Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник ИГ пер. работа16.12.08г .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
26.99 Mб
Скачать

4. Машина құрастырудағы сызба

4.1 Өнімдердің түрлері

2.101-68 МЕСТ бойынша өнімдер құрылымына байланысты бөлшектерге, құрастырудың бірліктерге, комплекс пен комплектілерге бөлінеді. Бөлшек бұл құрастыру операцияларының бірыңғай материалдан құралған өнім. Комплекс бұл жалпы негізгі эксплуатациялық функцияларды орындауға арнаған, құрастырушы кәсіпорында құрастыру операциялармен қосылмаған екі және одан да көп арнаулы өнім. Комплект бұл жалпы эксплуатоционды көмек беруші функцияларында орындауға арналған, құрастырушы кәсіпорында құрастыру операцияларымен қосылмаған екі және одан да көп өнімдер.

4.2 Конструкторлық құжаттардың түрлері.

Конструкторлық құжат – жеке дара немесе бірлесе отырып өнімнің құрамын, құрылысын анықтап, оның дайындалуы, жасалуы, бақылауына, қабылдануы, эксплутация мен жөндеу жайлы ақпаратты бар графикалық немесе мәтіндік құжаттар. Өндірістің барлық салаларын арналған конструкторлық құжат түрлерін 2.102-68 МЕСТ анықтайды.

Бөлшектің сызбасы – бөлшекті жасау мен бақылау үшін керекті түрлі ақпаратты бар және бөлшектің суреті бар конструкторлық құжат. «Түрлі ақпаратты» сөзін қосымша, екінші деңгейлі деп түсінуге болмайды. Себебі олардың біреуімен санаспау, не болмау бөлшектің сапалы жасалуына мүмкіндік бермейді. Бұған әдетте кіреді:

  1. өлшемдер және олардың шекті ауытқулары

  2. Беттің бұжырлығы жайлы ақпарат

  3. термо өңдеу мен беттер туралы ақпарат

  4. Бөлшек жасалатын материалдың сипаты туралы ақпарат

  5. бөлшектің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін арнайы техникалық талаптар.

Спецификация - өнімнің құрамын анықтайтын негізігі конструкторлық құжат. Жалпы жағдайды спецификалық 8 бөлімінен тұрады. Олар мынандай кезекшілікте орналасуы керек: құжаттама, комплекстер, құрастыру бірліктері, бөлшектер, стандарты бөлшектер, өзге де өнім материалдары мен комплекстер. Спецификацияны толтыру тәртібін 2.108-68 МЕСТ анықтайды.

4.3 Жинау сызбасы

Қарастырылып отырған тақырып аясында студент бөлшектердің эскиздері бойынша күрделі емес құрау бірлігінің құрау сызбасын орындау керек (винтель, клапан, насос және т.б.). 2.109—73 МЕСТ бұл жұмыс бойынша белгілі бір кезектілікті ұсынады. Алдынала кезеңде істеу керек: Өнімнің мақсатын, құрылымының және әрекет ету қағыдасын анықтау, құрастыру бірліктерін анықтау, құрастыру бірлігінде бөлшектердің саның анықтау, өзара қосылыстардың түрлерін атау, өзара қозғалыс шекараларын анықтау; Өнімді бұзу, әрбір құрамдас бөлікке атаумен белгілеуін беру; ұрамдық сызбаны құру; құрамдық сызба бойынша бөлшектің барлық құрамдас бөліктерінің эскиздерін орындау.

«Вентиль» өнімі бір құрастыру бірлігіне ие (38сур.), ол – шпиндель.

«Шпиндель» құрастыру бірлігіне келесідей бөлшектер кіреді: шпиндель, золотник (клапан), прокладка, шайба и гайка. «Шпиндель» құрастыру бірлігіне еңбеген бөлшектер: вентиль корпусы, қақпағы, прокладка, салынатын гайка , басылатын втулка және маховичок.

Стандартты өнімдер - гайка мен шайба.

Материал: сальниктың набивкасы.

38 сурет. Вентильдің жинау сызбасы

Жинау сызбасының негізігі құрылу кезегінде келесідей кезектілікті ұстану керек:

  1. Сызбаның негізіг жазбаларымен шекараларын орындау.

  2. Суреттердің санымен олардың мазмұны жайлы сұрақтарды шешу.

  3. Суреттің масштабын анықтау.

  4. Суреттің планировкасын орындау (габаритты тікбұрышты төртбұрыштар, осьтік орталық, позициялардың нөмерлерімен өлшемдері үшін орында анықтау және т.б.).

  5. Барлық суреттерде жіңішке сызықпен базалық бөлшекті көрсету.

  6. Базалық бөлшекке алғаш жіктелетін бөлшекті ыңғайластырып қосу, оған екінші жіктелетін және солай құрылымдық сызба бойынша орындау.

  7. Керекті кескіндерді, қималарды, шығару элементтерін орындау.

  8. Обводканы тексеру, орындау, штриховканы салу.

  9. Өлшекмдерді (габаритты, қосылатын, эксплуатационды, монтажды) және бөлшек позицияларының нөмерлерін салу.