Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет указ 2 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.32 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.01.14

Шығарылған күні:

«Клиникаға кіріспе» кафедра

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

3 бет 17

Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибе атауы: Палаталық мейірбике көмекшісі

Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Курс: 2

Сағат саны:______

Дайындаған Манаева М.А.

Астана 2012

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген

№___хаттамасы «____» _________ 20____ ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Каркабаева А.Д.

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген

№___хаттамасы «____» _________ 20____ ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Каркабаева А.Д.

1. Кіріспе

«Клиникаға кіріспе» - бұл пән науқаспен клиникада жұмыс істеудің арнайы принциптеріне,яғни науқасты күтуге және бақылауды жүзеге асыруға,қажетті күтім және бақылауды,мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды,манипуляциялық тәсілге үйретуді,науқасқа дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге үйретеді.

Пән маңызы болып интегралды жүйеге жоғары медициналық білімі бар маманды дайындауды қамтамасыз ету,медициналық көмектің барлық кезеңдерінде және сатыларында мамандандырылған тұрақты стереотипті дайындау болып табылады.

Пәнді оқудағы обьект болып мамандандырылған қызметтің барлық жағдайы және түрлері табылады, яғни науқасты жалпы күту бойынша медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын емдеу және диагностикалық оң тиімді үрдісті қамтамасыз етуге бағытталады.

Оқыту тәсілі болып науқасты күтудің теориялық негізін ұғыну,тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, жағдайлық есептерді шығару, манипуляциялық тәсілдерді үйренуге оқыту, емдеу-сақтау мекемелерінде мейірбикелік үрдісті қоюды үйрену, емдеу-сақтау мекемелерінде оқу-өндірістік тәжірибені өткізу және ұйымдастыру табылады.

2. Кәсіби практиканың мақсаты:

- «Клиникаға кіріспе» пәнін оқу барысында студенттер палаталық медбике деңгейінде алған білімін және дағдыларын толықтыру және жетілдіру.

3. Тәжербие алдындағы тапсырмалар:

  • медбикелік процесс негіздерін, емдеу-профилактикалық мекемелердегі орта буынды медицина қызметкерлері жұмысы ерекшеліктерін тәжербие жүзінде толықтыру және жетілдіру;

  • емдеу бөлмелеріндегі, медбике бекетінде атқарылатын (дәрілік заттармен қызмет атқару ережелерін, лабораториялық және аспапты тексерулерге науқастарды дайындау) дағдыларын оқу, игеру және жетілдіру;

  • кейбір шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету дағылардын үйрену және жетілдіру.

4. «Палаталық медбике көмекшісі» ретінде оқу-өндірістік тәжербиені өтуде «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс __ топ студентінің нәтижелері

Тегі, аты

Студент игерген дағдысы және оны орындай білуі (баға баллмен есептеледі)

Дәрілерді тарату, үлестіру

Дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысыап жағу,

сылап жағу,пластырь түрінде пайдалну)

Көзге, құлаққа ләрі тамызу.

Ингаляциялау арқылыдәріні пайдалану (аэрозольді

түрлері)

Ректальды және вагинальді суппозиторийлерді

қолдану.

Бір рет қолданылатын шприцті жинау, ампуладан,

флаконнан шприцпен дәрі алу,.

Флакондағ қатты дәріні еріту, оны шприцпен алу.

Тері ішіне егу.

Тері астына егу.

Бұлшық етке егу.

Зәрді жалпы зерттеуге, Нечипоренко, Зимницкий

сынамаларымен зерттеуге жинау.

Ұлы дәретті копрологиялық зерттеуге жинау.

Қақырықты жалы зерттеуге жинау.

Мұрыннан ұғынды алу.

Тазарту клизмасын орындау.

Асқазанды жуан зондпен жуу.

Тәжербиел3к дағдылардан қортынды баға.

Тәжеобиеден қортынды баға.

1.

2.

3.

Комиссия мүшелері қолы:

Кафедра бойынша тәжербиеге жауапты: ____________________ Аты, тегі

Емдеу мекемесінің бас медбикесі: ___________________ Аты, тегі

Кафедра меңгерушісі ________________________ Аты, тегі

5. Оқу-өндірістік тәжірибесінің саясаты.

Тәжербие оқу орнының тәжербиені өткізу базасы ретінде бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелерде өткізіледі. Тәжербиені өту барысында студенттер емдеу-профилактикалық мекемелердің ішкі ережелеріне толық бағынулары, ұйымдастыру және емдеу-әдістемелік жұмыстардың барлығына қатысулары тиіс.

«Клиникаға кіріспе» пәні тәжербиесін ұйымдастыру, өткізу, басқару осы пәнді оқытқан кафедраға жүктеледі. Тәжербие кестеге сәйкес сабақтан тыс уақыттарда, кафедраның тәжербиелі оқытушысы, тәжербиеге жауапты қызметкері (доцент, тәжербиелі ассистент) емдеу мекемесінің тиісті басшылығымен (мысалы, аурухананың бас медбике) бірге өткізеді.

Студент тәжербие туралы күнде күнделік толтырады, онда жұмыс уақытында атқарылған барлық жұмысы келтіріледі. Тәжербие жетекшісі студент жұмысының сапасына, дұрыстығына көңіл аударады және қажетті түзетулер енгізеді және күнбе-күн студент күнделігіне қол қояды. Өндірістік тәжербие кезіндегі студент білімі оның жұмыс орнында игерген тәжербиелік дағдыларымен бағаланады.