Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SILABUS_KAKT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
263.68 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

CИЛЛАБУС

Мамандығы: 5B020200 – Халықаралық қатынастар

Пән: Қазіргі заман қақтығыстары және оны реттеу жолдары

Оқу нысаны – күндізгі

Алматы, 2013-2014

«Қазіргі заман қақтығыстары және оны реттеу жолдары» пәнінің оқу бағдарламасы (Syllabus) мемлекеттік жалпы білімнің жоғарғы кәсіби білім беру стандартына, 050202 – «Халықаралық қатынастар» мамандығының бакалаврын дайындауға байланысты типтік және оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген кредиттер, дәрістік академиялық сағаттарға және студенттің өзіндік жұмысына сәйкестендіріліп құрастырылды.

Автор: Аухадиева Ш.Д.

Оқу бағдарлама (Syllabus) «Халықаралық қатынастар» кафедрасы мәжілісінде талқыланды.

«02» 09 2013 жыл. Хаттама №1

Кафедра меңгерушісі-------------------- c.ғ.к.., доцент Ивашов А.А.

Оқу бағдарлама (Syllabus) «Халықаралық қатынастар» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

«__» ________ 2013 жыл. Хаттама №

Оқу бағдарлама (Syllabus) ҚХҚ және ӘТУ-дің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

«__» ________ 2013 жыл. Хаттама №__

Курстың коды: ___________________________________

Пән: Қазіргі заман қақтығыстары және оны реттеу жолдары

Кредит саны: 3

Оқытушы: Аухадиева Ш.Д.

Консультация уақыты:

Күні Уақыты Өткізілетін дәрісхана

Дүйсенбі 13.00-14.00 1 корпус, №420 немесе кафедра

Сейсенбі 13.00-14.00 1 корпус, №420 немесе кафедра

Сәрсенбі 13.00-14.00 1 корпус, №420 немесе кафедра

Бейсенбі 13.00-14.00 1 корпус, №420 немесе кафедра

Электронды почта адресі:

Тел.:87007673833

e-mail:ashamshinur@mail.ru

Алғы сөз

«Қазіргі заман қақтығыстары және оны реттеу» пәні «Халықаралық қатынастар» мамандығының білім беру саласының құрамды бөлігінің бірі. Ол – халықаралық қақтығыстар ерекшелігін, даму тенденциясын, мақсаты мен міндетін, әдістері мен қағидалаларының, қақтығыс субъектісінің іс-әрекетін, мәні мен себептерін қарастырады.

Қазіргі қақтығыстар, оны реттеу туралы білу халықаралық қатынастарды қарастырып жүрген кез-келген студенттердің міндеті. Бұған итермелейтін себептердің бастыларының бірі ретінде қазіргі күнле ҚРда, соынмен қатар, Посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердегі уақиғалар болып отыр. Себебі, қазіргі кещзде бұл елдердегі саяси іс-әереттер көп жағдайда адамдардың саяси білім деңгейдлеріне және олардың саяси практикалық іс-әрекетке араласуымен тікелей байланысты.

Осы себепті студенттердің қазіргі қақтығыстар негізін. Оларды реттеу әдістерін білуі, олардың қызмет бабында жетістікке жетукінің, ҚР саяси-әлеуметтік өзгерістердің тиімділігінің кепілдігі болады.

Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі қақтығыстар, оны реттеу тәсілдері туралы толық білім алуды, қақтығыстық жағдайға байланысты үниетанымдық және құндылықтық өлшемдер қалыптастыруды, пәнді оқу барысында алған білімді халықаралық саяси тәжірибемен байланыстыра білуді және халықаралық қақтығыстар туралы өзінің ғылыми негізделген көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

Пәннің міндеті –

  • Студенттерді қазіргі халықаралық қақтиығыстарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерімнен таныстыру;

  • Қазіргі конфликтологияның негізгі парагдигмаларын талдауға үйрету;

