
- •1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы.
- •1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері
- •II Тарау Айналым капиталының құрамы және
- •2.1 «Мерей-Әсем» жшс-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы
- •2.2 «Мерей-Әсем» жшс-ң айналым капиталын экономикалық талдау
- •1. Өндіріске кететін тікелей шығындарды есептеу.
- •1.1. Технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия:
- •1.2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы:
- •2. Жабдықтардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындар есебі.
- •2.1. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті отын мен энергия.
- •2.2. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті бу (пар).
- •2.3. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті су.
- •2.4. Қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруға бөлуі.
- •2.5. Жабдықтардың жұмыс істеуі.
- •2.6. Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •3. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •4. Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
2.5. Жабдықтардың жұмыс істеуі.
Қосалқы материалдарға кеткен жалпы шығындардың 10% , осы бөлімнің шығындары құрайды:
1860480 * 10% = 186048 мың теңге
2.6. Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.
Өндірістік жабдықтардың амортизациясы.
Са.об. = Цоб (а.об./100)
мұнда, Цоб. = 25000 мың теңге.
аоб. – амортизация нормасы: аоб. = 11%.
Са.об. = 25000 * (11/100) = 2750 мың теңге.
Көлік құралдарының амортизациясы.
Са.тр. = Цтр (а.тр./100)
мұнда, Цтр. = 4700 теңге.
атр. – амортизация нормасы: атр. = 20%.
Са.тр. = 4700 * (20/100) = 940 мың теңге.
Барлығы: Са.об.тр. = 2750 + 940 = 3690 мың теңге.
2.7. Тез тозатын құралдарды қалыптастыру мен қалпына келтірудегі шығындар.
Есептен жылына бір қосалқы жұмысшыға 2400 теңге қабылданады.
Св.изн. = 36 * 2400 = 86,4 мың теңге.
2.8. Басқа да шығындар:
6 – 11 бөлімдердегі шығындардың тең 5% соммасы қабылданады
Спр.з. = 211187,9 * 5% = 10559,4 мың теңге
2.9. Шикізаттың артуымен қатар сатып алынған шикізатқа шығындардың көлемі де артады
Кәсіпорын бойынша шығындардың барлығы:
Зоб = Зпр + Зс
Зоб = 6804645,5 + 218484 = 7023 129,5 мың теңге
3. Пайда.
Пр = Тп - Зоб
Пр = 13542 720,8 – 7023 129,5 = 6519591,3 мың теңге
ІІІ Тарау Айналым құралдарын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты және жетілдіру жолдары
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Айналым қаражаты кәсіпорынның жұмыс істеуіне өндіріс пен өнімді өткізу барысында әсер ететін басты құрал болып табылады. Өндіріс саласында өнім өндіру мен шикізат пен материалдарды сатып алуға, жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат. Өнім шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу, жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым қаражаты дегеніміз, өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінің үздіксіздігін қадағалайды, ал айналыс қорлары кәсіпорынның пайдасын көбейту үшін өнімнің нарықтан орын табуына және өтуіне оң ықпалын тигізеді. Өндіріс процесінің үздіксіз қалыптасып жұмыс істеуіне әсер ететін айналым қаражаттарының экономикалық маңызын анықтайды.
Белгілі бір уақыт аралығында өнім өндіру үшін жұмсалған барлық айналым қаражаттары қолданылып, өнімге немесе тауарға айналады: бұл белгілі бір уақыт немесе белгілі бір цикл келесі жұмыстармен сипатталады:
жабдықтаушылардың қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаға әкелген
шикізаттар мен материалдар;
алынған шикізаттар мен материалдарды өндірістік өңдеу жұмысшыларға
еңбек ақы төлеу;
өндіріс процесіндегі «аяқталмаған өндіріс» -тен «дайын өнім» деңгейіне
көшу;
- дайын өнімді өткізу мен олар үшін сатып алушыларға шоттарды ұсыну;
- сатып алушылардан қолма-қол ақшаның түсуі.
Кәсіпорындарға тәжірибеде айналым құралдарының ақшалай құрамына өндірістік-материалдық қорлардың құны; дебиторлық борыштар; алдағы кезеңдердің шығындары немесе алдын ала төленген шығындар (сақтандыру төлемдері); ақша қаражаттары.
