Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_na_telefon.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.06 Mб
Скачать

Билет № 7

1. Экзогендік геологиялық процестер. Жел, өзен, мұздық, жерасты суы, жербеті суының (теңіз, көл, мұхит) геологиялық жұмыстары - Экзогендік процестер-физикалық,химиялық,органикалық факторлар әсерінен құрлықта кездесетін таужыныстары бұзылысқа ұшырап,үгілген заттар тасқын сулардың және экзогендік агенттердің (мұзарттардың,желдің т.б.) тікелей әрекетінен бастапқы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойыс аудандарында шөгіп,қабатталып жиналады.Экзогендік геологиялық процестердің негізгі энергия көздері Күннің жылу энергиясы,әрі гравитациялық күштер болып табылады.Олар төрт топқа бөлінеді:1.Мору немесе үгілу;2.Аккумуляция (мору өнімдерінің шөгінді қабаттарда шоғырланып жиналуы);3.Диагенез (шөгінділердің тасқа айналуы);4.Денудация (мору өнімдерінің жаңа орындарға тасымалданып көшуі). Мору процесі.Неміс тілінен “веттер”-ауа райы деген мағына береді. Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер деп аталады.Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып,бұзылады немесе үгіліске ұшырайды.Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процестермен сипатталады. Коррозия деп,жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп,тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады. Дефляция деп,үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің жаңа орынға ұшып-қонуын айтады. Желдің аккумуляциялық (шөгінді жыныстардың жиналуы) қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері бар жылжымалы құм шоғырларын (бархан,дюна) қалыптастырады. Бархандар сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәріді болып келген асимметриялы құм-төбелер түрінде түзіледі. Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрееттеріне байланыст жер бедерінің ойлы-қырлы аудандрында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп,немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердің жағаларында биіктігі 20-40 м-дей адырлы құм үйінділері түрінде жиналады. Лесс-түсі ашық сары,құрамы біртекті келген,қабатсыз орналасқан шаң-тозаңдардан құралған,борпылдақ жыныстар болып саналады. Сорлар-ақшыл сұр,бетінде түк өспейді.Грунт суларының деңгейі жоғары болуынан олар тез буланып,құрамындағы еріген тұздарының топыраққа араласып,үлпе борылдақ түрінде шөгуінен пайда болы. Адырлар-тастақ шөлден жел айдаған лесс шөгінділерінен олардың жиектерінде түзіледі,ал беттері айқыш-ұйқыш,әр түрлі жыра,жылғалармен жырылған. Тақырлар-құмды өлкелердің құм араларындағы ойпаң жерлерінде қалыптасады. Өзендердің геологиялық қызметі,тау жыныстарын бұзып-шаю,үгілу заттарын басқа орындарға тасымалдап көшіру әрекеттерімен сипатталады.Мұндай әрекеттер эрозиялық процестер деп аталады.Түптік эрозия өзен арнасының еңістік шамасына қарай анықталады.Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді,бірақ ені тар болып кездеседі.Мұндай аңғарлар “каньондар” деп аталады.Өзен суының алғашқы басталған жерін бастау,ал оның теңізге барып құяр жерін сағасы деп атайды.Өзен сағасында байқалатын теңіз су деңгейі осы өзеннің “эрозия базисі” болып табылады. Мұздықтарды зерттейтін ғылым саласын гляциология деп атайды.Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар,ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар,су беті,жер асты мұздары,шельфтік мұздар,мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар(айсбергтер) жатады.Мұздықтардың атқаратын гео/қ қызметі тау жыныстарын бұзу және үгілу заттарын жаңа орындарға тасымалдап,қолайлы бір орындарға жинақтау болып саналады.Мұз/ң бұушылық әрекеті экзарация деп аталады. Жер асты сулары қатты,сұйық және газ күйінде жер бетінен төмен литосфера қабатында,таужыныстарымен бірге кездеседі.Ж..а.с/ң геологиялық әрекеттеріне байланысты құрамында тұзы мол сазды жыныстардың еріген бөлшектері сумен шайылып ағып кетеді де,топырақ қабаты төмен шөгіп отырады н/е жылжып ойысады.Мұндай әрекеттер суффозиялық (қазу) процестер деп аталады. Теңіздің жағалуы мен түбінің бұзылуы үш факторға байланысты:1.Толқынның соққысы;2.Күшті толқын іліп,жағаға ұрған тау жыныстары бөлшектерінің соққысы;3.Теңі суының таужыныстарына химиялық әсері.Теңіздің бұзу әрекетін абразия дейді.Күшті дауыл тұрғанда толқынның күші әр шаршы метрге 30-40 тоннаға жетіп,жағаны,сол маңдағы ғимараттарды қиратады,ал суының бұзу әрекеті оның іліп,сүйретіп әкелген жыныс кесектерімен аралас жүрсе,күші бірнеше рет арта түседі.Соның салдарынан теңіз жарқабақтарының табан тұсында қуыстар түзіледі де,кейін қуыстар құрылыққа қарай кеңи түсіп,үстіндегі жары опырылып құлайды да,қайта тік жарқабақтар түзіледі.Осы процестің сан рет қайталана беруінен жар құрылыққа қарай шегіне береді,ал орнында теңізге қарай сәл еңкіш тегіс бетті абразия террассасы-бенч қалыптасады. Көлдер де теңіз сияқты бұзушылық және жасампаздық қызмет атқарады,әр түрлі шөгінді қабаттар түзіледі.Көлдік шөгінділер механикалық,химиялық және органикалық болып үшке бөлінеді.Көл жағалауларында ірі, салмағы ауыр бөлшектер,ал жағалаудан алыстаған сайын,майда ұсақ бөлшектер көбейеді.Көл түбінде ас тұзы,гипс,бор қабаттары және темір рудалары пайда болады

