
- •Өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және алаңдарға қойылатын жалпы талаптар
- •Қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
- •Жазатайым жағдай туралы түсінік
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау.
- •Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы
- •Жалпы талаптар
- •Өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және алаңдарға қойылатын жалпы талаптар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Физика-техникалық факультеті
Жылу энергетикасы кафедрасы
«Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша
С Ө Ж
Тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы, оның мәні мен шарттары.
Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу. Газдылықты анықтау.
Орындаған: РЭТ-31қ тобының студенті Жубаева Ж.С.
Қабылдаған: аға оқытушы
Салихова Т.С.
Астана, 2014
ЖОСПАРЫ:
Қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Жазатайым жағдай туралы түсінік
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
Өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және алаңдарға қойылатын жалпы талаптар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін, жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдан алудың ұйымдастырушылық және техникалық шаралары мен құралдар жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының құрамдас бөлігі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Жұмысшылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта келесі бөлімдер болу керек:
1) Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
2) Жұмыстың алдынан болатын қауіпсіздік талаптары.
3) Жұмыс кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары.
4) Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары.
5) Жұмыс аяқталған соң қауіпсіздік талаптары.
«Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» бөлімінде келесілер қарастырулы керек:
мамандық бойынша жеке жұмысқа немесе тиісті жұмысты орындауғы жіберу шарттарын (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаулықтарды)
ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы; ішімдік заттарды н/е темекі тартуға тыйм салу туралы ескерту
Жұмысшыға әсер ететін қауіпті және зиянды өндіріс факторлардың синаттамасы
Берілген мамандығы үшін қажетті арнайы киім, аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдары
Өрт және жаралыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша талаптар
Жұмыс орындау кезінде жұмысшы жеке гигиенаның ережелерін білу қажеттілігі
Нұсқаулықтың талаптарын бұзғандығы үшін жұмысшының жауапкершілігі.
«Жұмыстың алдынан қойылатын қауіпсіздік техникасы» бөлімі:
Жұмыс орнының, жеке қорғаныс құралдарының дайындау реті;
Бастапқы материалдар жағдайы мен барлығып тексеру реті
Жабдықтардың және инструменттің, сигнализацияның және басқа құралдардың, қорғаныс жеке косылғанын жерілікті жарықтанудың, ауаның айдалуының дұрыстығын тексеру тәртібі
Үздіксіз жұмыс кезінде ауысу кезегін қабылдау реті
өндіріс санитарияның талаптары.
Жазатайым жағдай туралы түсінік
Жазатайым жағдай дегеніміз ‒ сақтандырылған адамның денсаулығына залал келтірілген, мүгедек жасаған немесе ажалға алып келген сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсердің нәтижесінде болған адамның өз еркінен тыс оқыс, күтпеген, аз уақыттың ішінде болған оқиға. Жазатайым жағдайдан сақтандыру мынадай сыртқы факторлардың: жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.
Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде:
өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт;
ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт;
кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт танылады.
Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.