Өндіріс процесінің маңызы өндірістік-материалдық құрал-жабдықтарды құру қажеттігі болып табылады. Яғни өнім өндіру процесі сағат сайын, күн сайын жүргізіледі. Оның тоқталуы тек демалыс күндері немесе өндірістік құралдарды жөндеуде болса ғана мүмкін. Қарап отырсақ өнім өндіру процесінде қажетті шикізаттар мен материалдар және т.б. қажетті кірістер үнемі уақытында кешікпей түсіп отыруы тиіс.
Өндірістік кәсіпорындардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауарлы-материалдық құндылықтардың 3 түрлі қорлары бар:
- өндірістік қорлар;
- аяқталмаған өндіріс;
- дайын өнімнің қорлары.
Аталғандардың барлығы өзінің мазмұны бойынша заттай және қаржылай бағаланады.
Өндірістік қор. Оған қайта өңдеуші кәсіпорындарда шикізаттар мен материалдарды, сатып алынатын жартылай дайын өнімдерді, оларды дайын өнімге айналдырушы еңбек шығындарын, өнімге қажетті қосымша құралдар немесе тауарды безендіруге қажетті құралдар жабдықтарды көруге техникалық аппараттарды химиялық тексеруден өткізу, отын мен жанар-жағармайды сақтауға, тасымалдауға арналған бұйымдарды жатқызамыз.
Пайдалану жағынан ыдыстарды екіге бөлеміз:
1. айналымға енетін.
2. 1 рет қолданылатын.
Осыған орай өндірістік қорларды өнімді өндіру процесінде қолданылатын өндірістің заттай факторы десек, екінші жағынан тауарлы материалдық құндылықтардың ақшалай көрінісі деп те айтамыз.
Өнімнің тез арада өндірілмейтіні бізге белгілі. Өндірістік қорлар дайын өнім қорлар формасына өтпес бұрын, шикізаттар мен материалдарды бірнеше өңдеу кезеңдерінің өткізеді. Әр кезеңінде өзінің аяқталмаған өндірісі бар. Өңдеу процесі жүргізіліп жатқан уақыт аралығын аяқталмаған өндіріс деп атайды. Бұл қорға тауарлы-материалдық құндылықтар мен кеткен еңбек шығындарын, өнім өндіруге кеткен электроэнергия мен су шығындарының құны жатады. Басқа да еңбек құралының құрамына кәсіпорынның аяқталмаған өндірісі, қазіргі жасалған барлық шығындардың жиынтығы, өнімнің өзіндік құнында есептелінеді.
Дайын өнім қорларына өндірісте біткен және сатуға дайын тауарлар, қоймада орналасқан дайын өнім қалдықтарының құны кіреді. Берілген жағдайда дайындауға кеткен барлық шығындар есептелінеді. Көп жағдайда өнімді қоймада біраз уақыт сақталынып, оны безендірсе, оған кеткен шығындар да есепке алынуы тиіс. Кәсіпорынның жұмыс істеуіне материалды-өндірістік қорлардың әртүрлі әсері болғандықтан осылай үшке бөлінген.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтсақ, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек – қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Егер бұйым сатқанда тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не ?
Ал кәсіпорынның қорлануының мөлшері неге байланысты ? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Менің жоғарыда пайданы есептеуді көрсетілген кестем баланстық есептеуге жатады. Пайданы үлестіру объектісі де кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кесте 8.
«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген пайданың есебі,
(мың теңге)
№ |
Пайда |
Жыл басынан |
1.1 |
Негізгі қызметі |
64 363 243 |
|
дайын өнімді сатудан түскен табыс |
61 665 633 |
|
өткізудегі жұмыс пен қызмет |
2 083 191 |
|
ТМҚ өз өндірісін сатудан түскен |
614 419 |
1.2 |
Негізгі қызметтен тыс |
3 663 501 |
|
ТМҚ сатудан түскен |
1 926 684 |
|
қызметті қайта көрсетуден |
437 182 |
|
жалға беру қызмет үшін |
98 402 |
|
құнды қағаздарды сатудан түскен |
-34 147 |
|
қаржылық инвестицияны сатудан түскен |
0 |
|
НҚ, МЕА сатудан түскен |
1 235 380 |
1.3 |
Сатудан тыс операциялар |
2 922 660 |
|
алынған ескертулер мен тиымдар |
5 445 |
|
алынған дивидендтер мен пайыздар |
20 304 |
|
курстық айырмашылықтар |
2 101 137 |
|
ақша құралдарының конвертациясы |
342 |
|
тағы басқалары |
795 432 |
|
Пайданың барлығы: |
70 949 404 |
* «Мерей-Әсем» ЖШС-ң баланс есебінен
Кәсіпорынның сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Қаржы менеджері ағымдағы шығындарды қалыптастырудың әртүрлі варианттарын талдау негізінде өз кәсіпорынның нақтылы экономикалық жағдайына сәйкес келетін,оның төлемқабілеттілігін,рентабельділігі мен активтерінің өтімділігін қамтамасыз етеиін вариантты таңдап алады.
