Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРЖЫЛЫК БАКЫЛАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.11 Mб
Скачать

Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті

Силлабус бакалавриат

Пән: FKA 4305 Қаржылық бақылау

Мамандық: 5В050900 – Қаржы

Кафедра: Қаржы, салық салу және сақтандыру

Барлығы 3 кредит (5 ECTS)

Дәрістер - 15 сағат

Семинар сабақтары - 30 сағат

СӨЖ - 75 сағат

ОСӨЖ - 15 сағат

Карағанды – 2014

Форма 2

5В050900 - «Қаржы» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде, 5В050900 – «Қаржы» мамандығының типтік оқу жоспары, «Мемлекеттік бюджет» пәнінің типтік (оқу жұмыстық) бағдарламасы мен ҚҚЭУ-МИ-85-05.01-2012 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған талаптар негізінде силлабусты жасаған «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының доценті к.э.н., Ерманова А.А. аға оқытушы Ансабаева Р.С, аға оқытушы МаташеваА .И.

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралды

« 27 » желтоқсан 2013 ж . № 5 Хаттама

Кафедра меңгерушісі

д.э.н., профессор А.К.Сембеков

Оқытушы (оқытушылар)туралы мәлімет: Ерманова А.А. – к.э.н.,

«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының доценті.

Келесі ғылыми еңбектері бар:

Ғылыми мақалалар мерзімдік басылымда, конференцияның материалдарында, оқу-практикалық жәрдемақы:

  1. Алымның жоспары және алымдық бақылау.

Офис : «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы

оқытушылар аудиториясы №425.

Толық мекен жайы: Қарағанды қ., Академическая 9 көшесі

Тел: 44-16-34 (қосымша 197)

Факс: 44-16-34

E-mail: ______________

Форма 3

Пән сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты: қаржы факультетінде білім алатын студенттерге теория негіздерін және әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржылық бақылау жүргізудің тәжірибесін алуға бағытталады. Бақылаудың негізгі арналымы экономикалық саясатты іске асыруға ықпал ету, бюджеттік, мақсатты, несиелік және басқа да ақша қаражаттарын тиімді пайдалану. Берілген пәнді студенттерге білу мемлекеттік, банктік, сақтандыру, және басқа да ұйымдарда шаруашылық операциялардың заңдылығын, қаржылық ресурстардың қалыптасуы мен пайдалануында берілгендердің дұрыстығын анықтауға қажет.

қаржылық бақылаудың экономикалық мәнін анықтау, нарықтық экономика қалыптасу жағдайында бақылаудың ролі, қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі, бақылаудың дамуындағы басым бағыттарын анықтау.

Курсты оқуда үлкен мәнді қаржылық бақылаудың нормативті – құқықтық және ғылыми - әдістемелік негіздеріне арналады.

нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы жағдайында студенттерге қаржылық бақылаудың негізгі принциптерін оқыту, студенттерге алынған білімі негізінде жеке творчестволық ойлауды қалыптастыру, бүгінгі таңдағы бақылаудың талаптарына сай әрбір сұрақтың жауабын іздестіру.

Курстың оқу материалының мазмұны қаржылық бақылау саласында жұмыс атқаратын жоғары білікті мамандарға сай, қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері: Пәнді оқу процесінде, студенттер:

А. Қаржылық бақылаудың экономикалықт мазмұнын және объектілері мен субъектілерін білуі қажет.

Б. Алған білім жүйесін қаржылық бақылаудың тиімділігін бағалауда қолдана алуы қажет.

С. Бақылау іс-шараларының нәтижелерін зерттеу негізінде қорытындылар жасап және дәлелді пікірлер шығару, өз ойларын жеткізу.

Д. Қаржылық бақылауды іске – асыру бойынша нормативті – құқықтық базаны білу.

Е. Қаржылық бақылауды жүргізу әдіснамаларын қолдана білуі қажет.

Пререквизиттері:

«Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Қаржы».

Постреквизиттері: «Салықтық жоспарлау және бақылау», «Бюджеттік есеп және есептілік», «Қазынашылық іс».

Пәннің әдіснамасы: оның ерекшеліктерімен және зерделеу мақсатымен айқындалады. Осымен байланысты арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқыту әдістері: ахуалдық есептер, топтық жобалар әдісі, салыстырмалы талдау әдісі, кейс әдісін пайдалану мақсатқа сай болып саналады.

Білімді бағалау саясаты мен рәсімдері.

Пән бойынша қорытынды бағалау 1 және 2 шептік бақылау бойынша - 60% және қорытынды бағалау бойынща - 40% болып, 100% құрайтын ең жоғары үлгерім көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады, яғни қорытынды бағалау мына формула бойынша анықталады:

Мұнда: Р1- бірінші аралық бағаларының пайыздық мазмұны;

Р2 - екінші аралық бағаларының пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны.

Пән бойынша курстық жұмыс болған кезде, оның бағасы орташа рейтингке енгізіледі – Рорта = (Р1 + Р2 + курстық жұмыс бойынша алған балл)/3

Жоғарыда көрсетілген формула бойынша қортынды бағаны дұрыс санау үшін оқып білім алушылардың білімін шептік бақылау (рейтинг) бойынша 0 ден 100%-ға дейін бағалау қажет.

Төменде кредиттік технология бойынша оқып білім алушылардың білімін бағалаудың көпбалдық әріптік жүйесі беріліп отыр.

Әріптік жүйе

бойынша бағалау

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық

мазмұны

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау

A

4,0

100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

«А», «А-» («өте жақсы») – егер студент барлық бағдарлама мәліметтерін терең және нақты меңгерсе, ойларын жүйелі түрде қиналмастан жеткізе алса, алдына қойған міндеттеріне жете алса, тапсырманы өзгерткенде де жауап беруге қиналмаса, монографиялық мәліметтерден білімін көрсетсе, қойылған шешімдерге дұрыс негіздеме берсе, тәжірибе жұмыстарында жан-жақтылық көрсетіп, берілген сұрақты өз бетімен қате жіберместен баяндаса;

«В+», «В», «В-» («жақсы») – егер студент бағдарламалық мәліметтерді нақты білсе, мәнді және дұрыс айтса, жауап беру барысында үлкен қателер жібермесе, тәжірибелік есптерді шығаруда теориялық негіздерін дұрыс қолдана білсе;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер студент негізгі материалды меңгерсе, бірақ жеке бөлімдерді білмесе, қателіктер жіберсе, жеткілікті емес қалыптастырулар, бағдарламалық материалды жеткізу барысында жүру тәртібін бұзса, тәжірибелік есептерді шығаруда қиындықтар туындаса;

«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер студент бағдарламалық материалдың көп бөлігін білмесе, мәнді қателер жіберсе, тәжірибелік есептерді шығаруда қиналса.

Осы критерилер негізінде оқытушы емтихан бағасын қояды.

Жоғарыда келтірілген критерилерге сай студенттің білім деңгейі анықталады, олар келесі шекарада қарастырылған А- дан А, В- дан В+, D дан С+

Апелляция рәсімі

Емтихан қорытындылары бойынша оқып білім алушының апелляцияға өтініш беруі емтихан күні тіркеу бөліміне қабылданады (264-дәріс). Апелляция оқып білім алушының емтихандағы жауабын қайта рецензиялау жолымен кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы өткізеді. Апелляция нәтижелері жеке емтихан тізімдемесіне рәсімделеді және комиссия мүшелерімен қол қойылады.