Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SRSP_kaktygys.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.72 Кб
Скачать

8 Тақырып. Мемлекеттік емес ұйымдардың (мпо) қақтығысты реттеудегі рөлі.

–Халықаралық қақтығыстағы дәстүрлі емес акторлар дегенде МПОның қақтығысқа араласуын айтамыз. МПОның қақтығыстарды реттеуге байланысты қызметі 4 түрден тұрады. Олар: (Американдық саясаттанушы П.Ааллдың айтуынша)

1) Реабилитациялық (қалпына келтіру); 2) Превентивті (қақтығысты алдын ала ескерту); 3)мониторинг жасау (адам құқығын сақтай ма?); 4)Қақтығысты шешуге және қатысушалырды келістіруге бағытталған іс әрекет.

НПО–басқа акторлармен бірге делдалдық (посредник) қызметтер атқаруы мүмкін. Қазіргі кезде осындай делдалдық қызметті «шекарасыз дәрігерлер», «халықаралық амнистия», «Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық комитеті», «шекарасыз журналистер» т.б. Бұл ұйымдар іс әрекеттерінің басты қағидасы деп бейтараптықты айтады. Мысалы, «халықаралық Қызыл крест және қызыл жарты ай комитеті», «МКК и КП» өзінің бейтараптық статусын пайдаланып, қарсы жақтарға «жақсы көмектер» көрсетеді. Айталық, уақытша соғысты тоқтатуды немес арнайы санитарлық және қауіпсіздік зона орнатуды талап етеді. 1996 ж желтоқсан айында МКК и КП осыған іс әрекеті шешен қақтығысының қатысушыларына ұсынып, бейбіт келісімге қол қойдырды.

МКК и КП нің әлемінің барлық түкпіріне өздерінің аймақтық бөлім жүйелерін ұйымдастырды. Бұл бөлімдер өздерінің істерін басқа ұйымдармен бірігіп істейді:

–НПО, БАҚ арқылы шынайы, ақиқат (қақтығыс туралы) ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастырды.

–мемлекеттік билік арасында қақтығыс туралы пікір қалыптастыру арқылы олардың шешім қабылдауына әсер етеді.

–НПО қоғамға, мемлекеттік билікке, саяси партия сияқты тікелей емес, жанама әсер етеді.

–НПО, көп жағдайға қақтығысқа қатысушыларды халықаралық құқықты, қабылдаған шешімдерді (БҰҰ, ШОС, ТМД, т.б.қабылдаған) сақтауға шақырады. Бұл ескі жақтың диалогының белгілі бір шеңберде (рамочный формат диалога) жүргізілуіне әкеледі.

–НПО негізінен халықпен жұмыс істейтін болғандықтан, олардың керек уақытында көмекке келе алатын жасақтары көп болады (халық арасында, депутаттар, т.б.).

–НПО халық арасында ерекше сеніге ие, сондықтан халық олардың қақтығыст реттеудегі істерін қолдайды.

Проблемалық сұрақтар:

1.НПО ның қақтығысты реттеудегі рөлін ашу үшін олардың бірінің істерін ашып көрсет. Мысалы «шекарасыз журналист».

2.НПО қақтығысты шешуге байланысты келіссөзде қандай рөл атқарады?

3. «Рамалық шеңбердегі диалог» дегенді қалай түсінесіз?

4.НПО ның қақтығысты шешуге қатысуының мемлекет араласудан

Әдебиеттер:1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007

2.Федерация мира и согласия: межд МПО с консультативным статусом при ЭКОМ и соц. Совет ООН. М.1997

3.Пикте Ж. Меж нар. Комитет красного креста. Уникальное учреждение. М,1997

4.Довженко М.В. Функции и формы деятельности МПО в урег. совр конф. Ломоносовские чтения. Вып.2.М.2002

9 Тақырып. Келіссөз: ерекшеліктері және қақтығысты аяқтау.

Тезис:

–«Келіссөз»ұғымы – қақтығыс тудыратын мәселелерді талқылауға, қатысушылардың іс әрекеттерін келістіруге талсас тудыратын сұрақтарды шешуге байланысты мәселелерді қарастырғанда қолданылады.

Келіссөздердің ерекшеліктер:

1.Келіссөз екі жақтың мүдделері әр түрлі болған жағдайда жүргізіледі

2.Мүдделерінің әр түрлілігі, кейде қарама қарсылылығы қатысушыларды бір біріне тәуелді етеді

3.Мүдделерінің бір біріне тәуелділігі қатысушылардың келіссөз барысында іс әрекеттерінің мәселені бірігіп шешуге бағытталуын талап етеді.

«Келіссөздің» артықшылықтары:

–Келіссөз барысында екі жақ өзара жақындасады;

–қатысушылар өз еріктерімен уақыттық өлшем белгілеп және мәселені талқылау шеңберін анықтай алады. Сонымен қатар, келісім сөзге әсер етіп, оның нәтижесіне араласа алады;

–келіссөз қатысушыларға өздері қалағандай келісімшарт қабылдауға мүмкіндік береді;

–қабылданған шешім көр жағдайда, бейресми сипатта болады;

Келіссөзге қатысушылар қақтығыстық жағдайды әр түрлі бағалайды:

–не «суммасы нолге тең ойын» ретінде, б.а. қатысушы жақтардың мүдделері қарама қайшы болады, сондықтан бір жақтың жеңісі екіншісінің жеңілісімен аяқталады, ал суммасында ол–нөлге тең болады (қақтығыс шешімін таппады)

–не «суммасы нол емес ойын», б.а. екі жақ та не ұтады, не ұтылады. Қақтығысқа қатысушылар келіссөздің аяғында оның «ұтыс–ұтылыс» моделіне ұмтылса, онда келіссөз өз мақсатына жетпей, желкесі қиылады. Ол қақтығыстың әрі қарай жалғасып, әкеледі.

Ал, егер келіссөз «ұтылыс–ұтылыс» моделіне бағытталса, онда екі жақ та өз мүдделеріне жетпегендіктен, компромиске келуі ғажап емес. Екі жақ бір бірімен ымыраға келіп, әр қайсысы аз болса да бірдеңе ұтады.

Проблемалық сұрақтар:

–«ұтыс–ұтыс» моделінің мәні неде?

–«суммасы нолге тең ойын» дегенді қалай түсінесіз? Сараптап көріңіз.

–келіссөз барысында екі жақ қандай ымыраға келуі мүмкін?

–егер келіссөз барысында шешім тең бір жаққа ғана тиімді болса, ондай шешімді екінші жақ міндетті түрде орындауы тиіс пе?

Әдебиеттер:

1.Андреев В.И. Конфликтология: пікір талас, келіссөз жүргізу, қақтығысты шешу өнері. М.1995.

2. Бройнинг Г. Руковод по ведению переговоров. М.1996.

3.Лебедева М.М. Полит урегул конфл. М.1999.

4.Козарев Г.И. Осн конфл. М.2007

5.Совр регионные конфл и проблемы их полит урег. А.2006

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]