Кесте 9.
«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген шығындардың есебі, (мың теңге)
№ |
Шығындар |
Жыл басынан |
2.1 |
Негізгі қызметі |
48 337 479 |
|
сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны |
30 776 621 |
|
өткізудегі жұмыс пен қызметтің өзіндік құны |
2 207 805 |
|
ТМҚ өз өндірісін сатудың өзіндік құны |
363 477 |
|
Шығындар кезеңі |
14 989 577 |
|
сатудағы шығындар |
4 536 959 |
|
жалпы әкімшілік шығындар (вычет) |
5 439 363 |
|
жалпы әкімшілік шығындар (невычет) |
2 439 394 |
|
пайыздық шығындар |
2 573 861 |
2.2 |
Негізгі қызметтен тыс |
3 443 845 |
|
ТМҚ сатудан шеккен |
1 762 491 |
|
қызметті қайта көрсетуден |
365 090 |
|
жалға беру қызмет үшін |
65 682 |
|
құнды қағаздарды сатудан шеккен |
729,00 |
|
қаржылық инвестицияны сатудан шеккен |
- |
|
НҚ, МЕА сатудан шеккен |
1 249 853 |
2.3 |
Сатудан тыс операциялар |
4 389 598 |
|
алынған ескертулер мен тиымдар |
753 788 |
|
курстық айырмашылықтар |
1 212 443 |
|
ақша құралдарының конвертациясы |
145 864 |
|
тағы басқалары |
2 277 503 |
2.4 |
Резервтерді құру |
-1 818 725 |
|
Шығындардың барлығы: |
54 352 198 |
* «Мерей-Әсем» баланс есебінен |
Менің ойымша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі, сол кәсіпорынның экономикасының даму жағдайы деп анықтауға болады, яғни мемлекеттің және тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық сферадағы қызығушылықтарын сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсер етуінен қорғау.
Кесте 10.
«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген қорытынды есебі, (мың теңге)
№ |
Қорытындысы |
Жыл басынан |
3.1 |
Негізгі қызметі |
16 025 764 |
|
дайын өнімді сатудан |
30 889 012 |
|
өткізудегі жұмыс пен қызмет |
- 124 613 |
|
ТМҚ өз өндірісін сатудан |
250 942 |
|
Шығындар кезеңі |
-14 989 577 |
3.3 |
Негізгі қызметтен тыс |
-1 247 283 |
|
Жалпы өткізулер |
219 656 |
|
Өткізуден тыс операциялар |
-1 466 939 |
|
Сонымен қатар курстық айырмашылықтан |
743 172 |
3.4 |
Резервтерді құру |
1 818 725 |
3.5 |
Табыс салығы бойынша шығындар |
6 126 795 |
3.6 |
Өткен табыс салығы бойынша шығындар |
- |
3.4 |
Табыстын азаю үлесіне қалуы |
10 470 411 |
3.5 |
Төтенше жағдайдан алынған табыс |
- |
3.6 |
Төтенше жағдайдан шеккен зиян |
- |
3.6 |
Төтенше жағдайдан шеккен зиян |
- |
|
азаю үлесі |
197 096 |
|
Қорытынды нәтиже |
10 472 382 |
* «Мерей-Әсем» баланс есебінен
Әрбір кәсіпорынға экономикасына қауіптің төнуі – бұл ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуінен потенциалды дамудың сондай түрі, яғни экономиканың негізгі салаларының және оны басқару жүйелерінің құлауы, ұлттық байлықтың ысырап болуы, технологиялық артта қалушылық, ғылыми және әлеуметтік регресстің пайда болуы, қоғам дезинтеграциясы және т.б. орын алуы. Тауарларды несиеге сату кезінде, компания міндетті түрде клиенттін тауарлар үшін және көрсеткен қызметі үшін өтей алмау қабілеттілігімен кездеседі. Егер компания мұндай оқиғаларға ұшырап қалмауы үшін, онда ол өз клиенттерін толығымен тексеруі керек, бірақ бұл тексеріс көптеген шығын әкеледі. Және де тұрақты өз клиенттерінен айырылады. Кейбір клиенттер компаниядан несие алалмағандықтан, олар әрине компанияның бәсекелестіктерінен несие алуға тырысады, сөйтіп компанияның тауарларды өткізу көлемі қысқарады. Сондықтан қаржы менеджері қызметтерінің бірі – дебиторлық қарыздарды басқарудағы сатып алушылардың төлем қабілетсіздігін жою.