
- •Әлеуметтік-мәдени қызмет және туризм кәсіпорынын басқару құрылымын талдау
- •Туристтік фирма қызметіне талдау
- •3. Туризмдегі жоспарлы әрекетті ұйымдастыру
- •4.Туристтік фирмада және қонақүй кәсіпорындарындағы іс-қағаздарды ұйымдастыру
- •5. Туризмде салық салуды ұйымдастыру және туристтік әрекетте қаржыларды ұйымдастыру
- •6. Туристтік фирманың шығармашылық дамуы мен қалыптасу мәселелері.
- •7. Шет елден келген туристерге Түркістан қаласының әулие-әнбие орындарына саяхат тақырыбына материал дайындау
Есеп
Мен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің, «Экономика және қаржы» факультетінің, ЭФ-10-8кг тобының студенті Алтынбеков Нұрполат «Жібек жолы» ЖШС туристік фирма базасында өндірістік іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе уақыты «____» ___________ бастап «____» __________ 2013 жыл аралығында өтті. Іс-тәжірибе барысында туристік фирмада менеджер көмекшісі ретінде жұмыс атқардым. Осы уақыт аралығында кәсіпорынды басқару құрылымын, туристтік қызметтерді лицензиялау мен сертификаттауды үйрендім. Компания әрекетінің жағдайын зерттедім, компания жетекшісінің еңбекті ұйымдастыру және техникасын зерттедім.
Кіріспе
Мазмұны
Әлеуметтік -мәдени қызмет және туризм кәсіпорынын басқару құрылымын талдау 5
Туристтік фирма қызметін талдау 6
Туризмдегі жоспарлы әрекеттін ұйымдастыру 7
Туристтік фирмада және қонақүй кәсіпорындарындағы іс-қағаздарды ұйымдастыру 8
Туризмде салық салуды ұйымдастыру және туристтік әрекетте қаржыларды ұйымдастыру 9
Туристтік фирманың шығармашылық дамуы мен қалыптасу мәселелері 11
Шет елден келген туристерге Түркістан қаласының әулие-әнбие орындарына саяхат тақырыбына материал дайында 12
Жеке тапсырма 13
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 21
Әлеуметтік-мәдени қызмет және туризм кәсіпорынын басқару құрылымын талдау
а) кәсіпорынды зерттеудің жоспарына сәйкес тәжірибе нысанын суреттеу, алдыңғы жылғы кәсіпорын әрекеті туралы статистикалық мәліметтерді алу;
б) кәсіпорынды әкімшілік және қоғамдық басқару құрылымының схемасы, оны жетілдіру бойынша объективті ұсыныстар;
в) жұмыстарды бөлістірудің функционалды құрылымының штаттық кестеге сәйкестігін талдау;
г) кәсіпорын жарғысы;
д) кәсіпорын серіктестерінің жасаған өзара құрылымың келісім-шарттары мен серіктес қатынастары.
«Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мына мекен жайда орналасқан: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Қонаев гүлзары н/з.
Тіркеу нөмірі – 38885 – 1998 - ЖШС.
Лицензиясының сериясы В:№ 0338558 Қазақстан Республикасында турагенттік әрекетпен айналысуына берілген. Берілген күні 2009 жылдың 18 ақпаны.
Жарғы «Жібек жолы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды.
Серіктестік кіші кәсіпкерлік субъектісі ретінде құрылған. Құрылтайшы – Қазақстан Республикасының Азаматы – Абдусаттаров Нұрдаулет. Серіктестіктің қазақша фирмалық аталуы «Жібек жолы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің әрекет ету мерзімі шексіз.
Серіктестіктің мөрі, жекеменшік балансы, банктерде шоттары, фирмалық атаулары бар бланктері бар.
Серіктестік әрекетінің негізгі мақсаты: жарғылық әрекеттен таза пайданы алу. Жарғылық қоры – 100000 тенге. Қатысушылардың салымынан тұрады және мемлекеттік Тіркелу кезінде толығымен қалыптасқан. «Жібек жолы» келесі келісім-шарттар жасады:
Туристтік фирма қызметіне талдау
Шетелге жіберілгендер саны:
а) ТМД бойынша 47 – Ресей, Қырғыстан;
б) шетелге 78 – Түркия, КҚитай, БАЕ, Египет.
Германиядан қабылданған туристтердің саны – 15 адам,
ТМД – 23 адам.
«Жібек жолы» туристтік фирмасы Қазақстанның туристтік нарығында 1,5 жыл ғана жұмыс атқарады, фирма директоры Абдусаттаров Нұрдаулет өзінің кәсіпорынын жарнамалау үшін бірқатар елдерде туристтік ұйымдардың көрмелеріне қатысты: Қырғызстан (Ыстық көл), Өбекстан (Ташкент), Түркия (Алания) және Алматы. Туристтік фирманы жарнамалау үшін буклеттер мен вищиткалар жасалынып, көрмелерде таратылды. Осылайша «Жібек жолы! ЖШС директоры өзінің фирмасына атақ қамтамасыз етті. Фирмамен әртүрлі елдердің туроператорлары фирма аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан ынтымақтастық ете бестады, оларды шетел менеджмерлері таниды және халықаралық туризмді ұйымдастыру мақсатында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Фирма толық күшпен жұмыс істейді, өздерінің іскерлігін қолданады және ОҚО нарығындағы басқа фирмалармен толық бәсекелесе алады.
