Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РП ВВК ОМФ 2 курс каз 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.14 Кб
Скачать

« Астана медицина университеті » АҚ

ЖБ – 07.01.14

Беру күні:

«Клиникаға кіріспе » Кафедрасы

Тексеру күні:

Тексеріс:

1 беттің 1 беті

«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі

жөніндегі проректор

______Г.Ә. Жақсылықова

«____»_________________2012ж

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Клиникаға ену – 2 бойынша

Пәннің коды - VK 2226

Мамандығы 051301 - Жалпы медицина

Тәжірибелік сабақтар – 36 сағат

Студенттердің өздік жұмысы – 18 сағат

Барлығы - 54 сағат

Курс ІІ

Семестр IV

Бағалы сынақ IV

Астана 2012

Жұмыс бағдарламасы «Клиникаға кіріспе – 2» бойынша 051101 «жалпы медицина» мамандығына арналған 24.04.2008ж. типтік бағдарламаның негізінде құрастырылған.

Жалпы медицина мамандығына арналған жұмыс бағдарламасы «Астана медицина университеті» АҚ білімділік бағдарламасы бойынша комитет отырысында талқыланды

№ _____ хаттама «___» ________20___ ж

Төрағасы _______________ _____________________

«Астана Медицина Университеті» АҚ-да оқу-әдістемелік отырысында қабылданған

№ _____ хаттама «___» ________20___ ж

Төрғасы ОӘҰ _________________ ___________________

2.Бағдарлама

2.1.Кіріспе

«Клиникаға ену-2» - клиникада бақылау мен күтүді қажет ететін науқастармен жұмыс істеудің негізгі принциптеріне үйрету, мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, манипуляцияларды игеру, науқасқа дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын үйрету пәні болып табылады.

Пәннің маңыздылығы интегральды жүйеде жоғары медициналық білімді маман дайындауда медициналық көмекті ұйымдастырудың кезендерімен сатыларында кәсіби қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Пәнді оқыту мақсаты болып мамандырылған қызметтердің барлық түрлері табылады, яғни ол науқастарды жалпы күту медицина қызметкерлерімен жүзеге асады және диагностикалық, емдеу ісінің оң нәтижесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Оқыту тәсілі болып науқасты күтудің теориялық негізін ұғыну,тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру,жағдайлық есептерді шығару, манипуляциялық тәсілдерді үйренуге оқыту, емдеу-сақтау мекемелерінде мейірбикелік үрдісті қоюды үйрену, емдеу-сақтау мекемелерінде оқу-өндірістік тәжірибені өткізу және ұйымдастыру табылады.

2.2Пәннің мақсаты: Студенттерде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және мейірбикелік диагнозды қоюға білімін қалыптастыру.

2.3.Пәннің міндеттері:

  • емдеу мекемелерінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастырудың теориялық негіздерін оқыту;

  • диагностикалық және емдік дәрігерлік тағайындаулар орындау кезіндегі маңызды манипуляциялар әдісімен тәсіліне үйрету;

  • жедел жағдайлар кезінде науқасқа дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге үйрету;

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

  • мейірбикелік үрдісті ұйымдастырудың теориялық негіздерін;

  • орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру принциптерін;

  • әртүрлі емдеу-сақтау мекемелеріндегі орта медицина қызметкерлер жұмысының ерекшеліктері;

  • мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру;

  • орта медицина қызметкерлерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының регламенттеуші құжаттарын;

Істей білуі тиіс:

  • науқастарды лабораториялық-инструменталды зерттеу әдістеріне дайындауды жүзеге асыру;

  • пероральды дәрілік заттарды тарату және оны науқастың қабылдауын бақылау жүргізу;

  • науқастар жағдайының мониторингін жүргізу;

  • дәрілік заттарды парентеральды енгізу (көк тамырға,көк тамырға тамшылатып);

  • жүрек-өкпелік реанимациялық шараларды жүргізу.

Дағдыларын меңгеруі тиісті:

  • дәрілік заттарды теріастына және бұлшықетке енгізу;

  • лабораториялық және инструменталды зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау;

2.5 Реквизитке дейінгі

Молекулярды биология және медициналық генетика, медициналық биофизика, химия, анатомия-1, коммуникативті дағдылар-1, клиникаға кіріспе-1.

