
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша
- •5В011600 - «География» - мамандығына арналған
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән : «Экономикалық – географиялық мәселелер»,
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 «Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша тапсырмалар орындау, тапсыру графигі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы
- •1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтардың тезистары
- •1998 Жыл (ақш доллары)
- •Дүние жүзіндегі резервтік валюта құрылымы, % есебімен
- •Ірі ұлтаралық бірлестіктер
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
- •2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік
- •1 Тақырып. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
- •2 Тақырып. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдері
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптің орналасу моделдері
- •4 Тақырып. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері
- •5 Тақырып. Көлік пен байланыс жүйесінің салалық құрылымы
- •6 Тақырып. Дүние жүзінің табиғи жағдайлары мен табиғат ресурстары
- •2.6 Студенттердің өздігімен орындайтын жұмыстары негізіндегі сабақтар
- •1 Тақырып. Халықтар географиясы
- •2 Тақырып. Қала типтері
- •3 Тақырып. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негіздері
- •4 Тақырып. Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалану географиясы
- •5 Тақырып. Шаруашылық географиясы
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары рефераттар тақырыптары
- •2.7. Сабақтардың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы
- •Өзін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
- •Курс бойынша емтихан сұрақтар.
- •Мазмұны
- •5В011600 – «География» - мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
Тақырыбы №1. ЭГМ –нің экономикалық жүйсіндегі орыны. (2сағ.)
Сұрақтар:
Дифференциация ұғымына анықтама беріңіз.
Интеграция ұғымына сипаттама беріңіз.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның дифференциациясы мен интеграциялануы.
Тапсырмалар:
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның дифференциациялануын сызба арқылы көрсетіңіз.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның интеграциялануын сызба арқылы көрсетіңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: География кабинетінің сызба – нұсқасын түсіру үшін А4 форматтағы қағазға арнайы масштабпен және белгілі шартты белгілермен геогография кабинетін салу керек. Өлкетану мұражайының мақсатын, ондағы негізгі экспонаттардың географиялық білім мен тәрбие берудегі мақсатын ашып жазу. География кабинетінде болу керек қабырғалық экспозициялардың түрлері және оларды пайдалану мақсаты туралы конспект жазу.
Әдебиет:
1,3,6,7,11,12,17,18,22.
Тақырыбы №2. Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстар және экономикалық географиялық мәселелер. (2 сағ.)
Сұрақтар:
Халықаралық экономикалық қатынастардың қандай түрлері бар?
Сыртқы сауданың географиялық құрылымы тарихи кезеңдерде қандай өзгерістерге түсті, оның қазіргі орналасуының ерекшелігін атаңдар.
Сыртқы сауда сальдосы деген не? Оның көрсеткіштері неге елдер бойынша айырма жасайды?
Тапсырма:
Кескін картаға Қазақстанның халықарлық экономикалық байланыстар карта-сызбасын құру.
ЕО пен Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси байланыстарын көрсететін статистикалық байланыстарына диограмма жасау.
Кескін картада дүние жүзілік сауда бағыттарының сызбасын көрсету және талдау жасау.
Қазақстан және ТМД елдерінің сыртқы сауда сальдосын анықтау..
Әдістемелік нұсқаулар: Статистикалық мәліметттер, дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси картасы. Қазақстанның саяси – экономикалық және әлеуметтік атласы.
Әдебиет:
7, 12,15,18,21,23.
Тақырыбы №3. Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі және экономикалық – географиялық мәселелер. (2 сағ.)
Сұрақтар:
Халықаралық қаржы – қаражат қатынастары жүйесіне не кіреді?
Валюта дегеніміз не?
Қазақстанның ұлттық валютасының әлемдегі, кең тараған валюталармен ресми курсы қандай?
Қазақстанның қаржы – қаражат саясатының болашақ бағыты қандай?
Еліміздің сыртықы қарызының мөлшерін азайтудың қандай жолдары бар деп ойласыздар?
Тапсырма:
Еліміздің сыртықы қарызының мөлшерін азайтудың қандай жолдары бар деп ойласыздар?
Қазақстан ұлттық валютасының дамуына тарихи-географиялық және экономикалық-географиялық сипаттама беру (реферат).
Әдістемелік нұсқаулар:Статистикалық және сараптамалық жұмыстарды сабақ үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдарымен танысу.
Әдебиет:
1,4,7,8,11,15,17,18,20.
Тақырыбы №4. Саяси сипаттағы экономикалық географиялық мәселелер. (2 сағ.)
Сұрақтар:
Ғаламдық мәселелер дегеніміз не?.
Ғаламдық мәселелерді бірігіп шешу қажеттілігін немен түсіндіруге болады..