3. Туризмдегі жоспарлы әрекетті ұйымдастыру
а) жылдық жоспардың формасы мен мазмұнын талдау.
б) туристтік фирманың жасаған айлық жоспары.
в) туристтік фирманың жоспарлы әрекетінің жүйесін жетілдіру бойынша қсыныстар.
Жоспарлау – басқару процесінің негізгі сатыларының бірі, онда кез-келген туристтік құрылымның мақсаттары анықталады, және оларға жету жолдары көрсетіледі. Жоспарлау дегеніміз ұйымның болашақтағы жағдайының күрделі әлеуметтік-экономикалық моделі.
Өзінің әрекетін жоспарлау үшін, ұйым аумақтың туристтік бейнесін құрып, анықтап алу керек.
Критерилері және бағалары |
Сапаны бағалау |
||||
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
|
- жолдар және олардың жағдайы; - күн тәртібі; - темір жолдар желісі; - телефон байланысы; - қоғамдық қолдану орындары. 9. Әлеуметтік факторлар: - қылмыстық; - саяси тұрақтылық. 10. Табиғи факторлар: - ландшафт; - экология; - ерекше көрінетін қалалар мен жергілікті орындар; - ұлттық-мәдени орталықтар. |
|
|
|
|
|
Жоспарлау кезінде екі әдіс қолданылады:
1. Бюджетті әдіс – қолма қол ақшаның, капитал мен басқа да ресурстардың келуі мен кетуі талданады.
2. Өтімділігін талдау – еңбек ақылар, шығындар, пайда және өндірістік қуаттылықтар дәл есептелініп сәйкестендіріледі.
Қарапайым жобалар үшін өтімділікті талдау тауар бірлігінің санын жобалау үшін қолданады, олар шығындардың табыстармен бірігуі немесе табыстардың асуы үшін сатылуы тиіс.
Кадрларды жоспарлау.
Кадр сясаты.
Жұмысқа қабылдау принциптері, функциялары (міндеттері, еңбек әрекетінің түрі) тұлғаның кәсіби дамуы.
Персоналға деген қажеттілікті анықтау.
Кәсіпорында қандай және қанша жұмыс күші болу керек? Қандай іс шаралар жүргізіліп жатыр?
Жұмысқа қабылдауды жоспарлау.
Сыртқы жоспарлау Ішкі жоспарлау
Қайдан, және қашан келеді Қандай және қанша қызметкер қосымша қабылданады
Қызметкерлер қашан және
қанша уақыт жұмыста болу керек қызмет бойынша ауысты, көтерілді
Кадрларды қысқартуды жоспарлау
Кәсіпорында қанша және қандай жұмыс орындары қалдырылуы тиіс еді? Қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?
Кадрларды таңдау және оқытуға кеткен шығындарды жоспарлау.
Ұйым персоналын қалыптастыру және дамытуға ұсынылатын статьялар бойынша қандай шығындар жұмсалынады?
Персоналды кәсіби оқытуды жоспарлау.
Қандай және қанша оқыту іс-шаралары қажет, жаңа немесе қолдағы персонал қарастырылып отырған номерлерге аттестациаланады ма?
Жұмысты жоспарлау және персоналды дамыту алғышарттары
Қанша және қандай жұмыскерлер, қандай және қашан қызметке белгіленеді?
талдау.
б) студентпен тәжірибеден өткен кезде алған тапсырмасын орындау кезінде екі-үш басқарушылық шешімін суреттеу.
Кеңесті жүргізуді ұйымдастырудың қорытынды сатысы – басқарушылық шешімді қабылдау және оларды өмірге келтіру
Кеңестегі шешімдер ұжыммен және жеке-жеке іске асырылады. Қатысушының өзінің ойын пікірлерін қаншалықты қосса, соншалықты оның тиімділігі артады. Осы сатыда кіммен және қашан белгіленген жұмыс көлемі орындалатыны және кеңес қорытындылары қандай формада жасалатыны анықталу керек.
Шешімдер екі әдіспен орындалады:
шешімді дайындау бойынша арнайы комиссия алдын-ала жоба жасайды. Жоба оқылып, кеңеске қатысушылар өздерінің ұсыныстарын ұсынады және оны дауыс беру нәтижесі бойынша қабылдайды.
жиналыстың төрағасы қызмет көрсету қорытындыларын жүргізіп, шешімді қалыптастырады.
Одан ары қарай қабылданған шешімнің орындалуына және атқарылуына бақылау жасалынады.