Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құралдар-ОМ1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
144.38 Кб
Скачать

Аралық бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

1. Төменде көрсетілген белгілерді топтап, ауруларға жіктеңіз:

1) біріншілік амилоидоз

2) екіншілік амилоидоз

а) ешқандай аурудың нәтижесі болып табылмайды, б) белгілі бір аурудың нәтижесінде дамиды, в) түйіндер тәрізді жиналуға бейім, г) көбінесе мезодермальді тіндер зақымданады, д) көбінесе паренхималық ағзалар зақымданады

2. Әктенулердің белгілерін жіктеп жазыңыз:

1) петрификациялар

2) ізбестік метастаздар

а) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, б) бауыр эхинококкының әктенуі, в) остемаляция кезінде миокардтың әктенуі, г) өкпедегі туберкулез ошақтарының әктенуі, д) созылмалы дизентерия кезінде тамыр қабырғаларының әктенуі, е) қалқанша маңы безінің ісіктері кезінде ішкі ағзалардағы әктену ошақтары

3. Аталған пигменттерге тән белгілерді атаңыз:

1) гемосидерин

2) гематоидин

а) құрамында темір болады, б) құрамында темір болмайды, в) физиологиялық, г) патологиялық, д) сары түсті, е) қоңыр түсті, ж) 7 күннен кейін дамиды, з) 24 сағаттан кейін дамиды

4. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:

1) гиперкальциемия

2) гипокальциемия

а) қалқанша маңы безінің аденомасы, б) қалқанша маңы безінің гипофункциясы, в) некроздық колит, г) тетания, д) Д гипервитаминозы

5. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:

1) қабынулық тастар

2) зат алмасулық тастар

а) көбінесе ұсақ, көптеген, б) көбінесе ірі, бір-бірден, в) беткейі тегіс, г) беткейі кедір-бұдыр, д) кесіндіде қатпарлы, е) кесіндіде сәулелі

6. Тамыр қабырғасындағы аталған морфологиялық өзгерістерді жіктеп жазыңыз:

1) жергілікті әктену

2) ізбестік метастаздар

а) атероклероздық табақшалардағы петрификаттар, б) созылмалы колит кезіндегі артериола қабырғаларындағы петрификаттар, в) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, г) гипервитаминоз кезіндегі өкпе артерияларының тармақтарыныңғ перификаты

7. Тегі бойынша меланин алмасуын жіктеңіз:

1) туа пайда болған бұзылыстар

2) жүре пайда болған бұзылыстар

а) альбинизм, б) тоқ ішектің меланозы, в) невустар, г) лейкодерма, д) Аддисон ауруы, е) пигментті ксеродерма, ж) меланома, з) витилиго

8.Құрамы бойынша қандай тромбтардың қай жерлерде орналасатынын көрсетініз:

1) қызыл

2) ақ

а) аяқ веналарында, б) митральді қақпақшалардың жармаларында, в) бас миының қатты қабықшаларының синустарында, г) қақпа венасында, д) қолқа атеросклерозында

9. Төменде көрсетілген процесстер қандай ағзаларда дамитынын атаңыз:

1) гипертрофия

2) гиперплазия

а) миокард, б) көк бауыр, в) лимфа түйіндері, г) эндометрий, д) қуық қабырғасы, е) асқазан қабырғасы, ж) артерия қабырғасы

10. Қандай ағзаларда төменде көрсетілген патологиялық процестер дамиды:

1) гангрена

2) инфаркт

а) бүйрек, б) ауыз қуысының шырышты қабығы, в) бас миы, г) жүрек, д) ішек, е) өкпе, ж) өт қапшығы, з) жатыр

11. Тромбтардың түзілетін жерлерін көрсетіңіз:

1) дилятациялық

2) өршімелі

3) марантикалық

4) шар тәрізді

а) аневризмалар, б) қоңыр индурация кезіндегі өкпелерде, в) аяқ веналарында, г) сол жақ жүрекшеде

12. Ісіктердің клиника-морфологиялық белгілерін жіктеңіз:

1) қатерсіз ісіктер

2) қатерлі ісіктер

а) ісікті алып тастағаннан кейін жиі тетастаз береді, б) жасушалар анаплазиясы, в) жасушалар полиморфизмі, г) жасушалардың жоғарғы дифференцировкасы, д) инфильтрациялық өсуі, е) сирек рецидив береді, ж) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, з) патологиялық митоздар, и) экспансивті өсу

13. Қатерлі ісіктерді атаңыз:

1) дәнекер тіннен дамитын

2) бұлшық ет тінінен дамитын

3) тамырлардан дамитын

а) лейомиосаркома, б) фибросаркома, в) полиморфты жасушалы саркома, г) гемангиоэндотелиома, д)рабдомиосаркома, е)лимфангиоэндотелиома

14. Ісіктердің өсу белгілерін топтаңыз:

1) қатерлі

2) қатерсіз

а) жасушалар тамыр қабырғасына еніп өседі, б) қоршаған тіндерді бұзып өседі, в) қоршаған тіндерді басып өседі, г) пішіні дұрыс шар тәрізді, д) теттері айқын емес түйіндер түрінде, е) жасушалар қоршаған тіндерге енеді

15. Ісіктерді жітеңіз:

1) қатерлі

2) қатерсіз

а) остеосаркома, б)каверналық гемангиома, в) астроцитома, г) спонгиобластома, д) хондрома, е) хорионэпителиома

16. Атипизмнің морфологиялық белгілерін жіктеңіз:

1)тіндік

2) жасушалық

а) ісік жасушаларының алғашқы тіндерден күрт ерекшеленуі, б) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, в) патологиялық митоздар, г) алғашқы тіндерге ұқсас, бірақ қалыпты емес құрылымдардың пайда болуы, д) ядролардың гиперхромиясы, е) жасушалар анаплазиясы