2.6 Реквизиттен кейін

Ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі ауралар, хирургиялық аурулар, жалпы дәрігерлік практика, жедел шұғыл медициналық көмек.

Мейірбикелік үрдіс. Мейірбике ісінің қазіргі заманғы моделдері. Науқастың иерархиялық қажеттіліктері туралы түсінік. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік. Науқас мәселелері.Мейірбикелік үрдіс бес сатысы. «Мейірбикелік диагноз» туралы түсінік. Мейірбикелік диагноз жиынтығы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мейірбикелік ауру тарихы. Науқастарды мейірбикелік бақылау күнделігі. Мейірбикелік үрдіс картасы. Организмнің негізгі он төрт қажеттілігі (А.Маслоу бойынша). Мейірбике үрдісінің этикасымен деонтологиясы.

Дәрілік заттар және дәрілік формалар. Дәрілік заттармен жұмыс істеу. Дәрілік заттармен жұмыс істеу тәртібі. Дәрігерлік нұсқаулар қағазына сәйкес дәрілік заттарға сұраныстар жазу. Дәрігер тағайындаған дәрілерді сұрыптау. Бөлімшелерде дәрілік заттарды сақтау. Наркотикалық және нейролептикалық дәрілік заттарды сақтау тәртібі, пайдаланылған дәрілерді тіркеу. Есептік құжат: постыдағы дәрілік заттарды тізімнен шығару тәртібі, әрбір мейірбикелік кезекке берілген ампуламен таблеткалардың жалпы санын есептеу. Дәрілік заттардың шығыс және кіріс балансын кезешіге тапсыру. Емдеуші дәрігермен немесе кезекші дәрігермен жоспарланбаған дәрілік заттарды ауру тарихына толтыру тәртібін сақтау. Күшті әсер ететін дәрілік заттарды тізімнен шығару журналын жүргізу.

Энтеральды және сыртқа дәрілік заттарды енгізу жолдары. Энтеральды дәрілік заттарды қолдану: таблеткалар, ұнтақтар, тамшылар, капсулалар. Науқастарға дәрілік заттарды тарату тәртібі. Ауыз арқылы ішуге берілген дәрілік заттарды науқастардың қабылдауын қадағалау.

Дәрілік заттарды субингвальды қабылдау. Сублингвальды қабылданатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар, терапиялық әсер ету ерекшеліктері, болатын асқынулар.

Дәрілік заттарды ингаляциялық және сыртқа қолдану. Ауыз, мұрын арқылы ингаляциялық жолмен дәрілік заттарды енгізу әдісі. Аэрозольдер, қалталы ингаляторлар, спейсерлар. Оларды қолдану тәртібі.

Компресстер, дымқылдағыш, жағу.Осы мақсаттарда аптекалық және арнайы препараттарды қолдану. Көзді, құлақты, мұрынды емдеуге тамшылар құю тәртібі. Қабаққа майларды жағу. Майларды жағу және қою, теріге, шырышты қабықшаларға майлы аппликациялар, бекітетін таңғыштарды, тампондарды қолдану. Дәрілік заттарды сыртқа қолдану түсінігі. Терапиялық және болатын кері әсерлерді бақылау. Теріге немесе шырышты қабықшаларға жаспсырылған майлы дәрілік заттарды алу. Майлы аппликациялар кебуі кезінде болатын тері немесе шырышты қабықтарды жарақаттанудан сақтау.

Ректальды дәрілерді және дәрілік клизмаларды қолдану. Ректальды дәрілерді қолдану тәртібі және микроклизмалар қолдану. Науқасты ректальды дәрілік заттарды енгізуге дайындау. Дәрілік тампондармен вагинальды дәрілерді қолдану.

Тампондарды алу. Болатын дәрілік асқынулардан және жарақаттанудың алдын алу. Күшті әсер ететін дәрілік заттармен жұмыс істеу қауіпсіздік шаралары. Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін анықтау. Дәрілік заттардың срытқы түрін және дәрілік формалардың сақталуын бағалау.

Көк тамырға тамшылатып енгізуге дайындау және жүзеге асыру. Көк тамырға тамшылатып енгізу. Болюсты құюға көрсеткіш. Көк тамырға тамшылатып енгізуге жүйені дайындау. Ерітінділерді тамшылатып енгізу жылдамдығын реттеу. Инфузия кезінде жүйенің техникалық жағдайы бақылау. Венепункциялық асқынулар: көк тамырдың тесілуі, көк тамырды қоршаған жұмсақ тіндерге қан құюлу, анафилактикалық шок, аллергиялық реакция, кері әсерлер (жүрек айну, бас айналуы, жүрек қағуы, естен тану т.б). Олардың себептері. Асқынулардың алдын алу.

