
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Визаның мәртелігі
- •3. Виза санаттары
- •4. Дипломаттық виза(дв)
- •5. Қызметтік виза (қв)
- •6. Инвесторлық визалар (инв)
- •7. Іскерлік виза (ісв)
- •8. Жеке виза (жсв)
- •9. Туристік виза (тсв)
- •10. Миссионерлік виза (мив)
- •11. Оқуға арналған виза (оув)
- •12. Емделуге арналған виза (еав)
- •13. Жұмысқа арналған виза (жев)
- •14. Тұрақты тұруға арналған виза (ттв)
- •15. Шығу визасы (шжв)
- •16. Транзиттік виза (тв)
- •17. Қр визаларын алмастыратын құжаттар
- •18. Визалардың болу мақсатына сәйкестігі
- •19. Визалардың қолданыс мерзімі
- •20. Топтық визалар
- •21. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
- •22. Визаларды беру тәртібі
- •23. Визаны ұзарту тәртібі
- •Қорытынды
23. Визаны ұзарту тәртібі
ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды:
1) Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттардағы визаларды ҚР аумағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;
2) инвесторлық (ИНВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеттінің хаты негізінде;
3) іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.
ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:
1) оқуға арналған (ОУВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге, бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
2) емделуге арналған (ЕАВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
3) жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттағы визаны- бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.
4) тұрақты тұруға арналған (ТТВ) визаны – шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
Іскерлік (ІСВ) (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердіқ, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге шетелдіктен басқа), жеке (ЖСВ), туристік (ТСВ), миссионерлік (МИВ), транзиттік (ТВ) санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.
Емделуге арналған (ЕАВ), тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.
Оқуға арналған (ОУВ), емделуге арналған (ЕАВ), жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.
Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.
ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.
Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарын шақыру үшін ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ҚР СІМ визалық қолдауын жолдау тәртібі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға ҚР СІМ визалық қолдауын ресімдеу үшін (виза беру туралы нұсқау) шақыратын ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Белгіленген үлгідегі шақырту қағазы (№1 нысаны бойынша).
Ұйымдардың шақыру бланкілерінде СТН және БСН нұсқауы мiндеттi түрде болуы тиіс.
2.Төлем құжаты немесе консулдық алымдар (Мемлекеттік мекемелерден талап етілмейді) мен нақты шығыстарды төлегені туралы түбіртек.
3. ҚР СІМ КҚД-не өтініш білдірген мекемелер жылында бір рет өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың (нотариалды куәландырылған жарғы, нотариалды куәландырылған ҚР Әділет министрлігінде тіркеу туралы куәлік, нотариалды куәландырылған статистикалық карта, нотариалды куәландырылған ҚР салық төлеушісінің куәлігі), сондай-ақ, соңғы үш ай ішінде салықтарды төлеу туралы анықтаманың түпнұсқасын тапсыруы қажет.
4. Құжат тапсырушыға мекеме атынан еркін түрде жазылған сенімхат (ҚР СІМ КҚД-ға құжаттарды тапсыру және визалық қолдау нөмірін алуға)
Шақырту қағазы фирмалық бланкта, мөр мен мекеме басшысының қолымен үш данада ҚР СІМ КҚД-ға тапсырылады, олардың екеуі ҚР СІМ КҚД-да қарастыруға қалдырылып, үшіншісі шақыртқан тарапқа ҚР СІМ КҚД-нің мөрімен қайтарылады. Шақырту қағаздарының факспен жіберілген нұсқалары қабылданбайды.
КҚД келіп түскен өтініштерді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және ҚР СІМ шетелдегі мекемелеріне виза беру туралы нұсқауды жолдағаннан кейін визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды. Шақыратын ұйым аталған нөмір қойылған шақырту қағазын консулдық мекемеден виза алу үшін шет ел азаматына жіберуі тиіс.
ҚР СІМ КҚД-ның визалық мәселелер бойынша қабылдау күндері мен сағаттары: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 09.30-12.30 дейін. Сәрсенбі – құжаттар қабылданбайтын күн.
