
- •Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Инженерлік-экономика» факультеті
- •Алматы, 2013ж.
- •Тақырып 3. Кездейсоқ сандарды модельдеудің конгруэнтті әдістері
- •Тақырып 4. Кездейсоқ сандарды модельдеудің қосындылау әдісі
- •Тақырып 5. Оқиғалардың толық тобын имитациялау алгоритмдері
- •Күрделі оқиғаларды имитациялау апгоритмдері
- •Тақырып 6,7. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістері
- •Тақырып 9. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістері
- •Тақырып 11. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеудің тізбектелген әдісі
- •Тақырып 14. Марков процестерін модельдеу
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Инженерлік-экономика» факультеті
«Қолданбалы информатика» кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған
«Компьютермен модельдеу негіздері» пәні бойынша
Алматы, 2013ж.
Тақырып 1. MATLAB программалау ортасын зерделеу
Бақылау нысаны: баяндама-ауызша
Тапсырманы орындауды бағалау баллы- 4б
Тақырып 2. Кездейсоқ сандарды модельдеудің қиықталған алгоритмдері
СОӨЖ тапсырма:
1. z0 = 0,4321 болсьн. z1мен z2 —ні орта шаршы алгоритмі бойынша анықтаңыз. Алгоритмнің блок-схемасын кұрыңыз.
2. z0 = 0,3437 мен z1= 0,6752 болсын. z2 мен zз-ті орта көбейтінді алгоритмі бойынша анықтаңыз. Алгоритмнің блок-схемасын құрыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: тренинг.
Әдістемелік ұсыныс: Бақылау мысалы 1. zо = 0,5556 болсын. Орта шаршы алгоритмі көмегімен базалық тізбектің 3 жаңа нақтыламаларын алыңыз.
Шешуі. zо = 0,5556 болғандықтан, k= 2.
Z0= 0,5556, Z02 = 0,3086913.6,
z1 = 0,869І, z12 = 0,75533481,
z2= 0,5334, z22= 0,28451556,
z3 = 0,4515 жәнет.с.с.
Бақылау мысалы 2. z0 = 0,5556 мен z1 = 0,8691 болсын. Орта шаршы алгоритмі көмегімен базалық тізбектің 2 жаңа нақтыламаларын алыңыз.
Шешуі.
z0 = 0,5556, zi = 0,8691, z0*z1= 0,48287196,
z2 = 0,2871, z1*z2 = 0,24951861,
z3 = 0,9518 ит.д.
Бақылау нысаны: есеп беру
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4б
Ұсынылатын әдебиет: 1нег [8-17], Знег [462-480], бқос [10-25], 8қос [19-20]
Тақырып 3. Кездейсоқ сандарды модельдеудің конгруэнтті әдістері
СОӨЖ тапсырма:
1. Шегерінділер әдісінің келесі параметрлері берілсін: а = 401, с = 201. Тізбек периоды Р = 256 шартын қанағаттандыратындай, басқа параметрлерді анықтаңыз, базалық тізбектің 5 жаңа нақтыламасын алыңыз.
2. Шегерінділер әдісінің келесі параметрлері берілсін: а = 403, с — 0. Тізбек периоды Р= 512 шартын канағаттандыратындай, басқа параметрлерді анықтаңыз, базалық тізбекгің 5 жаңа нақтыламасын алыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: тренинг.
Әдістемелік ұсыныс:
Бақылау мысалы I. Шегерінділер әдісінің келесі параметрлері берілсін: а = 397, с= 199. Тізбек периоды Р = 4 шартын қанағатгандыратындай, басқа параметрлерді анықтаңыз, базалық тізбектің 5 жаңа нақтыламасын алыңыз.
Шешуі.
Шегерінділер әдісінің толық алгоритмі көмегімен кездейсоқ сандар тізбегін модельдегенде, m-ге тең Р периодтың максималды ұзындығына келесі шарттар орындалғанда жетуге болады:
а) с және m-өзара жай сандар;
б) а - 1 саны 4-ке еселі, егер т саны да 4-ке еселі болса;
в) z0< т.
Олай болса, Р = т = 4, z*0 ретінде 4-тен аргық емес кез-келген санды алуға болады,
Мысалы z*0 =3
Сонмен а =397, с = 199, z*0 =3, т =4.
Онда z*n+1 =az*n формуласы көмегімен базалық тізбекгің 5 жаңа нактыламасын табайық:
z1* = 397 * 3 + 199 (mod4) = 1390 (mod4) = 2, z1= z1*/m=2/4=0.5
z2* = 397 * 2 + 199 (mod 4) = 993 (mod4) = 1, z2 = z2*/m=1/4=0.25
z3* = 397 * 1 + 199 (mod 4) = 596 (mod 4) = 0, z3= z3*/m=0/4=0.
z4* = 397 * 0 + 199 (mod 4) = 199 (mod 4) = 3, z4= z4*/m=3/4=0.75
z5* = 397 * 3 + 199 (mod4) = 1390 (mod 4) = 2, z5= z5* /m=2/4=0.25
және т.с:с.
Бақылау мысалы 2. Шегерінділер әдісінің келесі параметрлері берілсін: a = 397, с= 0.
Тізбек периоды Р = 2 шартын қанағаттандыратындай, басқа параметрлерді анықтаңыз. базалык тізбектің 3 жаңа нақтыламасын алыңыз.
Шешуі.
Шегерінділер әдісінің қысқартылған алгоритмі көмегімен кездейсоқ сандар тізбегін модельдегенде, т/4-ке тен Р периодтьщ максималды ұзындығына келесі шарттар орындалғанда жетуге болады:
а). z*0 кез-келген оң, тақ, бүтін сан;
б ) а =8t± 3, мұндағы t— кез-келген он бүгін сан.
Р – т/4 =2 болғандықтан, т = 4Р = 8, ал z*0 ретінде кез-келген тақ емес санды алуға болады, мысалы z*0 = 7.
Олай болса, а =397, с =0, 2_ =7, т =8.
Онда z*n+1= az*n (mod m) формуласы көмегімен базалық тізбектің 3 жаңа нақтыламаларын табайық:
z1* = 397 * 7 (mod 8) = 2779 (mod 8) = 3, z1 = z1*/m= 3/8 = 0,375,
z2* = 397 * 3 (mod 8) = 1191 (mod 8) = 7, z2 = z2*/m = 7/8 = 0,875,
z3* = 397*7 (mod) = 2779(mod8) = 3, z3 = z3*/m = 3/8 = 0,375 және т.с.с.
Бақылау нысаны: есеп беру
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4б
Ұсынылатын әдебиет: 1нег [8-17], Знег [462-480], бқос [10-25], 8қос [19-20]