Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
684.03 Кб
Скачать

Қорытынды

Дипломдық жұмысымды қорыта келе айналым капиталын қалыптастыру және оны ұтымды пайдалану саласындағы кәсіпорынның саясатына мынандай қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның айналымында жүргендіктен, айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Ол өнімді өндіру барысында және сатуға кеткен шығындарды өтеуге және пайда табуға негізделген. Ақшаны алу өндірістік кәсіпорынның басты мақсаты және оның соңғы кезеңі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өмір сүру стимулы, күші де.

Айналым қаражаты кәсіпорынның жұмыс істеуіне өндіріс пен өнімді өткізу барысында әсер ететін басты құрал болып табылғандықтан, өндіріс саласында өнім өндіру мен шикізат пен материалдарды сатып алуға, жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат. Өнім шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу, жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым қаражаты өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

2004-2005жылғы «Мерей-Әсем» ЖШС-ң қаржылық есебінен мынадай қорытынды жасауға болады, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2005 жылы 14162143 млн. теңгеге көбейгенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және 2005 жылы неге көбірек көңіл бөлінгенің, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін ( іске тартылу деңгейін ) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет. Өндірістік потенциал коэффициентінің шегі Кn ≥ 0,5 қалыпты болып есептеледі. Біздің кәсіпорнымызда Кn өндірістік потенциал құны 2004 жылы 44856933 млн. теңгені, 2005 жылы 55841128 млн. теңгені құрайды, яғни 10984195 млн. теңгеге өскен. Демек кәсіпорын соңғы жылдары өзінің алға қойған мақсаттарын толық орындау нәтижесіне жетті деуге болады.

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлар емес, алаңдаушылық тудыратын фирмалар сатып алған. Яғни, өзіндік капиталы жоқ, басқа фирмалардан қарыз алып, сол қарызын жекешелендірілген кәсіпорынның өндірген өнімін беру есебінен жабады. Және де Қазақстандық кәсіпорындардың ерекшелігі, яғни қорлардың және технологиялардың моральды және физикалық тозуы, толығымен қайта құруды ұсақ инвесторлар жүзеге асыра алмайды. Менің айтайын дегенім ірі кәсіпорындарды жекешелендіру емес, мемлекеттік бюджетке ірі көлемді табыстар әкелетін, ұлттық мәнге ие объектілерді мемлекеттік қадағалауға құқықтық негізде қайтару мәселесі. Қазіргі нарықтық жағдайға «Мерей-Әсем » ЖШС өміршең бола алады. Ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайды, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастырады және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етеді.

«Мерей-Әсем» кәсіпорынның компанияға айналған сәттен бері атқарылған істері, бүгінгі тыныс-тіршілігі және алдағы жоспарлары өте зор. «Мерей-Әсем» өнімдеріне деген сұраныстың өзгеріссіз болуы, ол әрі өнімдері сапалы, әрі серіктестік қарым-қатынаста берік сенімге ие болған кәсіпорынның дүниежүзілік рынокта өз позициясын жоғалтпайтынына сенімдімін.

Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі