Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 кур ЭА ко.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

5.6 Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/ жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қорытынды жұмысты (шағын жоба) жазу үшін келесі негізгі мәліметтер көзі қолданылады:

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша мамандандырылған экономистерді дайындаудың басты шарты зерттеу жұмысын орындауды ұйымдастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау мен кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауда таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді оқуда, зерттеу жұмыс жоспарын құруда және оны жазуда студенттерге көмек көрсету мақсатында беріледі.

Өзіндік жұмысының мақсаты – бәсекелестік экономика жағдайында шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметін жетілдіруге, шаруашылықтың қаржылық-шаруашылық жағдайын басқару және өзінің ұйымдастыру бойынша білімін тереңдетіп және кеңейтуге мүмкіндік береді

1. Өзіндік жұмысын орындауға келесі міндеттер қойылады:

- мамандық бойынша теориялық білімін кеңейту және нағыз қаржы – экономикалық міндеттерді қарауда қолданылатын тәжірибе қабілеттілігін бекіту;

- өзіндік жұмысты дамыту қабілеттілігі мен берілген мәселені шешуде зерттеу әдістемесін үйрену;

- нарық талабына байланысты проблемаларды қоюды үйрену және оны басқаруды ұйымдастырудың әртүрлі тәжірибелік жағынан зерттеу.

2. Өзіндік жұмысына қойлатын негізгі талаптар:

- өзіндік жұмысының теориялық сұрақтарын зерттелетін мәселе бойынша Қазақстан Респбуликасының заңдарын және нормативтік актілерін, статистикалық жинақтар мәліметтерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ұйымдарға есеп беру материалдарын пайдалана отырып, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен байланыстыру қажет;

- алынған білімді және жұмыс нәтижесін мазмұндау сауатты және логикалық жүйеде болуы қажет. Аналитикалық кестелер мен есептердің сандық мәліметтерін белгілі бір талдаумен, жалпылаумен және қорытындылармен жүйелеу қаже;

- кәсіпорынның нақты материалдарын талдауға арналаған, яғни есептеу талдау бөлігін қамтитын тарау теориялық тарау болуы қажет;

- өзіндік жұмысында пайдаланылатын әдебиеттер тізімін дұрыс безендіру керек. Статистикалық және экономист-ғалымдардың материалдарын пайдаланудың барлық жағдайына оларды жариялау көздерін, еңбектің аты, баспасы, басылған жылы мен орны, бетімен сілтеме жасалуы талап етіледі.

- орындалған өзіндік жұмысы А4 форматына компьютерде теріліп жазылады. Оның көлемі тақырыптың ауқымдылығына қарай 15-20 бет болуы қажет. Әр парақта оң жағы-10 мм, сол жағы-30 мм, жоғары-25 мм, төменгі-20 мм болуы шарт. Титульдық бет пен мазмұнына және кіріспенің алғашқы бетіне реттік номер қойылмайды.

«Кәсіпорында өндіріс ресурстарын пайдалануды талдау» тақырыбындағы шағын жобаны орындауда үлгі жоспары Мазмұны

Шағын жобаның түсіндірмесі

Шағын жобаның негізгі бөлімдері

1. Өндіріс ресурстарының экономикалық мәні мен ролі

2. Кәсіпорында өндіріс ресурстарының динамикалық өзгерісін талдау

3. Өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу мен бағалау

4. Өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздестіру

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Шағын жобаның түсіндірмесінде студент қарастыратын шағын жобаныңмазмұны ашылады. Зерттеу жүргізіп отырған шаруашылық субъектісінің ұйымдастыру-құқықтық формасы, ұйымның экономикалық жағдайы сипатталады.

Шағын жобаның негізгі бөлімінде тақырыпты зерттеу барысында қаржылық талдау әдістері мен тәсілдері қолданылып, жекелеген көрсеткіштерге талдау жасалады. Тақырып толық қарастырылуы қажет. Сол тақырып бойынша қаржылық талдаудың негізгі критерийлері мен категорияларын сақтай отырып өз ойын толық жеткізе білу. Көрсеткіштердің өзгеріс себептеріне әсер ететін факторларды анықтап, оның экономикалық мәнін түсіндіру және қарастырылған сұрақтардың оң және теріс көзқарастарына баға беру.

Қорытынды шағын жобада қарастырылған нақты сұрақтар бойынша қорытындылар беріліп, талдау нәтижесі негізінде ұсыныстар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде тақырып бойынша қолданылға нормативті құжаттар, негізгі әдебиеттер тізімі қамтылады.

6. 1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары.

1. Экономикалық талдау түрлері

2. Экономикалық талдау пәні

3. Экономикалық талдау пәнінің негізгі міндеттері

4. Талдауда қолданылатын негізгі әдістер

5. Талдауды қолдану сферасы

6. Абсолютті айырмашылықты талдау әдісі

7. салыстырмалы айырмашылықты талдау әдісі

8. Резервтер түсінігі

9. Резервтердің түрлері

10. резервтерді есептеу принциптері

11. Қаржылық есеп құжаттары және оның түрлері

12. Бухгалтерлік баланс

13. Ақша қаражаттарының қалыптасу көздері

14. Меншікті капиталдың өзгерісі туралы түсінік

15. Кәсіпорынның табыстары мен шығыстары

16. Табыстылықтың бірінші абсолюттік көрсеткіші

17. Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші

18. Жалпы табыс түсінігі

19. Кәсіпорын рентабельділігін есептеу

20. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері және оның түрлері

21. Активтердің табыстылығы

22. Ағымдық активтердің табыстылығы

23. Меншікті капиталдың табыстылығы

24. Сату рентабельділігі

25. Сатудан түскен табыста таза табыстың үлесі

26. Ағымдық активтерге не жатады?