Саяси сипаттағы ғаламдық мәселелердің шиелінісуіне қандай факторлар ықпал етеді.
Тапсырма:
1. Әлемде бейбітшілікті сақтау мәселелерін шешудегі Қазақстан қандай қадамдар жасады (жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелде).
2. Дамушы елдердің әскери шығындары неліктен көп қаржы бөлінеді 9 - кесте бойынша диаграмма (дөңгелек және бағандық) құрастыру, сараптама жасау
Әдебиет:
2,3,4,9,10,12,15,16,17.
Тақырыбы №5. Экономикалық сипаттағы экономикалық географиялық мәселелер. (2 сағ.)
Сұрақтар:
1. Шаруашылықтың аумактык және салалық құрылымына экологияландыру калай ықпал етеді? Нақты мысалдар келтіріңдер.
2. Қазақстанда экологиялык зиянды өндірістер катарына кандай салалардың кәсіпорындарын жаткызуға болады? Олардың зиянды әсерін азайту үшін кандай шаралар жүзеге асырылуда?
3. Дүние жүзі елдерін қандай экологиялык-экономиқалық топтарға бөледі, топтастыруда қандай көрсеткіш негізге алынған?
Тапсырма:
1. Қазақстан кай экологиялык-экономикалық топқа жатады деп ойлайсыңдар? Жауаптарыңды накты мысалмен дөлелдеңдер.
2. Жаңа геоэкологиялык стратегиянын мәнісін түсіндіріңдер. Біздің ел жағдайында бүл мүмкін бе?
3. Тұракты даму концепциясының мәнісі неде? Адамзат коғамының казіргі даму кезенінде оны жүзеге асыруға бола ма?
Әдебиет:
4,5,7,9,10,11,15,19,22.
Тақырыбы № 6. Әлеуметтік және аралас сипаттағы экономикалық географиялық мәселелер. (2 сағ.)
Сұрақтар:
1. Демографиялык проблеманың ғаламдьщ сипаты неден көрінеді?
2. Т.Мальтус болжамы шындыкка жанаса ма? Жауаптарынды накты мысалдармен дөлелдендер.
3. Дамушы елдерге төн азық-түлік проблемаларын атаңдар. Олардың себептерін түсіндіріңдер.
4. Азық-түлікпен қамтамасыз етілуі женінен Қазакстанды кандай елдер тобына жаткызуға болады? Еліміз халкын азык-түлікпен камтамасыз етуде қандай проблемалар бар деп ойлайсыңдар?
Тапсырма: Қосымша акпарат көздерін пайдаланып, өз қалауларың бойынша келтірілген елдердің біріндегі демографиялык және азык-түлік проблемаларын шешу жобасын жасап, жобаларыңды корғап шығыңдар: 1) Үндістан; 2) Сомали; 3) Гаити.
Әдебиет:
7, 12,14,15,17,19.
Тақырыбы №7 Халық шаруашылығының негізгі салалық құрылымы және даму мәселелері. (3 сағ.)
Сұрақтар:
Мұнай өндіру мен тұтынудың аумақтық айырмашылықтары бар ма?
Дүние жүзінде және Қазақстанда табиғи газды өндіру мен тұтынудың болашағы қандай болмақ. Болжамдарыңызды негізденіздер.
3. Энергетика мен экологияның байланысы қандай? Нақты мысалдар келтіріңіздер. Кескін қартаға басты мұнай және табиғи газ өндіретін елдерді белгілеп, әр елдің мұнай (көк түспен) және табиғи газ (қызыл түспен) өндіруі бойынша сандық көрсеткішін диаграммаға белгілеңіздер.
4. Дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылығы саласында қанша адам жұмыс жасайды?
5. ЭБХ дегеніміз не, оның аулы шаруашылығына қандай қатысы бар?
6. Аграрлық қатынастардың қандай түрлерін білесіздер? Қазақстанға тән аграрлық қатынастарды атаңыздар.
7. Жерге қандай менщік түрлері тән, олар бір – бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады.
8. Ауыл шаруашылығы қандай үш топқа ажыратылады және ол қандай белгілерге негізделеді?
9. «Жасыл рефолюция» қарқынды жүрген елдерді анықтап, олардың ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістерге нақты мысалдар келтіріңіздер.
Тапсырма:
Статистикалық жинақты пайдалана отырып, «Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің қортындысы» тақырыбына демонстрациялық кесте жасау.
Халық шаруашылығының белгілі бір кешенінің салалаық құлымын жіктеп сызбасын жасаңыз.
Әдебиет:
1,2,5,6,8,9,11,16,20.