Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экон. гео. проб. каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
486.91 Кб
Скачать

Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы

Бақылау түрі

Балл

Ағымды

15-30

Аралық

15-30

Қортынды

20-40

Барлығы:

100

1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:

Пән игеру барысында студентке келесі талаптар қойылады:

- оқу кестесі бойынша академиялық сабақтарға үздіксіз қатысу, қалмай келу;

- академиялық сабақ үстінде шуламау, басқа оқу оқығандарға, оқытушыға кедергі жасамау, мобильді телефонды міндетті түрде өшіру;

- дәрісхана, оқу залдары, компьютерлік кластар мен интернет- залдардағы материалдық құндылықтарға үлкен жауапкершілікпен қарау, күтіп ұстау;

- университет корпустары ішінде, аулаларда тазалық сақтау;

- кітапханалардан алған әдебиет даналарын күтіп ұстап, келісілген мерзімінде тапсыру;

- пән бойынша әр тапсырмаларды, бақылау түрлерін кесте бойынша сапалы түрде тапсырып отыру;

- семинарлық сабақтарда белсенділік танытып, үй тапсырмаларын үлкен ізденушілікпен орындап, стандартты емес ой - қабілетін көрсету.

Сабақтан қалып келу, қатыспау, сабақтарда дөрекі мінез-құлқы көрсету, тапсырмаларды орындамау немесе уақытында тапсырмау, емтиханға келмеу т. б. үшін – студент жауапкер-шілікке тартылып, қортынды баллда мұндай жағдайлар өз орынын алады.

  1. «Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы 2 кредит

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Сем-ар

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе. Экономикалық – географиялық мәселелер пәнінің мазмұны және құрылымы, пәннің экономикалық география жүйесіндегі орыны.

2

2

4

4

2

Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстар және экономикалық – географиялық мәселелер.

2

2

4

4

3

Халықаралық қаржы – қаражат жүйесі және экономикалық – географиялық мәселелер.

2

2

2

2

4

Саяси сипаттағы экономикалық – географиялық мәселелер.

2

2

6

6

5

Экономикалық сипаттағы экономикалық – географиялық мәселелер.

2

2

2

2

6

Әлеуметтік және аралас (ғылыми, қоғамдық, білім және денсаулық) сипаттағы экономикалық – географиялық мәселелер.

2

2

4

4

7

Шаруашылықты орналастыру және экономикалық аудандастыру мәселелері

2

2

4

4

8

Халық шаруашылығының негізгі салалық құрылымы және даму мәселелері.

1

1

4

4

Барлығы

15

15

30

30

    1. Дәрістік сабақтардың тезистары

Дәріс №1. Экономикалық – географиялық мәселелер пәнінің мазмұны және құрылымы, пәннің экономикалық география жүйесіндегі орыны. Географиядағы интеграция және дифференсация процестері. (2 сағ.)

  1. Экономикалық және әлеуметтік гографияның сұрақтары мен түсініктері.

  2. Экономикалық және әлеуметтік гография ғылымының зерттеу объектісі мен тақырыбы.

  3. Экономикалық және әлеуметтік гографияның мазмұны.

  4. Экономикалық және әлеуметтік гография зерттеулерінің негізгі бағыттары.

1. Әр ғылымның зерттеу барысында міндетті түрде жауап беретін сұрақтары болады. Эконом-географтар не, қандай, неге, қалай және қандай жолмен өзгерту керек? Деген сұрақтарға жауап беру керек.

Экономикалық және әлеуметтік-гографиялық негізгі түсініктері жоғарыда айтылған сұрақтарға жауап беруден туады.

Бұл түсініктемеге А.Ю. Скопин мынадай анықтамалар береді. Геокеңістік – геоматерияның орналасатын және дамитын әлемнің бір бөлігі. Геоуақыт – геокеңістік пен геоматерияның өзгеру жылдамдығы мен қарқыны. Геоұйымдастыру – географиялық объектілердің геокеңістіктегі өзара қатынасы және өзара байланысы. Осы түсініктерді талдау және синтездеу арқылы ғылымның зерттеу объектісі және тақырыбын анықтауға болады.

2. Экономикалық және әлеуметтік географияның мәнін, ерекшелігін және ғылымдар жүйесіндегі орнын түсіну үшін оның зерттеу әдістері, даму бағыттары мен болашағына көңіл бөлуіміз керек. Ғылымның мазмұнын жақсы түсіну үшін «зерттеу тақырыбы» және «зерттеу объектісі» дегентүсініктерге басты мән беріледі. Экономикалық және әлеуметтік географияның зерттеу объектісін үш мағынада қарауға болады: жалпы, нақтылы және спецификалық (өзіне тән) объектілер.

Басқа ғылымдар тәрізді экономикалық және әлеуметтік географияның кең мағынада алғанда зерттеу объектісі – Жер планетасы. Бірақ ғылымның нақтылы зерттейтін объектісі бар екені белгілі. Мысалы геология ғылымның нақтылы зерттеу объектісі Жердің ішкі құрылысы болса, физикалық географияның объектісі - Жердің географиялық қабығы. Ал, енді экономикалық және әлеуметтік географияның объектісіне халық, шаруашылық және оның салалары, табиғат жағдайы мен ресустары жатады. Экономикалық-әлеуметтік географияның басқа ғылымдардан айырмашылығы – объектілердің территориялық даму ерекшеліктері мен өзара байланысын зертейтін ғылым екендігінде.

3. Қазіргі уақытта экономикалық және әлеуметтік географияның мазмұнында, зерттеу тақырыбында жаңа ғылыми бағыттар пайда болды, ғылым ретінде қоғамдық күштердің біріне айналды. Олар:

- салааралық және территориялық кешендердің қалыптасуы өнеркәсіп географиясында жаңа территориялық заңдылықтардың пайда болуын және оларды зерттеуді қажет етеді;

- Қазіргі уақытта адамға байланысты факторлардың маңызы күшееюіне орай әлеуметтік география ғылымының жеке салалары жылдам дамиды (коммерциялық география, сыртқы экономикалық байланыс географиясы т.б.);

- ғылыми-техникалық прогреске байланысты географияда «сандық революция» деген бағыт пайда болды. Оның мағынасы географиялық ақпаратты электрондық есептеу машинасы арқылы жылдам өңдеу және оның негізінде жаңа географиялық концепцияларды ұсыну.

4. Экономикалық география ғылымының теориялық, әдіснамалық негізгі заңдары, ғылыми категориялары мен принциптері және олардың жалпы географиялық заңдылықтарымен тығыз байланысы болашақта оның даму бағыттарын анықтауға толығымен мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық географияның зерттеу объектісі әртүрлі дәрежедегі, түрдегі, масштабтағы әлеуметтік-экономикалық, географиялық кешендер деп айтамыз. Оның компоненттері:

- территория және оның ресурстары, жағдайлары және факторлары;

- халық және оның орналасуы;

- материалдық өндіріс және оның түрлері, территориялық-өндірістік кешен, салааралық және салалық кешендер;

- материалдық емес сала (әлеуметтік кешен);

- инфрақұрылым.

Әдебиет:

1,2,3,6,7,9,10.

Дәріс №2. Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстар және экономикалық – географиялық мәселелер. (2 сағат)

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері. Дүнижүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір – бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысты. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым – қатынастардың ең байырғы түрі – сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байлансытардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие – қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықраралық туризм, экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастықты қамтиды.

Сыртқы тауар саудасы. Елдер арасындағы экономикалық қарым – қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері ең алдымен сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүние жүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған. Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дұниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50 % - ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20% - ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халықаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72 % - ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17 % - ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4 % - ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10% - ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 1998 жылы 2,5 % болса, импорты – 1,7; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,1 және 1,9 – ға тең.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртық саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84% - ы, импорттың 82% - ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнінен де жетекші орынға ие; 1995 жылы АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік көрсеткіштің 3,2% -ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы ҒТР әсерінен үлкен өзгеріске түсті.

Сыртқы саудадағы тауар құрылымы аймақтар бойынша айырмашылықтар жасайды. Отын Таяу және Шығыс елдері (3/4 бөлігі) мен Африка (45%) экспортында басым болса, Латын Америкасы елдерінде минералды шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері экспорттың 2/3 бөлігін құрайды. Жалпы алғанда дүние жүзі бойынша тауар айналымында дайын өнімнің үлесі артуда.

Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі – сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Жапонияның сыртқы саудасына тұрақты он сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ – тың сыртқы сауда айнылымы теріс мәнге ие

Жеке елдердің сыртқы сауда айналымы,