  • Өз топтарында интерактивті тәсілдермен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Ұсынылған әдебиеттер, таратылым материалдармен өз бетімен жұмыс істей білу мүмкіндігін жетілдіру;

  • Оқу барысында белсенділік көрсету мүмкіндігін дамыту;

Гуманитарлық білім жүйесіндегі алатын орны

Бұл курс халықаралық қатынастар мәселелсін игеруге көмектесетін пәндердің арасында ерекше орын алады. Себебі, ол студенттерді қазіргі халықаралық жағдайларда көрініс тауып жүрген халықаралық қақтығыстардың мәнін, табиғатын, себептерін және оларды реттеу жолдарын көрсету арқылы болашақта қақты,ғыстарды болдырмауға немесе олардың салдарын біршама бәсеңдетуге және модельдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда бұл піән гуманитарлық пәндер арасында ерекше орын алады.

Курстың мазмұнын игеру деңгейіне қойылатын талаптар:

Пәнді оқу барысында студент білу керек:

  • Қазіргі халықаралық қақтығыстардың теориялық негізін ;

  • -халықарлық қатынастар табиғатының өзгеру бағытын және оны реттеу тәсілдерін;

  • Қақтығыстарды алдын ала ескеру, реттеу және реттеу шараларын;

  • Халықаралық қақтығыстар мәселелерін қарастырудағы және реттеудегі халықаралық ұйымдардың, мемлекеттердің әлемдік саясатта алатын орны мен ролі;

  • Халықаралық анархиялық іс-әрекетті шектеудегі халықаралық сенімділік жағдайын орнатудағы трансұлттық корпорациялардың алатын орны мен ролі;

  • Интеграциялық процесстердің проблемалары мен қиыншылықтары және қақтығыстардың шығу себептері.

Оқу жоспары бойынша сағаттар саны

курс

семестр

Кредит саны

Барлық сағат

лекция

семинар

Лабороториялық сабақтар

Курстық жұмыс

барлығы

СӨЖ

Соның ішінде ОСӨЖ

Бақылау түрлері

4

7

3

90

30

15

-

-

45

45

3

Аралық бақылау, емтихан

Ескерту: 1 кредит = 1академиялық сағат ; КЖ – КУРСТЫҚ ЖҰМЫС; СӨЖ –студенттердің өзіндік жұмысы; ОСӨЖ- оқытушылармен студенттердің өзіндік жұмысы;

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері

Пән студенттердің «Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері», «Халықаралық қатынастар теориясы» , «саясаттану», «геосаясат негіздері», «Халықаралық ұйымдар», «Интеграциялық процесстер» т.б. курстардан алған білімге және оларды керек жағдайда қолдана білу тәжрибесіне суйәнеді.

Пәнді игеру озінен кейін оқытылатын «Жаһандану және әлемдік басқару», «Қазіргі әлемдік нарық және дипломатия», «ҚР дипломатиясы», т.б. курстарды жақсы игеруге қажетті теориялық-практикалық негіз жасайды.

Курсты оқу барысында оқытушы студенттерге алдын ала дайындалған проблемалық сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік беретін әдебиеттерді беру қажет. Студенттер әр сабаққа ұсынылған әдебиеттерді қарастырып, сабақ барысында оқытушымен, не студенттермен пікір алмасуға дайын болып өз ұстанымдары мен пікірлерін қорғай білу қажет.

СӨЖ тақырыптары:

1-модуль.

1. Посткеңестік кеңістіктегі және ҚХР-дағы қақтығыстарға ҚР ұстанымдары.

Реферативті талдау деңдейі:

- Посткеңестік кеңістіктегі және ҚХР-дағы қақтығыстарға байланысты қолданылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасап, қақтығыстарды реттеу долдарына ерекше тоқталып , басты-басты ұсыныстарды талдаңыз;

  • Осы аймақтардағы қақтығыстарға байланысты соңғы кездерде жарияланған монографиялық, мақалалық материалдарды жинап оларға контент талдау жасап, өз пікіріңді қалыптастыр;

  • Осы тақарапты зерттеуші саясаткер- ғалымдардың пікірлерін айқындап, оларға байланысты өз пікіріңді айт.

