
- •Мазмұны
- •1 Тарау. Жалпы фармакология...............................................................11
- •2 Тарау. Жалпы рецептура.....................................................................32
- •3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер...............48
- •4 Тарау. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер. Холинорецепторларға әсер ететін дәрілер
- •5 Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер
- •6 Тарау. Жалпы медиаторлық әсерлі дәрілер.................................137
- •7 Тарау. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті........................157
- •8 Тарау. Гамқ (гамма-аминомайлы қышқылы) рецепторларына
- •9 Тарау. Ауыруды басатын дәрілер................................................224
- •11 Тарау. Иммунотропты дәрілер..........................................................292
- •«Фармакология» анықтамасы
- •Фармакология тарихы
- •Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты
- •1 Тарау. Жалпы фармакология.
- •Фармакокинетикалық кезең
- •Дәрілердің енгізілу жолдары
- •1.1.2. Дәрілердің сіңірілуі
- •1.1.3. Дәрілердің таралуы
- •1.1.4. Дәрілердің өзгеруі
- •1.1.5. Дәрілердің шығарылуы (экскреция)
- •Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері
- •Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер.
- •Фармакодинамикалық кезең
- •Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс
- •1.3.1. Сурет Дәрі мен жүктілік
- •1.4. Дәрілердің негізгі ықпалдары
- •1.5. Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі
- •1.6. Фармацевтикалық кезең
- •1. Дәріні қайта енгізген кездегі оған сезімталдықтың төмендеуі:
- •3. Егер дәрілер бір бірінің әсерін күшейтсе, онда олар:
- •13. “Аффинитет” – бұл:
- •15. «Биотрансформация» дегеніміз:
- •17. «А» тізіміне жататын дәрілер:
- •18. Дәріге тәуелділік – бұл:
- •19. Рецептор – бұл:
- •2. Тарау Жалпы рецептура
- •2.1. Қатты дәрілік түрлер
- •2.2. Жұмсақ дәрілік түрлер
- •2.3. Сұйық дәрілік түрлер.
- •2.4. Егуге арналған дәрілік түрлер
- •2.5.Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер.
- •7. Наркотикалық және соларға теңестірілген дәрілерге рецептті жазудың ерекшеліктері:
- •8. Флакон түріндегі шығатын мөлшерленген дәріге жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:
- •9. Суспензия – бұл:
- •10. Драже – бұл:
- •11. Драженің мөлшерленген түріне жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:
- •12. Рецепт – бұл дәрігердің жазбаша жүгінуі:
- •13. Галенді дәрілік түрге жататын препараттарды көрсетіңіз:
- •14. Мөлшерленген дәрілік түрді көрсетіңіз:
- •15. Ерітінді деп келесі жолмен алынған сұйық дәрілік түрді айтады:
- •Жеке фармакология
- •І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер.
- •3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Жергілікті жансыздандырушылар
- •3.1.1. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (кокаин, бензокаин, тетракаин, лидокаин, бумекаин)
- •3.1.2. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (прокаин, лидокаин, бупивакаин, тримекаин)
- •3.1.3. Өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (прокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаин, артикаин)
- •Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.
- •3.2.2. Қармаушы дәрілер
- •3.2.4. Тітіркендіргіш дәрілер
- •«Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •4 Тарау. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер Холинорецепторларға (холинергиялық) әсер ететін дәрілер
- •4.1. Антихолинэстеразды дәрілер
- •4.1.1 Кесте. Антихолинэстеразды дәрілермен жедел улану (прозерин, фоқ).
- •4.5. Ганглиотежегіштер
- •4.6. Миорелаксанттар
- •«Холинорецепторларға әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестілік тапсырмалар.
- •8. Антихолинэстеразды заттарға жатады:
- •10. Неостигмин метилсульфатының жанама әсерлері:
- •12. Атропиннің қолдану көрсеткіштері:
- •5 Тарау. Адренорецепторларға (адренергиялық заттар) әсер ететін
- •5.1. Адреномиметиктер
- •5.2. Адренотежегіштер
- •Симпатомиметикалық және симпатолитикалық дәрілер
- •Симпатомиметикалық дәрілер
- •5.3.2. Симпатолитикалық дәрілер
- •«Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
- •Іі бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •6 Тарау. Жалпы медиаторлық әсері дәрілер (дофаминді, серотонинді және пкринергиялық рецепторлар)
- •6.1. Дофаминергиялық дәрілер
- •6.2. Серотонинергиялық дәрілер
- •6.3. Пуринергиялық дәрілер
- •7 Тарау. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті
- •7.1. Наркозға арналған дәрілер
- •7.1.1. Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер
- •7.1.2 Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер
- •7.2. Этил спирті
- •«Наркозға арналған заттар мен этил спирті» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •8 Тарау. Гамқ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер
- •8.1.Ұйықтататын дәрілер
- •8.1.1. Гамқ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері
- •8.1.2. Наркотикалық типті әсері бар ұйықтататын дәрілер
- •8.1.3. Әр түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер
- •8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер
- •8.2.1.Үлкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер
- •8.2.2. Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер
- •8.2.3. Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер
- •8.2.4. Миаклонуста қолданылатын дәрілер
- •8.2.5. Қояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер
- •8. 3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер
- •8.3.1. Холинергиялық дәрілер
- •8.3.2. Дофаминергиялық дәрілер
- •«Гамқ-рецепторларына әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •9 Тарау. Ауыруды басатын дәрілер
- •Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
- •9.1. Орталыққа әсер ететін наркотикалық (опиоидтық) ауыруды басатын дәрілер
- •9.1.1. Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері
- •9.1.2. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері
- •9.1.3. Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері
- •9.1.4. Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері
- •9.2. Орталыққа әсері ететін наркотикалық емес ауыруды басатын дәрілер
- •9.2.1. Қызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер
- •9.2.2. Ауырсынуды басатын ықпал әсері бар әртүрлі топтағы дәрілер
- •9.2.3. Әсер ету механизмі аралас ауыруды басатын дәрілер
- •9.3. Шетке әсер ететін ауыруды басатын дәрілер (стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер)
- •9. «Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
- •Ііі бөлім. Қабынуды тежейтін және иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер
- •10 Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер
- •10.1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер
- •10.1.1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының табиғи гормондары
- •10.1.2. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары
- •10.1.3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары
- •10.1.4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
- •10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
- •10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері
- •10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы
- •10.2.1 Пиразолидин туындысы
- •10.2.1.3. Индол сірке қышқылының туындысы
- •10.2.1.4. Фенил сірке қышқылының туындысы
- •10.2.1.5. Оксикам туындысы
- •10.2.1.6. Пропион қышқылының туындысы
- •10.2.2. Стреоидты емес қабынуға қарсы – қышқылдық емес топтар
- •10.2.2.1 Алканон туындысы
- •10.2.2.2. Сульфонамид туындысы
- •10.3. Әртүрлі топтардағы қабынуға қарсы дәрілер
- •10.3.1. Алтын препараттары
- •10.3.2. Жиынақ түзеуші қосылыстар
- •10.3.3. Безгекке қарсы дәрілер Хлорохин, гидроксихлорохин (Безгекке қарсы дәрілер 2-ші бөлімді қара)
- •11 Тарау. Иммунотропты дәрілер
