
I.Ежелгі Қосөзен мемлекеттері.
Қосөзендегі өркениетті негіздеушілер шумерліктер болды. Б.з.б. IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар пайда болды.
Мемлекет атауы |
Дамуы |
Шумер |
Алғашқы қала-мемлекет Лагаш. Урнанше атты билеуші тұсында Лагаш күшейді. Әсіресе Эанату патша кезінде Лагаш қуатты мемлекетке айналды. Шумер мемлекетінің құдіретті патшаларының бірі Лугал – заггиси болды. Ол Ниппурды бағындырды. Өзін Урук пен Урдың патшасы деп атады, осы екі қаланы астана деп жариялады |
Аккад |
Б.з.б ХХIV ғ. Аккад мемлекеті құрылды. Оның Шаруккин (Саргон) есімді патшасы Шумер жерін қосты. Шумер – Аккад патшалығын құрды. Шаруккин «Күміс таулар» деп аталған Сирия жеріне жорық жасады. Оны «әлемнің төрт құбылысының билеушісі» деп те атайды. Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин атты билеушінің тұсында болды. Батыстағы Сирия жерін басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Урартуға жорық жасады. Египетке жол ашты. Элам билеушісімен келісімшарт жасады. |
Шумер-Аккад мемлекеті. |
Б.з.б 2200ж. Аккад мемлекетіне гутеиліктер шабуыл жасады. Оларды «тау аждаһарлары» деп атаған. Б.з.б 2109 ж. елде Урдың Ш әулеті билік ете бастады. Бұрынғы қала-мемлекеттің билеушілері патесилер аймақтық әкімдерге айналды. Ассирия жеріне де шабуылға шықты. Күміс және мыс ақшалар пайдаланыла бастады. Шульги патша таулы тайпаларына қарсы 9 рет жорық жасады, батыстағы Сирияны бағындырды. Шульги бұрынғы Аккадтың қуатын қайта тірілткен ірі мемлекет құрды. |
II. Ежелгі Вавилон
«Бабилу»- құдайға барар қақпа
Вавилонның даму кезеңдері |
Сипаттама |
Хаммурапи тұсындағы Вавилон (б.з.б 1792-1750 жж) |
Хаммурапи бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшасы. Хаммурапи заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып зерттеген. |
Б.з.б VII-VI ғ Вавилон |
Хаммурапидан кейін Вавилон Ассирияға бағынышты болып келді. Б.з.б VIIғ Вавилон тәуелсіздігін алып, қайта гүлденді. Ол әсіресе б.з.б 604-562 ж билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде көркею шегіне жетті. Оның билігі кезінде Вавилон ең әсем қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Вавилонның дүние жүзіне әйгілі құрылыстары: «аспалы бақ», Иштар қақпасы (100 қақпаның ішінде – ең құдіретті), Мардук құдайының ғибадатханасы. |
III. Қосөзен мәдениеті
Мәдениет салалары |
Дамуы |
Әдебиет |
Қосөзендегі алғашқы әдеби шығарма – Гильгамеш туралы дастан. Бұл дастан өлім мен өмір арасындағы күрес туралы мәңгілік тақырыпты бастап берген тамаша шығарма. |
Сына жазу |
Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтіргендер шумерліктер еді. Сына жазу б.з.б IV мыңжылдықта пайда болды. |
Өнер |
Қосөзен жерінде дамыған өнердің түрлері:сурет, сәулет және мүсіндеу. Мүсін өнерінде көп кездесетін бейне: екі қолын бірдей кеудесіне қойған адам. Аспалы бақ әлемнің жеті кереметінің бірі болып есептеледі. Оның салыну Вавилон патшасы Навуходоносор есімімен байланысты |
Діни түсініктер |
Су құдайы -Таммуз. Күн құдайы - Шамаш. Ай құдайы - Син. Әйел құдайы, мұхит билеушісі -Тиамат. Вавилон қаласының қамқоршысы, дүниені жаратушы -Мардук. Сатқын құдай-Кингу. Дін иелері – абыздар. |