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қауіпсіздік сұрақтарын шешетін көптеген факторлар арасында, екеуі ерекше орында. Біріншісі – бұл экономикалық жағдайы, оның бәсеке қабілеттілігінің деңгейі. Екіншісі - әлемдік шаруашылықтағы бәсекелестік деңгейі, әлемдік экономикадағы белгілі-бір орынға күрес. Және де ештеме тұрақты емес, оның ішінде бәсеке қабілеттілік. Бірде-бір мемлекет әлемдік бәсекеге қабілеттілік деңгейіндегі орнынан айырылу тәуекелінен сақтандырылмаған. Экономиканың қауіпсіздігін сақтау тек қана саясатқа ғана емес, сонымен бірге ұлттық приоритеттердің қатал принциптеріне де байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық саясатының қалыптасу процесінің жалпылыма логикасы, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі стратегиясы аясында жүргізілетін, әртүрлі құжаттардағы жағдайлар мен талаптарды тіркеуді қосады.
Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджментінің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұндағы трактат бухгалтерлік есептен кең. Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға қажет болуы мүмкін.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару процесінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастырылады. Осы саясатты қалыптастыру процесінде есепке алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажеттілігін анықтайды, яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы құнынан айырылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айырылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді.
Бұл аталғандар қарама-қайшылықты талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерген жөн.
Сонымен, ақша активтерін басқару саясаты – кәсіпорынның айналымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиынтық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәсіпорынға тұрақты төлем қабілеттігі қамтамасыз етіледі.12
Есеп айырысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіші болып табылады. Сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары (өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.
Қалыптастырудың бастапқы жағдайы айналым құралдарының жалпы көлемін бекіту болып табылады. Ол өндіріске тікелей әсерін тигізеді. Ол мына алда қойған мақсаттарға байланысты:
Біріншіден, айналым құралдарының көлемі тиімді болуы керек. Басқаша айтқанда біржағынан белгілі бір дәрежедей сапалы және керекті шикізаттар мен материалдармен, отынмен жабдықтап, екінші жағынан өнеркәсіптік-өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.
Екіншіден, оның көлемін анықтаған кезде келесі жағдайларды қарастыру керек: құралдарда алуға кеткен уақытты; заказдарды қабылдау, өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін материалдық құндылықтарды сақтау, дайын өнімді сақтау, тұтынушыларға апаратын өнімді партияларға бөлу, жарнама жасау, өнімді өткізуге кеткен шығындар.
Айналым құралдары жалпы көлемі алдын ала құралған нормалар мен тұтынудың нормалары негізінде есептелінеді. Өндіріс барысында кеткен барлық шығындар қатаң түрде сметаларға сәйкес есептелінеді. Айналым құралдарының нормасы қордың көлемі мен уақытын анықтайды.
Басқаша, өндірістегі шикізаттар мен материалдарға төленген шоттардан бастап дайын өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындар үшін кеткен айналым құралдары (ақшалай) төленген уақыт аралығын көрсетеді.
Айналым құралдарының нормасы әр қорға бөлек есептелінеді: өндірістік аяқталмаған өндіріске; дайын өнімге, айналым құралдарының көп бөлігі (85-90%) өндірістік қорлардың үлесіне кетеді. Өндірістік қорларды құруға кеткен айналым қорларын жоспарлап, реттеу мен бақылау үшін ағымдағы қауіпсіздік дайындаушы, мезгілді деп бөледі.