- •11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер
- •11.1.1. Цитостатикалық дәрілер
- •11.1.2. Глюкокортикоидтар
- •Антибиотиктер
- •Антиденелер препараттары
- •Иммунды белсендіруші дәрілер
- •11.2.1. Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері
- •11.2.2. Жасанды препараттар
- •Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері
- •Интерферондар (ифн)
- •Интерферонның индукторлары (интерфероногендер)
- •Интерлейкиндер
- •11.2.7. Иммуноглобулин препараттары
- •11.3. Аллергияға қарсы дәрілер
- •11.3.1. Гистаминге қарсы дәрілер
- •11.3.2. Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер
- •11.3.3. Глюкокортикоидтар (10.1. Стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тақырыбын қарау)
- •11.3.4. Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер
- •«Иммунотропты дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •18. Антигистаминдік заттарды қолданады:
- •20. Аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын препаратты көрсетіңіз:
- •Пәндік көрсеткіш
10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері
10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы
Ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetysalicylicum), аспирин. Ацетилсалицил қышқылы қабыну ошағындағы жүріп жатқан үрдістерге әсер етеді: капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді, гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну ошағының үрдісін энергетикалық қамтамасыз етуін шектейді. Қабынуға қарсы әсер ету механизмінің негізіне простогландин биосинтезін баяулату жатады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру сезімін басатын және қызуды басатын дәрі ретінде (қызбамен жүретін ауруларда, бас ауыру, бас сақинасы, невралгияда және т.б.) күніне 0,25-0,5-1 г 3-4 рет; балаларға жасына сай 0,1 -ден 0,3 г дейін бір реттік мөлшерде тағайындайды. Ревматизм, инфекционно-аллергиялық миокардитте, ревматоидты полиартритте ересектерге ұзақ уақыт тәулігіне 2-3 г (кейде 4 г), ал балаларға туған жыл санына тәулігіне 0,2 г тағайындайды. 1 жастағы балаларға бір реттік мөлшері 0,05 г, 2 жасқа — 0,1 г, 3 жасқа — 0,15 г, 4 жасқа — 0,2 г. 5 жастан бастап 0,25 г таблеткадан тағайындауға болады.
Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кетулер, портальді гипертензия, қан айналымның бұзылуы, бронх демікпесі, бауыр және бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары.
Жанама әсері. Ульцерогенді әсері. Асқазан ішектік қан кетулер, бронхоспазм, естудің төмендеуі, нефротикалық синдром, аллергиялық реакция, ұзақ уақыт қолданғанда қаназдыққа, лейкопенияға, тромбоцитопенияға әкеледі.
Шығарылу түрі. 50, 75, 100, 250, 300, 325 және 500 мг таблеткалар N.10, 20, 100 және 100 мг балалар үшін N.10; 50, 100, 300 және 325 мг ішекте еритін таблеткалар N.10, 20; 25, 330, 350 және 500 мг шайнауға арналған таблеткалар N.10, 16, 20, 100 және балаларға арналған 81 мг таблеткалар N.36; 100г ішке қолдануға арналған қораптағы ұнтақтар.
Рецепт үлгісі. Rp.: Acidi acetysalicylici 0,1
D.t.d. N.10
S. Қораптың құрамындағы ұнтақты 100мл суға ерітіп, күніне 2 – 3 рет
#
10.2.1 Пиразолидин туындысы
Фенилбутазон (Phenylbutazonum), бутадион. Фенилбутазон –ауыруды басатын, қабынуға қарсы және қызуды түсіруші дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматизм, инфекциялық өзіндік емес полиартрит (бірнеше буынның қабынуы), Бехтерев ауруы, түйінді эритема (терінің шектеулі қызаруы), кіші хорея (бас миының ревматикалық зақымдануымен туындаған ауру) және т.б. Ішке 0,1-0,15 г–нан тәулігене 2-3-4 реттен.
Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы, қантүзуші ағзалардың ауруы, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ-ІІІ сатысы, артмиялар (жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы).
Жанама әсері. Жүректің айнуы, асқазан тұсының ауыруы (шырышты қабаттың жаралануы мүмкін), тері бөртпелері, невриттер (жүйкенің қабынуы), қаназдық (қан құрамында гемоглобиннің төмендеуі), гематурия (зәрдегі қан) және т.б.
Шығарылу түрі. Балаларға арналған 30 және 50 мг таблеткалар және ересектерге арналған 150 мг таблеткалар N.10; 5% 20 г тубадағы жағынды.