Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
684.03 Кб
Скачать

2.2 «Мерей-Әсем» жшс-ң айналым капиталын экономикалық талдау

Осы заман уақытына сай біздің ең бір маңызды проблемамыз – сапаны арттыру болғанымен, қоғамдық өндіріс тиімділігі негізінде оны интенсификациялау, жоспарлау және басқару. Бұл проблеманың орындалуына – кәсіпорынның алдыңдағы сұрағы, өндірісті жоспарлау және басқарудағы объектіге қойылған мақсаттарды нәтижелі, тиімді шешімді қамтамасыз етуге және оның маңызды ықпалын тигізетінің көрсетеді. Кәсіпорындардағы техникалық прогресс шарттарының бірі – бұл жаңа технологиялық құралдарды, технологиялық және өндірістегі ұйымдық әдістерді пайдалану негізінде өндірістің толассыз толық жетілдіруі келеді. Үйлесімді нақты өндірістік шарттарда, технологиялық шешімдер өнімнің жоғарғы сапасы, еңбек өнімділігі және өндірістегі шығындарды тиісті қамсыздандыру. Бұл бағыттардың барлығы осы дипломдық жобамда тойтарыс тапты.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.Сондықтан да «Мерей-Әсем» ЖШС-ң өндірістік шығындарын қарастырып көрейік.

1. Өндіріске кететін тікелей шығындарды есептеу.

1.1. Технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия:

Сэ.т. = Цэ.т. * Qэ.т.

мұнда, Цэ.т. – 1кВт электрэнергиясының құны

6 – электрэнергия шығынының нормасы

Qэ.т. – 1 жылдық технологиялық мақсаттағы электрэнергия шығыны

Цэ.т. = 0,650 теңге/кВт.сағ

Qэ.т. – 204000*6 = 1224000 кВт

Сэ.т. = 0,650*1224000 = 795,6 мың теңге

1.2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы:

Зопр = 1,3*1,4*Фдрспср

мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық коэффициенті;

1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне орнатылған инфляция коэффициенті;

Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.

Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 120 адам

γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.

Зопр = 1,3*1,4*1730*120*277,7 = 104924 мың теңге

Жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы:

Зопр = 1,3*1,4*Фдрспср

мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық коэффициенті;

1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне орнатылған инфляция коэффициенті;

Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.

Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 50 адам

γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.

Зопр = 1,3*1,4*1730*50*138 = 21725,3 мың теңге

Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы қорына бөлуі:

( 104924 + 21725,3) * 10% = 12664,9 мың теңге

Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыру қорына бөлуі:

( 104924 +21725,3 – 12664,9) * 21,0% = 23936,7 мың теңге

Барлығы еңбекақыға:

104924 + 21725,3 + 23936,7 + 12664,9 = 163250,9 мың теңге