IV. Ежелгі Египет
Египетті ежелгі заманда «қара жер» деп атаған. Египет Африканың солтүстік – шығысында орналасқан. Нілдің ұзындығы 5589 км. Египет негізінен екі бөліктен тұрады: Оңтүстік(жоғарғы) және Солтүстік(төменгі). Египеттің негізгі табиғат байлығы – тас. Ніл аңғары малахит, гранит сияқты қымбат тастарға бай.
1 Египеттің бірігуі
Бірігуі |
Алғашқы патшасы |
Соғыстары |
Б.з.б. IV мыңжылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Саны 40. Б.з.б. 3000 жылдары Египет бірікті. |
Ең алғашқы біріктіруші патша-Менес (Мина). Бекініс салғызды -«Ақ дуал». Астана – Мемфис. |
Шапқыншылық жасады: шығыста Синай түбегіне, оңтүстікте Нубияға. |
Б.з.б. II мыңжылдықта Египетте құл иеленушілік құрылыс қалыптасып нығайды.
2. Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Әлеуметтік таптар |
Жағдайы |
Шаруалар |
Шаруалардың ең ауыр міндетті перғауын әскерінде қызмет ету болды. Шаруалар ірі құрылыс салуға да тартылды. Шаруалар бақшаларды шадуфтың (құдық) көмегімен суарады. |
Қолөнершілер |
Қолөнершілер көбінесе қару-жарақ әзірлеген. Әсіресе, ағаш ұстасының жағдайы ауыр болды. Өйткені, олар қолынан келмейтін заттарды да жасауға мәжбүр болды. |
Тау -кен жұмысшылары |
|
Құлдар |
Құлдары Египетте «тірі өліктер» деп атады. |
3. Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың соғыстары.
а) Үстем тап өкілдерінің жағдайы.
Әлеуметтік таптар |
Жағдайы. |
Перғауындар |
Ежелгі Египеттің патшалары перғауын деп аталды. Перғауынның қолында асатаяқ және қамшы болған. Тутмос, Аменхотеп және Рамзес есімді перғауындар болды. |
Шонжарлар |
Египет перғауыннан кейінгі беделдісі әкімдер болды. Сот ісін атқарғандар- қазылар. Олар қастандық жасағандарды жазалады. Жазғыштар қазынада қанша астық барын, егістік көлемін, салық мөлшерін есептеді. Сақшылар мен шабармандар шонжарлардың малдарын, егінін, үйлерін күзетті. |
б) Перғауындардың жаулаушылық соғыстары
Египетте біртұтас мемлекеттің пайда болуы әскерді жақсылап қаруландыруға мүмкіндік берді. Негізгі әскері – жаяу әскері. Ерекше көзге түскендер -арбамен жүретін жауынгерлер (ақсүйектер). Көп соғыс жүргізген III Тутмос (б.з.б. 1525-1491 жж).
Елдер |
Египеттің жаулаушылық соғыстары |
Сирия |
III Тутмос Сирияға 17 рет жорық жасады. |
Алдыңғы Азия |
Б.з.б 1500 жылдары III Тутмос Алдыңғы Азияға басып кірді. Нәтижесі: Вавилон, Ассирия, Хетт патшалығы Египетке салық төлеп отырды. |
Нубия |
Египеттің оңтүстігінде болды. Нубияның алтын кендері қызықтырды. |
Африканың шығысы |
II Тутмостың әйелі Хатшепсут Египетте храмдар салғызып, Африканың шығысына жаулаушылық жорықтар ұйымдастырды. |
Қорытынды: 50 ж ішінде 100 мың құл тұтқынға түсті.
4. Египеттегі ғылым мен білім.
Білім саласы |
Қалай дамыды. |
Жазу |
Мемлекет пайда болғасын жазу қалыптасты. Таңба суреттерді иероглифтер деп атайды. Олардың саны 750. Ерте заманда Египетте 24 дыбыстан тұратын алфавит пайда болды. Жазу үшін папирус пайдаланды. |
Математика |
Математикадағы ірі табыстардың бірі – ондықтар бойынша санау. Миллион санын көрсету үшін екі қолын көтеріп тұрған адам салған. Египетте ең жоғарғы дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі – геометрия болды. |
Аспан әлемі |
Египет абыздары тұнғыш рет күнтізбе жасады. 12 айды білді, 1 жылда 365 күн екенін есептеп шықты. Күн және су сағаттарын ойлап тапты. Ғаламшарлар мен жұлдыздарды ажыратып тани білді. |
Медицина |
Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне маманданды. Дәрігерлер хирургиялық операциялар жасады және сол үшін медициналық құралдарды пайдаланды. |
Мектеп |
Мектептер сарай және храмның қасында болды, онда абыздар мұғалім болды. Мектеп хатшылар мен абыздарды даярлады. |
5. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері.
Өнер саласы |
Даму деңгейі. |
Әдебиет |
Әсіресе, халық ауыз әдебиеті ерекше дамыған. Аңыз әңгімелер мен мифтер: «Осирис пен Исида туралы миф». Саяхат туралы шығармалар: « Синухет әңгімесі». Халықтың ауыр тұрмысын білдіретін шығармалар: «Астық тасушының әні». |
Дін |
Египетте алғашқы діни сенімдер Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталған. Египеттіктер құдайларды жануар басты адам бейнесінде елестеткен. Жер мен Күнге ерекше табынды. Ең басты, ең құдіретті, көркем құдай: Күн құдайы – Амон – Ра. Егіншілер Ніл өзенінің құдайы Хапиге табынды. Ақылдың құдайы – Тот, оны айрықша құрметтеді, себебі: оқуды, жазуды үйретті. Перғауынды құдайдың ұлы деп санады. |
Храмдар |
Ірі храмдар салынған қалалар: Фивы, Гелиополь және Мемфис. Фивы қаласындағы храмның колонналы залы дүние жүзінде ең биік зал болды. Колонналардың бедерлеріне өсімдіктер мен жануарлардың бейнесі салынған. Храмның ішінде 200 мүсіндер болған. Залдардың қабырғалары мен төбелері алтын жалатылған тақтайшалармен қапталған. Фивы храмында 80 мың құл еңбек етті. |
Пирамидалар- Египет елінің елтаңбасы, перғауындардың мазарлары. |
Әлемнің жеті кереметінің бірі – пирамидалар. Олар тұрғызылды: Каир маңындағы Гиза даласында. Жерленген перғауындар: Жосер (бірінші пирамида), Хефрен, Хеопс. Ең биік пирамида- Хеопс пирамидасы(150 м). Б.з.б 2600 ж салынған. Ол туралы жазған Геродот, оның есептеуінше 100 мың адам жұмыс істеген, 2 млн 300 мың тас кеткен, 20 жылда салынды. |
Үлкен сфинкс (Үрей атасы) |
Биіктігі 20 м, ені 52 метр. |