Олардың айырмашылығы, мысалы: ағымдағы қорлар өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктегі (кепіл) қорларды өндіріс процесіндегі күтпеген жағдайда қолдануға болады, ол егер шикізаттар мен материалдардың кешіккен жағдайда, сапасыз шикізаттар әкелінсе қолданады. Айналым құралдарын өндірістік емес тұтынуға тарту деп санауға болады. Бұндай жағдайда қорларды тек өндірістік шикізаттармен қамтамасыз ететін болса ғана құру керек. Басқаша мұндай қамтамасыз ету түрін «транзиттік әкелімдер» деп аталады. Тәжірибеде көбінесе әкелінгенше шикізаттар мен материалдарды қосымша тексеріп, тәжірибе жасап, өндіріс процесіне дайындау істері жүргізіледі. Белгілі бір уақыт аралығындағы өндірістің тоқтап қалмауын әсіресе мерзімдік, қордың мақсаты болып табылады. Мерзімдік қорлардың жұмыс жасау уақыты белгілі бір яғни шектеулі және шикізаттардың сақталуы анықталғандықтан мерзімдік қорлар басқа қорлардан ерекшеленеді. Орташа айналым құралдарының бөлек материалдар мен шикізаттарға, жартылай дайын өнімге және тағы, басқа бөлек шығындарға орташа өніммен айналым құралдарының есептелінуі.
Айналым құралдарының нормасы әр шикізаттар мен материалдар бойынша өзіне бірнеше көрсеткіштер есептелінеді: ағымда әкелінген уақыты, қауіпсіздік, траспорттық, технологиялық қормен, жүкті әрі-бері тасу, орналастыру, қоймаға орналастыру шығындары. Бұлардың әрқайсысы айналым қорлар нормасын жасауға әсерін тигізеді.
Дайын өнімге айналым құралдар нормасын анықтау үшін қоймадағы кеткен уақытта дайын өнімді сорттау, заказ бойынша бөлу, керекті станцияларға апару барлығы жатады. Шикізат пен материалдар, ыдыстар, жөндеуге арналған бөлшектер т.б. қордағы айналым құралдарының мөлшерін анықтаудың өз ерекшеліктері бар.
Шығарылған өнімнің сапасы жоғары болған жағдайда, әсіресе өндіріс өнімдерінде 70-80% негізгі бұйым немесе тауардың құрамы шығарылады. Негізгі осы өнім түрлерінде айналым құралдардың орташа есептелінген айналым құралдарының нормасы есептелінеді. Ол қоймада орналасқан барлық дайын өнімге қолданылады. Шығарылған заттардың айналым құралдар нормасы төлем құжаттары мен шоттардың банкке тапсырылған уақытында есептелінеді.
Жартылай айналым құралдарының нормасы дайын өнімге немесе нормативтің жалпы сомасын бір күнде шығарылған тауар өніміне бөлсек аламыз.
Мысалы: складтағы дайын өнімнің айналым құралдар нормативі 350 млн. тг жіберуге дайын өнім 150 млн. тг ағымдағы жылдың 4-ші тоқсаныңда шығарылатын дайын өнімнің құны 6300 тг.
Онда айналым құралдарының жалпы нормасы:
өндірістік дайындауға және меңгеруге кеткен шығындар;
өндірісті ұйымдастыру мен технологиямен шарттанған тура өнім өндірісіне байланысты шығындар;
еңбекке төлеуге кететін шығындар;
табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты, сонымен қатар өнім сапасының жақсаруына байланысты капиталды емес мінездемелі шығындар;
рационализаторлық ұсыныстармен, техникалық дамумен, ойлап табумен байланысты жұмсаулар;
өндіріс процесіне қызмет етуге (ағымдағы, орташа және толық жөндеуге) байланысты шығындар;
техникалық қауіпсіздік пен еңбек етуге жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге байланысты шығындар;
жұмыс күшін жинауға, қабылдауға байланысты жұмсаулар;
мамандарды дайындау мен қайта дайындауға байланысты шығындар;
жұмысшыларды жұмыс орнына және жұмыс орнынан тасымалдауға, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақыны қамтамасыз ету аударымдарына, яғни сәйкес өнімдер өндірісінде істейтін, жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындардан мемлекеттік жұмыс пен қамту қорына аударымдарға байланысты жұмсаулар;
міндетті медициналық сақтандыруға байланысты аударымдар;
банк қызметіне төлемдер, банктердің қысқа мерзімді ссудаларына пайыз төлеуге байланысты шығындар;
кепілді қызмет етуге байланысты шығындар;
өнімді өткізуге (қаптау, сақтау, жеткізу) байланысты жұмсаулар;
негізгі өндірістік қорларды жандандыруға (толық қайта құрылуға амортизация) байланысты шығындар;
кәсіпорын мүлкін сақтандыру бойынша төлемдер;
материалдық активтер бойынша тозу;
сапаның сәйкес келмеуіне (брак) байланысты жоғалтулар;
ішкі өндірістік себептерге байланысты тұрып қалудан болған жоғалтулар.
