Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник ИГ пер. работа16.12.08г .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
26.99 Mб
Скачать

5.3 Бөлшекті конструктивті элементтерін суреттеу

Көптеген машинаның бөліктер нысандары ортақ элементтерге ие: саңылаула (тесіктер), паздар, фаскалар, проточкалар, накаткалар, канавкалар және т.б., белгілі бір стандарттармен ережелер бойынша орындалатын суреттер (40сур).

Конструктивті элементтердің өлшемдері (фаска, орталық тесіктердің, проточкалардың және т.б.) ВО сызбасы бойынша анықталмайды, олар анықтама кестелерден алынады (әрбір конструктивті элементте жеке МЕСТ бар).Бөлшектің сызбасында ВО өнімі сызбасында көрсетілмеген не қысқартылып, шартты немесе схемамен суреттелетен элементтер көрсетілуі керек. Бұндай элементтерге, мысалы, шлифовальді шеңбердің шығуы канавкалары және проточкалар.

40 Сурет. Бөлшектің конструктивті элементтердің атаулары.

Ол 2.305-68МЕМСТ* СБ сызбасында кейбір кіші конструктивті элементтерді суреттемелуі ұсынылуымен түсіндіріледі, бірақ егер ол сызбаның оқылуына және құрастыру опрецияларының өтуіне кедергі жасамаса ғана жол беріледі

Жұмыс сызбасындағы бөлшектің кейбір элементтері СБ сызбасындағы элементтерден басқаша суреттелуі керек. Мысалы, СБ сызбасындағы өзектермен винттерге арналған ұялар қарапайымдалынып суреттеледі, онда бұраңда ойық теңдігінің айырмашылыған көрсетілмейді. Жұмыс сызбасындағы ұялар жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес болу тиіс (34сур.,3,5 пункті).

Шлифтеуші шеңбердің шығуына арналған канавкалар және бұраңда оюшы құралдың шығуына проточкалар СБ сызбасында қарапайымдалып суреттеледі. Жұмыс сызбасында талған элементтер стандарттарға (Б-қосымшасы) сәйкес суреттеледі.

5.4 Іскерлік ойын.

Іскерлік ойын 5 студенттен артық емес кіші топтармен орындалады. Бұндай топтарды білімімен қабілеті жоғарға, «көшбасшының» ұйымдастырушылық қабілеттіктеріне ие, үлгерімі жоғары студенттердің арасынан таңдалатын басты конструктор басқарады. Жұмыс үшін жауапкершілікті басты конструктор өзге қарапайым конструкторлардың арасында бөліп-бөледі. Бөлініс іскерлік ойының сценари – жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сценариде топтың жұмыс алгоритімі, істелінетін жұмыстың регламенті (орныдалу мерзімдері), Топ жұмысының жалпы ережелері, Ф тәжірибедегі өндірістік талаптарға сәйкес конструкторлық бюродағы сияқты функцияларды өзара бөлу тәртібі көрсетіледі.

Іскерлік ойынның маұсаты – студентердің коммуникабельді қабілеттерінің дамуына алғышарттарда жасалады, шығармашылық жұмыс арқылы таным процессіне шақыру, мақсаттарды қоя білу, өз қызметін ұйымдастырып оының нәтижесін бағалай білу.

Іскерлік ойын бірнеше кезенде іске асады:

I кезең – еркін және сенімді қатынасты орнатуға және рөль функцияларды таңдау үшін өзара танысу (бас конструктор оқытушымен немесе студенттермен таңдалады );

II кезең – қойылған міндеттерді анықтаумен оның құрамын білу (конструкторлық құжаттаманы жасау үшін өнімді таңдау);

III кезең – Сценаримен регламентке сәйкес (түсініксіз сұрақтарда бас конструктор оқытушымен шешеді), әрбір қатысушының әрекет алгоритіміне сәйкес тікелей жұмысты орындауға кірісті.

IV кезең – бас конструкторлар өнімнің презентация түріндегі конструкторлық құжаттамалардың комплектсінің жұмысын түйіндеумен жұмыс нәтижелерін конкретизациялау;

V кезең – жұмыстың қорытындысын шығару және әсерлермен алмасу . Ол анкете түрінде өтуі мүмкін (бұл жұмыста мен үшін ең бастысы не болды, мен өзім үшін жеке тұлғалақ жіне кәсіптік жағынан өзіне не пайда алдым, өз тобына мен тағы не айтқым келеді).

Тапсырма: Оұытушымен берілетін жалпы көріністің сызбасы бойынша өнімнің құрылымдық схемасы, өнімнің спецификациясы, жинау бірліктерінің спецификациясы, өнімнің (вальдар, қақпақтар) жұмыс сызбалары орындалды.

Өнімнің барлық тқұжаттар А3 формат титулдық парақпен тігіледі және жазылады. Онда топтың барлық мүшелері, міндеттері, қолтаңбалары қойылады. Өнімдегі құрылымдық схема А3 формат парағында, спецификация А4 форматында, жұмыс сызбалары А4 немесе А3 форматтарында сурететрдің көптігі мен бөлшектің күрделігіне қарай орындалады.