Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйымдық-өкілеттік құжаттар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.04 Кб
Скачать

Мінездеме

Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады.Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме мәтінінің логикалық байланыстағы бөлімдерін атап көрсетелік.

Басқа бөлім – анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір жоларалық төменге басылады.

Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімінде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Өмірбаян

Өмірбаян-автор өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хроноголиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаяннын типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық (жайлаңқы) нұсқада болуы мүмкін. Өмірбаянда мыналар көрсетіледі:құжаттың аты-жөні, автордың аты-жөні, туған жері мен мезгілі; білімі мен мамаңдығы; қызметіне қатысты мәліметтер, марапттаулар мен алған мадақтаулары; отбасы жағдайы мен отбасы құрамы;үйінің мекен-жайы мен телефоны; толтырылған күні мен жеке қолы.

Уақыт өтуні байланысты жеке іс қағазына анкеталық өмірбаяндық мәліметтердегі өзгерістерді (неке туралы куәлігінің көшірмесі, тегінің өзгеруі) растайтын және кәсіби, іскерлік, жеке басының қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, аттестациялық қағаз, пікірлер, қызметке тағайындау туралы ұсыныстар, анықтамалар, т.б.) құжаттар қосылып отырады.

Түйіндеме

Кейінгі кезде кейбір фирмалар жұмысқа алуды аталған қызметке алынатын үміткерлер туралы объективті мәліметтер берілген түйіндеме (резюме) талап етуде.

Түйіндеменің құрамына төмендегідей деректер кіреді: құжаттың аты (түйіндеме); туған жылы; отбасылық жағдайы; үйінің мекен-жайы; үйінің телефоны; жұмыстағы телефоны; білімі ( қандай оқу орнын, қашан бітіргені, мамандығы); жұмыс орны мен мамаңдығы; жұмыс тәжірбиесі; шет тілдерін білу дәрежесі; оргтехникамен жұмыс істей білуі; жеке сапалық қасиеттері;неге әуестігі; қабылдану мүмкін қызметі. Барлық деректер табулятордың нөлдік деңгейінен басталып азат жолсыз жазылады, бірақ әр дерек жеке жолдан басталады.

Әр қызметкер құрамына төмендегі тәртіп бойынша көрсетілген құжаттар кіретін іс қағазына толтырады:

1) құжаттардың тізімдемесі;

2) жұмысқа қабылдау туралы өтініші, жолдама немесе ұсыныс;

3) анкета немесе кадрлық есепке алудың жеке қағазы;

4) өмірбаян;

5) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

6) мінездеме немесе ұсыныс хат;

7) бұйрықтардың көшірмесі (жұмысқа қабылдау, жұмысқа ауысу, жұмыстан шығару жөніндегі);

8) сол адамға қатысты анықтамалар және басқа да құжаттар.

Еңбек кітапшасы- қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат. Бұл құжаттың үлгісін, жүргізу тәртібін және сақталуын ЕК (Еңбек кодексі) және басқа да нормативті актілер белгілейді. Еңбек кітапшасын жүргізу кадр бөлімінің қызметкерлері мен басшылардан үлкен жауапкершілікті қажет етеді.