге есептелген және 30 сағат дәрістен, 15 тәжірибелік сағат және 9 сағат студенттің оқытушымен өзіндік жұмысынан тұрады. Емтихан дайындалған тест тапсырмаларының қоры арқылы қабылданады.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

«Қаржы» - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты – қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету, сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс- әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.

Студенттерге пәнді түсінуге арналған күрделі сұрақтар, қаржы іс-әрекеттерінің заңдылықтарын ұғыну мақсатында тақырыптар мазмұны қысқаша ұтымды берілген.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Оқу құралында “Қаржы” пәнінің ішкі мазмұны негізінде тақырыптар бес бөлімге бөлінген:

І.Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері

ІІ.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

ІІІ.Мемлекеттік қаржы

ІҮ.Сақтандыру

Ү. Нарықтық экономикадағы қаржының өзекті мәселелері.

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет.

№№

Cабақтың тақырыптары

Көлемі,сағаты

1

Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері.

2

2

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидалары.

2

3

Қаржы саясаты және қаржы механизмі

2

4

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

2

5

Мемлекет қаржысына жалпы сипаттама.

2

6

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

2

7

Мемлекеттік бюджет.

4

8

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

2

9

Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш.

2

10

Сақтандыру.

2

11

Қаржы нарығы.

4

12

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы.

2

13

Қаржы және инфляция.

2

Барлығы

30