Орнатылған тәртіп бойынша шет ел азаматтарын шақырған жағдайда, шақырту қағазы белгіленген кестеге (А қосымшасын қараңыз) сәйкес толтырылып, кестенің электрондық нұсқасы (WORD пішінде) қоса тапсырылуы қажет. Басқа қалалардағы мекемелер электрондық нұсқасын ҚР СІМ КҚД-нің visa-kz@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізге болады.
Жұмысқа шақырған жағдайда, ҚР тұрғылықты жердің Әкімдігінен алынған шет ел жұмыс күшін тарту жөніндегі рұқсаттың нөмірі мен берілген мерзімі қоса көрсетілуі тиіс (В қосымшасын қараңыз).
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті құжаттар толық және орнатылған тәртіпке сәйкес тапсырылмаған жағдайда, оларды қабылдаудан бас тартатынын ескертеді.
Басқа қалаларда орналасқан ұйымдарға визалық қолдау нөмірлері сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда күн сайын сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін беріледі. Сонымен қатар, мына төмендегі телефон нөмірлері арқылы визалық қолдауды рәсімдеуге қатысты сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады: +7(7172) 72-04-70, 72-04-71
Шенген визасының типі мен спецификасы
Шенген визасы қалай рәсімделеді?
1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.
Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.
ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.
Шенген визасын алудың талаптары:
•Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
•Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
•Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
•Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
•Сауалнама толтырылуы тиіс.
Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:
•Шетелдік құжат;
•Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
•Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
•Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
•Әуебилет;
•3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
•Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.
Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
•Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
•Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
•Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
•Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
•Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.
Шенген ережелері
Шенген визасы Шенген аймағы елдері үшін виза болып табылады. Бұл мемлекеттер қатарына:
Австрия, Бельгия, Чех Республикасы, Дания, Эстония, Франция, Финляндия, Германия, Греция, Венгрия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды Корольдігі, Норвегия, Португалия, Польша, Испания, Швеция, Словения, Словакия, Швейцария кіреді.
Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары
Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
Шенген визасының жаңа түрі
Еуропа Парламентінің және Еуропа Одағы Кеңесінің 2010 жылдың 5- сәуіріндегі жаңа қаулысына сай Шенген визасын алуға талапкерлер сауалнаманың жаңа түрін толтыруы тиіс.
Үлгі виза алуға өтініш тапсырушымен ағылшын және француз тілдерінде талап етілген ретте толтырылуы тиіс екендігіне назар аударыңыз.
Ұлыбританияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:
1.Төлқұжат
2. төлқұжаттық үлгідегі 2 фотосурет (4/5-ке 3/5 ақ фонда)
3. он-лайн сауалнамасының және аппедикс № 8 қосымшасының қағазға басылған түрі
4.шетелдің жоғары оқу орны берген ‘Visa Letter' хатының түпнұсқасы
5.Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы
6.Орта білім туралы аттестаттың (бакалаврлар) және дипломның (магистрлер) нотариалды куәландырылған көшірмесі.
7.Консулдық жинақ (сома құжаттарды тапсыратын күні төленеді)
Британдық виза дайындау ұзақтығы 5-тен 10-ға дейінгі жұмыс күнін алады.
Ұлыбританияға виза ресімдеу жүйесінің ерекшеліктері: визаға құжаттарды Алматы қаласындағы Виза Орталығында, биометриялық деректерін тапсыруға байланысты жеке өзі келген кезде тапсыруға болады.
Британдық виза орталығында құжаттар ресімдеу процесі
Өтініш Британдық Виза Орталығында өтініш берушінің жеке өз қолынан қабылданады. Сауалнаманы өтініш иесі атынан оның өкілінің немесе агенттің толтыруына рұқсат беріледі, алайда өтініш иесінің өзі сауалнамада көрсетілген ақпарат үшін толық жауапкершілікте болады және міндетті түрде өз қолымен қол қоюы тиіс. Осы ережелерді сақтамау виза беруден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін. Британдық Виза Орталығына құжаттар тапсыру кезінде барлық қажетті құжаттардың болуы, қол қойылған сауалнама мен тиісті фотосуреттің болуы тексеріледі. Сонымен қатар, өтініш тапсыру кезінде өтініш иесі бар екендігін растайтын құжаттар тізімі құрылады және оған қол қойылады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін Британдық Виза Орталығы өтініш беруші туралы ақпаратты компьютерге енгізеді, сондан кейін сауалнама мен барлық қосымша құжаттарды Елшілікке тапсыру үшін буып жинақтайды. Алматыдағы Британдық Виза Орталығында 1 күні тапсырылған визаға кез келген өтініш Алматыдағы Ұлыбритания Елшілігі Өкілдігінің Визалық бөліміне 2 күні жеткізілетін болады. Визалық Офицер өтінішті Виза бөліміне қабылданғаннан кейін бірден қарайды. Виза процесінің бұл бөлігі Аутосорсинг жүйесін енгізгенде өзгермейді. Осы өтініш бойынша шешім қабылданысымен құжаттар қайтадан Виза Орталығына жіберіледі. Құжаттарды қарау нәтижесі қатаң құпияда және Виза Орталығының қызметкерлері ол туралы білмейтін болады.
