
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша
- •5В011600 - «География» - мамандығына арналған
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән : «Экономикалық – географиялық мәселелер»,
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 «Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша тапсырмалар орындау, тапсыру графигі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы
- •1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтардың тезистары
- •1998 Жыл (ақш доллары)
- •Дүние жүзіндегі резервтік валюта құрылымы, % есебімен
- •Ірі ұлтаралық бірлестіктер
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
- •2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік
- •1 Тақырып. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
- •2 Тақырып. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдері
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптің орналасу моделдері
- •4 Тақырып. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері
- •5 Тақырып. Көлік пен байланыс жүйесінің салалық құрылымы
- •6 Тақырып. Дүние жүзінің табиғи жағдайлары мен табиғат ресурстары
- •2.6 Студенттердің өздігімен орындайтын жұмыстары негізіндегі сабақтар
- •1 Тақырып. Халықтар географиясы
- •2 Тақырып. Қала типтері
- •3 Тақырып. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негіздері
- •4 Тақырып. Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалану географиясы
- •5 Тақырып. Шаруашылық географиясы
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары рефераттар тақырыптары
- •2.7. Сабақтардың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы
- •Өзін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
- •Курс бойынша емтихан сұрақтар.
- •Мазмұны
- •5В011600 – «География» - мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Биология-география факультеті
География кафедрасы
«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В011600 - «География» - мамандығына арналған
Қарағанды 2012
Құрастырған: Талжанов Серікболат Алдунғарұлы география кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Зкономикалық – географиялық мәселелер» курсы бойынша несиелік технология бойынша, 5В011600 – «География» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Пән таңдау бойынша базалыққа жатады. 5В011600 – «География» мамандығында таңдау пәні ретінде алынған. Курс экономикалық – география заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерін меңгеруге мүмкіндік болады. ОӘК құрамында пән мазмұны, лекция тезистері, зертханалық, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, тесттік сұрақтар үлгісі, емтихан сұрақтары, реферат тақырыптары, бағалау критериі берілген. Құрал – студенттерге пән материалдарын игеруге көмек жасайды деген үміттемін. ОӘК 2009-2010 жылғы оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен, 5В011600 – «География» мамандығы бойынша, /Құрастырған С.А. Талжанов - Қарағанды: ҚарМУ басп., 2012
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1. Оқытушы туралы мәлімет: Талжанов Серікболат Алдунғарұлы география кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты.
Кафедрада дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері (сағат 900 -1700-ге дейін).
1.2. Пән : «Экономикалық – географиялық мәселелер»,
Кредит саны – 2, дәріс өтетін орыны – 415 ауд. 3 корпус.
Оқу жоспарынан үзінді
Курс |
Семестр |
Кредит |
Дәрістер |
Сем саб |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Бар - ы |
Бақ түрі |
3 |
6 |
2 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
Емтихан |
1.3. Пререквизиттері: Экономикалық және әлеуметтік географияның жалпы әдістемелік негізі. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы кеңістік және уақыт. Экономикалық-географияның құрылымдық мәселелері. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның пән арлық жүйедегі орыны. Экономикалық – географияның заңдары мен заңдылық мәселелері.
Экономикалық және әлеуметтік-экономикалық аудандастыру мәселесі. Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі. Өндірістік кешеннің аймақтық үймдасуының теориялық мәселесі. Қоғамдық-географияның байланыс және қарым-қатынас мәселелері.
Ғылыми әдіcтердің негізі. Әдістерді қолдану мәселесі. Территориалық ұйымдастыру мен жоспарлауды жетілдіру мәселесі. Территориалық ұйымдастырудың түрлері. Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің жіктелінуі. Әлекметтік-экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. География ғылымындағы дифференсация және интеграция мәселесі. Экономикалық және әлеуметтік географияның заңдары мен заңдылық мәселелері. Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі. Әлемдік экономикалық географя ғылымдарына үлес қосқан ғалымдардың теориялық және іс-тәжірибелік еңбектеріне сараптама жасау.
Экономикалық және әлеуметтік географияны аудандау мәселесі. Дүние жүзілік шаруашылықтың дамуы. Халық шаруашылығының салалық құрылымы. Халық шаруашылығының дифференсация және интеграция мәселесі. Әлеуметтік-экономикалық географияның негізгі бағыттары.
1.4. Постреквизиттері: Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық және әлеуметтік географиялық ойлау қабілетін арттыра отырып, экономикалық география мәселелерін ғылыми түрғыда шешу жолдарын үйрету. Пәннің міндеті студенттердің экономикалық географияға кіріспе пәнініен төменгі курста алған ілімдерін одан әрі дамыту арқылы, адамзаттың ғаламдық мәселелерді шешу жолдарын теориялық түрғыда қарастыру.
Сонымен қоса әр студент адамзаттың ғаламдық мәселелерінің жіктелінуі. Әлекметтік-экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. География ғылымындағы дифференсация және интеграция мәселесі. Экономикалық және әлеуметтік географияның заңдары мен заңдылық мәселелері. Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі.
Әлемдік экономикалық географя ғылымдарына үлес қосқан ғалымдардың теориялық және іс-тәжірибелік еңбектеріне сараптама жасау. Экономикалық және әлеуметтік географияны аудандау мәселесі. Дүние жүзілік шаруашылықтың дамуы. Халық шаруашылығының салалық құрылымы. Халық шаруашылығының дифференсация және интеграция мәселесі. Әлеуметтік-экономикалық географияның негізгі бағыттарын білуі қажет.