Медициналық құралдармен материалдарды стрелизациялау түрлері және тәсілдері. Асептика жәе антисептика туралы түсінік. Стерилизация. Стерилизация тәсілдерін регламенттейтін нормативті құжаттар. (ауалы стерилизаторларда стерилизациялау, булы стерилизаторларда, қайнату, автоклавтау). Орталықтандырылған стерилизациялайтын бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру принциптері. Медициналық жабдықтарды стерилизациялау, оның сатылары. Резиналық заттарды стерилизациялау ерекшеліктері. Стерилизация сапасын бақылау. Қан қалдықтарымен жуғыш заттар қалдықтарын индикациялау. Стерилизацияға дәкелік тампондарды, салфеткаларды дайындау.

Шприцтар және жүйені дайындау. Оларды антисептикалық жою тәртібі. Стерилизация өткізу кезіндегі қауіпсіздік тәртібі.

Емшара бөлмесінің жұмысы ұйымдастыру. Теріастына, бұлшықетке, көк тамырға егулерді жүргізу.

Емдеу мекемелерідегі емшара бөлмесінің құрылымы. Емшара бөлмесі мейірбикесінің функциоальдық міндеттері. емшара бөлмесінің жұмыс тәртібі. Оның жабдықталуы. Емшара бөлмесіндегі жихазға, жабдықтарға талаптар. Емшара бөлмесін жұмысқа дайындау. Емшара бөлмесінің санитарлы-эпидемиологиялық тәртібі, жинау түрлері және оны өткізу уақыты. «Қызыл сызық» түсінігі. Мейірбикенің киіміне және жеке гигиенасына талап. Жеке қорғаныш барьерлері.

Дәрілерді парентеральды енгізу жолдарын анықтау. Дәрілік заттарды паретеральды жолмен енгізу ерекшеліктері. Шприц құрылымы. Егулерге арналғана инелер. Ампуладан, флаконнан дәрілерді сорып алу. Ұнтақ түріндегі антибиотиктерді еріту. Кері әсері.

Терішілік және теріастылық егулер: мақсаты, жасау тәсілі. Енгізілетін дәрілердің жоғарғы мөлшері. Орындалған егулердің сапасын бақылау. Тері астына егулердің жасалатын орны.

Бұлшықетке егулер. Бұлшықетке егулер жасалатын орны, мақсаты. Бұлшықетке енгізу тәсілі: науқас қалпы, мейірбике қалпы, қолын ұстауы. Бұлшықетте иненің болуын қадағалау. Дәрілік заттарды енгізу жылдамдығы. Егулерді жүргізу кезіндегі асептика тәртібі. Майлы ертітінділерді қолдану ерекшеліктері, майлы ерітінділерді қолданғаннан кейінгі инелермен шприцтарды тазарту. Көк тамырға егулер, дәрілік заттарды болюсті және дисперсті (тамшылы) инфузиялар. Дәрілік заттарды енгізу тәртібі: көк тамыр жолына дәрілік заттарды енгізуден бұрын иненің көк тамырда тұрғанын қадағалау, көк тамырдан иненің шығып кетуіне күдік туғанда теріні көзбен және пальпаторлы иненің шығатын жерін қарау, науқастың жағдайын және көңіл-күйін қадағалау. Егулер жүргізу кезіндегі мейірбикенің қауіпсіздік тәсілі. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу кезінде болатын асқынулар: анафилактикалық реакциялар, инфильтраттар, өлі еттенулер. Кері әсерден сақтану шаралары. Жедел кері әсерлер даму кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

Лабораторлы зерттеулерге науқасты дайындау.

Лабораторлы зерттеу жоспары. Осы зерттеуге науқасты дайындауда мейірбикенің ролі және қатысуы. Науқастарды қанды зерттеуге дайындау. Қанды биохимиялық, иммунологиялық, радиоизотопты зерттеуге алуға мейірбикенің ролі. Зәрдің жалпы анализін, Зимницкий, Нечипоренко бойынша зәрді алу тәртібі. Нәжісті алу тәртібі. Қақырықты алу тәртібі. Мұрыннан және тамақтан жұғынды алу.

