Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ETN_Auelbekova.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
150.82 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Экономикалық теория» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

«Экономикалық теория»

кафедрасының меңгерушісі

__________Лашкарева О.В.

________________2014 ж.

5В090100 – «Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5в021200 – Тюркология, 5в070300 – Ақпараттық жүйе мамандықтарының білім алушылары үшін

ETN 1109 Экономикалық теория негіздері

пәні бойынша

СИЛЛАБУС

Астана 2014

1. СИЛЛАБУС

1) Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

Байланыс телефоны: 32-819; aigul-76@list.ru

Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасын мемлекеттік реттеу, ақша-несие саясаты, бюджет-салық саясаты, шағын бизнестің дамуы, халықаралық сауда принциптері.

Ғылыми мектеп: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ғылыми жетекші – э.ғ.д., профессор М.Р.Расулов.

2) Экономикалық теория негіздері. Коды etn1109. 2 кредит

3) Өткізілетін уақыты мен орны: 2-семестр, сабақ кестесіне сәйкес

4) Пререквизиттер:

  • Математика;

  • Тарих;

  • Философия.

Постреквезиттер:

  • Экономикалық саясат;

  • Микроэкономика;

  • Макроэкономика.

5) Оқу пәніне сипаттама:

5.1 Оқу пәнінің бағыты: «Экономикалық теория негіздері» пәні – барлық сала мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандарды даялауда оқылатын міндетті курсын құрайтын пәндердің бірі.

5.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Экономикалық теория негіздері негізін түсіндіру, оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын, ғылыми теориялық ойлау қабілеттерін, әрі нарықтық шаруашылық жүйесінің негізін меңгеру, студенттерге нарықтық пайымдау мен тиімді экономикалық іс - әрекетті қалыптастыру.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Экономикалық теория пәнінің (ілімінің) тарихи даму кезеңдерімен таныстыру.

  • Экономиканың және оның қызметі мен реттеуіндегі мәселелерін шешуге қажетті экономикалық теориялық принциптерін , заңдарын және түсініктерін меңгеруді үйрету.

  • Болашақ маманның нарықтық ортаға икемделуі және дұрыс экономикалық шешім қабылдауы үшін нарықтық жүйемен оның қызмет ету заңдылықтарын оқу.

  • Экономикалық құрылымда тиімді жұмыс істеуге бағыттау.

  • Студенттерді игерген экономикалық біліммен келешектегі экономикалық теория мен шаруашылық тәжірибесінде өзіндік және терең зерттеу жүргізуге қолдануды үйрету.

  • Мемелекеттің экономикадағы ролін, әсіресе Қазақстан Республикасының негізгі институттарының тиімді даму жолдарын ашып түсіндіру.

  • Дүниежүзілік шаруашылық экономикасына арналған бөлімде бар.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны

«Экономикалық теория негіздері» курсы экономикалық мамандықтар бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Пән дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары

Апта

Тақырыптың аты

Оқуды ұйымдастыру формасы мен сағат саны

СӨЖ үшін тапсырмалар

1-апта

Бөлім – 1. Негізгі бөлім. 1-тақырып. Қазіргі экономикалық теория: пәні, зерттеу әдістері, рөлі

Кіріспе дәріс-1 сағат

Негігі категориялармен танысу семинары- 1 сағат; СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Экономикалық теория пәнінің даму кезеңдері және әдіс-тәсілдері, экономикалық заңдар мен категориялар.

2-апта

Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері. 2-тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері

Шолу дәрісі-1 сағат

Тематикалық семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Адам және экономика, қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері, экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

3-апта

3-тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны

Ақпараттық дәріс-

1 сағат, Бағыт беруші семинар – 1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Меншіктің заңдық құқығы, меншік экономикалық категория ретінде, меншік құқығы

4-апта

4-тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері

Дәріс-1 сағат,

Жүйелік семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Экономикалық жүйе: мәні, түрлері, құрылымы, аралас экономиканың модельдері, дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік экономика, нарықтық экономика.

5-апта

Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері. 5-тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары

Кеңестік дәріс-1 сағат,

Семинар-1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық. Тауар мәні, қасиеттері, формалары, әртүрлі теориялары. Нарық: мәні, құрылымы, қызметтері, принцип-тері, нарықтық инфрақұрылым

6-апта

6-тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері. Сұраныс, ұсыныс қисығы

Мәселелік дәріс-1 сағат

Жүйелік семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Жетілген бәсеке және оның шарттары, сұраныс және ұсыныс заңы, икемділік және оның көрсеткіштері, жетілмеген бәсекенің формалары.

7-апта

7-тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері

Кеңестік дәріс-1 сағат,

Тематикалық семинар-Дөңгелек үстел-1 сағат

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Кәсіпкерлік, оның мәні мен қазіргі замандағы рөлі, фирма немесе кәсіпорын, кәсіпкерліктің ұйымдық -құқықтық формалары.

8-апта

8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары

Шолу дәріс-1 сағат, Семинар-1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Өндіріс шығындарының теориясы, шығындардың түрлері, пайда туралы теориялық көзқарастар, фирманың табыстары мен түрлері.

9-апта

9-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Мәселелік дәріс-

1 сағат; Бағыт беруші семинар- 1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, еңбек нарығы және жалақы, капитал нарығы және пайыз, жер нарығы және рента

10-апта

Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары. 10-тақырып. Макро-экономикалық қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде

Ақпараттық дәріс-1 сағат, Тематикалық семинар-1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық есеп-шоттар жүйесі, тұтыну, жинақтаулар, инвестициялар, макроэкономика-лық тепе-теңдік.

11-апта

11-тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл

Аналитикалық дәріс-1 сағат, Семинар-1 сағат,

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Экономикалық өсу түрлері және әсер етуші факторлар, дағдарыс және оның түрлері, экономикалық өсудің модельдері

12-апта

12-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Дәріс-1 сағат,

Бағыт беруші семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Жұмыссыздық, Оукен заңы, инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, инфляцияға қарсы саясат.

13-апта

Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу. 13-тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі

Шолу дәріс-1 сағат, Тематикалық семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Ақшаға сұраныс пен ұсыныс, ақша нарығындағы тепе-теңдік, банк жүйесі және атқаратын қызметтері, орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары.

14-апта

14-тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Бюджет-салық саясаты

Аналитикалық дәріс-1 сағат, Практикалық семинар-1 сағат

СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар, салық салудың принциптері мен түрлері,

қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

15-апта

15-тақырып. Экономикалық теорияның халықаралық аспектілері

Кеңестік дәріс-1 сағат, Практикалық семинар-1 сағат, СОӨЖ-2 сағат ,

СӨЖ-2 сағат

Халықаралық сауда және оның түрлері, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, протекционизм және еркін сауда, төлем балансы.

Барлығы: Дәріс – 15, семинар – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]