Өзгертуші-продуктивті деңгейі:

Бұл деңгейде қақтығыстарға проблемалы талдауды келесі бағыттарда жаса:

  • Мәселені тұжырымдау;

  • Қақтығыстың кеңістіктік және уақыттық белгілерін анықтау;

  • Қақтығыстың типін даму бағытын анықтап, оның негізгі жүйелілік белгісін корсет;

  • Қақтығыстың даму заңдылығын және оның салдарын анықта.

Креативті деңгей:

  • Посткеңестік кеңістіктегі, не ҚХРдағы қақтығыстарыдң бірін алып, оған талдау жасау арқылы бұл қақтығыстың қазіргі қақтығыстарды топтау қағидасына байланысты оның қай түріне жататынын көрсетіңіз;

  • Таңдаған қақтығыс туралы эссе жаз;

  • Бұл қақтығысты реттеуге, не шешуге байланысты өз тұждырымдары мен ұстанымдарыңызды беріңіз;

  • Дайындалған материал бойынша өз біліміңізді анықтау үшін өз-өзінңізді тестілеңіз;

2. Қазіргі террорризм мен экстремизмнің діни сипаты. Халықаралық қауымдастықтың оларға қарсы күресі.

Реферативті талдау деңдейі:

  • Қазіргі терроризм мен экстремиззмнің табиғаты мен мәнін ашып көрсететін әдебиеттерге қысқаша шолу жасап, конспект жаз;

  • Діни терроризм мен экстремизмге қарсы халықаралық қауымдастықтың іс-шаралары туралы материадарды топтастырып, олар туралы өз пікіріңізді қалыптастырыңыз;

  • Діни терроризм мен экстремизмнің пайда болуының тарихи алғышарттары мен қазіргі себептерін анықтап, оларға байланысты өз пікіріңізді негіздеңіз;

Өзгертуші-продуктивті деңгейі:

  • Діни терроризм мен экстремизмнің соңғы кезде кең өріс алуына байланысты әртүрлі саясаткер-ғалымдардың пікірлерін салыстыру арқылы өз пікірлеріңізді қалыптастырыңыз;

  • Соңғы кезде болған діни терроризм мен экстремизмге байланысты 2-3 мысал келтіріп, оларға ортақ ерекшеліктерді, белгілерді көрсетіп, оларды болдырсмаудың жолдарын көрсетіңіз;

  • Тәуелсіздік алу үшін күрес пен терроризм арасындағы айырмашылықты көрсетіп талдаңыз және өз пікіріңізді негіздеп сипаттаңыз;

  • Халықаралық қауымдастықтың терроризм және экстремизге қарсы күресі тиімді болу үшін қандай шаралар қолдану керектігін айтыңыз;

Креативті деңгей:

  • «ҚР діни терроризм мен экстремизмге қарсы күресі» атты тақырыпта эссе немесе баяндама дайындап, студенттік конференцияда сөйлеңіз;

  • 1-2 террористік актіні алып (Ирак, Таяу-Шығыста т.б.) оларға байланысты өз тұжырымдарыңызды қалыптастырып өздеріңіз тиімді деп тапқан ұсыныстарыңызды беріңіз де, қақтығыстың шешудің жолдарын талдаңыз;

  • Халықаралық қауымдастық жасап жатқан терроризм мен экстремизмге қарсы күресіне байланысты өз пікіріңізді айтыңыз және өзіңіз тағы басқа қандай жолдарын ұсынар едіңіз? Пікіріңізді негіздеңіз;

  • Дайындалған материал бойынша өз біліміңізді анықтау үшін өзіңізді тестілеңіз;

2-модуль

1. Халықаралық қақтығысты реттеудегі БАҚ ролі

Реферативті талдау деңдейі:

  • Қазіргі халықаралық қақтығыстарға байланысты жазып жүрген БАҚ материалдарына контент талдау жасау арқылы қысқаша конспект жаз;

  • БАҚ бетінде жарық көрген материалдарды мазмұны мен өзіндік ұстанымдарына қарап топтастырып, олар туралы өз пікіріңізді қалыптастырыңыз;

  • Қазіргі халықарлық қақтығыстарды талдау арқлы БАҚ оны шешуге көмектесе ме, әлде, керісінше қақтығыстарды шиеленістіре ме? Талдау жасап өз ойыңды негізде.