Интрументалды зерттеу тәсілі өткізуге науқасты дайындау (рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбысты, ЭКГ, спирография).

Рентгеноскопия и рентгенография. Тыныс алу, асқорыту мүшелерін рентгенологиялық зерттеу. Көк тамрылық экскреторлы урография. Эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия. Бронхтарды эндоскопиялық зерттеу. Эндоскопияның басқа түрлері (ректороманоскопия, цистоскопия, торакоскопия, лапароскопия и хромоцистоскопия). Ішкі мүшелерді ультра-дыбысты зерттеу. Электрокардиография: өткізу техникасы. Спирография.

Өткізу принципі. Науқастарды дайындау ерекшеліктері. Зерттеуді өткізуге мейірбикенің қатысуы. Болатын асқынулар және оларды алдын-алу.

Зондты процедуралар. Медициналық тәжірибедегі зондтау, тәсіл тарихы, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Зондты емдеу және диагностикалық мақсатта қолдану. Зонд құрылысы. Асқазанішілік рН-метрия, фракционды дуоденальды зондтау, науқасты дайындау, процедура кезінде науқастың өзін ұстауын үйрету. Зондты процедуралар өткізу кезінде мейірбикенің өзін ұстауының этико- деонтологиялық аспектілері. Коммуникативті дағдыларды қолдану.

Асқазанды шаю. Асқазанды шаюдың зондты және зондсыз салыстырмалы тиімділігі. Зондтау тәсілі және әдісі. Болатын асқынулар, сақтану шаралары. Процедурадан кейін науқасты бақылау.

Клизмалар. «Клизма» түсінігі. Клизма түрлері: босаңсыту (тазалайтын, сифонды, жұмсартатын: майлы, гипертониялық), дәрілік (микроклизма, тамшылы). Клизманы қою мақсаты: дәрілік (микроклизмалар, тамшылы, босаңсыту), диагностикалық (тазалайтын). Тазалау және сифонды клизмаларды қоюға көрсеткітермен қарсы көрсеткіштер. Жабдықтар. Процедураны өткізу тәсілі.

Майлы, гипертониялық, дәрілік клизмалар. Оларды қоюға және жел шығаратын түтікті қоюға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Жабдықтар. Процедураны өткізу тәсілі. Инструментарияны тазарту.

Гипертониялық криз,өкпе ісінуі,іш аруысынуы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және диагностикасы.

Себептері. Симптомдары.Жедел дәрігерге дейінгі көмек.

Экзогенді уланулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және диагностиаксы. Алкогол суррагатымен улану. Симптомдары. Жедел дәрігерге дейінгі көмек. Иісті газбен улану. Себептері. Симптомдары. Жедел дәрігерге дейінгі көмек. Қышқылдар және сілтілермен улану кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және диагностикасы. Себептері. Симптомдары. Жедел дәрігерге дейінгі көмек.

Клиникалық өлім туралы түсінік.Жүрек-өкпелік реанимациялық шаралар.

Науқастың терминалды жағдайы туралы түсінік.терминалды жағдай кезеңдері және олардың негізгі клиникалық көріністері. Терминалды жағдай кезіндегі күтім және бақылау. Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік. Клиникалық өлім белгілері. Реанимация туралы түсінік. Реанимациялық шараларды өткізу тәсілі және тәртібі. Аздаған жүрек- өкпелік реанимацияның көлемі және кезектілігі. Өкпені жасанды желдендіру және жүректің жабық массажын өткізу тәсілі. Өткізілегн реанимациялық шаралар тиімділігінің критерилары.

Мәйітпен жұмыс істеу тәртібі. Өлі денеге этно-религиялық және этно-мәденитетті көзқарас, өлімге этникалық көзқарас принциптері. Салтты құрметтеуді қамтамасыз ету. Мәйітпен жұмыс істеу кезіндегі инфекциялық және психологиялық шаралар. Науқастың өлгені дәрігермен дәлелденгеннен кейін медперсоналдың жұмыс сатысы. Мәйітті уақытша сақтайтын арнайы бөлмеге тасымалдау.

Ескерту:*- пәннің мазмұнын 20%-ға дейін жоғары оқу орны өзгерте алады