Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйымдық-өкілеттік құжаттар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.04 Кб
Скачать

2.5 Ұйымдық-өкілеттік құжаттар

Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер

Кәсіпорынның құрылымыы және штат саны оның жарғысына сәйкес айқындалады және кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, лауазымдардың атауы және әрбір лауазым бойынша штат саны арнайы құжатпен бекітіледі. Ондай құжат құрылымдық бөлімшелер туралы ереже болып табылады.Ереже әрбір бөлімше үшін жеке жасалынады және онда бөлімшенің құқықтық мәртебесі, міндеттері,қызметі,құқығы, жауапкершілігі мен міндеттемелері көрсетіледі.

Мәтіннің «Жалпы ережесінде» ( кіріспеде ) бөлімшелердің бағыныштылығы, басшыны тағайындау және босату тәртібі, басшыға қойылатын біліктілік талаптар, басшы болмаған кезде оны ауыстырудың тәртібі көрсетіледі. Бөлімде құрылымдық бөлімше басшылыққа алатын құқықтық актілер аталады.

«Негізгі міндеттер » атты бөлімде аталған бөлімше қызметінің бағыты баяндалады.

«Қызметтер» бөлімінде шаруашылық қызметінің нақты түрлері көрсетіледі.

«Құқықтары мен міндеттері » бөлімінде бөлімшенің басшылық пен басқа бөлімшелерге және өзге ұйымдарға қатысты орындайтын міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруға қажетті құқықтары ашылады.

«Жауапкершілік » бөлімінде міндеттемелердің мезгілінде орындалмағаны немесе сапасыз орындалғаны үшін,яғни, берілген құқығын дұрыс пайдаланбағаны үшін бөлімше басшысын қандай, қай мөлшерде және кім жауапкершілікке тартатыны сипатталады.

«Өзара қарым-қатынас. Байланыстар » бөлімінде аталған бөлімше кіммен және қандай бағытта әрекет ететіні, кіммен бірлесіп жұмыс жасайтыны т.б. анықталады.

«Жұмысты ұйымдастыру » бөлімінде бөлімшенің жұмыс тәртібі, қызметін тексеру қалай жүзеге асатыны, оның қайта құрылуы мен таратылуы сияқты мәселелер айқындалады.

Бұл ережелерді бөлімшелердің жетекшілері, вице-президенттер жасап, оларды бірінші басшы бекітеді. Осы бекіту сатысында кәсіпорын қызметтері арасындағы жауапкершілік пен құзіреттерін бөлу нақты жүзеге асады.

Лауазымдық нұсқаулықтар

Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауыпкершілігін белгілейды.

Лауазымдық нұсқаулық еңбек қатынастарынада даулар, қақтығыстар бола қалған жағдайда қажет. Лауазымдық нұсқаулық негізінде қысметкермен еңбек келісім-шарты жасалады.

Лауазымдық нұсқаулық мәтініне ең алдымен «Жалпы ережелер» кіреді. Онда маманның қызмет аясы, оны тағайындау, ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді, біліктілік талаптары анықталады. Сондай-ақ, оның кімге бағынатыны, кімді басқаратыны айқындалады. Бөлімде маман өз жұмысында басшылыққа алуға тиіс заң актілері көрсетіледі.

« Қызметтері» бөлімі маманның қызметінің бағыттарын анықтайды.

«Лауазымдық міндеттемелері» бөліміне маманның нақты міндеттері, оның басқару процесіне қатысу түрлері (басқарады, бекітеді, даярлайды, қамтамасыз етеді, орындайды, бақылайды, т.б) санамалап көрсетіледі.

«Құқықтары» бөлімінде маманның өз міндеттемелерін орындауға қажетті құқықтары анықталады.

«Жауапкершілік» бөлімі өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейды.

«Лауазым бойынша байланыстар» бөлімінде хабар алмасу мен қызметтік өзара қатынастар шеңбері, құжаттардын жүргізілу тәртібі, т.б. белгіленеді.

Лауазымдық нұсқаулықты бөлімшенің басшысы және кәсіпорынның директоры бекітеді.