27. Ұзақ мерзімді активтер түсінігі

28. Негізгі құралдар қай активке жатады?

29. Тауар лицензиясы қай активке жатады?

30. Барлық активте ағымдық активтің үлесін есептеу

31. Өндіріс нәтижесіне байланысты резервтердің түрі

32. Уақыт белгісі бойынша резервтер

33. Абсолютті өтімділік коэффициент

34. Аралық өтімділік коэффициент

35. Жалпы өтімділік коэффициент

36. Тәуелділік коэффициенті

37. Тәуелсіздік коэффициенті

38. Қаржыландыру коэффициенті

39. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

40. Меншікті айналыс капиталын анықтау

41. Қысқа мерзімді міндеттемелер

42. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

43. Кәсіпорынның қаржыландыру көздері

44. Кәсіпорынның мүліктік жағдайы

45. Баланстың жасалуына қарай түрлері

46. Баланстың абсолютті өтімділігі қай уақытта қалыптасады?

47. Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы қай уақытта қалыптасады?

48. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау ықтималдылығы

49. Банкротқа ұшыраудың объективті себептері

50. Банкротқа ұшыраудың субъективті себептері

51. Материалдар қай активке жатады?

52. Материалдық емес активтер қай активке жатады?

53. Дайын өнім қай активке және қай шотта жүргізіледі?

54. Аяқталмаған өндіріс қай активке жатады және қай шотта есепке алынады?

55. Кәсіпорын активі неге тең? (А=МК+М)

56. Меншікті капитал неге тең? (МК=А-М)

57. Кәсіпорынның өндірістік потенциалы неге тең?

58. Бухгалтерлік баланстың мақсаттары мен міндеттері

59. Қиын өткізілетін активтерге не жатады?

60. Баяу өткізілетін активтерге не жатады?

7.2-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары.

1. Маржиналды табыс туралы түсінік

2. Маржиналды табысты есептеу

3. Шығын, өндіріс және өткізу арасындағы байланыс

4. Жалпы пайданың маржасы неге тең?

5. Жалпы өнім түсінігі

6. Тауарлы өнім түсінігі

7. Тауарлылық деңгей

8. Өнім ассортименті мен құрылымын талдау

9. Өнім бірлігінің бағасын есептеу

10. Өнім өндірісінің ырғақтылығы

11. Негізгі капитал түсінігі

12. Айналстағы капитал түсінігі

13. Дебиторлық қарыздардың қалыптасуы

14. Дебиторлық қарыздардың айналыс ұзақтылығы

15. Дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті

16. Ағымдық активтерде дебиторлық қарыздар үлесін анықтау

17. Капиталдың интенсивтілік көрсеткіштері

18. Шығындардың құрылымы мен құрамын талдау

19. Шығындарды баптары бойынша жіктеу

20. Шығындарды элементтері бойынша жіктеу

21. Тікелей шығынға не жатады?

23. Жанама шығынға қандай шығындар жатады?

24. Өнімнің бірлігіне есептелген шығын

25. Материалдық шығынға қандай шығын жатады?

26. Отын, энергия және материалдық шығындар қандай шығынға жатады?

27. Негізгі құралдар дегеніміз не?

28. Негізгі құралдарға не жатады?

29. Қор қайтарымы

30. Қор сыйымдылығы

31. Қормен қамтамасыз ету

32. Қормен жарақтандыру

33. Қор рентабельділігі

34. Қор қайтарымына әсер ететін факторлар

35. Материал қайтарымдылығы

36. Материал сыйымдылығы

37. Материалдық ресурстар қай шотта жүргізіледі

38. Материалдық ресурстар қай активке жатады?

39. Еңбек ресурсы түсінігі

40. Еңбек ресурсын құрамы мен құрылымы бойынша талдау

41. Еңбек өнімділігі

42. Еңбек өнімділгіне әсер ететін факторлар

43. Жұмыс уақыты қоры

44. Күндік өнімділік

45. Сағаттық өнімділік

46. Айлық орташа еңбекақыны есептеу

47. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар

48. Зейнетақы аударымдарын есептеу

49. Жеке табыс салығын есептеу

50. Номиналды жұмыс уақыты

51. Календарлы жұмыс уақыты

52. Жұмыста болу уақыты

53. Жұмыс уақыты қорын төмендету жолдары

54. Маркетингтік қызметтің мәні

55. Өнім сұранысы

56. Тапсырыс портфелі

57. Өнімді өткізу нарығын талдау

58. Маркетингтік сыртқы орта

59. Маркетингтік ішкі орта

60. Өнімді өткізу шығындарын факторлық талдау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]