Осы шығындардың көлемі өнім өндіруге, сонымен қатар олардың технологияны пайдалануына қажетті шикізат бағасына байланысты.
Кәсіпорынды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың ролі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлар емес, алаңдаушылық тудыратын фирмалар сатып алған. Яғни, өзіндік капиталы жоқ, басқа фирмалардан қарыз алып, сол қарызын жекешелендірілген кәсіпорынның өндірген өнімін беру есебінен жабады. Және де Қазақстандық кәсіпорындардың ерекшелігі, яғни қорлардың және технологиялардың моральды және физикалық тозуы, толығымен қайта құруды ұсақ инвесторлар жүзеге асыра алмайды.
Осыған байланысты мемлекеттік бюджетке ірі көлемді табыстар әкелетін, ұлттық мәнге ие объектілерді мемлекеттік қадағалауға құқықтық негізде қайтару мәселесі туындап отыр. Басқаша айтқанда, кейбір жағдайларда жеке меншік иелігінен алу сұрағын қойып отырмын. Әрине, бұл инвестициялық климаттың нашарлауына септігін тигізеді, алайда ыңғайлы климат ұлттық қызығушылықтарға зақым келетін жолдармен жасалмауы тиіс. Жекеменшік иелігінен алу нысандары әр түрлі болуы мүмкін: жекешелендіру келісім-шарттарын соттық негізде бұзу, қосымша акциялар пакетін шығару және оны мемлекетке беру, банкрот процесі арқылы мемлекет иелігіне алу, мемлекетпен акцияларды сатып алу және т.б
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең жкономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайға тек «Мерей-Әсем» ЖШС өміршең бола алады. Ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайды, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастырады және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етеді.
«Мерей-Әсем» ЖШС өзі құрылған жылдан бастап-ақ өндіріс қуаты мен өнім көлемін елеулі түрде арттырды. Өндірістік шығындарды барынша азайта отырып, сапалы және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттанарлық өнім шығару.
« Мерей-Әсем» ЖШС-ң саясаты
ЖШС «Мерей-Әсем»: Нан,нан өнімдерін және кондитерлік өнімдерді өндіретін нан-тоқаш комбинаты.
Мақсаты: Өндірістік шығындарды барынша азайта отырып, сапалы өнім көлемін көбейту.
Әлует: Артықшылықтар:
арзан электр қуатымен қамтамасыздық;
өз иелігіміздегі өнім өндіру өндірістерінде қосалқы бөлшектер, тораптар мен механизмдер шығаруға кететін шығындардың біршама төмендігі;
ең бастысы – адамдар, тәжірибелі, білімді де білікті мамандар.
Осал жақтарымыз:
материалдар мен реагенттердің өте үнемсіз жұмсалуы;
ескірген ұйымдық әдістер мен экологиялық жағынан зиянды технологияларды қолдану жалғасып келеді;
тәжірибе жүзінде ЖСМ ( жаппай сапа менеджментінің ) жоқтығы.
Тәуекел тұстар:
жоғары тауарлық құндылығы бар өнімдердің тұрақты, теңгермелі рыногынан айырылып қалу;
экологиялық және басқа да нормативті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі.
Стратегия:
Артықшылықтарды нығайтып, осал жақтарымыз бен тәуекел
тұстарымызды нықтау.
Кең мағынасындағы ресурсты үнемдеумен шұғылдану қажет, өз артықшылықтарымызға: электр қуатына, жөндеу – механикалық өндірістерге, адамдарға ысырап – қорлықпен қарамау.
Мұндай артықшылықтарсыз біз тақырға отырамыз. Сондықтан оларды орнымен пайдаланып, дамытуға қаражат жұмсаған абзал.
