Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон. гео. проб. каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
486.91 Кб
Скачать

1998 Жыл (ақш доллары)

Рет

саны

Елдер

Экспорт көлемі

Импорт көлемі

Сальдо

1

Қазақстан

5 436

4 350

1 086

2

Германия

543 431

471 447

71 984

3

Ұлыбритания

271 849

314 033

  • 41184

4

Ресей

72 938

44 719

28219

5

Жапония

388 117

280 618

107 499

6

Қытай

183 589

140 305

43 284

7

АҚШ

682 497

944 353

- 261 856

8

ОАР

25 396

28 277

- 2 881

9

Бразилия

51 120

57 550

- 6 430

10

Аустралия

55 901

64 630

- 8 729

Дамушы елдердің сыртқы саудасының сипатын отарлық кезеңде негізі қаланған бір типтес шаруашылық анықтайды. Көбінесе бұл елдер экспортқа отын мен шикізат, ауылшаруашылық өнімдерін шығарып, дайын өнімдер мен құрал – жабдықтарды сатып алады. Дүние жүзінде сатылатын мұнайдың 4/5 бөлігі, табиғи каучуктың барлығы дерлік және кофенің 9/10 бөлігі, шайдың 80%-дан астамы дамушы елдер үлесіне тиеді. Әлемдік нарықта шикізат бағасының ұдайы төмендеуі дамушы елдерді экспортқа шығарылатын шикізат түрлерін барынша көп өндіруге мәжбүр етеді. Бұл өз кезегінде бағаның одан әрі төмендеуіне, сондай – ақ елдегі әлеуметтік – экономикалық және экологиялық жағдайдың нарашлауына әкеп соғады. Дамушы елдер экономикасының жай – күйі экспорттық шикізаттың әлемдік нарықтағы бағасының өзгерістеріне тікелей тәуелді болады.

Сыртқы сауданы халықаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Қазіргі кезде қүрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар, қызмет көрсету, инвестиция және ақыл – ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. БҰҰ жанында сауда мен даму жөніндегі Комиссия (UNCTAD) жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саудасы. 2001 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 15 010 млн АҚШ долларын құрады. Оның 57,6% -ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады.

Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие оффшорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстанның мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Бермуд аралдарының Қазақстан экспортындағы үлесі 1998 жылы 1,6% болса, 2001 жылы 14 %-ға жетті.

Қазақстанның сыртқы саудасындағы жеке елдер үлесі, 2001жыл

Экспорт

Импорт

Елдер

Үлесі, %

Елдер

Үлесі, %

Ресей

Бермуд аралдары

Италия

Қытай

Басқа елдер

20

14

11

8

47

Ресей

Германия

АҚШ

Италия

Басқа елдер

46

7

5

4

38

Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім – мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртқа сатылса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 4 502 млн АҚШ доларына жетті. Керісінше осы уақыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей қысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған қаржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге қысқарды.

Сонымен дүниежүзілік сыртқы сауда – халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы кұрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Халықаралық экономикалық қатынастардың қандай түрлері бар? 2. Сыртқы сауданың географиялық құрылымы тарихи кезеңдерде қандай өзгерістерге түсті, оның қазіргі орналасуының ерекшелігін атаңдар. 3. Сыртқы сауда сальдосы деген не? Оның көрсеткіштері неге елдер бойынша айырма жасайды?

  2. Әдебиет:

  3. 1,2,3,6,7,9,10.

Дәріс № 3. Халықаралық қаржы – қаражат жүйесі және экономикалық – географиялық мәселелер. (2 сағат)

Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі - халықаралық қаржы- қаржат жүйесі. Халықаралық қаржы – қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әркетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

Халықаралық валюталық қатынастар – халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын «валюта» ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады. (50 сызбанұсқаға қараңдар).

Ұлттық валюта – әр елдің ұлттық ақша бірлігі, алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні – қағаз ақшалары. Өткен ғасырдың 80 жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы – еуро енгізілді.

Әлемдік валюталық жүе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық – Лондон, Нью – Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықатары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон йенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.

Әлемдік

Валюта

Аймақтық

Резервтік

←←

Ұлттық

50 – сызбанұсқа. Валютаның негізгі түрлері

Резервтік валюта – ұлттық валбта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады. (32 – кестені қараңдар).