  • Өзгертуші-продуктивті деңгейі:

  • Халықаралық қақтығыстарға байланысты әр-түрлі БАҚ сараптауларына тоқталып , олардың ұстанымдары туралы өз пікіріңді айт;

  • Қақтығыстың даму заңдылығын және оның салдарын анықта;

  • Әр елде болып жатқан қақтығыстарға байланысты ҚР БАҚ ұстанымдарының негізділігі мен кәсібілігіне баға бер ;

  • БАҚ та жарияланған материалдардың шынайылығына күмән келтіреміз бе?

  • Батыстық БАҚ құралдарында исламдық фундаментализмді соңғы кездегі әлемдегі қауіп қатердің қайнар көзі деп көрсетуімен келісесіз бе? Өз пікіріңізді негіздеңіз;

  • БАҚтың халықаралық қақтығыстарға байланысты басылымдарының ақиқаттығын анықтау үшін не істеу керек? Ұсыныс болса айтыңыз!

Креативті деңгей:

  • «ҚР БАҚ баслымдағы халықаралық қақтығыс мәселесі» деген тақырыпта студенттік конференцияға дайындаңыз;

  • ҚР үкіметтік басылымдар мен оппозициялық басылымдардың халықаралық қақтығыстарға байланысты жарияланған мақалаларына талдау жасап өз пікіріңзді айтыңыз;

  • ҚР-лық БАҚтар шетелдік басылымдардағы біздің еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп табылған материалдарды өздерінде жариялау керек пе? Осыған орай өз пікіріңізді айтыңыз.

  • Дайындалған материал бойынша өз біліміңізді анықтау үшін өзіңізді тестілеңіз.

Ескерту:

1. Жоғарыда берілген тапсырмаларды дер кезінде орындамаған студенттердің баллдары төмендетіледі.

2. «Дөңгелек үстел » аудиториялық сағаттан тыс уақытта өткізіледі.

Курсты оқыту саясаты

Студент міндетті:

  • Дәрістік сабақтардың барлық түріне және оқытушының бақылауымен болатын студенттердің өзіндік жұмысына байланысты консультациялар мен сабақтарға тұрақты түрде қатысуға;

  • Кітапханаларда, оқу залында, интернетте бар ұсынылған оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен басқа да басылымдарды пайдаланып, дер кезінде және берілген тапсырма көлемінде СӨЖ орындауға ;

  • СӨЖ және ОСӨЖ берілген жазба жұмыстарға көрсетілген кестеге байланысты өткізу керек;

  • Аралық және ақырғы бақылауда міндетті түрде өзі қатысу керек. Бұл бақылаулар оқу орнының оқу бөлімі бекіткен кестесі бойынша жүзеге асады.

Глоссарий

Қақтығыс пәні – қақтығысушы жақтардың негізгі себебі болып табылатын объективті сипаттағы мәселелер

Қақтығыстардың объектісі – бұл қақтығысшы жақтардың, қақтығыс барысында материалдық және рухани құндылықтарды игеру мен қолданылу болып табылады.

Қақтығыстардың субъектісі – өзінің әрекетімен қақтығыстарды тудыратын және оның мазмұнын өзгерістік бағытын айқындайтын жақтар.

Қақтығысушы жақтардың күші- орын алған қақтығысқа байланысты өз мақсатын көздей отырып нақты ресуртарды қолданып әсер ету.

Қақтығыстарға қатысушы- негізгі әрекет етуші күштер.

