Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать
    1. Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне өнімді өндіру мен өткізу ассортименті мен құрылымы елеулі әсер етеді. Өндірілетін өнімнің ассортименті мен оның құрылымын анықтауда нарықтағы сұраныс пен кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін, яғни қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді етіп пайдалану жағдайын есепке алу қажет.

Ассортимент – әрбір түрі бойынша шығарылған көлемі көрсетілген өнім атауларының тізімі. Ал өнім ассортиментінің құрылымы – бұл кәсіпорынның жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір өнім атауының өндіріс көлемінің үлесі.

Өнім ассортиментін талдау ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалаудан басталады. Номенклатура бойынша жоспардың орындалуын бағалау номенклатурадағы өнімнің негізгі түрлері бойынша олардың жоспарлы және нақты өндіру көлемдерін салыстыруға негізделеді.

Номенклатура – бұл коды көрсетілген бұйымдар атауының тізімі.

Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау төмендегі үш әдіс бойынша жүзеге асырылады: 1) ең аз пайыз әдісі бойынша; 2) бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі орындалған өнім өндіру жоспарының үлес салмағын анықтау; 3) ассортименті бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеу.

Ассортимент бойынша жоспардың орындалу деңгейінің көрсеткіші ретінде жоспардың орындалу коэффициенті қолданылады.

Жоспардың орындалу коэффициенті ассортименті бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған нақты өндіріс көлемін жалпы жоспарланған өндіріс көлеміне бөлу арқылы анықталады. Мұнда жоспардан артық өндірілген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеуге қосылмайды. Ассортименті бойынша жоспардың орындалуын қарастырамыз.

3.3-мысал:

Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау

Өнім атауы

Өнім өндіру көлемі, мың теңге

Жоспардың орындалуы, %

Ассортименті бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған өнім көлемі, мың теңге

Жоспар

Нақты

Ж

Н

(Н/Ж)*100

Егер Ж> Н болса, онда Н

Егер Н Ж болса, онда Ж

А

1 000

950

95

950

Ә

600

630

105

600

Б

700

790

112,86

700

Барлығы

2 300

2 370

103,04

2 250

Кестеде көрсетілген мәліметтерге қарап мынадай түйін жасауға болады: ең аз пайыз әдісі бойынша өнім ассортиментіне қарай жоспар 95 пайызға орындалған (мұнда өнімнің жекелеген түрлерінің өндірілу жоспарының ең аз орындалған пайызы алынады). Ал бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі орындалған өнім өндіру жоспарының үлес салмағы бойынша жоспар шамамен 60 пайызға орындалған.

Енді өнім ассортименті бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеу үшін ассортимент бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған нақты өндіріс көлемін жалпы жоспарлы өндіріс көлеміне бөлеміз:

(3.5)

Демек өнім ассортименті бойынша жоспар 97,82 пайызға орындалған.

Сонымен қатар жекелеген өнім түрлері үлесінің абсолютті ауытқуларын анықтап, есепті кезеңдегі өнім ассортиментінің құрылымын өткен кезеңдердегі ассортимент құрылымымен салыстыру қажет. Өнім ассортиментінің құрылымын талдау соңғы жылдардағы өнім ассортиментіндегі құрылымдық ілгерілеулерді анықтауға мүмкіндік береді. Ассортимент құрылымының өзгерісі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық көрсеткіштеріне, атап айтсақ өнімді өндіру мен өткізу көлеміне, материал сыйымдылығына, өзіндік құнға, пайда мен рентабельділік деңгейіне әсер етеді. Өндірілетін өнім ассортименті құрылымының әсерін тізбекті алмастыру әдісімен есептеуге болады.

Сондай-ақ өнім ассортиментінің құрылымын талдау үшін АВС-талдау әдісі кеңінен қолданылады. ABC-талдау – бұл кәсіпорынның ресурстарын маңыздылығына қарай дәрежесі бойынша жіктеуге мүмкіндік беретін әдіс.

АВС-талдау әдісін жүргізудің негізгі кезеңдеріне мыналар жатады:

  1. Талдау жүргізу үшін көрсеткіштерді таңдау. мұнда өнімді өткізу көлемі, пайда, шығындар сомасы және т.б. көрсеткіштер алынады.

  2. Таңдап алынған көрсеткішті өнімнің әрбір атауы бойынша есептеу.

  3. Көрсеткіштің жалпы сомасын есептеп шығару. Көрсеткіштің жалпы сомасы 100 пайыз деп алынады.

  4. Өнімнің әрбір атауы үшін жалпы сомадағы (пайыздағы) оның көрсеткішінің салыстырмалы үлесі анықталады. Барлық салыстырмалы үлестер сомасы 100 пайызға тең болады.

  5. Тауарлар үлестеріне қарай азаю тәртібімен сараланады.

  6. Сараланған қатардағы тауарлардың салыстырмалы үлестері сараланған қатардағы бірінші тауардан бастап өсу нәтижесі бойынша қосылады.

  7. Тауарларды А, В және С топтары бойынша бөлу. 75% үлес сомасын құрайтын барлық тауарлар А тобына жатады. Егер тауарлар үлесі 75-95% аралығын құраса, онда В тобына жатады. Ал бұл топтарға жатпайтын барлық тауарлар С тобын құрайды.

  8. Өнім ассортиментін оңтайлы етіп құруға және оларға өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасау. А тобының тауарларын ассортиментте сақтап қалу қажет, өйткені олардың таңдап алынған көрсеткішті қалыптастыруда маңызы өте зор. В тобының тауарларын басқа көрсеткіштер бойынша талдауға ұсыныс жасалады. Ал С тобының тауарларын ассортменттен алып тастау жағдайы қарастырылады.

АВС-талдау әдісін қолдану үдерісін мысалмен қарастырамыз.

3.4-мысал:

АВС-талдау әдісін жүргізу үшін қажетті мәліметтер

Бұйым нөмірі

Өткізу көлемі, млн. теңге

Үлесі, %

Тауардың реттік нөмірі

1

200

12,7

4

2

50

3,2

7

3

290

18,4

3

4

450

28,6

1

5

80

5,1

5

6

60

3,8

6

7

400

25,4

2

8

45

2,8

8

Барлығы

1575

100

Енді тауарларды А, В және С топтарына жіктейміз.

АВС-талдаудың нәтижелері

Тауар дәрежесі

Үлесі, %

Тауардың атауы

Жалпы сомалық үлесі, %

Топ

1

28,6

4

28,6

А тобы

2

25,4

7

54

3

18,4

3

72,4

4

12,7

1

85,1

В тобы

5

5,1

5

90,2

6

3,8

6

94

7

3,2

2

97,2

С тобы

А тобына жататын тауардың 4,7,3 атаулары өнімді өткізудің жалпы көлеміне елеулі үлес қосады. Оларды ассортиментте сақтау қажет. Ал В тобындағы тауардың 1,5,6 атаулары өнімді өткізу көлеміне айтарлықтай үлес қоспайды, бірақ бұл тауарларды пайда тұрғысынан қайтадан талдауға болады (бұл жағдайда көрсеткіш ретінде өнімді өткізу көлемі емес, пайда алынады). С тобындағы тауарды кәсіпорын өнімінің ассортиментінен шығарып тастау қажет.