Өтініш иелері өз төлқұжаттарын және/немесе қарау нәтижелерін тікелей Виза Орталығынан алып кетеді. Өтініш иелері сондай-ақ өз құжаттарының Виза Орталығынан Елшіліктің Виза бөліміне жіберілуін және трекинг-жүйе бойынша кері жіберілуін Британдық Виза Орталығының сайтынан (VAC) қадағалап отыра алады.
СТУДЕНТТІК ВИЗАҒА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ:
Ұлыбританиядағы университеттен, колледждан немесе мектептен оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы. Хатта оқу курсы, оның ұзақтығы мен құны туралы толық ақпарат қамтылуы тиіс. Басқа құжаттармен бірге оқу орнынан хат көшірмесін ұсыну қажет. Хаттың түпнұсқасы елге келгеннен кейін Құрама Корольдіктің иммиграциялық билігіне көрсету үшін қайтарылады;
Оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы Елшілікке тікелей жіберілмеуі керек. Ұлыбританияда оқығысы келген адамдар университеттермен, колледждармен немесе мектептермен визаға құжаттар келіп түскенге дейін, осындай хатты алуы туралы өз еріктерімен келісулері тиіс;
Қазақстанда тиісті білім және оқудан өтуі туралы кез келген қолда бар дипломдар мен сертификаттар (мысалы, студенттік билет, университеттен, колледждан немесе мектептен хат);
Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы.
Германияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:
1. 3 толық толтырылған және қол қойылған сауалнама (барлығы да неміс тілінде)
2. 3,5 х 4,5 см. көлеміндегі 4 актуалды фотосурет (3-еуі сауалнамаға желімделген, 1 бос)
3. қолданыстағы шетелдік төлқұжаттың 2 көшірмесі
4. оқуға рұқсат алған студенттерде: оқуға үміткерлерге германдық жоғары оқу орнының немесе арнаулы жоғары оқу орнының оқуға рұқсаты туралы шешімінің 2 көшірмесі: германдық жоғары оқу орнынан/мамандандырылған жоғары оқу орнынан оқуға өтініш беруі туралы немесе неміс тілін базалық білуі туралы растаманың және ЖОО-да оқуға рұқсат алу құқығын беретін құжаттардың (алғашқы білімі туралы құжаттар) 2 көшірмесі
5. оқу орнын бітіргені туралы куәлікті, сондай-ақ еңбек қызметі туралы құжаттарды қоса алғанда, алғашқы білімінің болуы туралы құжаттардың 2 көшірмесі
6. қаржы қаражаттарының болуын растайтын құжаттардың 2 көшірмесі
7. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың 2 көшірмесі қажет болған жағдайда, туған кездегі тегі, және кейінгі тектері бойынша берілген)
8. Қазақстандағы тұрғылықты жерінен өзекті анықтамасының түпнұсқасы не түпнұсқасы болған жағдайда, үй кітапшасының көшірмесі
Өтініш беру кезінде Сіз шетелдік төлқұжаттың түпнұсқасын көрсетуіңіз керек. Куәлікті, құжаттарды және анықтаманы да түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен (тұрғылықты жерінен анықтама не үй кітапшасының көшірмесі бір данада, неміс тіліне аударылмай ұсынылады) ұсыну қажет. Куәліктерді, құжаттар мен анықтамаларды түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсыну қажет. Қажет болған жағдайда, азаматтық жағдайы туралы қазақстандық куәлік пен сот шешімін апостилдеу қажет.
Қарау мерзімі: 3-7 күн