Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 кур ЭА ко.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

«Бекітемін»

Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары

комитетінің төрағасы

______________

«____»________2013 ж.

«Экономикалық талдау» пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)

Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»

Қызылорда 2013 жыл

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті әзірлеген 2010 жылы 25 маусым № 1 хаттама типтік бағдрлама негізінде жасалды

Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған:

аға оқытушы, статистика магистрі Оспанова Гульпат Айбасовна

Оқытушы, экономика магистрі Досмаилов Азат Бахытбекович

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №__1__ «__28___»_______08_____2013 жыл

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к ________________ А.Д.Аймағамбетова

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) институттың жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама №__1__ «___29__»_______08_____2013 жыл

«Тарих,құқық және экономика» институты директоры э. ғ.к. ___________Дүзелбаева Г.Б.

1. Негізгі мәліметтер

Институт

Тарих, құқық және экономика

Мамандық (шифры, аты)

5В050800 «Есеп және аудит»

Курс, семестр

2 курс 4 семестр

Пән статусы (міндетті, таңдау)

таңдау

Пән коды

ET 3302

Кредит саны

2

Сабақ өтетін дәрісхана

429

Оқытушылар

Оспанова Гульпат Айбасовна- аға оқытушы, магистр

87242-25-32-22

gulpat73@mail.ru

кеңес беру уақыты: Сейсенбі 10.00-11.00

Бейсенбі 10.00-11.00

Досмаилов Азат Бахытбекович-оқытушы, магистр

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Экономикалық теория, Статистика

Постреквизиттер

Коммерциялық банктегі қаржылық талдау

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Сапалы кадрларды дайындау нарық талабынан туындап отыр. Сондықтан да жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық студенттеріне еліміздегі экономиканың дамуы мен келешектегі бағыттары жөнінде экономикалық теория, менеджмент, маркетинг және өндірістік экономика пәндерінен толық мағұлыматтар беріледі. Осы пәндердің негізіне сүйене отырып мекемелер мен ұйымдардың өндірістік-қаржылық қызметтеріне талдау жүргізіледі.

Экономикалық талдау пәні кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, төлеу қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін анықтаумен қатар, оны сауықтырудың негізгі жолдарын және кәсіпорынның өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын да қарасытырады.

Лекциялық курста кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оған әсер ететін факторларды талдауда негізгі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Практикалық сабақта нақты кәсіпорынның көрсеткіштерін, өзгерістеріне талдау жүргізіледі.

Міндеттері

«Экономикалық талдау» пәні кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды сипаты, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін талдау жүргізіледі.

Курсты оқыту барысында кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибе жиынтығын береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында болжамдар жасауға икемдейді. Кәсіпорындағы өндірістік ресурстар және оларды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру, зерттеу барысында әдістерді қолдану ерекшеліктерін меңгеруді ұсынады.

4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

Жалпы сағаты

Академиялық сағат саны

Дәріс

Практикалық/ семинар

Зертханалық

БАОӨЖ

БАӨЖ

90

15

15

-

10

50

Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

Тақырып 1. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны.

1 сағат

1.Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні және талдау объектісі

2.Экономикалық талдаудың міндеттері

3.Экономикалық талдау түрлерін жіктеу

Тақырып 2. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. 1 сағат

1.Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі және оның сипаттамалық ерекшеліктері

2.Экономикалық талдау әдістері және оның мәні

Tақырып 3. Факторлық талдау. 1 сағат

1.Факторлық талдаудың мәні

2.Детерминдік және стохастикалық әдістердегі факторларды жүйелендірудің негізгі тәсілдері

Tақырып 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі. 1 сағат

1.Қаржылық коэффициенттер.

2.Өтімділік, төлемқабілеттілік, табыстылық, рентабельділік пен нарықтық белсенділік көрсеткіштері

3.Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.

4.Табыстылық пен пайдалылық коэффициенттері.

5.Нарық белсенділігінің көрсеткіштері.

Тақырып 5. Басқарушылық талдаудың негізі. 1 сағат

1.Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті, ролі және кезеңдері

2.Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері

3.Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс

Тақырып 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау. 1 сағат

1.Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.

2.Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау

3.Сұралмаған өнім тәуекелділігін бағалау

4.Өнімді жабдықтау нарығын талдау. Баға саясатын талдау

5.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Тақырып 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау. 1 сағат

1.Өнімнің көлемі мен ассортиментін талдау.

2.Өнімнің құрылымын талдау.

3. Өнімнің сапасын талдау.

4.Өндіріс ырғақтылығын талдау.

5.Өнімді сатуды талдау.

Тақырып 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау. 1 сағат

1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.

2.Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.

3.Еңбек өнімділігін талдау.

4.Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау

5.Өндірістің негізгі құралдармен қамтамасыз етілгендігін талдау

6.Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігі мен қарқындылығын талдау

7.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

8.Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау.

Тақырып 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау. 1 сағат

1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы және міндеттері. Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымы.

2.Экономикалық элементтер бойынша, өнімді өткізу мен өндіріске кеткен шығындарды талдау.

3.Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша, өнімнің өзіндік құнын талдау. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау.

4.Өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістері мен өіндік құнды төмендету резервтері

Тақырып 10. Қаржылық талдаудың негізі. 1 сағат

1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті. Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың рөлі.

2.Қаржылық және басқарушылық талдаудың өзара байланысы.

3.Қаржылық талдау әдістері.

Тақырып 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау. 1 сағат

1.Аналитикалық процедураларға сипаттама.

2.Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау

3.Балансты тікелей және көлденең талдау. Салыстырмалы талдамалық баланс.

Тақырып 12. Баланс өтімділігін талдау. 1 сағат

1.Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігінің экономикалық мазмұны.

2.Өтімділіктің абсолютті көрсеткіштері. Ағымдағы төлем қабілеттілік. Перспективті төлем қабілеттілік.

3.Өтімділіктің қатысты көрсеткіштері. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің серпінін экономикалық түсіндіру.

Тақырып 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау. 1 сағат

1.Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері.

2.Қаржылық тұрақтылықтың салыстырмалы көрсеткіштері мен оларды талдау.

3.Баланстың қанағаттандырылмаған құрылымын бағалау (ішкі және сыртқы) белгілерінің жиынтығы.

4.Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау.

Тақырып 14. Ақша ағынын талдау. 1 сағат

1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.

2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты

3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті қалыптастырудың тура және жанама әдістері, олардың жетістіктері мен жетіспеушіліктері

Тақырып 15. Компанияның табыстылығын талдау. 1 сағат

1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау.

2.Табыстар мен шығыстардың экономикалық мәні және кәсіпорын үшін оның маңызы

3.Пайда көрсеткіштерін талдау

4.Рентабельділік көрсеткіштерін талда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]