2. Бетеонды және темірбетонды бөгеттер. Гравитациялық бөгеттердің тұрақтылығын есептеу - Бетонды және темір бетонды плотиналар конструкциясы (құрылысы) мен атқаратын міндетіне байланысты бірнеше түрге жіктеледі. Құрылысы бойынша шомбал (гравитациялық), контрфорстық және арқалы деп бөледі.

Ө те көп бетонды қажет ететін шомбал плотиналар, оны жылжытқысы келетін су арынына өз салмағымен қарсы тұрады, бірақ бұл плотиналар тұрғызуға кететін бетонның, беріктігі толық пайдаланылмайды.

Сондықтан көбіне, атап өткен кемшілігі жоқ, жеңілдетілген конструкциялы: табан жанындағы жігі кеңейтілген, табан жанында бойлық қуысы бар, арынды бетінде қалқаны (экраны) бар, табанында анкерленген гравитациялық плотиналар қолданылады. Олардың қатарына Өскемен (65м), Бұқтырма (90м), Тоқтағұл (215м) сияқты гравитациялық плотиналар жатады.

Атқаратын міндетіне байланысты бетонды және темір бетонды плотиналарды саңылаусыз және суағар деп бқледі. Бетонды және темір бетонлы саңылаусыз плотиналар өте сирек тұрғызылады. Сондай плотиналар көбіне жерден(топырақтың) соғады Кейінгі

жылдары су арыны 5м аспайтын кезде, ішін сумен немесе ауау су

3. Сыртқы су құбыры торабы. Торабты желілеу - Су құбырлары ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар өз жұмысында сорғыш бекеттері мен реттеуші немесе сақтаушы сыйымдылықтармен тығыз байланыста болып суды ауыл шаруашылығының барлық нүктелеріне жеткізіп және үлестіріп беру қызметін атқарады.Дұрыс жобаланған су құбыры торабтары тиісті көлемде өзінен су өткізе алатын, тұтынушыларды үзіліссіз, сенімді түрде сумен қамтамасыз ететін және басқа инженерлік құрылыстар тәрізді тиімді болулары шарт. Бұл айтылған талаптар су жүйесі құбырларының пішін үйлесімін (конфигурация), сонымен қатар құбырлардың диаметрі мен материалын дұрыс анықтағанда ғана орындалады. 1. Суды тұтынушыларға таратуды өте қысқа жолмен жүргізген 2. Магистралды құбырларды биік жерлерден өткізген жөн; 3. Металды құбырларды коррозияға ұшыратпау мақсатында трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн;4. Құрылыс құны арзандау болу үшін құбырларды жер құрылымы жақсы жерлер (батпақсыз, тассыз тағы сол сияқты) арқылы жүргізген жөн;5. Қиюшы құбырлар суды қысқа жолмен жеткізу және арын жоғалуын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.Тұтынушыларды толық су мен қамтамасыз ету мақсатында құбырларды қаланың барлық көшелері арқылы жүргізеді. Су таратуды екі түрлі тармақталған немесе айналмалы құбыр торлары арқылы жүзеге асыруға болады. Тармақталған су құбыры торабы ауыл шаруашылығына қажетті шығынды өзінен өткізе алғанымен су торабына қойылатын сенімді жұмыс талабына жауап бере алмайды.Өйткені торап бойындағы бір нүктеде апат болған жағдайда, сол нүктеден кейін жатқан бөліктер сусыз қалады. Ал айналмалы торабда торап бойындағы бір нүктеде апат болған жағдайда, сол нүктеден кейін жатқан бөліктер басқа торлар арқылы жеткізіледі. Бірақ айналмалы торда құбыр ұзындығы тармақталған су құбыры торабына қарағанда әжептәуір ұзын болады.