Өзіміз ықпал ете алатын барлық осал буындарды шегеріп отыру қажет. Аталған осал жақтарымыз бен тәуекел тұстарымыздың ішінде тек тауарлы өнімдерді тасымалдау жөніндегі шығындар ғана ықпалымыздан тыс қалып келеді.
Материалдар мен реагенттерді үйлесімді пайдалану үшін технологиялық жүйелер құрамы туралы дер кезінде және сенімді ақпарат алу қажет, ол үшін таяудағы 3 жылға дайындалған талдау және техникалық бақылау құралдарын жаңарту жобасы жүзеге асырылады.
Біздің абсолютті артықшылықтарымыз – адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өндірісіміздің залалды әсерін төмендету, ал мақсатымызға жету үшін міндетті шарттарымыз озық технологиялық, техникалық – ұйымдық әдістерді енгізу.
Біз стандарттық топтама негізінде ISO 9000 сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге кірістік және оны 2006 жылы енгізбекпіз. Іздеу – « Мерей-Әсем » ұйым жобасының интегралдалған жүйесі, дұрыс басқарылып, бізбен жетілдіріп енгізіледі. Тез арада дұрыс шешім қабылдау – бұл жетістікке жетудің кілті ! Бұл кілтті бізге тек дұрыс ақпараттық технологияны қолдана алатын, білікті ұйым мәліметтері бере алады.
Біздің атқаратын ісіміз тәуекелдікті жою, ең алдымен Мемлекеттік және коммерциялық әріптестермен адал, шың пейілді қарым-қатынаста болу. Біздің саясатымыздың тұнықтығы мүмкіндігіміз бен мақсатымызға жол ашады және де бізге өздерінің түсінушілігін, көмегін, сенімділігін артады.
Әдісі: Біздің жұмысымызға ортақ әдіс – ол, Жүйелік келісім !
Жүйелік келісім:
1 қадамы. Бастау сәті. Ақпарат алу – талдап шығу – ереже құру.
2 қадамы. Ағымдағы қызмет. Ақпарат ал да – талда – ережелерді қолданып, шешім қабылда.
Егер ереже жоқ болса, онда ереже құр.
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
Қағидаттар::
► ақпарат алмасуды жүзеге асыру, тіпті хат жүзінде.
► нәтиженің өлшемділігіне қол жеткізу. Өлшемділік болса, сыйақы да болады.
► жұмыс істей отырып, күнде тұтынушының қанағаттанушылығын ойлау. Тұтынушы – ол алдынғы орындаушының еңбегінің нәтижесін пайдаланушы. Тұтынушы пікірі – еңбегінің әділ бағасы.
► командада жұмыс істеу керек. Жалғыздың шаңы да шықпас ! Ол үшін сенімділік керек, бұл – адал және басқаларға сенімінді арттыруын.
► үйрену және басқаларды үйрету. Мамандығын және білім деңгейін арттырумен айналысу.
► жүйені жетілдіру – тез шешім қабылдамау.
► сенімсіздікті ( қорқынышты ) жою. Атқарылатын іс сенімділікпен атқарылуы тиіс, ал қорқыныштан емес. Қателік үшін жазаламайды – қателіктен үйренеді, ал қылмыс жасағаны үшін жазалайды.
► заңда белгіленген қылмыстан басқа, біздің жүйеміздегі ең ауыр қылмыс – ол алдау және өтірік айту. ( дұрыс айтпау – бұл да өтіріктің бір түрі ).
► әрбір ізгі ниетімен жасалынған жұмысты елеусіз қалдырмау.
► ұйымдық мәдениетті дамыту керек. Бізде бәрі көзге қуанышты, құлаққа жұбанышты болуы тиіс.
Қоршаған ортаға әсері
Ең ірі өнеркәсіпті өндіруші ретінде «Мерей-Әсем» ЖШС-ң – қоныстандырылған пунктердегі орналасқан еншілес кәсіпорындары қоршаған ортаны ластануына компанияның жауаптылығы өте зор. Қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару – қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болғандықтан, ол экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қадағалау, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдайлар жасалынуда. Бұл құрылған « қоршаған ортаны тазарту » жөніндегі жоспарлары белсенді жүргізілуде.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік-бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
· шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
· өндірістің ауқымы;
· кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келісетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды. Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғаның, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.