
- •1 Тақырып. Кіріспе. Х/қ қақтығыс ж/е оны реттеу пәнінің мәселелері өрісі. Тәсілдері мен анықтамалары
- •2 Тақырып. Аймақтық және жерлестік (рулық) топтар арасындағы қақтығыстар (Тәжікстан, Қырғызстан).
- •3 Тақырып. Этно-саясатқа байланысты қақтығыстар.
- •4 Тақырып. Халықаралық қақтығыстарды реттеутегі ақпарат деректердің рөлі:
- •4) Келіссөздің нәтижесіне іс-қимылдың авторитарлық бағытта болуы, оны қандай жетістіктерге әкелуі мүмкін?
- •6 Тақырып. Бейресми өкілдердің семинариялары. Парадипломатия. Мультибағытталған дипломатия.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік емес ұйымдардың (мпо) қақтығысты реттеудегі рөлі.
- •9 Тақырып. Келіссөз: ерекшеліктері және қақтығысты аяқтау.
- •10 Тақырып. Позициялық сауда (торг) стратегиясы.
- •11.Тақырып. Конструктивті стратегия.
- •12.Тақырып. Келіссөз барысындағы жетекшілердің жеке тұлғалық қасиеттері.
- •12.Тақырып. Келіссөз барысындағы мінез-құлық.
- •13.Тақырып. Әр елдің өкілдерімен келіссөз жүргізудің ерекшеліктері
- •3) Ойлануды, бағалауды білдіретін ым:
- •14.Тақырып. Үшінші жақтың халықаралық қақтығысты реттеуге қатысуы.
11.Тақырып. Конструктивті стратегия.
«Позициялық сауда» альтернативті стратегия, конструктивті стратегия. Егер «позициялық сауда» екі жақ арасындағы қарама қарсылықты өрбітуге бағытталса, конструктивті стратегия екі жақтың әріптестік (серіктестік) жағдайда келіссөз жүргізуіне сүйенеді.
Ерекшеліктері:
1) екі жақ қақтығыс тудыратын мәселені бірігіп талдау, бірігіп шешім қабылдайды;
2) келіссөз барысында олардың ұстанымдары емес,мүдделері ескеріледі де, ортақ мүдде іздестіріледі;
3) екі жақ та өздері пайдалы шешімді қабылдайды;
4) оң шешімге келу үшін екі жақ та сырт күштің қысымын ескермей, мәселені шешуге көмектеседі.Объективті өлшем табулары керек;
5) әрқайсысы қарсыласын түсінуге мүдделі болады;
6) келісілген шешім екі жақтың да мүддесін толық қамту керек.
Конструктивті сратегиясының артықшылықтары:
–екі жақ та тең жағдайда болады (артықшылық жоқ)
–екі жақ та қабылданған шешімді әділетті және тиімді деп санайды;
–пост қақтығыстық қатынасты оң бағалауға мүмкіндік береді
Кемшіліктері:
–бұл стратегияны екі жақ та өз еріктерімен таңдау керек;
–жауласқан екі жақтың келіссөз барысында татуласуы екіталай;
–егер келіссөздің негізгі мәселесі–екі жақ таласып отырған «шектулі қор» туралы болса, келіссөз тиімсіз болады.
Конструктивті стратегияда қолданылатын тактикалар:
1) қарастырылатын сұрақтарды күрделілерін кейінге қлдыру. Алдымен, қарсылық тудырмайтын мәселелер шешіледі, сосын күрделі сұрақтарға көшеді;
2) «қақтығыс тудыратын мәселені бірнеше бөлікке бөлу» б.а. мәселені бірден, тұтас шешемін демей оны бөліп қарастыру.
3) «талас тудырған мәселені (скобканың) жақшаның сыртына шығу». Келіссөз барысында талас тудырған сұрақтарды әрі қарай жалғастырып қарамай, жақшаның сыртына шығару;
4) «біреуі кеседі (режет), екіншісі тыңдайды» –б.а. біреуі қақтығысты реттеуге байланысты бірнеше шешімінің варианттарын ұсынса, екіншісі барынша дұрыс деген біреуін таңдайды;
5) «ортақ мәселені көрсету» –қарсыластардың қақтығысты шешуге мүмкіндік беретін ортақ мәселені кқрсетуі.
Проблемалық сұрақтар:
–Конструктивті стратегияның «позициялық саудадан» артықшылығы неде?
–Егер екі жақ та тек өздеріне пайдалы шешім қабылдауға талпынса, онда екі жақ та қанағаттандыратын әділ шешім болуы мүмкін бе?
–Қақтығыс тудыратын мәселені шешуге көмектесетін объективті өлшемді қалай табуға болады?
–талас тудырған мәселені «скобканың (жақшаның) сыртына шығару» дегенді қалай түсінесіз?
–«Біреуі –кеседі, екіншісі–таңдайды» деген амалдың мәні неде?
Әдебиеттер:
1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007
2.Федерация мира и согласия: межд МПО с консультативным статусом при ЭКОМ и соц. Совет ООН. М.1997
3.Пикте Ж. Меж нар. Комитет красного креста. Уникальное учреждение. М,1997
4. Андреев В.И. конфликтология: искусство спора, ведения переговоров и разрешения конфликтов. М. 1995.
5.Брайнинг Г. Руководство по ведению переговоров: стратегия, комуникация, Фасилитация, медиация. М.1997.
12.Тақырып. Келіссөз барысындағы жетекшілердің жеке тұлғалық қасиеттері.
Проблемалық сұрақтар:
Нашар ұйымдастырылған келіссөздін салдары:
-материалдық құңдылықтардан айырылу;
-репутация жоғалту
Ал, келіссөздер нәтижелі болу үшін не істеу керек?
Келіссөзге дайындық кезінде іскерлік ойын және ақыл ой шабуылы (мозговой штурм) сияқты тәсілдерді пайдаланып келіссөзге қатысушылардың шын мәніндегі пікірлерін анықтаңыз?
Жеке тұлғалардың негізгі қасиеттерін ранжирлеп, ең ұтымдысына талдау жасаңыз.
Қатысушылардың қарсы жақтың пікіріне толерантты қарау қажет дегенді, қарсы жақтың ұсыныстарын толығымен қабылдау деп түсіну керек пе?
Саяси жетекшілердің тұлғалық белгілері мен қасиеттері (әдептілік, интеллектуалдық, саяси білімі мен еркі, отанына, халқына қызмет етуі, т.б) өзі өмір сүріп тұрған заман мен қоғамның әсерімен қалыптасатыны белгілі. (мысалы: соғыс кезінде қырғи-қабақ, бейбіт кезең) Ал, келіссөзге қатысушылардың тұлғалық қасиеттерінің келіссөздің нәтижесіне тікелей әсер ететіні белгілі. Ол қандай қасиеттер: адалдық, шыншылдық, жауапкершілік, әділдік, т.б. Келіссөздің оң нәтижелі болуна әсер ететін субъективті факторлар:
- Келіссөзге қатысушылардың саяси компетенттілігі
- Келіссөзге қатысушылардың келіссөздің аяқталуына мүдделігі
- Қатысушылардың қарсы жақтың пікіріне толерантты қарауы
- Қарсыласына әр түрлі жеңілдіктер беру арқылы, оларды ымыраға келуге шақыру