Сыртқы су құбыры торабының конструкциясы. Жалпы су құбыры торабының үлгісі суретте көрсетілген

Су торабынан су алу схемасы.Су құбыры торабын жобалаған кезде және оны жобада көрсеткен кезде мынадай ережелерді ескеру қажет. Магистралды құбырларды негізгі жер бедері бағыты бойынша жатқызылады, сонымен қатар олар ірі су тұтынушыларды (заводтар, фермалар және басқада) жәен тығыз орналасқан үйлерді жақын қамтуы қажет. Мүмкіндігінше жер бетінің жоғарғы белгілері бойынша жатқызған дұрыс, себебі ондағы қысымды төмендетуге жағдай жасайды.

4. Су қойманы көлемдерге (деңгейлерге) бөлу және олардың мәні - Су қоймасының өлшемдерін анықтайтын параметрлер су шаруашылық есептеулер негізінде тайғайындалады. Сондықтан қоймадағы көлемді тұрақты көлем және пайдалы көлем деп екіге бөледі. Тұрақты көлем дегеніміз (VТК) эксплуатация кезінде тайыздалмайтын және ағынды реттеуде қатыспайтын су қоймасындағы толық көлемнің тұрақты бөлігі. Бұл деңгейді су деңгейінің тұрақты көлемі ( СДТК) ( УМО (Уровень мертвого объема)) деп белгілейді. Пайдалы көлем дегеніміз ағынды реттеу үшін пайдаланылатын су қоймасындағы негізгі көлем. Ол СДТК-дан жоғары орналасады және қалыпты тіреу су деңгейі ( ҚТСД) ( НПУ (Нормальный подпорный уровень)) деп белгіленеді. Су қоймасының толық көлемі ( ҚТСД) деңгейіне тең және пайдалы көлем мен толық көлемнің қосындысына тең. Су шаруашылық есептеудің негізгі мақсаты су қоймасының пайдалы көлемін анықтау болып табылады. Пайдалы көлем, су тұтынушыларды сумен әрдайым қамтамасыз ету мақсатында ағынды реттеуге арналған су қоймасындағы жұмысшы көлем. Пайдалы көлем қалыпты тіреу деңгейді анықтауда ерекше орын алады. Оған бөгет тұстамасы мен қойманың табаны әсер етеді ҚТСД байланысты су қоймасының жұмысын қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылымдарды есептейді, ағынды реттеудің экономикалық көрсеткіштерін тағайындайды. Әр түрлі вариантардың технико-экономикалық қорытындыларын салыстыруда ҚТСД-ны қолдандық. Тұрақты көлемді және СДТК бірнеше жағдайларға байланысты анықтайды. Көп көлемді тасындыларды өткізетін өзендерде тұрақты көлем қатты затты ағынды жинақтап, су қоймасының жұмысы кезінде есептік уақыт аралығынды пайдалы көлемнің азаюын болдырмау үшін қажет. Коммуналды – тұрмыстық су тұтыну мен балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су қоймаларында тұрақты көлем мен СДТК-ны анықтайтын негізгі факторлар санитарлы – техникалық талаптар мен судың қажетті сапасын қамтамасыз ететін жағдайлар болып табылады. Осы шартарға байланысты су қоймасындағы орташа терендік 2,5 м – ден төмен болмау керек. Гидроэлектростанцияларға үшін тұрақты көлем деңгейі су қоймасының тайыздану тереңдігі сәйкес келеді. Көтерінкі көлем VКТСД (форсированный объем (VФПУ)) су қоймасындағы судың ҚТСД – нен асқанда көтерінкі тіреу су денгейіне дейін ( КТСД) құрылады, төменгі бъефті су басуын болдырмау үшін тағайындалады. Көтерінкі тіреу су дедеңгейінің белгісі судың максималды шығының есептік қамтамасыздығына, тасқын гидрографына, қашыртқы құрылымдардың өлшемдері мен орналасуына байланысты. Су тасқыны кезінде есептік қайталануы орташа есеппен 1000 жылда 1 рет қайталанады (р=0,1%) немесе 10000 жылда 1 рет (р=0,01%), бұл жағдайда су 1...3 м көтерілуі мүмкін. Судың көтерілуі қысқа мерзім ішінде болса да, ауыл шаруашылығына зиянын келтіреді, гидротехникалық құрылымдар мен ауыл шаруашылық объектілерінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі экономикалық негіздеу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]