
- •1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы.
- •1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері
- •II Тарау Айналым капиталының құрамы және
- •2.1 «Мерей-Әсем» жшс-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы
- •2.2 «Мерей-Әсем» жшс-ң айналым капиталын экономикалық талдау
- •1. Өндіріске кететін тікелей шығындарды есептеу.
- •1.1. Технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия:
- •1.2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы:
- •2. Жабдықтардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындар есебі.
- •2.1. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті отын мен энергия.
- •2.2. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті бу (пар).
- •2.3. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті су.
- •2.4. Қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруға бөлуі.
- •2.5. Жабдықтардың жұмыс істеуі.
- •2.6. Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •3. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •4. Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
- •16.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
4. Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
Дамудың мемлекеттік институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорларды – инвестициялық, инновациялық, ұлттық қорды құру 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуы стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған.
Проблемаларды шешу және Стратегия шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Қазақстанның даму банкісін жандандыру дамудың арнаулы институттарының – Қазақстан инвестициялық қорының, Инновациялық қордың, Экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі корпорацияның жұмыс істеуін қажет етеді.
Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялау саясатын жүргізеді және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулар мен зерттемелерді қолдайды.
Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып келеді. Қор қызметінің мақсаты перспективалық ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру - және тарту арқылы, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жекеше сектордың бастамаларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстанның индустриалдық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Қордың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) шикізат пен материалдарды мұқият жаңа технологияларды пайдаланып конкурсқа қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асыратын перспективалық ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылатын сондай-ай жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
2) инвестициялық жобаларды ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру Қормен ортақ қаржыландыру және бұл жобаларды басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жұмсалатын жекеше инвестицияларды ынталандыру;
3) шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
Отандық және толықтыратын шектес өндірісті дамытушы шетелдік ұйымдар арасында өндірістік Кооперацияны қамтамасыз ететін Қазақстаннан тыс жерлердегі инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыру арқылы.
Қор қызметінің негізгі бағыттары өтелетін және тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы перспективалық ұйымдарды инвестициялау және инвестицияларды тарту болып табылады.
Қордың инвестициялауы Қордың инвестициялық мағлұмдамасына сәйкес жүргізіледі.
Қор мына шарттардың сақталуы кезінде инвестицияны жүзеге асырады:
1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының негізгі бағыттарына сай келеді;
2) инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық параметрлері бойынша тартымды болып келеді;
3) инвестициялық жоба ұйымдардың технологиялық әлеуетін үдетуге, сапаны артыруға және өнім өндіру мен қызметтердің көлемін өсіруге, шикізатпен материалдарды ұқсатуды тереңдетуге, жоғары технология өнім шығаруға бағытталған.
Қор акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатудан алынған капиталды кейін қайта инвестициялай отырып, ұйымдардың жарғылық капиталдарына, басқа ұйымдарға инвестициялауды жүзеге асырады.
Қор акцияларға айырбасталымды не акцияларды сатып алуға құқықтар беретін бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
Қордың уақытша бос ақшалары Қор мақұлдамасымен анықталатын шектерде және тәртіппен ішкі және сыртқы рыноктарда мемлекеттік және мемлкеттік емес бағалы қағаздарды қоса, өтімді активтерге орналастырылады.
Қордың инвестициялары ұйымдардың шаруашылық дербестігін шектемейді.
Ұйымдардың жарғылық капиталдарында Қор қатысуының шекті мөлшері Қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат болып табылатын Қордың инвестициялық мағлұмдамасымен анықталады. Инвестициялық мағлұмдама мақсаттарды, стратегияны, инвестициялаудың бағыттарын, тәуекелді басқарудың саясатын, бағалы қағаздардың әр түрлі түрлері бойынша бағалы қағаздар портфелін әртараптандырудың нормаларын және инвестициялық жобаларды Қор қатысуының тоқтатуының шарттарын анықтайды. Қордың инвестициялық мағлұмдамасын Үкімет бекітеді.
Жоғарыда айтылғандай, Қордың жалғыз акционері Қорды басқаруға қатысатын Үкімет болып табылады. Қордың жарғылық капиталын республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен акциялардың атаулы құны бойынша акцияларды өтеу арқылы қазақстан Республикасының Үкіметі қалыптастырады. Қордың жарғылық капиталын көбейтуге қордың жалғыз акционерінің шешімі бойынша рұқсат етіледі және Қазақстанның заңнамасына сәйкес акцияларды шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Қордың таза табысы оның жылдық есебін бекітудің қорытындысы бойынша тек қана резевтік капиталды қалыптастыруға бағытталады. Резервтік капиталды бөлудің тәртібін акционер анықтайды.
Қор ұйымдардың жарғылық капиталына қатысатын оларды басқарудың мониторингін жүзеге асырады. Монинторинг электрондық әдістерді дамытып, қолдану негізінде жүргізіледі.
«Республикалық инновациялық қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту, инновациялық жұмыстарды қайтарылымды қаржыландыру механизмін іске асыру және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100%-ды құрайды. Инновациялық қорды құру инновациялларды енгізудің тиімді әрі рыноктық механизмінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі тиіс.
Инновациялық қордың міндеттері мыналар болып табылады:
1) отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлік қорлар құру, механизмдер мен инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
2) коммерциялық нәтиже мен гранттар беру жолымен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.
3) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында үлестік бақылауға алынбайтын қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру;
4) ұлттық инновация инфрақұрылымның (технополистердің, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың) элементтерін жасауға қатысу;
5) ғылыми-техникалық өнімнің рыногын қалыптастыруға қатысу;
6) инновациялық технологияларды ауыстыру, қарыз алу және ұлғайту, оларды коммерцияландыру және енгізу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Қордың міндеттері тек инновациялық қорлардың шеңберінен шығып кетеді, макроэкономикалық болып табылады және ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Қор инновациялық қызметтің барлық субъектілерімен байланыстарды қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді. Қордың қызметі ақпараттық-таныстыру компаниясымен қосарланады, оның барысында инновациялық қызметтің субъектілері, соның ішінде өңірлік субъектілер Қор қызметтерінің міндеттері, бағыттары, инвестициялау қағидаттары туралы ақпарат алады. Қор басшылығы мен жұмыскерлерді елдің өңірлері бойынша жол жүреді, биліктің жергілікті органдарымен және кәсіпкерлермен Қор қызметі, өзара ынтымақтастық және Қорға берілген инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесулер өткізеді.
Инновациялық қордың функциялары мыналар болып табылады:
1) венчурлік қорлардың жарғылықкапиталын жасау және оған қатысу;
2) акцияларды және инвестицияланатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлеспен қатысуды басқару;
3) инвестицияланатын кәсіпорындардың акцияларын қор рыногына алып шығуға көмек көрсету;
4) жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнімді өткізудің перспективалық рыноктарына конъюнтуралық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
5) граннтық негізде қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
6) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылауға алынбайтын қатысу жолымен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
7) инновацияларды өндірумен байланысты инвестициялық жобаларды қаржыландырудың параметрлері мен құрылымын әзірлеу;
8) инновациялық өнімдерді сыртқы рыноктарға жылжыту;
9) инновациялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуды ұйымдастыру;
10) технопарктерді, технополистерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды және инновациялық құрылымдардың өзге элементтерін құруға қатысу және т.б.