
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практика/ семинар сабақтарының мазмұны
- •Зертханалық сабақтардың мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.5. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3 Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітемін»
Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы _______________________
"___"_____________2013 ж
Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар»
Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»
Оқу түрі: Күндізгі
Курсы: 3
Семестр: 6
Берілген кредит саны: 4
Оның ішінде:
Лекция - 20 сағат
практикалық сабақ - 20 сағат
Зертханалық – 40 сағат
БАОӨЖ - 20 сағат
Оқытушылар: Айтманбетова Р.К.
Досмаилов А.Б.
Баймаханова А.А.
Қызылорда, 2013 жыл
Пән бағдарламасы «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде жасалды. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда 2013 ж.
Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған: аға оқытушы Айтманбетова Р.К., оқытушылар Досмаилов А.Б., Баймаханова А.А.
Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №____ «_____»____________2013 жыл
Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к, Аймағамбетова А.Д ______________
Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) «1С:Бухгалтерия» пәні бойынша «Тарих, құқық және экономика» институтының жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.
хаттама № ___ ''____'' ___________ 2013ж.
Комитет төрағасының міндетін атқарушы:________________Ибраев У.С.
Пәннің оқу бағдарламасы
1. Пән туралы мәліметтер. Нарықтық экономиканың қатаң талаптарының бірі - экономикалық кадрларды кәсіптік оқыту және дайындау жүйесінің нарық талаптары мен заңдылығына сәйкес болуында. Сондықтан бұл мамандарды дайындау процесі осы талаптарға сай пәндер бойынша білімдердің қажетті мөлшерде алынуын қамтамасыз етуі қажет. «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» - бұл қолданулуы мүмкіндігі кең спектрлі шағын кәсіпорындардан бастап өте ірі кәсіпорындарға дейін, өндірістік, өндірістік емес, құрылыс, сауда- әр түрлі жұмыс саласына бағытталған әмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Берілген курс «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Қаржылық есеп 1» және тағы басқа жетекші пәндермен тығыз байланысты. Болашақтағы мамандар үшін барлық теориялық білім мен тәжірибесінің жиынтығын беру курстың мақсаты және міндеттерімен анықталады.
2. Пререквизиттер. Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп 1
3. Постреквизиттер. Мұнай саласындағы бухгалтерлік есеп, Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп.
4. Пәннің қысқаша мазмұны. «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» пәнін оқыту мақсаты - студенттердің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуын, жұмыс істеу дағдыларын үйренуін қамтамасыз ету және жүйелік ойлау қабілетін дамыту, өмірлік көзқарасын қалыптастыру. «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» арнайы курсы студенттерді бухгалтерлік есептің түрлі бөлімдерінде компьютерді қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады. Пәннің негізгі міндеттері:
шаруашылық операцияларының уақтылы есепке алынуын автоматтандыру;
студенттерді қазіргі заманғы озық әмбебап бағдарламаның құрылымымен таныстыру және олардың осы бағдарламамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
барлық құжаттардың бағдарламаға енгізілуін бақылау;
бухгалтер жұмысын барынша автоматтандыру.