Қақтығыстың негізгі қатысушылары-бұл бір-біріне қарсы белсенді түрде әрекет етуші қақтығыстардың субъектілері болып табылады.

Қақтығыстың қосымша мүшелері- бұл қақтығыстың пайда болуына, жүруіне және нәтижесіне эпизодтық түрде әсер ететін субъекттер.

Қолдаушы топтар – бұл қақтығыстар дамуына немесе аяқталуына белсенді түрде қатысатын немесе жоспарлы түрде қолдауымен әсер ететін топтар.

Қақтығыстағы мотивтер – бұл қақтығысты тудырушының өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда ішкі және сыртқа жағдайлардың бірігуіне байланысты субъектінің қақтығысқа деген белсенділігінің дамуы.

Қақтығыстың интенсивтілігі-қақтығысушы жақтардың бір-біріне кері әсерінң өзектілігі.

Қақтығыс эскалациясы-қақтығысдың тереңдей түсуі.

Қақтығыстардың кеңеюі-қақтығысқа жаңа мүшелерінің қатысуы.

Потентивті дипломатия-қақтығысушы жақтардың бір-біріне деген сенімін қалыптастыру және бейбітшілік келісімін бұзуға байланысты факторлерді анықтау азаматтық бақылаушылар миссиясының жұмыстарын құру.

Бейбітшілік күрестер-қақтығысушылар арасындағы келісім сөз процесін ұйымдастыруға байланысты процедура және 3-ші жақтың өзара тиімді шешім қабылдауды жүзеге асыруы.

Халықаралық арбитраж-халықаралық сот, бұл соттың шешімі қақтығысушы жоғарғы заңды күші бар құжат болып есептеледі.

Келісімдер-қақтығысқа әкелетін мәселелерді бірігіп шешу.

Бейбітшілікке үгіттеу-қақтығыстарды шешуде әртүрлі әдістерді қолдану, әскерді, авиацияны, кейде қақтығыс шыққан мемлекеттің келісімінсіз.

Ассиметриялық дағдарыс және қақтығыстар-алып мемлекеттедің әлсіз мемлекеттерге қауіп төндіруі немесе халықаралық террористік ұйымдар.

Антиглобализм-жаһанданудың тек трансұлттық корпорацияларының, халықаралық финанс капиталдарының тар көлемді мақсатын көздеуінен туындайтынын негативтік салдарына қарсы шығушы қозғалыс.

Антиглобалистік қозғалыстың қозғаушы күштері-көптеген антиглобалистік бағыттағы радикалды бағыттағы үкіметтік емес, кәіподақтық, жастар ұйымдары және қоғамдық қозғалыстар.

Әлемдік форумдарда (әлемдік, европалық)әлемдік экономика, саясат және әлеуметтік жағдайларының дамуына байланысты басты сұрақтар қарастырылады.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Лебедева М.М. Политическое урегулирование конфликтов . М.,1997.

2. Фельдман Д.М. Конфликты в мировой политике. М.,1997.

3. Здравомыслов А.Г. Международные конфликты в постсоветском пространстве. М.,1997.

4. Белокреницкий В.Я Южная Азия в мировой политике. М.,2003.

5. Международные отношения: теории, конфликты, организации. М., 2004.

6. Авсентьев В.А. Этническая конфликтология. В 2 ч. Ставрополь. 1996.

Қосымша әдебиеттер:

1.Акчурин А., Омаров М. Концепция государственной политики в области религии и межконфессиональных отношений в республике Казахстан.// Сб. Материалов НПК 26-27 апреля 2001 г. Ч.1 Алматы.

2. Джуманова Г. Религиозный экстремизм: сущность и проявления. Сб. Материаов НПК 26-27 апреля 2001 г.Ч.1 Алматы. 2001

3. Өсерұлы Н. Ислам халықтары арсындағы татулық жайлы.// Сб. Материалов НПК 26-27 апреля 2001г. Ч.1.Алматы.

4. Европейский союз. Путеводитель. М., 2003

5. Шреплер Х.А. Международные организации. Справочник. М.,1995

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]